"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – сауда саласындағы қызметті (ЭҚЖЖ кодтары 45.1, 45.3, 45.4, 46, 47), сондай-ақ жылжымайтын мүлікке байланысты қызметті (ЭҚЖЖ коды 68) қоспағанда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде көрсетілген қызметке сәйкес дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) қаржы институтының ақпараттық жүйесі – екінші деңгейдегі ақпараттық жүйе, ол арқылы бірінші деңгейдегі жүйенің форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау қолданылатын кәсіпкерлердің қаржыландыруға арналған өтініштерін қабылдау, өңдеу және бірінші деңгейдегі жүйеге өтініштер туралы мәліметтерді беру жүзеге асырылады;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) Қордың уәкілетті органы – Қордың құзыреті мен өкілеттіктеріне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқығы бар қаржы агенттігінің тұрақты жұмыс істейтін алқалы органы;";

      мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бірінші деңгейдегі жүйе пайдаланылып жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеу қамтамасыз етілетін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      32-2) тіркеуші ақпараттық жүйе (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі жүйе) – кәсіпкерлердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары мен оларды алушыларды мониторингтеу жүйесі, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) шектеу өлшемшарттары – мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды бірінші деңгейдегі жүйеде тексеру өлшемшарттары;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Субсидиялау жергілікті және/немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес субсидиялау үшін қаражат аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Қаржы институты қаржы агенттігіне субсидия сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ қаржы институттары қаржы агенттігімен келісу бойынша қаржы институты субсидия аудару үшін ағымдағы шот ашатын банк-төлем агентін айқындайды.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган осы Қағидалар шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін қаржы агенттігіне онымен жасалатын шарт негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      7. Субсидиялау:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, жобалары акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруға бағытталған;

      2) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру жобасын іске асыруды жоспарлап отырған;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі;

      4) меншік нысаны "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жекеменшік мекеме ретінде ресімделген;

      5) кредит есебінен сатып алынған активті оны сатқан тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануға беруді жүзеге асырған және/немесе жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе осы тұлғамен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды іске асыратын және/немесе болашақта жоспарлайтын (жобаларды мониторингтеу барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталса, субсидиялау тоқтатылады және бұған дейін төленген субсидиялар қайтарылады);

      6) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған кәсіпкерлер бойынша жүзеге асырылмайды (кәсіпкерлік субъектісі қызметінің мәртебесі eSalyk порталында тексеріледі);

      7) бірінші деңгейдегі ақпараттық жүйеде олар бойынша шектеу өлшемшарттары айқындалған кәсіпкерлер бойынша жүзеге асырылмайды.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар кредитор болып табылатын;";

      мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуын мониторингтеу екі деңгейлі жүйеде жүзеге асырылады, оған мыналар кіреді:

      1) бірінші деңгей – кәсіпкерлердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған тіркеуші ақпараттық жүйе, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;

      2) екінші деңгей – кәсіпкерлерден мемлекеттік қолдау шараларына өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер.

      Кәсіпкерлер тіркеушіге дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім береді.

      9-2. Кәсіпкерлердің өтінімдері екінші деңгейдегі жүйеге келіп түскен кезде екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге кәсіпкерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкес келуін тексеруге сұрау салу жібереді.

      Бірінші деңгейдегі жүйе кәсіпкерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкес келуін тексеру нәтижесімен жауап қайтарады.

      Шектеу өлшемшарттары жоқ деген жауап алынған кезде өтінім одан әрі өңделеді.

      Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және өтінімді өңдеу мәртебесін екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге береді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 7, 8, 9-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызметтің басым түрлерінде және тіркелген жері ескерілмей меншікті жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері субсидиялауға қатысушылар болып табылады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы шарттың/төлем графигінің көшірмелері немесе шарт бойынша деректері қаржы агенттігіне жіберілген күнге дейін 12 (он екі) ай ішінде қаржы институты бұдан бұрын берген жаңа қаржы құралдары да субсидияланады.

      13. Бір кәсіпкер үшін субсидиялауға жататын қаржы құралының сомасы, оның ішінде онымен үлестес тұлғалар/компаниялар бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын барлық қолданыстағы қаржы құралдарын ескергенде 200 (екі жүз) миллион теңгеден аспайды.

      Негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген кезде жаңа қаржы құралдарына осы Қағидаларда белгіленген сома шегінде субсидияны қайта алуға жол беріледі.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы институты қолданыстағы қаржы құралын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы институты краудфандингті қоспағанда, кәсіпкерге осы тармақта көзделген қаржы институты тарапынан алынуы мүмкін комиссиялардан басқа ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы институты ағымдағы жылы субсидиялау туралы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді. Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар шартқа нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуге тиіс.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Субсидиялау үшін жергілікті/республикалық бюджет қаражаты болмаған жағдайда шарттар/төлем графигі немесе шарттар бойынша деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне қабылданбайды.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша кәсіпкердің шартта көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды субсидиялау берілгенге дейін есептен шығарады.

      27. Қаржы институты қаржы құралын беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда және субсидиялау шеңберінде шарт жасасқаннан кейін қаржы институты қаржы агенттігіне:

      1) қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне шарттың/төлем графигінің көшірмесін немесе шарт бойынша деректерді береді, бұл ретте ұсынылатын құжаттарда субсидиялау мерзімінің басталуы қаржы агенттігіне жіберілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге белгіленеді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабархат (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабархат талап етілмейді);

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтінімі бойынша өтініш-сауалнама береді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі қаржы институты ұсынған шарттың төлем графигін ескеріп, алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, қаржы институтының/банк-төлем агенттігіндегі ағымдағы шотқа ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) аударады.

      Субсидиялауға көзделген бюджет қаражаты түскен кезде бірінші кезекте ағымдағы қаржы жылы 5 (бес) миллиард теңгеге дейінгі жобалар бойынша төлемдерді жүргізуге қажетті сома резервке қойылады. Қалған қаражат қолжетімді қаржыландыру шегінде басымдық тәртібімен субсидия мөлшері ең аз жобалардан бастап, одан әрі артуына қарай, қаражат толық игерілгенге дейін, 5 (бес) миллиард теңгеден жоғары жобалар бойынша субсидиялар төлеуге жіберіледі.

      Қарыз шарты бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі кәсіпкердің қарыз бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлік) жүргізу фактісі туралы краудфандингті хабардар ету негізінде краудфандинг ұсынған қарыз шартының төлем графигін ескеріп, алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялар бар болса, олардың өтелуін ескере отырып, банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударады. Субсидиялар қаржы агенттігінің шотында кәсіпкер жоспарлы төлемді өтейтін күні қаражат болған кезде аударылады.

      Қаржы институты алынатын субсидиялар сомасын осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып өзі есептейді. Қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексермейді.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аудару кезінде қаржы агенттігі электрондық пошта арқылы қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмесін жібере отырып, қаржы институтын да сонымен бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада қаржы институтының атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қаржы институты қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидия сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан есептен шығарады.

      Қаржы институты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан қаржы агенттігі қаражат аударғаны туралы хабарламаға сәйкес келмейтін/хабардар етілмеген субсидияларды есептен шығарған жағдайда қаржы институты субсидияларды қаржы агенттігінің ағымдағы шотына/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына қаржы агенттігі жазбаша нысанда хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қаржы институты кәсіпкер берешекті өтегенге дейін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидияланатын бөлікті өтеу үшін қаражатты есептен шығармайды және кәсіпкер қаржы институты алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған жағдайда бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Кәсіпкердің қаржы құралы бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда қаржы институты 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не өзгертілген төлемдерді өтеу графигі бар және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген қаржы институтының электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) хатын жібереді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда қаржы институты кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша кәсіпкерге қаржы құралының бұрын қолданыста болған шарттарын (оның ішінде номиналды мөлшерлемені, комиссияларды және өзге де шарттарды) белгілеп береді. Бұл ретте қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институтына өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынады.

      Егер қаржы агенттігі өтелетін сомасы көрсетілген өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісіне қол қою үшін қаржы институтына жіберген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институты қол қойылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін не дәлелді қарсылықтарын ұсынбаған жағдайда өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде көрсетілген соманы қаржы институты таныды деп есептеледі және қаржы агенттігінің шотына қайтарылуға тиіс.";

      109-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы агенттігінің функцияларына мыналар кіреді:

      1) қаржы институты ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде шарт жасалған кәсіпкердің/ЖКС-тің қаржы құралын нысаналы пайдалануын мониторингтеу;

      2) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің/ЖКС-тің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингтеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің/ЖКС-тің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы агенттігінің/қаржы институтының шешіміне сәйкес келуін мониторингтеу.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар бойынша шешімдер қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарға сәйкес олар бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болады. Субсидиялау республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Субсидиялау үшін бөлінген және бұрын қолданыста болған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде жергілікті және/немесе республикалық бюджеттерден аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы/бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі, "Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33681 болып тіркелген).

