Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысы.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.

      2. Орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев