"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шiлдедегi № 484 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      "Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Арал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 73,5 гектар жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан;

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы ауданы 2226,5 гектар жер учаскесі су қоры жерлері санатынан алынсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 2300,0 гектар жер учаскесі Қызылорда облысы Арал ауданының аумағында тұрақты жер пайдалануға берілсін.

      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекеменің жалпы ауданы 2300,0 гектар жер учаскесі орман қоры жерлері және су қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтардың ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

      4. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің айналасында және оның қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қойып күзет аймағын белгілесін.

      5. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Қызылорда облысы" деген бөлімде:

      мына:

      "

78

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

160826

Арал ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

163126

Арал ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  "

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасыны
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 29 шілдедегі
№ 484 қаулысына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жерлердің экспликациясы

№ р/с Жерлер санаты және орналасқан жері Жалпы алаңы, гектар оның ішінде
Орман алқаптары, гектар Ормансыз алқаптар, гектар
барлығы оның ішінде
жайылымдар суасты жерлері
1 2 3 4 5 6 7

Арал ауданы

1

Орман қоры жерлері ("Арал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ)

73,5

4,5

69,0

69,0

-

2

Су қоры жерлері ("Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" РММ)

2226,5

-

2226,5

-

2226,5


Жиыны:

2300,0

4,5

2295,5

69,0

2226,5