Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 789 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің штат саны лимитінің шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар – мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту;

      16) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;";

      19) тармақша алып тасталсын;

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекiту;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекiту және осы жұмысты ұйымдастыру;";

      25-1) және 26) тармақшалар алып тасталсын;

      27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту;

      28) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      31) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-1) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидаларын әзірлеу;";

      44) және 44-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту;

      44-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты бекіту;";

      56-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін бекіту;";

      61-2) және 61-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту;

      61-3) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту;";

      61-7) және 61-8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-7) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;

      61-8) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту;";

      61-10), 61-11) және 61-12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-10) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту;

      61-11) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      61-12) педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту;";

      61-14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-14) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту;";

      61-16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-16) экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту;";

      61-20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-20) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;";

      61-25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-25) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту;";

      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;";

      97) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "97) педагогтердің біліктілік деңгейін растау қағидаларын бекіту;";

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту;";

      120) және 122) тармақшалар алып тасталсын;

      145) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "145) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 154) тармақшамен толықтырылсын:

      "154) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстары мен қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту;";

      ведомстволардың функцияларында:

      76-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-1) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 76-2), 76-3), 76-4), 76-5), 76-6), 76-7), 76-8), 76-9), 76-10), 76-11), 76-12), 76-13), 76-14), 76-15), 76-16), 76-17), 76-18), 76-19), 76-20), 76-21), 76-22), 76-23), 76-24), 76-25), 76-26), 76-27), 76-28), 76-29), 76-30) және 76-31) тармақшалармен толықтырылсын:

      "76-2) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

      76-3) мектепке дейiнгi, орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      76-4) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және осы жұмысты ұйымдастыру;

      76-5) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;

      76-6) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру;

      76-7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;

      76-8) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындау;

      76-9) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу;

      76-10) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлеу;

      76-11) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлеу;

      76-12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      76-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      76-14) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

      76-15) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      76-16) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу;

      76-17) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;

      76-18) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу;

      76-19) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      76-20) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау бойынша жұмыстар жүргізу;

      76-21) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

      76-22) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру;

      76-23) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      76-24) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидаларын әзірлеу;

      76-25) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

      76-26) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлеу;

      76-27) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      76-28) білім беру ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету;

      76-29) педагогтердің біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу;

      76-30) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу;

      76-31) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру;".

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың – мемлекеттік мекемелердің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2019 жылғы 23 қазандағы
№ 789 қаулысына
  1-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы қайта аталатын аумақтық органдардың – мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Шымкент қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 23 қазандағы
№ 789 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім жәнеғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың – мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      2. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      3. Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      4. Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      5. Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      6. Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      7. Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      8. Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      9. Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      10. Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      11. Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      12. Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      13. Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      14. Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      15. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      16. Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      17. Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.