Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын және "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 330 қаулысы.

Қолданыстағы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 01.07. 2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жалпы ауданы 314504,1 гектар Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары немесе табиғи географиялық шептер бойынша Ащыөзек республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы жерлерінің шекарасын белгілесін.

      3. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағында "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      4. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының босалқы жерлері санатынан жалпы ауданы 343040,1 гектар жер учаскелері алынсын.

      5. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағындағы осы қаулының 4-тармағында көрсетілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге тұрақты жер пайдалануға берілсін.

      6. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері санатына ауыстырылсын.

      7. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде және оның айналасында осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және қалпына келтірілуіне кері әсерін тигізетін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қоя отырып, күзету аймағын белгілесін.

      8. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен және оның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      9. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      10. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      11. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 25 мамырдағы
№ 330 қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағындағы "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

      гектар

Р/с
Ауылдық округтердің атауы Округтер бойынша аудан Босалқы жерлер Оның ішінде:
көлдер мен тоғандар каналдар мен өзендер (оның ішінде кеуіп бара жатқан) шабындықтар жайылымдар сорлар мен өтуге болатын батпақтар егістік жерлер құмдар өзге жерлер
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

"Аралсор" учаскесі

Бөкей ордасы ауданы

1

Т. Масин ауылдық округі

50 321,2

50 321,2

11 666,6

104,3

0,0

26 357,1

11 709,2

0,0

0,0

484,0

2

Саралжын ауылдық округі

2 492,5

2 492,5

0,0

0,0

0,0

1 830,1

320,3

0,0

0,0

342,1

3

Аудан бойынша жиыны

52 813,7

52 813,7

11 666,6

104,3

0,0

28 187,2

12 029,5

0,0

0,0

826,1

Жәнібек ауданы

1

Ақоба ауылдық округі

23 614,7

23 614,7

1 752,0

85,7

72,8

19 893,6

1 635,0

0,0

0,0

175,6

2

Күйгенкөл ауылдық округі

10 322,5

10 322,5

6,2

160,4

0,0

7 153,4

62,0

2 866,6

0,0

73,9


Аудан бойынша жиыны

33 937,2

33 937,2

1 758,2

246,1

72,8

27 047,0

1 697,0

2 866,6

0,0

249,5

Казталов ауданы

1

Қошанкөл ауылдық округі

11 882,2

11 882,2

561,7

40,6

318,7

10 572,5

367,4

0,0

0,0

21,3

2

Тереңкөл ауылдық округі

32 329,4

32 329,4

2 564,4

83,9

0,0

22 868,0

4 593,1

2 073,0

0,0

147,0

3

Бірлік ауылдық округі

52 641,3

52 641,3

4 285,3

192,1

0,0

42 847,5

5 217,3

0,0

0,0

99,1


Аудан бойынша жиыны

96 852,9

96 852,9

7 411,4

316,6

318,7

76 288,0

10 177,8

2 073,0

0,0

267,4

"Жаңақала" учаскесі

Жаңақала ауданы

1

Жаңақазан ауылдық округі

17 230,4

17 230,4

151,4

3,2

0,0

16 075,1

898,1

0,0

16,1

86,5

2

Жаңажол ауылдық округі

58 768,9

58 768,9

976,4

7,7

0,0

54 468,0

3 041,0

0,0

101,7

174,1

3

Мәстексай ауылдық округі

64 246,7

64 246,7

16,2

13,4

0,0

59 556,7

3 039,5

0,0

1 370,2

250,7

4

Көпжасар ауылдық округі

19 190,3

19 190,3

0,0

0,0

0,0

18 196,3

201,2

0,0

685,4

107,4


Аудан бойынша жиыны

159 436,3

159 436,3

1 144,0

24,3

0,0

148 296,1

7 179,8

0,0

2 173,4

618,7


Облыс бойынша барлығы:

343 040,1

343 040,1

21 980,2

691,3

391,5

279 818,3

31 084,1

4 939,6

2 173,4

1 961,7

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 25 мамырдағы
№ 330 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде (қызмет бабында пайдалану үшін):

      қызмет бабында пайдалану үшін.

      2. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Батыс Қазақстан облысы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 58-1-жолмен толықтырылсын:

      "

58-1

"Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты

343040,1

Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 60-1-жолмен толықтырылсын:

      "

60-1

Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалы
(зоологиялық)

314504,1

Жәнібек, Казталов аудандары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ".

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік мекемелер" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-жолмен толықтырылсын:

      "31. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.".