Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 437 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:

      16-тармақта:

      346) және 348) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "346) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн белгілейді;";

      "348) су объектілері бетіндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу және оларға қол жеткізу жөніндегі іс шаралар әдістемесін әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып бекітеді;";

      17-тармақтың 326) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      121) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 147) тармақшамен толықтырылсын:

      "147) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;";

      ведомстволардың функцияларында:

      97-12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "97-12) Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің резервуарларын және жанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 235-10) тармақшамен толықтырылсын:

      "235-10) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;".

      3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):

      7-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Ереженің 16-тармағының 158) тармақшасы және 17-тармағының 106-3) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін, 17-тармағының 110) тармақшасы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру; уранды өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; экспортты ілгерілету салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, елді ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, уранды өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); экспортты ілгерілету салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;";

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-1) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған шығыстарынан бір пайыз мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 137-1), 138), 138-1), 139), 140), 141), 141-1), 142), 142-1), 142-2), 143), 144), 145), 146), 147), 148), 149), 150), 151), 152), 152) -1), 153), 153-1), 153-2), 154), 155), 155-1), 155-2), 155-3), 155-4), 156), 157), 158), 159), 160), 161), 162), 163), 164), 165), 166), 167), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 185), 186), 187), 187-1), 188), 188-1), 189) және 190) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "131) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін мемлекеттік тіркеу;

      132) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлiгiнде жою қорын пайдалануға рұқсат беру;

      133) берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар және жасалған келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      134) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындау кепілдерінің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      135) пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату;

      136) уран өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу;

      137) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту;

      137-1) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      138) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;

      138-1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      139) уранды өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау, мемлекеттiк тiркеудi және сақтауды жүзеге асыру;";

      "140) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) арналған өтініштің нысанын әзірлеу және бекіту;

      141) Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      141-1) Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштер беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      142) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия нысанын әзірлеу және бекіту;

      142-1) Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      142-2) Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту;

      143) Геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын бекіту;

      144) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      145) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған келісімшарттар және берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

      146) Меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту;

      147) геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторды айқындау;

      148) Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу қағидаларын бекіту;

      149) Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту;

      150) Жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту;

      151) Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын бекіту;

      152) бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      152-1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе лицензияның шарттарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру;

      153) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      153-1) Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      153-2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларының және (немесе) келісімшарттар шарттарының сақталуын бақылауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыру;

      154) жұмыс бағдарламасының мазмұны мен нысанын әзірлеу және бекіту;

      155) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекіту;

      155-1) білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      155-2) геологиялық есептің нысанын бекіту;

      155-3) Кен іздеушілікті жүргізу және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту;

      155-4) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      156) тау-кен жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      157) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты және пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      158) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын бекіту;

      159) пайдалы қазбалардың қорлары бойынша өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту;

      160) ұстап тұру мәртебесі бойынша жұмыстар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      161) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, пайдалы қатты қазбаларды барлау жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      162) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      163) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      164) Пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      165) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу бойынша өтініш нысанын және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасасу талаптарын әзірлеу және бекіту;

      166) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын бекіту;

      167) Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      "169) Бірдей басымдылығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу мерзімдері мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      170) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді жасасу жөніндегі жұмыс тобының құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      171) Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту;

      172) Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту;

      173) шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды әзірлеу және бекіту;

      174) Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу қағидаларын, Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялық режиміне ауысу жөніндегі жұмыс қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      175) Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту;

      176) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысандарын бекіту;

      177) Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту;

      178) Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      179) ең төменгі рейтинг бағаларын айқындау;

      180) Жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын бекіту;

      181) Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;

      182) Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын бекіту;

      183) Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөнінде операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      184) аукцион өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

      185) Қазақстан Республикасының атынан пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу;

      186) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасына құқықтық және экономикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;

      187) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия беру, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу;

      187-1) ұстап тұру мәртебесі жөніндегі жұмыстар бағдарламасын келісу;

      188) аукцион өткізу туралы шешім қабылдау және жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын айқындау;

      188-1) сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер бастау туралы шешім шығару;

      189) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын бекіту;

      190) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру;";

      191), 192), 193), 194), 195), 195-1), 195-2), 195-3), 195-4), 195-5), 195-6), 195-7), 195-8), 196), 197), 198) және 199) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақта:

      65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 73), 74), 74-1), 74-2), 74-3), 74-4), 75), 76), 77), 78), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 87), 88), 88-1), 89), 90), 98), 99), 100), 101), 102), 103), 103-1), 103-2), 104), 104-1), 105), 106), 106-1), 106-2), 106-3), 106-4), 106-5), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113) және 114) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу;

      66) Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу;

      67) Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын әзірлеу;

      68) Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      69) Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын әзірлеу;

      70) Тау-кен жұмыс жоспарын келісу;

      71) меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;";

      "73) Геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын әзірлеу;

      74) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру;

      74-1) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;

      74-2) Меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын әзірлеу;

      74-3) Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу қағидаларын әзірлеу;

      74-4) Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      75) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;

      76) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      77) Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

      78) Жер қойнауының мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын, Жер қойнауының мемлекеттік сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлеу;";

      "80) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені әзірлеу;

      81) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі айқындығының бастама стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      82) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      83) тау-кен жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      84) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      85) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;";

      "87) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;

      88) геологиялық есептің нысанын әзірлеу;

      88-1) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

      89) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      90) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;";

      "98) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

      99) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;

      100) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      101) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      102) жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      103) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      103-1) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысандарын әзірлеу;

      103-2) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу;

      104) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      104-1) Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      105) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      106) Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштер беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

      106-1) өздігінен ағып жататын иесіз және апаттық ұңғымаларды жою және консервациялауды жүзеге асыру;

      106-2) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      106-3) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

      106-4) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

      106-5) керндерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

      107) бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiсу;

      108) Жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      109) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

      110) жер қойнауын пайдаланушылар беретін нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүзеге асырылатын пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде ысырапты есепке алу;

      111) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын растау;

      112) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;

      113) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      114) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;";

      мынадай мазмұндағы 114-1), 114-2), 114-3), 114-4), 114-5), 114-6) және 114-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "114-1) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірліктерді қабылдау және беру;

      114-2) Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      114-3) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      114-4) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

      114-5) жер қойнауын пайдаланушылар, уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      114-6) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары мен бағасын әзірлеу;

      114-7) жою жоспарының кешенді сараптамасын жүргізу;".

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;".

      5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ережеде:

      17-тармақта:

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-1) кадрлардағы жергілікті қамту үлесін есептеу әдістемесін бекіту;".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 437 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1212 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 9-құжат).

      2. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 15, 180-құжат).

      4. "Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшін ақысыз беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 207-құжат).

      5. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 978-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 405 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 434-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 706 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 603-құжат).

      8. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 616-құжат).

      9. "Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептілік нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 588-құжат).

      10. "Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 171-құжат).

      11. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 588 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 40, 301-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 794 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 51-52, 409-құжат).

      13. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 202 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 21-22, 121-құжат).

      14. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 33, 244-құжат).