"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 975 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 25, 230-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімінде:

      "Медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы есірткі және психотроптық заттардың тізімі" деген ІІ кестеде:

      "А. Есірткі заттар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-1-жолмен толықтырылсын:

      "

20-1.

МЕТАДОН

  ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде:

      "Есірткі заттар" деген І кестеде:

      мына:

      "

Марихуана: кептірілген кептірілмеген

0,5-50,0
5,0-200,0

50,0-1000
200,0-5000

1000
5000

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Марихуана (каннабис) (cannabis), Каннабис өсімдігі (көкнәр): кептірілген кептірілмеген

0,5-50,0
5,0-200,0

50,0-1000
200,0-5000

1000
5000

  ";

      мына:

      "

Метазоцин

0-0,01

0,01-1,0

1,0

  "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Метадон (негіз және тұздар)

0-0,01

0,01-1,0

1,0

  ";

      мына:

      "

Каннабис (көкнәр) өсімдігі

5-500

500-100000

100000

  "

      деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімінде:

      "Бір валентті алмастырғыштар" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.2-2, 1.2-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

1.2-2

ацетил (этаноил)



 

1.2-3

ацетокси (ацетилокси)



  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин