1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
"5-1) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;";
"ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы;";
"350) ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде органикалық өнімді өткізуді қоспағанда, оның өндірісі және айналымы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;";
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
"35-11) ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлік тауарларын өткізуді қамтамасыз ету;".
2. Қоса беріліп отырған Ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
3. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
2) жартыжылдық негізде, 20 маусымнан және 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын;
4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жартыжылдық негізде, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Р/с№
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқталу
нысаны
|
Аяқталу мерзімі
|
Жауапты орындаушылар
|
Қаржыландыру көлемі, млн
теңге
|
Қаржыландыру көзі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
I. Заңнамалық шаралар
|
1.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы
|
2025 жылғы желтоқсан
|
СИМ, АШМ
|
талап
етілмейді
|
|
2.
|
Салалық мемлекеттік органдар функцияларының аражігін нақты ажырата отырып, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы", "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
АШМ-ға – ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мәселелері;
СИМ-ге – ішкі және сыртқы нарықтарда ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік тауарларын өткізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру, АӨК өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру бөлігіндегі мәселелер
|
НҚА қабылдау
|
2026 жылғы
маусым
|
АШМ, СИМ
|
талап етілмейді
|
-
|
II. Өткізу арналарын кеңейту және ішкі нарықта ауыл шаруашылығы өнімін ілгерілету
|
3.
|
Қоғамдық тамақтану және қонақүй бизнесі жүйесінде отандық ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану тетігін әзірлеу
|
HoReCa қолдау бағдарламасын бекіту
|
2026 жылғы
маусым
|
СИМ, АШМ, ДСМ, ТСМ, ЖАО, Қоғамдық тамақтану қауымдастығы (келісу бойынша)
|
талап
етілмейді
|
-
|
4.
|
Шығарылатын өнімді өткізуді қамтамасыз ету, шығасыларды қысқарту және отандық ауыл шаруашылығы өнімінің қатысу тиімділігін арттыру мақсатында кооперация қызметін дамыту
|
кеңес хаттамасы
|
2026 жылғы
тамыз
|
СИМ, АШМ, ЖАО, QazTrade (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)
|
талап
етілмейді
|
-
|
5.
|
Отандық ауыл шаруашылығы өнімін өткізу көлемін ұлғайту және тауарларды тікелей жеткізуді ұйымдастыру мақсатында сауда желілерімен және көтерме құрылымдармен әріптестік қатынастарды дамыту
|
меморандумдар
|
жыл ішінде
|
СИМ,
АШМ, ЖАО
|
талап
етілмейді
|
-
|
6.
|
Отандық өндірушілерді танымал ету, өңірлік брендтерді ілгерілету және отандық өнімнің ішкі нарықтағы позициясын нығайту үшін сауда желілерінде маркетингтік іс-шараларды өткізу
|
науқандарды өткізу
|
жыл сайын,
шілде, желтоқсан,
2026 – 2028 жылдар
|
СИМ, QazTrade (келісу бойынша), сауда желілері (келісу бойынша)
|
талап
етілмейді
|
-
|
7.
|
Өткізу арналарын кеңейту және отандық өнімнің қолжетімділігін арттыру үшін отандық ауыл шаруашылығы өнімінің қолданыстағы маркетплейстерде ұсынылуы
|
маркетплейстерге өнімді орналастыру
|
жыл сайын,
шілде, желтоқсан,
2026 – 2028 жылдар
|
СИМ, ЖАО, ҰКП
(келісу бойынша)
|
талап
етілмейді
|
-
|
8.
|
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және кооперативтердің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу
|
СИМ-ге ақпарат
|
жыл сайын,
шілде, желтоқсан,
2026 – 2028 жылдар
|
ЖАО
|
талап
етілмейді
|
-
|
9.
|
Өндірушілерді қолдауға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бағаны тұрақтандыру бағдарламалары шеңберінде ӘКК тарапынан ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алуды өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
|
АШМ-ге және СИМ-ге ақпарат
|
жыл сайын,
шілде, желтоқсан,
2026 – 2028 жылдар
|
ЖАО, ӘКК (келісу бойынша)
|
талап
етілмейді
|
-
|
10.
|
Ауыл шаруашылығы өнімін сақтауды, сұрыптауды және өткізуді қамтамасыз ету үшін қосымша көтерме-тарату орталықтарын салу қажеттігін талдау
|
кеңес хаттамасы
|
2026 жылғы
қазан
|
СИМ, АШМ, ЖАО
|
талап
етілмейді
|
-
|
11.
|
Өндірілетін өнімнің кемінде 50 %-ын ішкі нарыққа өткізу бөлігінде отандық тауар өндірушілерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қарсы міндеттемелер енгізудің қажеттігін пысықтау
|
кеңес хаттамасы
|
2026 жылғы
қазан
|
СИМ, АШМ
|
талап етілмейді
|
-
|
12.
|
ӘМАТ және шикізат өндірушілерді басым субсидиялау қажеттігін пысықтау
|
кеңес хаттамасы
|
2026 жылғы
қазан
|
СИМ, АШМ
|
талап етілмейді
|
-
|
13.
|
Отандық өнімді өткізу үшін сауда желілері мен сауда базарларында "Жасыл сөрелер" жүйесін құру
|
пилоттық сату нүктелерін іске қосу
|
2026 жылғы
қараша
|
СИМ, АШМ, ЖАО, Қоғамдық тамақтану қауымдастығы (келісу бойынша)
|
талап
етілмейді
|
-
|
14.
|
Ішкі нарықта отандық тауар өндірушілерді ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша "QazTrade Retail" онлайн-платформасын құру және әкімшілендіру
|
пилоттық іске қосу
|
2026 жылғы желтоқсан
|
СИМ, QazTrade (келісу бойынша)
|
QazTrade
көзделген қаражаты есебінен (51,3 млн
теңге)
|
РБ
|
15.
|
АӨК өнімінің тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған тиімді цифрлық құрал құру мақсатында ТҚҰЖ базасында агромаркетплейс енгізу
|
цифрлық платформаны іске қосу
|
2026 жылғы
желтоқсан
|
СИМ, ЖАО,
"Қазақтелеком" АҚ
(келісу бойынша)
|
ЕАДБ қаражаты есебінен 1,0 млн АҚШ доллары
|
ЖИ
|
16.
|
Сауда базарларын лицензиялау тетіктерін енгізу бойынша халықаралық тәжірибені талдау
|
талдамалық
ақпарат
|
2026 жылғы
сәуір
|
СИМ, ЖАО
|
талап
етілмейді
|
-
|
17.
|
Ішкі нарықта ауыл шаруашылығы өнімін және оның ел ішінде өңірлік ағынын ілгерілету үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тетіктерін әзірлеу
|
кеңес хаттамасы
|
2026 жылғы
мамыр
|
СИМ
|
талап етілмейді
|
-
|
III. Өткізу арналарын кеңейту және сыртқы нарықта ауыл шаруашылығы өнімін ілгерілету
|
18.
|
Кейіннен қолдау шараларына, өткізу бағдарламаларына тарту, экспорттық ілгерілету және кооперативтік бірлестіктерге қатысу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді (АӨК саласы субъектілерінің кемінде 20 %) нысаналы іріктеу тетігін енгізу
|
2026 жылғы
экспорттық акселерация бағдарламасы
|
2026 жылғы
наурыз
|
СИМ, ЖАО,
QazTrade (келісу бойынша)
|
"2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілетуге 11,2 млрд теңге бөлінді
|
РБ
|
19.
|
Қытай нарығына жеткізілетін отандық өсімдік шаруашылығы өнімінің номенклатурасын кеңейту
|
кеңес хаттамасы
|
2026 жылғы
желтоқсан
|
АШМ, СИМ, ЖАО
|
талап етілмейді
|
-
|
20.
|
Қытай және ЕО елдері нарықтарына жеткізілетін отандық мал шаруашылығы өнімінің номенклатурасын кеңейту
|
кеңес хаттамасы
|
2026 жылғы
желтоқсан
|
АШМ, СИМ, ЖАО
|
талап етілмейді
|
-
|
21.
|
Gulfood және China International Import Expo қоса алғанда, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қатысуын кеңейту
|
отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің санын ұлғайту
|
жыл сайын,
қыркүйек, желтоқсан,
2026 – 2028 жылдар
|
СИМ,
АШМ,
СІМ, ЖАО,
QazTrade (келісу бойынша)
|
"2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілетуге 11,2 млрд теңге бөлінді
|
РБ
|
22.
|
Әріптестік байланыстар орнату және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту үшін отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қатысуымен сауда-экономикалық миссияларды ұйымдастыру және өткізу
|
қазақстандық өнімді ілгерілету, келісімшарттар жасасу
|
жыл сайын,
қыркүйек, желтоқсан,
2026 – 2028 жылдар
|
СИМ, АШМ, ЖАО,
QazTrade (келісу бойынша)
|
"2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілетуге 11,2 млрд теңге бөлінді
|
РБ
|
23.
|
Бес көліктік-логистикалық хаб аумағында аграрлық экспортты дамыту, оның ішінде ветеринариялық және фитосанитариялық стандарттар мен маркетингтік стратегияны ескере отырып, агрохабтар негізінде дамыту мақсатында АӨК өнімін өндіру және өткізу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру
|
СИМ-ге ақпарат
|
тоқсан сайын,
2026 жыл
|
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарының
әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
24.
|
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді экспорттық қызметтегі кооперация және маркетинг мәселелері бойынша оқыту
|
оқытулар өткізу
|
үнемі,
2026 – 2028 жылдар
|
СИМ, АШМ, QazTrade (келісу бойынша), ҰКП
(келісу бойынша)
|
"2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілетуге 11,2 млрд теңге бөлінді
|
-
|
25.
|
Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін экспорттық қызметте ауыл шаруашылығы өнімін сертификаттау мәселелері бойынша семинарлар (фитосанитариялық және ветеринариялық) өткізу
|
семинарлар өткізу
|
үнемі,
2026 – 2028 жылдар
|
АШМ, СИМ
|
талап
етілмейді
|
-
|
26.
|
Сыртқы нарықтарда отандық ауыл шаруашылығы өнімін ілгерілету бойынша ақпараттық жұмыс
|
ақпараттық-жарнамалық жұмыс
|
үнемі,
2026 – 2028 жылдар
|
СИМ, СІМ, ЖАО, QazTrade (келісу бойынша)
|
"2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілетуге 11,2 млрд теңге бөлінді
|
РБ
|
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
HoReCa – қонақүйлер (Hotel), мейрамханалар (Restaurant), дәмханалар (Cafe).