"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 110 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2) және 33-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      33-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      33-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі және оларды саралау қағидалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралауды жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 73-19) тармақшамен толықтырылсын:

      "73-19) Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 85-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "85-1) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты мемлекеттік аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлеу және  бекіту;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов