Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 533 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қатысу үлестерін республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 607 қбп қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 25 шілдедегі
  № 533 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 165-18 және 165-19-жолдармен толықтырылсын:

      "165-18. "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС

      165-19. "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 20-14 және 20-15-жолдармен толықтырылсын:

      "20-14. "АЭС Өскемен ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      20-15. "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      3. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 80 және 81-жолдармен толықтырылсын:

      "

80.

"АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС қатысу үлесінің 100 %

81.

"АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС қатысу үлесінің 100 %

  ";

      "Су шаруашылығы құрылыстары" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5 және 6-жолдармен толықтырылсын:

      "

5.

Шүлбі ГЭС-тің мүліктік кешені

6.

Өскемен ГЭС-тің мүліктік кешені

  ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 11 және 12-жолдар алып тасталсын;

      "Су шаруашылығы құрылыстары" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8 және 9-жолдармен толықтырылсын:

      "8. "АЭС Өскемен ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      9. "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".