Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 565 қаулысы.

Қолданыстағы

      2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып "ӨКМ Операторы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын.

      2. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1137 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин