Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысы.

Жаңартылған

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарына сәйкес 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 248), 249) және 250) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 357 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (бұдан әрі – Қарулы Күштер) əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.

      2. Министрліктің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қарулы Күштердің Бас штабы бар.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 14-үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;

      2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;

      3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптау комиссияларын құру;

      сотқа жүгіну;

      тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардан мамандар тарту;

      заңнамада белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;

      Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алу және пайдалану;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;

      реттелетін салада Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға талдау жүргізу;

      бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау.

      15. Функциялары:

      1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;

      3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің жəне Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимиттері шегінде Министрліктің құрылымын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Министрлік пен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;

      5) мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді;

      6) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде Министрліктің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;

      7) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, оларды басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдануды айқындайды;

      8) Министрліктің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;

      9) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмысқа басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;

      10) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;

      11) әскерлерді инспекциялауды және Қарулы Күштердегі қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

      12) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, олардағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      13) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін айқындайды;

      14) ведомстволық әскери оқу орындарының және әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;

      15) әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлауды үйлестіреді;

      16) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      17) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қабылдайды;

      18) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      19) бітімгершілік операцияға даярлық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады;

      20) бітімгершілік операцияға даярлық жоспарын бекітеді;

      21) экономиканың, мемлекеттік органдардың жəне меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын бекітеді;

      22) жеке әскери-есептік құжаттарды ресімдеу, оларды беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды, сондай-ақ жеке әскери-есептік құжаттар бланкілерін жасауды ұйымдастырады;

      23) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      24) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      25) терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жерүсті кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;

      26) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;

      27) Қарулы Күштердің республикалық мемлекеттік мекемелері басшыларының тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындайтын жеке жəне заңды тұлғаларға ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды;

      28) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді;

      29) өз құзыретi шегінде əскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қарулы Күштердің мəселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;

      30) Қарулы Күштердің әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрлықта, ішкі және аумақтық суларда, сондай-ақ су астындағы ортада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;

      31) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдаланылатын диапазондардағы радиожиілік спектрін бөлуді және пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс мұқтажы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрін және тиісті радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      32) Қарулы Күштердің мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

      33) Қарулы Күштерде шифрлау жұмысын жүзеге асырады;

      34) Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды және ақпарат қауіпсіздігін қорғауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      35) Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды, енгізуді, сүйемелдеуді, шығаруды ұйымдастырады;

      36) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікті мониторингтеуді жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;

      37) азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады;

      38) әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      39) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдауды жүзеге асырады;

      40) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдеріне, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;

      41) қарулы жанжалға мәжбүрлеу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардан сақтандыруға қатысады;

      42) Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      43) Қарулы Күштерде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады;

      44) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты дайындау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды;

      45) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, аумақтық əскерлерге басшылық жасауды жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      46) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қарулы Күштерді жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына даярлауды жүзеге асырады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, аумақтық әскерлерді, әскери оқытылған резервті даярлауды үйлестіреді;

      47) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      48) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      49) Министрлік және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;

      50) Қарулы Күштердің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;

      51) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды бекітеді;

      52) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасайды;

      53) қару-жарақты бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын қадағалайды;

      54) әскери медицинаны қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

      55) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      56) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      57) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;

      58) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын және ұлттық стандарттау жоспарын қарайды;

      59) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

      60) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;

      61) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      62) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерінің қатысуымен Қарулы Күштер республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамасын, командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды ұйымдастырады және жүргізеді;

      63) Қарулы Күштерде режимдік үй-жайларды арнайы тексеруді, техникалық құралдарды арнайы зерттеуді және арнайы тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

      64) Министрлікке Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;

      65) өз құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізеді;

      66) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының әскери ұлттық стандарттарын әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;

      67) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асыруды ұйымдастырады;

      68) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қосарланған және әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асырады;

      69) қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының радиоэлектрондық құралдары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат береді;

      70) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды бекітеді;

      71) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      72) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

      73) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандар тізбесін әзірлейді;

      74) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша уәкілетті органдардың ұшқышсыз ұшатын аппараттарының шекаралық белдеу үстінен ұшуын жүзеге асыруына рұқсат етеді;

      75) Қарулы Күштерде техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      76) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;

      77) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығынды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;

      78) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;

      79) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және әскер түрлерінің, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басқару органдары туралы ережелерді бекітеді;

      80) қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың негізгі түрлеріне тапсырыстар беру, сатып алу көлемін, сондай-ақ Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің жабдықталым құрылымдық бөлімшелері бойынша бюджет қаражатын бөлуді бекітеді;

      81) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қарулануына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;

      82) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы алу қағидаларын бекітеді;

      83) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастрын бекітеді;

      84) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекітеді;

      85) меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда Министрлік әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      86) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;

      87) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;

      88) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;

      89) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      90) жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженi бекітеді;

      91) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекітеді;

      92) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламаларын бекітеді;

      93) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекітеді;

      94) оларда қызмет өткеру әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беруге құқық беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекітеді;

      95) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курс курсанттарына пошта жөнелтілімдеріне өтемақы мөлшерін бекітеді;

      96) Қарулы Күштердің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;

      97) Қарулы Күштердің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекітеді;

      98) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;

      99) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;

      100) әскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын бекітеді;

      101) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      102) Министрлік орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын бекітеді;

      103) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      104) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəрілерді сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      105) қару мен оқ-дəрілердің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетімен тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекітеді;

      106) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери даярлық қағидаларын бекітеді;

      107) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлық қағидаларын бекітеді;

      108) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша əскери даярлық қағидаларын бекітеді;

      109) Министрліктің əскери оқу орындарынан оқудан шығару қағидаларын бекітеді;

      110) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурада даярлау қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін бекітеді;

      111) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;

      112) шетел əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекітеді;

      113) Қарулы Күштерде дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекітеді;

      114) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      115) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      116) Қарулы Күштердiң мəдениет жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекітеді;

      117) полиграфологиялық жəне психологиялық-физиологиялық зерттеулерді қолданып тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;

      118) Қарулы Күштер əскери полиция органдарының Қарулы Күштер көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      119) Қарулы Күштер əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының лектеріне ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лектер өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекітеді;

      120) Қарулы Күштер əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын бекітеді;

      121) əскери қызметшілердің Қарулы Күштер əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекітеді;

      122) Қарулы Күштер əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      123) Қарулы Күштер əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекітеді;

      124) Қарулы Күштердің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын бекітеді;

      125) Қарулы Күштерде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      126) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қарулы Күштердің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетімен тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      127) Министрлік әскери барлау органдарының жария етілмейтін құрамының тізбесін бекітеді;

      128) Қарулы Күштердің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекітеді;

      129) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      130) Қарулы Күштер полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді;

      131) Министрліктің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      132) жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік ісін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      133) жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      134) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      135) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік авиация борттық дәріқобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрiлік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекітеді;

      136) Қарулы Күштер ведомстволық күзет бөлімшелерінің Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерін күзетуін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      137) ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;

      138) Қарулы Күштерде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді;

      139) Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      140) Қарулы Күштерде жауынгерлік кезекшілікті атқаруды бағалау әдістемесін бекітеді;

      141) Қарулы Күштерде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      142) Қарулы Күштердің гарнизондарында, әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      143) Қарулы Күштердің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      144) Қарулы Күштердің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;

      145) Қарулы Күштерден шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      146) Қарулы Күштерде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қағидаларын бекітеді;

      147) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      148) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      149) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін Қарулы Күштер әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамаларын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды жүргізу жөніндегі сараптау комиссияларының құрамын бекітеді;

      150) Министрлікке ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді;

      151) Қарулы Күштерде сүңгуірлік түсуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      152) Қарулы Күштер әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің ұйымдық-штаттық іс-шаралары материалдарын жоспарлау және дайындау, штаттары мен табельдерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      153) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен әскери атақтар тізбесіне сәйкес Қарулы Күштер әскери қызметшілері штаттық лауазымдарының, әскери атақтарының, әскери-есептік мамандықтарының тізбесін, лауазымдары мен әскери атақтарының кодтарын бекітеді;

      154) Қарулы Күштер әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің орналасу есебін жүргізу қағидаларын бекітеді;

      155) Қарулы Күштердің республикалық мемлекеттік мекемелерін таратуды және жергілікті әскери басқару органдарының адами және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      156) бітімгершілік операцияларға қатысу үшін Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;

      157) Қарулы Күштер әскери полициясы органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      158) Қарулы Күштердің көлік құралдарын бақылауды және 200 километрден астам қашықтықта пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      159) Қарулы Күштерде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      160) Қарулы Күштерді әскери мүлікпен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      161) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      162) Қарулы Күштер әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      163) Қарулы Күштерде құпияландырылған байланыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      164) Қарулы Күштерде құпияландырылған байланыстың ведомстволық желісі жабдығын орналастыру және монтаждау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      165) Қарулы Күштерде байланыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және байланыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын жіктеу қағидаларын бекітеді;

      166) Министрліктің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Министрлік, Бас штаб және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекітеді;

      167) Қарулы Күштерде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      168) Министрліктің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      169) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша алғашқы көмек (жеке, топтық) дәріқобдишаларының тізімдемелерін бекітеді;

      170) Министрлік әскери барлау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүргізу және өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алу қағидаларын және негіздерін бекітеді;

      171) Министрлікте қызметтік пайдаланудағы техникалық құралдарды (ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) кіргізу, шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      172) Министрліктің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің санаттарына сәйкес тізбесін бекітеді;

      173) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын бекітеді;

      174) Қарулы Күштердің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамға медициналық қарап-тексеруді жүргізу тәртібі мен кезеңділігін бекітеді;

      175) тағайындау кезінде əскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданылып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекітеді;

      176) соғысқа қатысушы куәлігін беру қағидаларын бекітеді;

      177) ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;

      178) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіліп берілген əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;

      179) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      180) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіліп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекітеді;

      181) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оқ-дәрілерді дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды жою тәртібін бекітеді;

      182) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары үшін қару-жарақты, әскери техника мен арнайы құралдарды сақтауды ұйымдастырады және олардың қорларын құрады;

      183) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      184) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      185) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      186) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      187) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      188) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      189) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оның күшін жояды);

      190) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, мемлекеттік авиацияда қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      191) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекітеді;

      192) Қарулы Күштерде медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасында тіркелген және әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың) дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттардың тізбесін бекітеді;

      193) әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асырады;

      194) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды болғызбау және (немесе) тоқтату жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою жөнінде шаралар қабылдайды;

      195) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзудың жолын кеседі;

      196) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен, ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      197) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға арналған режимдерді және қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді;

      198) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсаттар береді;

      199) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге арнайы бөлінген дәліздерден тыс әуе кеңістігінде шет мемлекеттердің әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына рұқсаттар береді;

      200) шет мемлекеттердің мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына арналған рұқсаттарды келіседі;

      201) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;

      202) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;

      203) мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      204) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      205) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      206) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелім және қосымша танылым белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      207) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығының нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарды бекітеді;

      208) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекітеді;

      209) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;

      210) мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды береді;

      211) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын есепке алуды жүргізеді, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді сыныптауды, мемлекеттік органдардың мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тексеру жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      212) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады жəне жүргізеді;

      213) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      214) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      215) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      216) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

      217) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекітеді;

      218) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль жəне электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      219) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының жəне жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      220) мемлекеттік авиацияның ұшуын əуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) бекітеді;

      221) мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету жəне басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекітеді;

      222) мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының жəне арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      223) мемлекеттік авиацияда əуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      224) әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

      225) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;

      226) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты тосын оқиғаларды шешуге қатысады, осы мақсаттар үшін өзге де уәкілетті органдарды тартады;

      227) аумақтық сулардағы теңіз дәліздері мен қозғалыстарды бөлу схемасын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      228) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартады;

      229) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      230) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

      231) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорғаныс министрінің актісі негізінде Қорғаныс министрлігі шегінде әскери мүлікті береді;

      232) өздерінің жедел басқаруындағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;

      233) мүлікті пайдаланылмайтын мүлік деп тану туралы шешім қабылдайды;

      234) оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады;

      235) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;

      236) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттаманы айқындайды;

      237) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;

      238) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      239) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;

      240) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне мемлекеттік сынақтарды ұйымдастырады және жүргізеді және оларды қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттама дайындайды;

      241) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттарды дайындауға, оларды сериялап өндіруге беру үшін конструкторлық, техникалық және өзге де құжаттаманы келісуге қатысады;

      242) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;

      243) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      244) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын әзірлейді;

      245) азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын әзірлейді;

      246) қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді;

      247) қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      248) тармақша осы қаулының 3-тармағына сәйкес 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізілді.

      248) соғыс жағдайы режимі жағдайларында және Қазақстан Республикасының әскери кауіпсіздігі мен қорғанысы шеңберінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      249) тармақша осы қаулының 3-тармағына сәйкес 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізілді.

      249) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, оның ішінде:

      биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерге әкелетін жағдай туралы ақпарат беру;

      биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингті жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) беру;

      биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу арқылы жүзеге асырады;

      биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлеу және бекіту;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      250) тармақша осы қаулының 3-тармағына сәйкес 24.11.2022 бастап қолданысқа енгізілді.

      250) Қарулы Күштерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді.

      251) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      252) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;

      253) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;

      254) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      255) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;

      256) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;

      257) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

      258) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;

      259) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізеді және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;

      260) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;

      261) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады.

      262) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдайды және анықтайды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 15.12.2022 № 1012 қаулыларымен.

3-тарау. Мемлекеттік орган, алқалы орган бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрлікке басшылық жасауды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының, Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат саны лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді;

      3) бекітілген штат саны лимиті шегінде Министрліктің құрылымын және оның бөлімшелерінің штат санын айқындайды;

      4) Министрліктің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының Президентіне белгіленген номенклатураға сәйкес Қарулы Күштердегі лауазымдарға орналасу үшін және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады;

      8) бұйрықтар мен директивалар шығарады;

      9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылысы бойынша ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету және қаржылық қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады;

      10) өз өкілеттіктері шегінде әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды, қызметі бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан шығару мәселелерін шешеді;

      11) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ жазалар қолданады;

      12) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлерінің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;

      13) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

      21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы немесе Министрліктің лауазымды адамы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақша кірісін қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

      23. Министрлікке бекiтiліп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      24. Министрлік, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, оған бекiтiліп берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.08.2022 № 561 (Құпия) қаулысымен.

      Құпия.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.08.2022 № 574 қбп; 26.10.2022 № 848 қбп; 30.11.2022 № 966 қбп қаулыларымен.

      Құпия.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 357 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулысының 6-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 962 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 және 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1241 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 58 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін басқару жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 357 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 104 қаулысы.

      9. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 916 қаулысы.

      10. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерiс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 707 қаулысының 1-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 754 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      13. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 671 қаулысының 1-тармағы.

      14. "Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі № 789 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1107 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      16. "Қазақстан Республикасының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      17. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 685 қаулысы.

      19. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 29 қаулысының 3-тармағы.

      20. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 қаулысының 1-тармағы.

      21. "Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      22. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 669 қаулысы.

      23. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 217 қаулысы.

      24. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 694 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.