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысы шеңберіндегі Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары, Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырылған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау қағидалары, Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 16 маусымға дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлданған шарттарға сәйкес, кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар және 2025 жылғы 16 маусымға дейін мақұлданған жобалар бойынша кепілгерге, қосалқы қарыз алушыға, қаржы құралының мақсаты мен мерзіміне, қаржы құралының сомасын азайтуға, номиналды мөлшерлемеге, қаржы институтына, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыру мақсатына арналған лимиттің жаңартылатындығына/жаңартылмайтындығына қатысты ағымдағы шарттарға өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 110-1-тармақпен толықтырылсын:

      "110-1. Бұрын бекітілген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде мақұлданған жобалар және 2025 жылғы 16 маусымға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттары мен қосылу шартының нысандарын Қордың уәкілетті органы бекітеді, олардың талаптары бойынша кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидиялар кезең-кезеңімен төленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына және 95-1-бабына сәйкес әзірленді, кәсіпкерлердің кредиттері/қаржы лизингі/шартты міндеттемелері/форвардтық шарттары/облигациялары/опциондары бойынша міндеттемелерді орындауды ішінара қамтамасыз ету ретіндегі кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.";

      5-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кәсіпкер – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) кредитордың ақпараттық жүйесі – екінші деңгейдегі ақпараттық жүйе, ол арқылы бірінші деңгейдегі жүйенің форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау қолданылатын кәсіпкерлердің қаржыландыруға арналған өтініштерін қабылдау, өңдеу және бірінші деңгейдегі жүйеге өтініштер туралы мәліметтерді беру жүзеге асырылады;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) қаржы агенттігінің ақпараттық жүйесі – екінші деңгейдегі ақпараттық жүйе, ол арқылы бірінші деңгейдегі жүйенің форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау қолданылатын кепілдік міндеттемелерді шығаруға өтініштерін қабылдау, өңдеу және бірінші деңгейдегі жүйеге өтініштер туралы мәліметтерді беру жүзеге асырылады;";

      мынадай мазмұндағы 36-1) және 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "36-1) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бірінші деңгейдегі жүйе пайдаланылып жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етілетін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      36-2) тіркеуші ақпараттық жүйе (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі жүйе) – кәсіпкерлердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары мен оларды алушыларды мониторингтеу жүйесі, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;";

      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) шектеу өлшемшарттары – мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды бірінші деңгейдегі жүйеде тексеру өлшемшарттары;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мыналар осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде кепілдік алушы болмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

      2) қиыршық тас және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, алынған/өндірілген материалдарды одан әрі өңдемей тау-кен өндірісіндегі жобаны, геологиялық барлау сатысындағы жобаны іске асыруды жоспарлап отырған;

      3) осы Кепілдік беру қағидаларының 2-тарауы 2-параграфының талаптарына сәйкес кепілдік беруді қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі;

      4) Кодекстің 24-бабы 4-тармағының 3) және 11) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жобаларды іске асыратын;

      5) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиторлармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын;

      7) "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын;

      8) бірінші деңгейдегі ақпараттық жүйеде олар бойынша шектеу өлшемшарттары айқындалған тұлғалар болып табылатын кәсіпкерлер.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Кәсіпкер қаржы агенттігіне 1-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кепілдікті шығарғаны үшін төлейтін комиссия мөлшері кепілдік сомасының 1,5 %-ын құрайды және кепілдік міндеттемесіне қол қойылған күннен кешіктірмей біржолғы негізде және, егер қаржы агенттігі өзгеше айқындамаса, кепілдік міндеттемесінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін берілген кепілдік сомасының қалдығынан жыл сайын төленеді. Бұл ретте кепілдік қолданылатын не қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезеңде кепілдік азайған жағдайларда төленген комиссия азайған/тоқтатылған кезден бастап қайта есептеліп, кейіннен кәсіпкердің өтініші бойынша артық төленген сома оған қайтарылуға тиіс. Кәсіпкер кепілдік міндеттемесінің бүкіл қолданылу мерзімі үшін жыл сайынғы комиссияны қаржы агенттігіне біржолғы негізде төлеуге құқылы. Кредитордың кәсіпкер атынан кепілдікті шығару комиссиясының сомасын қаржы агенттігіне біржолғы немесе жыл сайынғы негізде төлеуге құқылы.

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне 2-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кепілдікті шығарғаны үшін төлейтін комиссия мөлшері кепілдік сомасының жылдық 1,5 %-ын құрайды және кепілдік міндеттемесіне қол қойылғанға дейін кепілдіктің бүкіл қолданылу мерзімі үшін біржолғы негізде төленеді. Осы норма қаржы агенттігі бұрын берген кепілдіктерге де қолданылады. Бұл ретте комиссия сомасын негізгі борыш сомасына қосуға болады. Комиссия кредитті өтеу графигіне сәйкес кепілдіктің болжамды амортизациясын ескере отырып есептеледі. Бұл ретте кепілдік қолданылатын не қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезеңде кепілдік азайған жағдайларда төленген комиссия азайған/тоқтатылған кезден бастап 3 (үш) ай өткен соң қайта есептеліп, кейін кәсіпкердің өтініші бойынша артық төленген сома оған қайтарылады.

      Қолжетімділік кезеңі болған кезде жаңартылатын кредиттік желі бойынша комиссия жаңартылатын кредиттік желі бойынша кепілдіктің жалпы сомасынан есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:

      "35-1. Кредитор кәсіпкердің кредит қабілеттілігіне талдау жүргізуді және жобаның инвестициялық тартымдылығын бағалауды, сондай-ақ кредиттік шарт немесе қаржылық лизинг шарты не шартты міндеттеме немесе облигациялар немесе опциондық келісім бойынша кәсіпкердің міндеттемелерін тиісінше ресімдеуді және орындауды қамтамасыз етеді. Қаржы агенттігі кредитор жүргізген талдаудың анықтығына, толықтығына және негізділігіне жауап бермейді.";

      39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Кепілдік беру инвестициялық жобаларды, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржы лизингі шарттары, сондай-ақ шартты міндеттемелер, форвардтық шарттар, факторингтік мәмілелер және франчайзинг, ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру бойынша ұсынылады.";

      41-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кепілдік мерзімі – қаржыландыру мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) айдан аспайтын мерзім;";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Осы Кепілдік беру қағидаларының 17, 18-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі, алынған/өндірілген материалдарды одан әрі өңдеу шартымен тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі, агроөнеркәсіптік кешеніндегі, энергетика, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, байланыс, көлік, туризм, денсаулық сақтау және білім беру салаларында инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды құру және/немесе дамыту бойынша өз жобаларын іске асырып жатқан және/немесе іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер осы бағыт бойынша кепілдік беруге қатысушылар болады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Кәсіпкер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі қаржыландыру сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеден асады;

      2) кепілдіктің (-тердің) ең жоғары мөлшері жоба құнының 30 %-ынан аспайды, бірақ қаржы агенттігінің жалғыз акционерінің не республикалық бюджет қаражатынан бөлінген резервтің үш еселенген мөлшерінен артық болмайды.

      Жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, қосымша қамтамасыз ету ретінде қабылдауға жол беріледі;

      3) кепілдік берілетін мерзім – 20 (жиырма) жылға дейін;

      4) кредиттің/қаржы лизингі шартының/облигацияның/опционның валютасы – теңге және/немесе шетел валютасы.

      Шетел валютасындағы кредиттер/қаржы лизингі шарттары/ облигациялар/опциондар бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беруі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі кепілдік шығарған күнгі ресми бағам бойынша теңгемен жүзеге асырылады.

      Шетел валютасындағы кредиттер/қаржы лизингі шарттары/облигациялар/опциондар бойынша кәсіпкер қаржыландыруды алуға өтініш берген күнгі кірістің жалпы сомасына шаққанда кемінде 30 % жылдық валюталық түсімнің болуын растайды.

      Айналым қаражатын толықтыру мақсатына арналған жобаларға кепілдік беру қаржыландырудың жалпы сомасының 40 %-ы мөлшерінен аспауы шартымен жүзеге асырылады. 100 %-ы қаржыландыру мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайтын өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар бойынша айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.";

      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Кәсіпкер қаржыландыру алу үшін кредиторға өтінішпен жүгінеді.

      Кредитор кәсіпкердің өтінішін кредитордың ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өзі қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жай-күйін талдайды, кәсіпкердің қамтамасыз ету жөніндегі кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігімен қаржыландыруды ұсынуға болатындығы туралы шешім қабылдау үшін жобаны кредитордың ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      53. Кредитор осы Кепілдік беру қағидаларының және қаржы агенттігімен жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкес қаржыландыруды ұсынуға болатындығы туралы шешім қабылдайды.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Қаржы агенттігі кредитордан түскен құжаттар мен кәсіпкердің өтінішін Кепілдік беру қағидалары мен портфельдік кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарастырады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Кепілдік кредит қаражатының, оның ішінде қаржы лизингінің, шартты міндеттемелердің, форвардтық шарттардың, опциондардың нысаналы пайдаланылуы шарттарымен беріледі. Бұл ретте кәсіпкердің кредитті/қаржы лизингін/шарттық міндеттемені/форвардтық шартты/опционды нысаналы пайдаланбауы кепілдік міндеттемені тоқтатуға немесе берілген кепілдік сомасын азайтуға негіз болмайды.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Кредитор қаржы агенттігіне 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кредитордың қызметін жүзеге асыру бойынша басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сондай-ақ кредитор акцияларының 10 %-ынан астамына қатысты меншік құқығының біржолғы сатылғаны немесе өзге түрде біржолғы ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.";

      62-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредитор кәсіпкердің өтінішін ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес өзі қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жай-күйін талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз ету жөніндегі кепілдік құнын бағалайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігімен қаржыландыруды ұсынуға болатындығы туралы шешім қабылдау үшін жобаны кредитордың ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.";

      63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Оң шешім қабылданған жағдайда кредитор қаржы агенттігіне:

      кепілдік сомасының есеп-қисабымен қаржыландыруға болатындығы туралы оң шешімі бар хатты;

      кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

      Кредитор құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынатын кезде салық берешегінің жоқ екендігі туралы өзекті анықтаманың болуы талап етіледі.

      64. Қаржы агенттігі кредитордың құжаттары мен кәсіпкердің өтінішін алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жобаны қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарып, кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдайды.

      Қаржы агенттігінің тиісті уәкілетті органы кепілдік беру туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қаржы агенттігінің меншікті капиталының мөлшері 10 %-дан асатын кепілдік сомасы бар жобалар бойынша жоба қаржы агенттігінің жалғыз акционерінің уәкілетті органының қарауына жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 70 және 71-тармақтармен толықтырылсын:

      "70. Кепілдік беру мыналарды қамтитын екі деңгейлі мемлекеттік қолдау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:

      1) бірінші деңгей – кәсіпкерлердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған тіркеуші ақпараттық жүйе, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;

      2) екінші деңгей – кәсіпкерлерден мемлекеттік қолдау шараларына өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер.

      Кәсіпкерлер тіркеушіге өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім береді.

      71. Кәсіпкерлердің өтінімдері екінші деңгейдегі жүйеге келіп түскен кезде екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге кәсіпкерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкес келуін тексеруге сұрау салу жібереді.

      Бірінші деңгейдегі жүйе кәсіпкерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға сәйкес келуін тексеру нәтижесімен жауап қайтарады.

      Шектеу өлшемшарттары жоқ деген жауап алынған кезде өтінім одан әрі өңделеді.

      Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және өтінімді өңдеу мәртебесін екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге береді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 13 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
1-қосымша
Субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Р/с

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы





1

2


1. Өңдеу өнеркәсібінде

1

10

Тамақ өнімдерінің өндірісі

2

11.06

Уыт өндірісі

3

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сулар өндірісі

4

13

Текстиль бұйымдарының өндірісі

5

14

Киім өндірісі

6

15

Былғары және соған жататын өнім өндірісі

7

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

8

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

9

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

10

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі

11

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

12

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі*

13

24

Металлургия өндірісі**

14

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару

15

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар шығару

16

27

Электр жабдықтарын шығару

17

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар шығару

18

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер шығару

19

30

Басқа көлік құралдарын шығару

20

31

Жиһаз өндірісі

21

32

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

22

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату


2. Көрсетілетін қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша


Ауыл, орман және балық шаруашылығы

23

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету ***

24

03

Балық аулау және балық өсіру ***


Көлік және қоймаға жинау

25

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

26

52

Жүктерді қоймаға жинау және қосалқы көлік қызметі


Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметттерді ұсыну

27

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі****

28

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру*****

29

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызметтер көрсетуі


Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

30

68.20.8

Жеке меншік немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару******


Білім беру

31

85

Білім беру*******


Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

32

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет********

      * тауарлық бетон өндірісін қоспағанда (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "23.63");

      ** шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (ЭҚЖЖ коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құюды (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құюды (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда;

      *** ЭҚЖЖ кодында ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру, қайта өңдеу, консервациялау көзделген;

      **** бес жұлдызды отельдерді қоспағанда;

      ***** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін қоспағанда;

      ****** ЭҚЖЖ кодында қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалға беру көзделген;

      ******* мынадай белгілердің бірі бар:

      орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделмеген;

      операциялық және (немесе) инвестициялық шығындарды өтеу көзделген жекеменшік мектептерді;

      сондай-ақ 85.53 "Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау мектептерінің қызметі", 85.59 "Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері" ЭҚЖЖ кодтарын қоспағанда;

      ******** элиталық белгілері бар және негізінен халықтың кірісі жоғары сегментіне қызмет көрсетуге бағдарланған денсаулық сақтау объектілерін қоспағанда. Мұндай жобаларға, соның ішінде:

      тек VIP-көрсетілетін қызметтер (жайлылығы жоғары палаталар, премиум сервис және өзгелері) көзделген;

      көрсетілетін қызметтердің құны орташа нарықтық көрсеткіштерден едәуір асып түсетін;

      халықтың қалың бұқарасы үшін базалық медициналық көрсетілетін қызметтер қолжетімді емес жеке медициналық мекемелер де кіруі мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 13 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
2-қосымша
  Субсидиялау қағидаларына
  1-1-қосымша
  Нысан

Субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған үлгілік шарт

      _________ қаласы 20___ жылғы "___" ________

      Бұдан әрі "өңірлік үйлестіруші" деп аталатын "_________________________"

      мемлекеттік мекемесі атынан _____________________ негізінде әрекет ететін

      ______________________ бір тараптан және бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп

      аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан

      ____________________ негізінде әрекет ететін __________________________

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар:

      1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін;

      3) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысын (бұдан әрі – қаулы) назарға ала отырып,

      төмендегілер туралы субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:

1. Шарттың нысанасы

      1. Осы шарттың талаптары бойынша өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне аударады.

      Аудару сомасы секвестрленген жағдайда қайтару сомасы мен қаражатты қайтаруға арналған деректемелері көрсетілген өңірлік үйлестірушінің тиісті хаты негізінде қаражат өңірлік үйлестірушіге қайтарылады.

2. Тараптардың құқықтары және міндеттері

      2. Қаржы агенттігі:

      1) осы шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақытында орындалуын талап етуге;

      2) өңірлік үйлестірушінің осы шарт бойынша ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;

      3) өңірлік үйлестірушіден қажетті қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға субсидия аудармауға;

      4) қаулыға сәйкес субсидия төлеуді тоқтатуға құқылы.

      3. Қаржы агенттігі:

      1) қаржы институттары қаулы шеңберінде ашқан арнайы ағымдағы шотқа субсидиялар сомасын аударуға;

      2) өңірлік үйлестірушіге кәсіпкерлерді субсидиялау үшін қаражат аудару қажеттілігінің туындағаны туралы хабарлауға;

      3) қаулы шеңберінде көзделген мониторингті жүргізуге;

      4) бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің құжаттарын қабылдауға және жобаларды қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығаруға;

      5) қаулы шеңберінде ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жіберуге міндеттенеді.

      4. Өңірлік үйлестіруші:

      1) қаржы агенттігінен қаулы щеңберінде субсидиялауға аударылған ақшалай қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты сұратуға;

      2) қаржы агенттігінен қаулы шеңберінде субсидиялауға аударылған ақшалай қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талап етуге құқылы.

      5. Өңірлік үйлестіруші:

      1) субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылы қаулыны іске асыру үшін бөлінген соманың 50 %-ы мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шоттарға аударуға және одан кейінгі төлемдерді қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асыруға;

      2) қаржы агенттігінен өтінім алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделген субсидиялауға арналған қаражатты аударуға;

      3) егер өтінімде көрсетілген субсидиялауға арналған қаражат сомасы төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында көзделмеген жағдайда, өтінімді алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге және субсидиялау үшін қаражат аударуға;

      4) қаржы агенттігінің өтінімі болмаған жағдайда кәсіпкерлерді субсидиялау үшін көзделген қалған қаражатты аудармауға міндеттенеді.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы Шартта Тараптардың әрқайсысы осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауап береді.

      7. Өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігінің арасында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күніне дейінгі мерзімде осы шарттың шеңберінде осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемдері бойынша салыстырып тексеру актілеріне қол қойылады.

      Қажет болған жағдайда осы шарт шеңберінде есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актілері электрондық форматта жіберіледі.

4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары – кез келген Тараптың шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, форс-мажорлық жағдайлар). Бұл ретте еңсерілмейтін күш мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталады.

      9. Егер Тараптардың шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан болса, олар жауапкершіліктен босатылады.

      10. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған кезде шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған Тарап олар басталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабарлайды.

      11. Уақтылы хабарланбаған кезде Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.

      12. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуына байланысты шарттың орындалу мерзімі ол әрекет ететін кезеңге ұзартылады.

      13. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 2 (екі) айдан астам уақытқа созылса, Тараптардың әрқайсысы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

5. Дауларды шешу

      14. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар және келіспеушіліктер Тараптардың арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

6. Шарттың талаптарын өзгерту

      15. Осы шарттың ережелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Тараптардың келісуі бойынша жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және мөрмен (бар болса) бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және Тараптар үшін міндетті болып танылады.

7. Қорытынды ережелер

      16. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда шарт бойынша және шартты орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына беріледі.

      17. Осы шарт Тараптардың осы шарттың нысанасына байланысты толық өзара түсіністігін білдіреді және олардың арасында шарттың нысанасына қатысты болған барлық бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтарды алмастырады.

      18. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данадан, әрқайсысының заңды күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде екі (2) бірдей данада жасалды.

      19. Осы шарт барлық Тарап қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      20. Осы шартта көзделмеген қалған барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Өңірлік үйлестіруші
(мемлекеттік мекеме)
Қазақстан Республикасы
________________ қаласы
________________ көшесі
телефон ______________
БСН _________________
ЖСК КZ ______________
БСК _________________
КБЕ _________________
"________________" ММ
мөрдің орны (бар болса)


Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы
________________ қаласы
________________ көшесі
телефон ______________
Субсидиялау құралы бойынша қаражатты есепке жатқызуға арналған деректемелер
БСН ______________________
ЖСК КZ____________________
БСК _______________________
КБЕ _______________________
"______________________" АҚ
мөрдің орны (бар болса)

  Субсидиялау үшін қаражат
аударуға арналған үлгілік
шартқа 1-қосымша

      Нысан

______ жылғы ________ – _______ кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

Банктің/даму банкінің/ лизингтік компанияның/ микроқаржы ұйымының атауы

Кәсіпкердің жүгінген орны




Кәсіпкердің атауы

Банктік қарыз шартының (БҚШ)/ қаржы лизинг шартының (ҚЛШ) (транш) нөмірі

БҚШ/ ҚЛШ (транш) күні

Кредит/лизинг (транш) сомасы, теңге

1

2




3

4

5

6










Кредит/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Қаржы агенттігі кезең ішінде аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезеңде қайтарылған субсидия сомасы, теңге

7

8

9

10

11






  Субсидиялау үшін қаражат
аударуға арналған үлгілік
шартқа 2-қосымша

      Нысан

      Құжат нөмірі Жасалған күні

      Кәсіпорын, ұйым

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

Есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісі

      Біз, төменде қол қоюшылар:

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ атынан ______________ бір тараптан және

      _______________ (өңірлік үйлестірушінің атауы) атынан _______________

      екінші тараптан _____________ (бағдарламаның атауы) шеңберінде

      20__ жылғы ___ _____ жағдай бойынша осы есепке жазылған қаражат пен

      субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісін жасастық:

Кезең

Жазба мәтіні

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (_______________ қаражаты есебінен (қаржыландыру көзінің атауы)

Өңірлік үйлестірушінің атауы

20___жылғы ___ ______ басындағы сальдо

Дебет

Кредит

Дебет

Кредит

20__–__.__.20__

____ (бағдарламаның атауы) шеңберінде қаражаты есебінен ____ (қаржыландыру көзінің атауы) кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау





20__ __.__.

Жергілікті атқарушы органнан (ЖАО) қаражат түсімі (қаржыландыру көзінің атауы)





20 ___ жылғы___ _ тоқсандағы айналым жиыны





20___жылғы ____ ___ соңындағы сальдо______






Өңірлік үйлестіруші

Қаржы агенттігі



Лауазымы _____________/Т.А.Ә. (бар болса)

Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)



Лауазымы ____________/Т.А.Ә. (бар болса)

Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)



Лауазымы ____________/Т.А.Ә. (бар болса)

Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)



Лауазымы _____________/Т.А.Ә. (бар болса)

Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)

Есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісіне қатысты толық жазу

      Құжат нөмірі Жасалған күні

      Кәсіпорын, ұйым

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

20__ жылдан __ ______ бастап 20__ жылғы __ ______ аралығында (қаржыландыру көзінің атауы) есепке жазылған қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып тексеру актісіне қатысты толық жазу

Мазмұны

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының БСН

Негізгі бағыт

Субсидиялау шартының (СШ) /қосылу шартына қоса берілген графиктің нөмірі

СШ/ қосылу шартына қоса берілген график күні

Субсидияларды аудару/қайтару өкімінің нөмірі

Субсидияларды аударуға/қайтаруға өкім берілген күн

Күні

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (___________ қаражаты есебінен (қаржыландыру көзінің атауы)

Өңірлік үйлестірушінің атауы

Дебет

Кредит

Дебет

Кредит

20___жылғы ___ ______басындағы сальдо





Жергілікті атқарушы органнан (ЖАО) түсетін түсімдер













Екінші деңгейдегі банкке (ЕДБ) аудару













ЕДБ-ден қайтару













20 ___ жылғы___ _ тоқсандағы айналым жиыны





20___жылғы ___ ______ соңындағы сальдо





      Ескертпе:

      20__ жылғы "__"_____ жағдай бойынша _____________

      (өңірлік үйлестірушінің атауы) ________ (сомасы жазбаша) теңге ________ тиын

      мөлшеріндегі ____________________

      (қаржыландыру көзінің атауы) қаражат "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

      есебіне жазылды.

      20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

      ___________ (қаржыландыру көзінің атауы) ___________ (сомасы жазбаша) теңге

      __ тиын мөлшеріндегі қаражатты _______ (өңірлік үйлестірушінің атауы) қайтарды.

      20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

      ЕДБ-ден ___________ (сомасы жазбаша) теңге ___ тиын мөлшерінде, оның ішінде:

      _______________ қаражат есебінен (қаржыландыру көзінің атауы) бұрын төленген

      субсидияларды қайтарды:

      барлығы: _______ қайтарылды.

      20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

      ЕДБ-ге ____________ (сомасы жазбаша) теңге ___ тиын мөлшерінде, оның ішінде:

      __________ қаражат есебінен (қаржыландыру көзінің атауы) субсидиялар аударды:

      барлығы: _______ аударылды.

      20__ жылғы "___"______ жағдай бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

      ағымдағы шотындағы қаражаттың қалдығы _________________ (сомасы жазбаша)

      теңге ____ тиынды құрайды, оның ішінде:

      ___________________ қаражатынан (қаржыландыру көзінің атауы):

      барлығы: __________ .

Қаржы агенттігі


Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)


Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)


Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)


Лауазымы ___________/Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 13 қаңтардағы
№ 12 қаулысына 3-қосымша
Кепілдік беру қорлары
шеңберінде кепілдік беру
қағидаларына қосымша

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы



1

2

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01

Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда кызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі кызметтер көрсету

Өңдеу өнеркәсібі

10

Тамақ өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сусындар өндірісі

13

Текстиль бұйымдарының өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Былғары және соған жататын өнім өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін тыңдап-көрсету

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі

24

Металлургия өндірісі*

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар шығару

27

Электр жабдықтарын шығару

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар шығару

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер шығару

30

Басқа көлік құралдарын шығару

31

Жиһаз өндірісі

32

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау

35.11.2

Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою қызметі және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Көлік және қоймаға жинау

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі**

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймаға жинау және қосалқы көлік қызметі

53

Пошта және курьер қызметі

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсету

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне баспана беру***

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызметтер көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету бойынша қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

68.20.8

Жекеменшік немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалдау (қосалқы жалдау) және басқару****

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Халыққа тұруын қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет

88

Халыққа тұруын қамтамасыз етпей, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

93

Спорт, демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет*****

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және былғары бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      *шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды "24.10"), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚЖЖ коды "24.46"), шойын құюды (ЭҚЖЖ коды "24.51"), болат құюды (ЭҚЖЖ коды "24.52") қоспағанда;

      ** ЭҚЖЖ коды 49.32 "Такси қызметі" бойынша қызметті қоспағанда ("жасыл" жобаларды және отандық өндірушілердің 1 (бір) бірлігінің құны 10 (он) миллион теңгеден аспайтын жеңіл автомобильдерін сатып алуға бағытталған жобаларды қоспағанда);

      *** апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда;

      **** бұл ЭҚЖЖ-да қойма үй-жайлары мен қойма алаңдарын жалдау көзделген;

      ***** дискотекалар мен караокені қоспағанда.