Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      2) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.

      2. Орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев