ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 453 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне берсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2022 № 114 қаулысымен.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне" деген кіші бөлім алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне
222-42 "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ".".
3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым, балалардың құқықтарын қорғау және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы – ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.";
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) білім, тілдерді дамыту, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";
ведомствоның функцияларында:
82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"82) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдерді, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін ұзарту (ұзартудан бас тарту), тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы дәлелді шешімдерді беру;";
мынадай мазмұндағы 83), 84), 85), 86), 87) және 88) тармақшалармен толықтырылсын:
"83) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету;
84) республикалық терминологиялық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
85) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
86) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
87) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
88) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;";
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".
4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
мына:
"
3 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2 624 |
| " |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2 601 |
| "; |
6-бөлімде:
мына:
"
6 | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 932 |
| " |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 955 |
| ". |
5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Министрліктің миссиясы – мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу.";
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру;";
орталық аппараттың функцияларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристiк қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;";
181) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"181) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 214), 215) және 216) тармақшалармен толықтырылсын:
"214) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;
215) ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірлеу;
216) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу.";
ведомстволардың функцияларында:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) республикалық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;";
4), 5), 6), 7), 10-1), 10-2), 12) және 13) тармақшалар алып тасталсын.
6. "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 63-64, 470-құжат):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
Бағдарламаның паспортында:
мына:
"
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
| " |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
| ". | |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысына қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 367 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының құрамы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.03.2022 № 114 қаулысымен.