Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 656 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдардың тізімі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесінде (бұдан әрі – тізбе):

      мына:

      "

Ұлттық жоғары оқу орындарының бірінші басшылары*

министрлер


Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары*

министрлер


Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

      ";

      тізбе ескертпесінің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес осы кадрлар бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысымен міндетті түрде келісуден өтеді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдарының тізімі";

      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-жолмен толықтырылсын:

      "

49.

Қазақ ұлттық хореография академиясы.

      ";

      2) "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "4. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және аттестаттау қағидаларында:

      9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін берілгеніне алты ай толмаған № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин