ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 137-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 141-бабының 11-тармағына, 143-бабының 6-тармағына, 144-1-бабының 6-тармағына және 145-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары";
1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 137-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 141-бабының 11-тармағына, 143-бабының 6-тармағына, 144-1-бабының 6-тармағына және 145-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін есепке алу мемлекеттік функцияларды орындау үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты мониторингтеу мен басқаруды, мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36234 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеу мақсатында Бюджет кодексінің 144-1 бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігімен берілген борышты есепке алуды жүргізу үшін тіркеу нөмірлерін беру және мәліметтерді тиісті тізілімдерге енгізу арқылы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу жүзеге асырылады.";
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағалы қағаздар шығару нысанында тартылған қарыздарды қоспағанда, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілгерліктерін тіркеу мен есепке алуды мемлекеттік қазынашылық жүзеге асырады.
5. Мыналар:
1) мына:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрі – мемлекеттік қарыздар);
2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген қарыздары (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздар);
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері (бұдан әрі – мемлекеттік кепілдіктер);
4) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктері (бұдан әрі – экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер);
5) мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар;
6) жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
7) мемлекет кепілгерліктері тіркеледі және есепке алынады.
6. Мемлекеттік сыртқы қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу кезінде мемлекеттік қазынашылық қарыз алушыға осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тіркеу туралы куәлік береді.
Тіркелген құжаттарға енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеуге негіз болған құжаттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мұндай өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде есепке алу үшін ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
"6-1-тарау. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу
37-1. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартын жасасу нысанында жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының түпнұсқасы немесе жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
37-2. Жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмдердi тiркеу жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмге тiркеу нөмiрiн беру және тiркеу журналына жазу арқылы жасалады.
37-3. Жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша кепiлдiк шартын жасасу нысанында жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекеттiк кепiлдiктердi тiркеу жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша кепiлдiк шартына тiркеу нөмiрiн беру және тiркеу журналына жазу арқылы жасалады.
37-4. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу тіркеу журналына жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің негізгі есепке алу сипаттамаларын (жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдіктің нөмірі мен ресімделген күні, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдіктің нөмірі мен тіркелген күні, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік берілген валюта мен сома, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдіктің қолданылу мерзімі) енгізу арқылы жүргізіледі.
37-5. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартын тіркеу осы Қағидалардың 37-1-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
37-6. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының түпнұсқалары немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамасы бар жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартында айтылған барлық міндеттемелер толық орындалғанға дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оларды сақтауға жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталуға тиіс.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулыға 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Мемлекеттік сыртқы қарызды тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________ № __
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
қарызды ______ нөмірімен тіркейді
Қарыз алушы ___________________________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан жері)
Қарыз беруші ___________________________________________________
(қарыз берушінің атауы, орналасқан жері)
Қарыз сомасы __________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Қарыз валютасы _________________________________________________
Игеру кезеңі ____________________________________________________
Өтеу кезеңі _____________________________________________________
Өтеу көздері ____________________________________________________
Ілеспе шығыстардың көздері: кредит пайызы/маржасы
___________________ қалдық бойынша комиссия ____________________
Мемлекеттік қарыз беру негіздемесі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________ № __
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
мемлекеттік кепілдікті ______ нөмірімен тіркейді
Қарыз алушы ___________________________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан жері)
Қарыз беруші ___________________________________________________
(кредит берушінің атауы, орналасқан жері)
Мемлекеттік кепілдікпен тартылатын қарыздың сомасы
_________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Мемлекеттік кепілдік шарты ______________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Қарыз валютасы _________________________________________________
Мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі __________________________
Мемлекеттік кепілдікті беру негіздемесі _____________________________
________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Мемлекет кепілгерлігін тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" _________ № __
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
мемлекет кепілгерлігінің шартын ______ нөмірімен тіркейді
Қарыз алушы ___________________________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан жері)
Қарыз беруші____________________________________________________
(облигация ұстаушылар өкілінің атауы)
Мемлекет кепілгерлігі бойынша негізгі борыштың сомасы
________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Мемлекет кепілгерлігінің шарты
________________________________________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Қарыз валютасы _________________________________________________
Қарыздың қолданылу мерзімі ______________________________________
Мемлекет кепілгерлігін беру негіздемесі ____________________________
_______________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________№ __
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті ________ нөмірімен тіркейді
Алушы: ________________________________________________________
(Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің атауы және орналасқан жері)
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы
_________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік шарты
__________________________________________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі
___________________________________________________________________
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті беру негіздемесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________№ __
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті __ нөмірімен тіркейді
Алушы: ________________________________________________________
(кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының атауы және орналасқан жері)
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы
_________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік шарты
__________________________________________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі
_____________________________________________________________
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті беру негіздемесі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны