"Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1029 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1029 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 395 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспар

Р/с№
 
 
 
Іс-шаралардың атауы Аяқтау нысаны Жауапты
орындаушылар
Өткізу мерзімдері Болжамды шығыстар, мың теңге Қаржыландыру көзі
2018 2019 2020 2021 2022 Барлығы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

I бағыт. Қауіп факторларының профилактикасы және басқару

1-бөлім. Онкологиялық аурулардың профилактикасын дамыту

1.

Халықты онкологиялық аурулардың даму қаупі факторлары туралы ақпараттандыру және дұрыс тамақтануды, физикалық белсенділікті, темекі шегуден, алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тартуды насихаттау және басқалар арқылы халықтың саламатты өмір салтына бейілділігін арттыру

жоспар

ДСМ, АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







талап етілмейді

2.

Халықтың онкологиялық аурулардың алғашқы белгілері және оларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы хабардар болуының мониторингін қамтамасыз ету

жоспар

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







талап етілмейді

3.

Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесіне Еуропалық онкологиялық ауруларға қарсы күрес кодексінің ұсынымдарын енгізуді пысықтау

ДСМ-ге ақпарат

БҒМ, "Ы.
Алтынсарин атындағы ҰБА" АҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы қыркүйек







талап етілмейді

4.

Педагог қызметкерлер үшін Еуропалық онкологиялық ауруларға қарсы күрес кодексінің ұсынымдарын зерттеу бойынша семинарларды, дәрістерді және дөңгелек үстелдерді курсаралық кезеңдегі жұмыс жоспарына енгізуді қарастыру

семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер

БҒМ, "Өрлеу" БАҰО" АҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы қыркүйек







талап етілмейді

5.

Инфекциялар арқылы туындаған онкологиялық аурулардың профилактикасын:
1) адам папилломасы вирусынан вакцинациялау қажеттігі туралы
ақпараттық науқан өткізу;
2) "В" вирустық
гепатитінен вакцинациялаумен нысаналы топтың кемінде 95 %-ін қамтуды ұлғайту;
3) 10-13 жас аралығындағы жасөспірімдердің кемінде 70 %-ін қамти отырып, адам папилломасы вирусынан жасөспірімдерді ерікті түрде вакцинациялау туралы ақпараттандыру

жоспар

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2018 – 2022 жылдар







РБ
070-101
көзделген қаражат шегінде
 

6.

Жұмыс орнындағы канцерогендік факторлардың әсерін төмендету жөніндегі
іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету

есеп

ДСМ, Еңбекмині, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2018 – 2022 жылдар







талап етілмейді

7.

Қоршаған орта объектілеріне (ауа, су, топырақ, азық-түлік өнімдері) канцерогендік жүктеменің әсерін төмендету мониторингін қамтамасыз ету

есеп

ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2018 – 2022 жылдар







талап етілмейді

8.

Онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша бірлескен іс-шаралар (акциялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б.) өткізу бөлігінде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету

жол картасы

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2018 – 2022 жылдар







талап етілмейді

2-бөлім. Онкологиялық скринингтік қарап-тексерулердің тиімділігін арттыру

9.

Жекелеген скринингтік қарап-тексерулерді (жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальдық обыр) жүргізу кезінде нысаналы топтың 70 %-ін және одан жоғары қамтуды кеңейту және қамтамасыз ету:
Сүт безі обыры:
2019 жылы – 60 %,
2020 жылы – 70 %,
2021 жылы – 80 %,
2022 жылы – 90 %
Жатыр мойны обыры:
2019 – 2022 жылдары 90,0 %
Колоректальдық обыр:
2019 жылы – 60 %,
2020 жылы – 70 %,
2021 жылы – 80 %,
2022 жылы – 90 %

жол картасы

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар


265
172

558 894

852 405

1 155 175

2 831 646

РБ
067-100

10.

Онкологиялық скринингтік қарап-тексерулерден өту және өткізу кезінде азаматтармен және медициналық ұйымдардың ортақ жауапкершіліктерін енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

Үкіметке ақпарат

ДСМ, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 жылғы қаңтар







талап етілмейді

11.

Сүт безі обырын (цифрлық маммографтар – 5),
колоректальдық обырды (колоноскоптармен эндобейнебағандар – 6) ерте анықтауға скринингтік зерттеулер кезінде тереңдетілген диагностика жүргізу үшін медициналық ұйымдарды қажетті
жабдықтармен толықтыру

жол картасы

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







лизинг/
ЖБ

II бағыт. Тиімділігі жоғары ерте диагностика

12.

Онкологиялық науқастарға ПЭТ-зерттеулер мыналардың есебінен жүргізудің қолжетімділігін арттыру:

Үкіметке ақпарат

ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар


2 539 493

3 283 848

2 523
444

2 149 502

10496287

РБ
067- 100

ПЭТ-зерттеулерді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұлғайту

Мыналарда:
ҚазОРҒЗИ-да; Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында;
Ақтөбе облысында;
Нұр-Сұлтан қаласындағы ҰҒОО-да; Оңтүстік Қазақстан облысында ПЭТ-орталықтарын ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері







МЖӘ

13.

ҚазОРҒЗИ-дің Ядролық медицина орталығын гаммакамера сараптамалық сыныбы жүйесімен толық жарақтандыру

Үкіметке ақпарат

ДСМ, ҚазОРҒЗИ (келісу бойынша)

2020 жыл







МЖӘ

14.

Онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына онкологиялық аурулар кезінде радионуклидтік диагностика мен терапия әдістерін енгізу

бұйрық

ДСМ

2021 – 2022 жылдар







талап етілмейді

15.

Медициналық жабдықтармен, оның ішінде:

жол картасы

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ


4 өңірдегі ОҰ/О лизинг шеңберінде 3 жұмыс орнына арналған цифрлық рентген аппараттарымен;


Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ

4 өңірдегі ОҰ/О
диагностикаға арналған магниттік-резонанстық томографтармен;


Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ

4 өңірдегі ОҰ/О
кейіннен бірыңғай желіні құра отырып, телепатологияға арналған жабдықпен;


Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері

2019 – 2020 жылдар







МЖӘ

4 өңірдегі ОҰ/О және ҚазОРҒЗИ-ді гистологиялық және иммуногистохимиялық диагностикаға арналаған жабдықпен;


Жамбыл, Қызылорда облыстарының, Шымкент,
Нұр-Сұлтан қалалардың әкімдіктері, ҚазОРҒЗИ (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар







МЖӘ


онкологиялық ауруларға күдікті пациенттердің клиникалық-диагностикалық қызметтерге (КТ, МРТ) қолжетімділігін кеңейту үшін жабдықпен жабдықтай отырып, диагностикалық зерттеулердің қолжетімділігін арттыру

ДСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2020 жылдар


1 069 858

1 592 804

1 592 804

1 592 804

5 848 270

РБ
067-100

16.

Өңірлерде халықтың қажеттілігіне сәйкес гистологиялық иммуногистохимиялық диагностикамен қамтуды қамтамасыз ету

есеп

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







РБ
067-100
көздел ген қара жат шегінде

17.
 

Негізгі ағзаларда орналасатын ісіктерді (өкпе обыры, колоректальдық обыр, меланома) молекулярлық-генетикалық тестілеудің жаңа әдістерін енгізу және тарифтерді бекіту

бұйрық

ДСМ

2019 жыл







талап етілмейді

18.

Өңірлерде халықтың қажеттілігіне сәйкес диагностикалау қиын жағдайлардың кемінде 10 %-ін молекулярлық-генетикалық және молекулалық-биологиялық диагностикамен қамтуды қамтамасыз ету

есеп

ДСМ, ҚазОРҒЗИ (келісу бойынша)

2019 – 2022 жылдар


279 448

309 468

309 468

309 468

1 207 852

РБ
067-100

19.

Барлық өңірлерде онкологиялық ұйымдарды телеконсультациялар (екінші пікір, сырттай консультация беру, телескрининг және т.б.), оның ішінде халықаралық телеконсультациялар үшін жабдықтармен жарақтандыру арқылы онкологиялық науқастарға телемедициналық консультациялар ұйымдастыру

телемедициналық консультациялар графигі

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ

20.

Телепатология жүйесі арқылы ісіктердің биоүлгілерінің халықаралық телеконсультацияларын енгізу және ұйымдастыру

халық аралық телеконсультациялардың графигі

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар


121 309

294 897

294 897

294 897

1 006 000

РБ
067-100

III бағыт. Онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу

1-бөлім. Нормативтік құқықтық базаны және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру

21.

Онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын жетілдіру

бұйрық

ДСМ

2018 жылғы IV тоқсан







талап етілмейді

22.

Медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартын жетілдіру

бұйрық

ДСМ

2019 жылғы IV тоқсан







талап етілмейді

23.

Ең үздік халықаралық практикаларды ескере отырып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын жетілдіру

диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттама
лары

ДСМ

2018 – 2019 жылдар







талап етілмейді

24.

Халықаралық стандарттарға сәйкес онкология бойынша статистикалық көрсеткіштерді енгізу бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды қайта қарау

бұйрық

ДСМ

2019 жылғы
I тоқсан







талап етілмейді

25.

Клиникалық-шығындық топтар бойынша онкологиялық көмек көрсетуге арналған шығындарды өтеуді көздеу және тарифтерді қайта қарау

бұйрық

ДСМ

2019 жыл







талап етілмейді

26.

Амбулаториялық емдеу кезінде оның ішінде МЖӘ шеңберінде басқа жерден келген пациенттердің пансионаттарда тұруы үшін шығындарды өтеу тетігі мәселесін пысықтау

Үкіметке ұсыныс

ДСМ

2019 жыл







талап етілмейді

27.

Онкологиялық көмек көрсетуді үйлестірушілердің функцияларын орындайтын онколог дәрігерлерді/мейіргерлерді/МСАК-тың медицина қызметкерлерін көтермелеу жүйесін әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2020 жыл







талап етілмейді

28.

Онкологияда және гематологияда, оның ішінде химиялық терапияның қажеттілігін есептеу бөлігінде қызметтерді жоспарлау әдістемесін әзірлеу және енгізу

әдістемелік ұсынымдар

ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 жылғы I тоқсан







талап етілмейді

2-бөлім. Онкологиялық көмек көрсетудің сапасын арттыру

29.

Халықаралық ұсынымдарға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығының (ҰҒОО) қызмет етуі жөнінде шаралар қабылдау және оның Қазақстан Республикасының онкологиялық көмек көрсету жөніндегі үйлестірушісін айқындау

Үкіметке ақпарат

ДСМ, Қаржымині, ҰҒОО

2018 – 2022 жылдар







РБ
053-114
көзделген қаражат шегінде

30.

Халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық науқастарға сәулелік терапияның қолжетімділігін арттыру жөнінде шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде:

есеп

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар


3 233 663

1 486 908

1 486 908

1 486 908

7 694 387

РБ 067-100

желілік жылдамдатқыштарды орнату (9 ОҰ/О – МЖӘ, Павлодар облысы 1 ОҰ/О-РБ)



2019 – 2022 жылдар


1 800 000




1 800 000

МЖӘ (9), РБ (1) 053-116

виртуалдық симуляция функциясы бар компьютерлік томографтарды орнату (10 ОҰ/О – МЖӘ)



2019 – 2022 жылдар







МЖӘ

жиынтық аппараттармен толық жабдықтау арқылы онкологиялық аурулардың жекелеген орындары кезінде брахитерапия әдістерін қолдану спектрін кеңейту (5 ОО/О)



2019 – 2022 жылдар







МЖӘ


жоғары технологиялық сәулелік терапия қызметтерінің көлемін ұлғайту



2019 – 2022 жылдар


1 433 663

1 486 908

1 486 908

1 486 908

5 894 387

РБ
067-100

31.

ОҰ/О-да сәулелік аппараттар мен диагностикалық жабдықтар паркіне сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

есеп

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар

0

433 018

324 597

324 597

324 597

1 406 809

РБ
067-100

32.

М. Оспанов атындағы МУКеАҚ, ҚазОРҒЗИ химиялық таргеттік дәрілік заттар мен цитостатиктерді қолданудың қауіпсіздігі мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында орталық көбейту кабинеттері үшін жабдықтарды орнату (2 аппарат)

ДСМ-ге ақпарат

М. Оспанов атындағы МУКеАҚ, ҚазОРҒЗИ

2019 – 2020 жылдар







өз қаражаты есебінен

33.

Мынадай бөлікте онкологияда емдеудің инновациялық әдістерін енгізу:

Жол картасы

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері М. Оспанов атындағы МУКеАҚ, ҚазОРҒЗИ (келісу бойынша)

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ


10 ОҰ/О-да бейне кешендерді орнату арқылы ең төмен инвазивтік хирургия;










МЖӘ

6 ОҰ/О-да аппараттарды орнату арқылы интраоперациялық сәулелік терапия;










МЖӘ

7 ОҰ/О-да аппараттарды орнату арқылы гипертермиялық интраперитонеальдық химиоперфузия;










МЖӘ

ҚазОРҒЗИ-де нейрохирургиялық навигациялық жүйені орналастыру арқылы микрохирургиялық нейроонкология;










МЖӘ

7 ОҰ/О-да жүйелерді
орнату арқылы радиожиілік абляция;










МЖӘ

5 ОҰ/О-да жүйелерді орнату арқылы электрохимиотерапия;










МЖӘ

3 ОҰ/О-да аппараттарды орнату арқылы гипертермия;










МЖӘ

5 ОҰ/О-да аппараттарды орнату арқылы конфокалдық микроскопия










МЖӘ

34.

Гемопоэздік тін жасушаларын трансплантациялауға арналған зарарсыздандырылған блоктарды ұйымдастыру

орындалған жұмыстар актілері

ДСМ

2020 жыл







МЖӘ

3-бөлім. Онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру

35.

Өңірлерде (Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Шымкент қаласында), оның ішінде МЖӘ-ні тарта отырып, онкологиялық орталықтары бар көп бейінді клиникаларды салу жөніндегі мәселені пысықтау

ДСМ-ге ұсыныстар

Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктері

2018 жыл







талап етілмейді

36.

Онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының желісін өңірлердің перспективалық жоспарларына сәйкес келтіру

қаулы

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2018 – 2022 жылдар







талап етілмейді

37.

Онкологиялық науқастарды, оның ішінде МЖӘ шеңберінде амбулаториялық емдеу үшін пансионаттардың санын кеңейту жөнінде шаралар қабылдау

ДСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ

4-бөлім. Паллиативтік көмекті дамыту

38.

Амбулаториялық жағдайдағы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін паллиативтік көмектің мобильді бригадаларын (психолог, әлеуметтік қызметкер, орта медицина қызметкері) құру

ДСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері, ҚПКҚ (келісу бойынша)

2019–2022 жылдар


199 385

257 031

257 031

257 031

970 478

РБ
067-100

39.

Паллиативтік көмек және ауырсынуға қарсы терапия бойынша жаттықтырушыларды даярлау

жоспар

ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері ҚПКҚ (келісу бойынша)

2018 – 2022 жылдар







көзделген қаражат шегінде

40.

Паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттердің ауырсынуын сатылы басу әдістемесіне мамандарды оқыту

жоспар

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері, ҚПКҚ (келісу бойынша)

2018 – 2022 жылдар







талап етілмейді

41.

ҮЕҰ тарта отырып, әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттердің отбасы мүшелерін оқытудың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ДСМ, ҚПКҚ (келісу бойынша)

2019 жыл







талап етілмейді

42.

Онкология мен гематологиядағы паллиативтік көмектің тарифін әзірлеу және бекіту, оның ішінде МЖӘ тарта отырып, қызметтердің осы түрлерін іске асыру жөнінде шаралар кешенін іске асыру

бұйрық

ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2019 жылғы ІV тоқсан







талап етілмейді

5-бөлім. Онкологиялық көмекті цифрландыру

43.

"Қайталану", "өршу", "паллиативтік көмек", "скринингтік тіркелім", "гематологиялық портал" функционалдарын құру бөлігінде ОНЭТ (онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі) ақпараттық жүйесін жаңғырту және медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялауды қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

ДСМ

2018 жылғы IV тоқсан







РБ
001-104

44.

16 өңірде ОҰ/О ПАКС-жүйелермен жарақтандыру есебінен онкологиялық науқастардың цифрлық ақпаратын архивтеуді қамтамасыз ету (ҚазОРҒЗИ-дің базасында орталық серверді орналастыра отырып, медициналық ақпаратты сақтау және өңдеу орталығы) (18)

Үкіметке ақпарат

ДСМ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері,
ҚазОРҒЗИ,
М. Оспанов атындағы МУКеАҚ

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ

45.

Онкологиялық ауруларды экспресс-диагностикалау мен халықтың хабардар болуын арттыру үшін "Онкотест" интерактивтік қосымшасын әзірлеу және енгізу

мобильдік қосымша

ДСМ

2019 – 2020 жылдар







МЖӘ

IV бағыт. Кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту

46.

МСАК медицина қызметкерлерін профилактика, ерте диагностика паллиативтік көмек мәселелері бойынша, сондай-ақ есірткі және сатылы ауырсынуды басу заттарына қажеттілікті есептеу әдістемелеріне оқыту жүргізу

жол картасы

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2018 – 2022 жылдар







талап етілмейді

47.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының "радиохимия", "медициналық физика" мамандықтарын енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

БҒМ-ге ұсыныстар

ДСМ

2020 жылғы IV тоқсан







талап етілмейді

48.

Инновациялық технологиялар трансферті үшін симуляциялық орталық құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ең төменгі инвазивтік хирургия бойынша оқытуға арналған жабдық)

Үкіметке ақпарат

ДСМ

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ

49.

Обырды зерделеу жөніндегі халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету

конференциялар, диагностика және емдеу клиникалық хаттамаларын сараптамалық бағалау

ДСМ,
БҒМ

2018 – 2022 жылдар







көздел ген қара жат шегінде

50.

Онкологияда дербестендірілген медицинаны дамыту үшін жабдықтармен (виварий, биобанк) және жоспарланған ғылыми бағдарламалардың шеңберінде биологиялық үлгілерді гендік үлгілеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету

Үкіметке ақпарат

ДСМ, БҒМ

2019 – 2022 жылдар







МЖӘ


Барлығы




0

8 141 346

8 108 447

7 641 554

7 570382

31 461 729



Жылдар бойынша

Барлығы, республикалық бюджет* (мың теңге)

2018

0

2019

8 141 346

2020

8 108 447

2021

7 641 554

2022

7 570 382

Жиын

31 461 729

      Ескертпе:

       *қаржыландырудың жыл сайынғы көлемдер растайтын құжаттарды ұсыну кезінде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктеріне қарай мемлекеттік бюджетті қаржыландыру немесе тиісті қаржы жылдарын нақтылау кезінде айқындалатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

БАҰО

"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ВВГ

В вирустық гепатиті

ДББҰ

"Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымы

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖБ

жергілікті бюджет

КТ

компьютерлік томограф

ҚазОРҒЗИ

"Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚПКҚ

"Қазақстандық паллиативтік көмек қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі

М.Оспанов атындағы МУКеАҚ

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

МРТ

магниттік резонанстық томограф

МСАК

медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары

ОНЭТ

онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі

ОҰ/О

онкологиялық ұйымдар/орталықтар

ПАКС

медициналық ақпаратты сақтау және өңдеу орталығы

ПЭТ

позитрондық-эмиссиялық томография

РБ

республикалық бюджет

ҰБА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" акционерлік қоғамы

ҰҒОО

"Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар