Электрондық құжат айналымының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 қаулысы.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Қолданысқа енгізілу тәртібін 9-тармақтан қараңыз.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында аталған құқықтық актілер қолданысының аяқталу мерзімі 2018 жылғы 30 маусым болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктеріне және Астана қаласының әкімдігіне қолданылсын.

      4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен және "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, ақпараттық жүйелер мен жабдықтарды техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ мемлекеттік органдарда қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін.

      7. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      8. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.

      9. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 943 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз іс жүргізу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын реттейді.

      2. Осы Регламентте реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентімен және басқа құқықтық актілермен реттеледі.

2-тарау. Үкімет қаулылары

2.1-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын дайындау және келісу тәртібі

      3. Уәкілетті мемлекеттік органдар қаулы жобаларын өз бастамасы бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді.

      4. Қаулы жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі – МО ИП) электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі.

      5. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-та заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқаратын адамның) және мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы қаулы жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      6. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге бір мезгілде жібере отырып, өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

      7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген реттегіш құралды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін құжаттардың жобалары бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімі алдын ала жүргізіледі.

      Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

      8. Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.

      Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне қатысты қаулылардың жобалары Ұлттық экономика министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.

      Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктерінің қорытындысы теріс болған жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасын Премьер-Министр Кеңсесіне енгізуге болмайды.

      9. Қабылдануының ықтимал салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін қаулы жобаларына уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасалуға тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті органның оң сараптамасы болған кезде жобаны әзірлеуші оны Үкімет басшылығының қарауына енгізеді.

      Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Міндетті лингвистикалық сараптама:

      1) заңнамалық актілердің жобалары бойынша – Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісілгеннен кейін олар Үкіметке енгізілгенге дейін;

      2) ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін;

      3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген, ратификациялауға жататын халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе ратификациялау жолымен оларға қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі.

      Бұл ретте олар Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіледі.

      10. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.

      11. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.

      Әділет министрлігіне енгізілгенге дейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісіледі.

      Осы жобаларға электрондық құжат нысанында:

      1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда – халықаралық шарттардың жобалары бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттар бойынша ғылыми сараптама қорытындысы;

      3) халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары енгізілген жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар;

      4) оларды жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;

      5) оларға сілтеме болған жағдайда – халықаралық ұйымдар шешімдерінің және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған көшірмелері;

      6) бұрын қол қойылған шарттарға ноталар (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растаған ноталардың көшірмелері) қоса беріледі.

      Жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен тиісті ұсыныстар жобаға түсіндірме жазбада көрсетіледі.

      Қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың түпнұсқа мәтіндерінің біріне сәйкестігін қаулы жобасын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.

      Қарыз туралы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен қарыз туралы халықаралық шарттардың жобаларымен бір мезгілде келісілуге тиіс. Мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Әділет министрлігімен келісілгеннен кейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісілуге тиіс.

      12. Ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулы жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.

      Мемлекеттік органдар ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулы жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде енгізеді.

      13. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде қаулылардың (өкімдердің), сондай-ақ Президент пен Парламенттің қарауына тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулылардың жобалары тұжырымдамалық тұрғыда өзгерген жағдайда, олар мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде қайта келісілуге тиіс. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде халықаралық шарттың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгерген жағдайда, Әділет министрлігімен қайта келісілуге тиіс.

      14. Қаулы жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күннен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

      1) қаулы жобалары – 10 (он) жұмыс күні;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ гуманитарлық көмек мәселелері бойынша қаулы жобалары – 3 (үш) жұмыс күні;

      3) кодекс жобалары алғаш түскен кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, қайта түскен кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

      15. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша Үкімет қаулыларын жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін.

2.2-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын келісу қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер

      16. Қаулы жобасын қарау қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

      1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Мемлекеттік органның басшысы электрондық құжат нысанындағы жобаны МО ИП-та ЭЦҚ-ны пайдалана отырып келіседі;

      2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс және келісуші мемлекеттік органның басшысы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-сын куәландырумен қол қойылған жобаның пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға келісуге қайта жолдайды;

      3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тартуға уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және келісуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырады.

      Келісуші мемлекеттік органдарға қаулы жобаларын "ескертулермен" келісуге тыйым салынады.

      17. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, ол МО ИП-та жобаға қоса орналастырады. МО ИП-тағы келіспеушіліктер хаттамасы мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

2.3-бөлім. Қаулы жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі

      18. Қағаз жеткізгіште енгізілетін "ҚБП" деген белгісі бар немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын жобаларды қоспағанда, келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге МО ИП арқылы электрондық құжат нысанында енгізеді.

      19. Мемлекеттік органдар Кеңсеге енгізетін, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары электрондық түрде мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Үкімет қаулысының жобасы;

      2) Премьер-Министрдің атына ресімделген және мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған көлемі 3 (үш) парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша 5 (бес) парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, жобаны қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелері, күтілетін салдар болжамы толық жазылады, бұдан басқа түсіндірме жазбада мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:

      әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

      тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемесі, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормалары, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтемелер, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

      жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;

      ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат;

      мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;

      қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны);

      тауар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;

      қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулы жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелерін қамтуға тиіс.

      Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда, жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада аталған ескертулердің жойылғанын көрсетуге тиіс.

      3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасы бойынша осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кесте;

      жобаның әрбір абзацына қатысты негіздеме, оның ішінде нормативтік құқықтық акті болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті түрде сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтірілуі тиіс;

      Үкімет қаулыларымен бекітілген туынды нормативтік құқықтық актілердің жаңа редакциясы енгізілген кезде де қаулының жаңа редакциясының әрбір абзацының тиісті негіздемесімен (соның ішінде нормативтік құқықтық акті болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті түрде сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтіре отырып) бірге туынды нормативтік құқықтық актінің бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;

      4) егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін болса, жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтама;

      5) егер қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптама қорытындылары.

      Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемелерін келтіруге тиіс. Белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қорытындылары қоса берілмейді;

      6) егер қаулы жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық кеңестің ұсынымдары.

      Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің дәлелді негіздемелерін келтіруге тиіс. Белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қоғамдық кеңестің ұсынымдары қоса берілмейді.

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;

      8) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы, сондай-ақ келісетін мемлекеттік органның ескертулері бойынша өзара қолайлы шешім іздеу мақсатында өткізілген кеңес хаттамасы);

      9) орындау үшін қаулы жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;

      10) қаулы жобасымен Парламент Мәжілісінің және Президенттің қарауына заң жобалары немесе жарлық жобалары енгізілген жағдайда, келісу парағы (осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Бұл ретте заң жобасына немесе Жарлық жобасына қағаз жеткізгіштегі келісу парағына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары виза қояды;

      11) қаулы жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері.

      Республикалық және жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсімдерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына әкеп соқтыратын қаулы жобаларына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындылары қоса беріледі.

      20. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттарды Сыртқы істер министрлігінен ресми түрде алынған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) *pdf форматында қоса береді.

2.4-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру

      21. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын үкіметтік шешімдерді шығару секторы электрондық (МО ИП арқылы) немесе қағаз форматта (нысанда) әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін қабылдайды және Заң бөлімі мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне (бұдан әрі – БҚҚБ) алдын ала тексеруге береді.

      Мыналарға:

      1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;

      2) гуманитарлық көмек көрсетуге;

      3) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;

      4) Үкімет резервінен қаражат бөлуге не Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімін өткізбей қабылданып, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      Пысықталғаннан кейін мемлекеттік органдар қайтадан енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін алдын ала тексерусіз қабылданып, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      Жобалар:

      1) заң техникасы қағидаларының сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін Кеңсенің Заң бөліміне;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын алдын ала тексеруге (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және жауапты хатшы дербес жауапты болады) Кеңсенің БҚҚБ-на жіберіледі.

      Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      22. Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулы жобалары туралы баяндауының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) Үкімет отырысына шығарылсын;

      2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталып, Үкімет отырысына шығарылсын;

      3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.

      23. Нөмірге қайта (олар алдын ала тексерілгеннен кейін) түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды Кеңсенің орындаушы құрылымдық бөлімшесі (олардың құзыретіне сәйкес), сондай-ақ Заң бөлімі алдын ала қараған болса, осы құрылымдық бөлімшеге тікелей жіберіледі.

      24. Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша бас тартылған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

      25. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде ескертулер болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Үкімет қаулысының жобасын жұмыс тәртібімен пысықтайды.

2.5-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару

      26. Жоба:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде теңтүпнұсқалықтың болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндетін атқаратын адамның шешімі бойынша;

      3) Үкімет отырысының хаттамасы негізінде;

      4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасының негізінде;

      5) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;

      6) Кеңсе Басшысының қарарымен жұмыс тәртібімен;

      7) осы Регламенттің 19-тармағы 2) тармақшасының талаптары бұзылған жағдайда;

      8) әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша жобаны жұмыс тәртібімен пысықтауға бөлінген 3 (үш) жұмыс күнін бұзған жағдайда пысықтауға қайтарылуы мүмкін.

      27. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (мүдделі мемлекеттік органдардың хаттарын қоса бере отырып, Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын қоса беруге жол беріледі) не жобаны қараудан алу туралы мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі өтінішхатты ұсынуға тиіс. Қаулы жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.

      28. Қажет болған кезде Үкімет басшылығы және Кеңсе Басшысы әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.

      29. Жоба:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Үкімет отырысының хаттамасы негізінде;

      3) Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысының шешімі бойынша қараудан алынуы мүмкін.

2.6-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару

      30. Үкімет отырысына шығарылғанға дейін қаулы жобасы электрондық құжат нысанында ресімделеді, оны МО ИП арқылы жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің, Заң бөлімінің меңгерушілері, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын тексеруді жүзеге асыратын БҚҚБ қызметкерлері, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), сондай-ақ Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) келіседі.

      Қаулы жобасы тиісті елтаңбалы бланкіде де ресімделеді, оған бұдан бұрын жобаны МО ИП арқылы келіскен мемлекеттік органдардың басшылары, Кеңсе Басшысы, сондай-ақ Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) виза қояды.

      Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулы жобасын дауыс беру үшін Үкімет отырысына шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді.

      Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелеріне байланысты, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, Үкімет отырысына қаулы жобалары Кеңсеге түскенінен кейін кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.

      31. Қаулы жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысы отырыстың күн тәртібіне енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына қарауға шығарылатын қаулы жобаларының тізімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелері көмекшілерінің мобильдік құрылғыларына жіберіледі.

      32. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жобаға қатысты ескертулер мен ұсыныстар бойынша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы виза қойған (қағаз жеткізгіште) және келіскен (МО ИП-та) анықтамаға сәйкес Кеңсе Басшысы баяндайды, онда аталған жобаны бұдан бұрын қараған мүдделі мемлекеттік органдарда жобаны МО ИП арқылы келісудің нәтижелері де көрсетіледі.

      33. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.

      34. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      35. Дауыс беру қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын "ҚБП" деген белгісі бар немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын жобаларды қоспағанда, сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша МО ИП арқылы өткізіледі.

      36. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімдерін қысқартуы мүмкін.

      37. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері МО ИП арқылы келісуді жүзеге асырады. Көрсетілген мерзімде дауыс берілмеген жағдайда Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады. Үкімет мүшелері дауыс беруді алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      38. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе, сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      39. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.

      40. Үкімет отырысында қабылданған қаулы жобалары (кадрлықтан басқа) бойынша (оның ішінде сырттай дауыс беру тәртібімен) Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелері осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс берудің қорытындылары туралы электрондық және қағаз құжат түрінде анықтамалар жасайды, олар Кеңсе Басшысына қол қоюға жіберіледі.

      Кеңсе Басшысы қол қойған анықтамалар тиісті қаулы жобаларымен бірге Премьер-Министрге жіберіледі.

      Премьер-Министр Үкімет қаулыларына, оның ішінде ЭЦҚ арқылы да қол қояды.

      Кеңсе Басшысының, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), сондай-ақ бұдан бұрын жобаны МО ИП арқылы келіскен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының визалары болған кезде Премьер-Министр Үкімет қаулыларының қағаз даналарына қол қояды.

      Премьер-Министр болмаған кезде Үкімет қаулыларына Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын адам немесе Премьер-Министрдің міндетін атқаратын адам қол қоя алады.

      Үкімет қаулыларының жобалары Премьер-Министрге оларды Үкімет отырысында қарағаннан кейін 3 (үш) күн ішінде қол қоюға ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі алдын ала тексеруді қоспағанда 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.

      41. Қаулының түпнұсқасына қол қойылғаннан кейін (оның ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып) түзетулер енгізуге тыйым салынады.

      Жауапты орындаушы Үкімет қаулысының түпнұсқасын, салыстырма кестелерді, қорытындыларды, түсіндірме жазбаларды, анықтамаларды және қағаз жеткізгіштердегі басқа да құжаттарды қамтитын папка қалыптастырады.

      Құжатты электрондық түрде әзірлеген және қағаздағы түпнұсқа болмаған жағдайда орындаушы электрондық құжаттың қағаз көшірмесін басып шығарады, оған орындаушы және құрылымдық бөлімшенің басшысы виза қояды.

2.7-бөлім. Үкімет қаулыларын тіркеу және есепке алу

      42. Үкімет қаулыларын тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.

      Қол қойылған Үкімет қаулыларына (қағаз және электрондық жеткізгіштерде) Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлімшесі тіркеу нөмірлерін береді.

      43. Қағаз және электрондық жеткізгіштердегі Үкімет қаулылары тұрақты сақталатын құжаттарға жатады және Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне мемлекеттік сақтауға беріледі.

      44. Үкімет қаулыларының қағаз жеткізгіштердегі, сондай-ақ ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы расталған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады.

      45. Үкіметтің нормативтік қаулысы қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.

      46. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.

      47. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің уақытша
Регламентіне
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы

      1._______________________________________________________________
      (жобаның атауы)
      2. Дауыс беру нәтижелері:

Р/с

Үкімет мүшесінің лауазымы

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

жақтап

қарсы

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.






Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы




      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі
      _________________________________________________________
      (аты-жөні, тегі, қолы) (қағаз жеткізгіштерде)
      *Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше "+" немесе "-" белгілері қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң уақытша Регламентiне
2-қосымша
______________________
(жобаның нөмірі мен күні)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiне

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы " " отырысына
      "___________________________________________________________"
      (жобаның атауы)

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы бойынша анықтама

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
      "_________________________________________________________________
      __________________________________________________________________"
      жобаның атауы)
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды. Әзірлеуші мемлекеттік орган ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________.
      (жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы) Жобаны әзірлеуге __________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ____________________________________________________негіздеме болды
      (Президент, Үкiмет немесе Премьер-Министр актісі тармағының нөмірі,
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені,
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      оның нөмірі мен күні, бастамашылық жасалғаны көрсетіледі)
      Жобада (жобаның қабылдануы негізделген) ___________________________ _________________________________________________________көзделген.
      Жобаны қабылдау ___________________________________________________
      _________________________________________________ мүмкіндік береді.
      Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлудi талап етедi (талап етпейдi).
      Жоба Қаржы (Министр (вице-министр) – аты-жөні және тегі), Әділет (Министр (Министрдің орынбасары) – аты-жөні және тегі), Ұлттық экономика (Министр (вице-министр) – тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге мемлекеттік органдармен келісілді (МО ИП арқылы келісу нәтижелері).
      Премьер-Министр Кеңсесінің жоба бойынша ескертулері жоқ. Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріледі.
      Жоғарыда жазылғанның негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда "пысықталған редакциясында" деп көрсетіледі) немесе жобаны кері қайтарған немесе жобаны пысықтауға жіберген жөн деп пайымдаймыз.

  Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесінің
Басшысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің уақытша
Регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне

      "___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________"

      (жобаның атауы)

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қарау қорытындылары туралы

      "___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________"
      (жобаның атауы)
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы ________жылғы "________"
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралды.
      Үкімет отырысына дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріледі.
      Жобаны әзірлеуге_____________________________________________________
      ______________________________________________________негіздеме болды.
      (жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)
      Жоба бойынша (Министр (вице-министр)
      _____________________________________________________баяндама жасады.
      (аты-жөні және тегі)
      Талқылаудың қорытындысы бойынша жоба дауыс беруге енгізілді. Жобаның қабылдануына ___ Үкімет мүшесі жақтап, ____ Үкімет мүшесі қарсы дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
      Жоба қол қоюға енгізіледі (пысықталған жағдайда "пысықталған редакциясында" деп көрсетіледі).

  Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесінің
Басшысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің уақытша
Регламентіне
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына анықтама парақ

1.

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)

2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

3.

Заң жобасы бойынша бас комитет

4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні

5.

*Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары

6.

*Заң жобасының ғылыми сараптамасы

*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

7.

*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары

*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері

*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі

7-1.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

8.

*Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

9.

2 Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

10.

Балама жобалардың бар-жоғы

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

12.

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган

13.

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі

14.

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)

15.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері

16.

Заңның күшіне енетін уақыты

17.

Өзге де белгілер

      *Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң уақытша Регламентiне
5-қосымша

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ
Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттарының түзетулері
бойынша Үкімет қорытындысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру
нәтижелерін есепке алу парағы

      1. Заң жобасының атауы "_____________________________________________"
     

Р/с

Үкімет мүшесі

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

жақтап

қарсы

























































Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы




     
      2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі
      _________________________________________________________
      (аты-жөні, тегі, қолы) (қағаз жеткізгіштерде)
      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы" деген жолды қоспағанда, 1-тармақтың "Дауыс берді" және "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше "+" немесе "-" белгілері қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 943 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінде және Астана қаласының әкімдігінде қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Үкімет қаулыларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

2-тарау. Үкімет қаулылары жобаларының Премьер-Министр Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі

      2. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін электрондық (МОИП арқылы) немесе қағаз форматта (нысанда) қабылдайды және Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге береді.

      Мыналарға:

      1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;

      2) гуманитарлық көмек көрсетуге;

      3) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;

      4) Үкімет резервінен қаражат бөлуге бағытталған не республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімін өткізбей қабылданады және тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      Пысықталғаннан кейін мемлекеттік органдар қайтадан енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      3. БҚҚБ жауапты қызметкері жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      4. Үкімет қаулысының жобасын тіркеу нөмірі МОИП-та қойылады.

      5. Кеңседе Заң бөлімі электрондық түрдегі жобаны заң техникасы қағидаларының сақталуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала тексеруді, БҚҚБ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығын және Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады.

      Алдын ала тексеру жүргізу мерзімі тиісті жобалар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      6. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды хабардар етеді.

      7. Бұрын тіркелген нөмірге түскен Үкімет қаулыларының жобалары Заң бөліміне жіберіледі.

      Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулы жобалары жөнінде баяндауының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) Үкімет отырысына шығарылсын;

      2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталып, Үкімет отырысына шығарылсын;

      3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.

      8. Жоба:

      1) жоба дауыс беруге шығарылғанға дейін кез келген негіздер бойынша Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Премьер-Министр орынбасарларының тапсырмалары мен оларда өткен кеңестердің хаттамасы негізінде;

      3) Кеңсе Басшысының шешімі бойынша пысықтауға қайтарылуы мүмкін.

      9. Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін) Үкімет қаулыларының жобалары үшін 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқаратын адам ұзартуы мүмкін.

      10. Кеңсе Басшысы түскен жобалар, жобаны Үкімет отырысына немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер жөнінде Премьер-Министрді хабардар етеді.

      11. Үкімет отырысына шығару туралы шешім қабылданған жобалар Үкімет отырысына тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

      12. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет отырысына шығарылатын жобалар бойынша:

      1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар болмашы, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заң техникасы бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының электрондық құжат форматында ресімделетін және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойылатын тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасы әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысымен МОИП арқылы келісіледі, қажет болған кезде басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;

      2) мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісілгеннен кейін жобалар жобаның МОИП-тағы жүйелік нөмірін жоба атауының жанындағы папканың арнайы басқы жолында көрсете отырып, электрондық құжаттар нысанында, сондай-ақ тиісті елтаңбалық бланкіде ресімделеді.

      Жобаларды БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар топтамасының тиісінше жинақталуына, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің, Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) келіседі.

      Бір мезгілде МО ИП арқылы келісіле отырып, елтаңбалық бланкідегі қаулы жобасы бұдан бұрын жобаны келіскен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының МО ИП арқылы, Кеңсе Басшысының, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) виза қоюы арқылы келісіледі;

      3) жобаның пысықталған ережелерінің көлемі мен сипатын жаза отырып, жоба бойынша жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы виза қойған (қағаз жеткізгіште) және келіскен (МОИП-та) анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады, онда бұдан бұрын аталған жобаны қараған мүдделі мемлекеттік органдарда жобаны МОИП арқылы келісу нәтижелері де көрініс табады;

      4) Үкімет отырысы өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, толық дайындалған құжаттар топтамасын электрондық және қағаз түрде БҚҚБ-ға береді.

      Егер жоба бойынша Кеңсе Басшысының тікелей тапсырмасы болмаса, БҚҚБ қаулы жобаларын Үкімет отырысының қарсаңында, яғни 1 (бір) жұмыс күні бұрын қабылдамайды.

      Үкімет отырысында Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен (және сырттай дауыс берумен) қабылданған қаулы жобалары бойынша қаулы жобасын кейіннен Премьер-Министрге қол қоюға беру үшін электрондық және қағаз құжат түріндегі дауыс беру қорытындылары туралы анықтама бір күн мерзімде Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылады.

      Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылуға тиіс.

      13. Үкімет қаулыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Жобаны сырттай дауыс беруге жіберу туралы Премьер-Министр немесе Кеңсе Басшысы қарарының тиісті жобасы Заң бөлімімен, сондай-ақ БҚҚБ-мен келісілуге тиіс.

      Кеңсе Басшысы электрондық құжаттар форматындағы жобаларға тиісті тапсырмаға ЭЦҚ арқылы қол қояды, одан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері тиісті тапсырма жөнінде Үкімет мүшелеріне хабарлайды. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар фельдъегерлік немесе арнайы байланыс арқылы қағаз жеткізгіште жіберіледі.

      Жоба бойынша сырттай дауыс беруді ұйымдастыруды және өткізуді БҚҚБ жүзеге асырады.

      14. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба (жоба бойынша материалдар) дауыс беруге таратылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімдерін қысқартуы мүмкін.

      15. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін МОИП арқылы дауыс беруді жүзеге асырады. Көрсетілген мерзімде дауыс беру болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады.

      16. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелері жалпы санының көпшілігі жобаның қабылдануына дауыс берсе, сырттай дауыс беру өтті деп саналады.

      17. Сырттай дауыс беру нәтижелері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің орындаушылары бір жұмыс күні ішінде Үкімет қаулысының жобасы бойынша электрондық және қағаз құжат нысанында Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын және дауыс беру қорытындылары туралы анықтама жасайды.

      18. Үкімет мүшелері дауыс берген жобаны БҚҚБ қол қоюға енгізуді қамтамасыз ету үшін Кеңсенің қаралатын жобаның мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.

      19. Қаулы мәтінінде оны жариялау қажеттілігіне нұсқау не қаулы бойынша Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының (олар болмаған кезде – тиісінше Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының міндетін атқаратын адамдардың) осы қаулыны жариялау туралы тапсырмасы болған жағдайда, орындаушы тарату көрсеткішіне Премьер-Министрдің Баспасөз қызметін қосуға міндетті, ол Үкімет Регламентіне сәйкес қаулылардың БАҚ-та уақтылы жариялануын және Үкіметтің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      20. Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан немесе сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық құжат нысанында қол қоюға ұсынылуға тиіс.

      21. Кеңседе қаулылардың барлық өту сатыларында олардың сапалы және уақтылы ресімделуіне қаралып отырған мәселе құзыретіне жататын тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты болады.

      22. Премьер-Министр қол қойған барлық қосымшалары мен материалдары бар қаулының түпнұсқасын орындаушы БҚҚБ-ға жобаның МОИП-тағы жүйелік нөмірін, түпнұсқа файлдарының атауын (ақпараттың байттағы көлемі туралы деректермен) көрсете отырып, арнайы мұқабада мынадай тәртіппен береді:

      1) барлық қажетті визалары мен қосымшалары бар қаулының түпнұсқасы;

      2) құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткіші;

      3) Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері бойынша анықтама;

      4) жоба бойынша бөлімнің анықтамасы.

      23. БҚҚБ орындаушыдан жобаны келісу анықтамасының тізбесінде көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдайды және олардың дұрыс ресімделуі мен болуын тексереді, істі түпкілікті жинақтайды.

      24. Істе барлық қажетті құжаттар болған және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері бұл туралы БҚҚБ меңгерушісіне баяндайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны көбейтіп таратуды, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту (беру) үшін іс жүргізу және архив секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан өздеріне қатысты бөлігіндегі үзінділер ғана жіберілуі мүмкін.

      25. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары адресаттарға көрсеткіш (тарату есебі) бойынша:

      1) Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландырылған қағаз жеткізгіштердегі даналар түрінде Әділет министрлігіне және әзірлеуші мемлекеттік органға ғана жолданады;

      2) басқа мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана беріледі;

      3) БҚҚБ бақылау секторына "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар Үкімет қаулылары қағаз жеткізгіштерде беріледі, қалған Үкімет қаулылары ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында беріледі.

      Үкімет қаулыларының түпнұсқалары БҚҚБ-да қалады. Үкімет қаулысының түпнұсқасындағы Премьер-Министрдің қолтаңбасы елтаңбалық мөрмен расталады, бұл ретте елтаңбалық мөрдің бедері Премьер-Министрдің лауазымы атауының деректемелері мен жеке қолтаңбасын ішінара қамтитындай етіп қойылады.

      Үкімет қаулысын ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында қабылдаған мемлекеттік орган оны А4 форматындағы қағаз жеткізгіште басып шығарады, Үкіметтің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ оң нәтижесінің айқындалғаны туралы мөртаңбамен растайды және белгіленген тәртіппен тіркейді.

      Кеңсе Әділет министрлігіне жолданған, ЭЦҚ-мен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта Үкімет қаулыларының расталған көшірмелерін тарату кезінде аталған мәліметтерді автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.

      26. Үкімет қаулыларын таратқаннан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде даналар (тиражы) саны, жөнелту күні туралы белгілердің бар-жоғын тексереді, одан кейін істі ведомстволық архивке сақтауға орналастырады және ЭТБК дерекқорына есепке алу деректерін енгізеді.

      27. Үкімет актілерінің және Кеңсенің басқа да құжаттарының ресімделуін бақылауды БҚҚБ жүзеге асырады.

      28. Кеңсенің және басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне өз бетінше қаулы жобаларының көшірмелерін жасауға тыйым салынады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 943 қаулысына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінде және Астана қаласының әкімдігінде қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Үкімет қаулыларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды деп белгіленсін.".

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi Премьер-Министр Кеңсесінің, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз іс жүргізу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын реттейді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кіріс хат-хабарды қарау";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының (бұдан әрі – Үкімет басшылығы) және Кеңсе Басшысының атына жазылған, электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік тілде ресімделген (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) хат-хабарды (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырыла отырып түсетін электрондық құжаттарды) Кеңсе алдын ала қарайды.

      Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына, осы Регламентке, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кеңсе Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе тиісті бұйрық болған кезде бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам, құзыретіне жататын мәселелер бойынша жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам қол қойған құжаттарды қабылдайды.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық құжаттарды сақтау мерзімдері және құжаттардың қағаз түпнұсқаларын ресімдеу міндеттілігі архивтерді және құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы бекітетін сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде белгіленеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі (ЭЦҚ арқылы келісу) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Үкімет отырыстары";

      3.1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1-бөлім. Үкімет отырыстарын жоспарлау";

      19-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде ресімделген және отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей енгізілген, Премьер-Министрдің атына жазылған өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.";

      3.2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2-бөлім. Үкімет отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі";

      25-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Үкімет отырысында қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде отырысқа дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей енгізіледі.

      Кеңсе Басшысымен келісілген жағдайларды қоспағанда, Үкімет отырысы өткізілетін күнге дейін бір күн бұрын және тікелей сол күні таныстырылатын материалды ауыстыруға тыйым салынады.

      Кеңсе Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқаратын адаммен келісу бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға ашық байланыс арналары арқылы жіберуге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Үкімет мүшелеріне және Кеңсесінің Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды адамдарға дереу таратады.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Үкімет отырысында қабылданған шешімдер Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар Үкімет отырысының стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде өтетін кеңес хаттамаларын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.

      30. Орындаушы дайындаған хаттаманы Үкімет отырысынан кейін бес күн мерзімде Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы ЭЦҚ арқылы келіседі және ол Премьер-Министрге қол қоюға жіберіледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Үкімет қаулылары (Премьер-Министр өкімдері)";

      4.1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі";

      4.2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.2-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу";

      4.3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.3-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі";

      4.4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.4-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер";

      47-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Мемлекеттік орган басшысы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып МО ИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі;";

      4.5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.5-бөлім. Қаулы жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қаулы жобасының және оған қосымшалардың әрбір парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дәйектейді.";

      4.5-1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.5-1-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру";

      4.6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.6-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару";

      4.7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.7-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару";

      4.8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.8-бөлім. Үкімет қаулыларын (Премьер-Министр өкімдерін) тіркеу және есепке алу";

      5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бөлім. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау және келісу тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Үкіметтің заң шығару қызметі";

      6.1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.1-бөлім. Заң шығару қызметін жоспарлау";

      6.2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.2-бөлім. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі";

      6.3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.3-бөлім. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі";

      6.3-1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.3-1-бөлім. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамаларын таныстыруды жүргізу тәртібі";

      6.4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.4-бөлім. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу, сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау тәртібі";

      6.5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.5-бөлім. Заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу тәртібі";

      6.6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.6-бөлім. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын қарау тәртібі";

      6.7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.7-бөлім. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі";

      6.8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.8-бөлім. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарында директорлар кеңесінің, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі";

      115-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115-4. Отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі";

      117-тармақтың жетінші және сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет жауабының жобасын келісу тиісті мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      Құзыретіне мәселелерді қарау кіретін құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, сондай-ақ Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының мәселеге жетекшілік ететін орынбасары алдын ала виза қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) қол қоятын Үкімет бланкісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып ресімдейді.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Үкімет актілерін жариялау тәртібі";

      120-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120-1. Мемлекеттік орган тарату барысында Кеңсе өзіне жіберген, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.

      Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде электрондық құжат түріндегі осы баспасөз релизін автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларын іссапарға жіберу тәртібі";

      123, 124 және 125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Өз бастамасы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қаласына (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда, орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ресімделген өтінішхатпен жүгінуге тиіс.

      Орталық атқарушы органның бірінші басшысының өтінішхатында іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуге тиіс.

      Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша өтінішхат талап етілмейді – Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.

      124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның өтінішхатынсыз жіберуге құқығы бар.

      125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.

      Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Орындалуын бақылау тәртібі";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түріндегі ұсыныстарын ЭҚАБЖ арқылы:

      1) "өте шұғыл" деген белгісі бар шұғыл бақылауға – тапсырма түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері бар – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне дейін қысқа мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен астам қысқа мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) орта мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      4) ұзақ мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.";

      141-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "141-1. Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, тапсырманы орындауға жауапты мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей тапсырманың орындалуының ағымдағы жай-күйін көрсетіп, тапсырманы орындау мерзімін ұзарту не нақты орындау мерзімін, жауапты мемлекеттік саяси қызметшіні – орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарын, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды міндеті түрде көрсетіп, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлелді түрде негіздей отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі хат енгізеді.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Меморандумдарды дайындау және бекіту".

      3. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша Регламентінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулықта электрондық құжат айналымы және іс жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінде, Астана қаласының әкімдігінде пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеудің, келісудің өзге де тәртібі белгіленуі мүмкін.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 943 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі – Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу қағидалары мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады.

      3. Егер осы Нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаулықта ішкі құжаттарды қоса алғанда, құпия емес сипаттағы, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту қағидалары айқындалады.

      Қызметтік ақпаратты және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) жабық (құпия) кілтін және ЭЦҚ құралын (ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған және ЭЦҚ ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың ЭЦҚ есептеу мен тексеруден кейін ЭЦҚ тексерудің (ЭЦҚ түпнұсқалығын растаудың (белгілеудің) оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттармен (бұдан әрі – электрондық хат-хабар), қажет болған жағдайда қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен (бұдан әрі – қағаз хат-хабар) жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.

      4. Осы Нұсқаулықпен:

      1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Кеңседе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;

      2) Кеңседе, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

      3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат алмасуды жүргізу тәртібі реттелмейді.

      5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуге, хат-хабардың (электрондық және қағаз) есепке алынуына, сақталуына, уақтылы өтуіне және орындалуына жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.

      6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – БҚҚБ) Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

2-тарау. Қызметтік хат-хабарды қабылдау тәртібі

      7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік корреспонденттермен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

      8. Қағаз хат-хабары бар конверттерді ашардың алдында БҚҚБ қызметкері олардың жолдануы мен ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөрлер болса) тексереді. Конверттерді ашқан кезде мекенжайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырып тексеріледі, міндетті деректемелердің болуы мен құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.

      Алынған құжаттар мен пакеттер жеткіліксіз болған немесе бүлінген, конверттердегі нөмірлер құжаттардағы нөмірлермен сәйкес келмеген жағдайда, іс жүргізу және архив секторы меңгерушісінің ЭЦҚ-мен куәландырылатын электрондық түрде акт жасай отырып (2-қосымша), құжаттарды цифрлау (сканерлеу) жүзеге асырылады және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) арқылы цифрланған құжатпен бірге тиістілігіне қарай жолданады. ЭҚАБЖ-дан шығарылып алынған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесі айқындалғаны туралы мөртаңбамен расталған актінің қағаз көшірмесі құжаттармен бірге жөнелтушіге жолданады.

      Дұрыс жолданбаған және ресімделмеген немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10129 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларында көзделген міндетті деректемелері жоқ, қате салынған құжаттар тиесілілігі бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.

      Түскен хат-хабардың конверттері жөнелтушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және мекенжайын, құжаттардың жөнелтілген және алынған күні мен уақытын тек конверт арқылы белгілеу мүмкін болатын жағдайда ғана құжаттарға тігіледі.

      "Жеке өзіне" деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер БҚҚБ-да ашылуға тиіс.

      "Жеке өзіне" деген белгімен қабылданған құжаттар мен пакеттер (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен басқа) электрондық тізілімдерде есепке алынады және ашылмай, тікелей адресатқа беріледі.

      9. Кеңсеге қағаз жеткізгіштерде түсетін хат-хабарды БҚҚБ күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қабылдайды.

      Қағаз хат-хабар ("ҚБП" деген белгісі бар құжаттарды және қабылдануы тек қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын құжаттардан басқа) цифрлауға (сканерлеуге) және одан әрі ЭҚАБЖ-да тіркелуге тиіс.

      Одан әрі жұмыс (құжатты бөлімге беру және оны орындау) тек электрондық түрде жүргізіледі, бұл ретте Кеңсеге цифрлау және тіркеу рәсімдерінен кейін түскен қағаз хат-хабардың түпнұсқалары архивке тапсырылуға тиіс.

      "ҚБП" деген белгісі бар құжаттардан, сондай-ақ онымен жұмыс істеу осы Нұсқаулықтың жекелеген ережелерімен реттелетін хат-хабардан басқа, Кеңседе қағаз хат-хабармен жұмыс істеуге жол берілмейді.

      10. Кеңсеге түсетін электрондық хат-хабарды БҚҚБ ЭЦҚ ашық кілтін және ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (ЭЦҚ құралы) пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігін растау рәсімінен өткен ЭЦҚ түпнұсқалылығын тексеру рәсімі өткізілгеннен кейін қабылдайды.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық хат-хабар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі – ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуге тиіс.

      Электрондық хат-хабарды қабылдаған кезде барлық рәсімдер ЭҚАБЖ пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады.

      Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады.

      Электрондық құжаттарды сақтау мерзімдері және құжаттардың қағаз түпнұсқаларын ресімдеу міндеттілігі архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы бекітетін Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде белгіленеді.

      11. Құрылымдық бөлімшелердің және Үкімет пен Кеңсе басшылығы қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне іс жүргізу және архив секторында тіркелмеген қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.

      12. Белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблонын пайдалана отырып жасалған (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен айқындалғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар), толтырылған деректемелері бар, бірінші басшының (ол болмаған кезде – бұйрық болған жағдайда, оның міндетін атқаратын адамның), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшының, министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамының ЭЦҚ қойылған құжаттар Кеңседе қабылдануға тиіс.

      Премьер-Министрдің атына жолданған, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша электрондық және/немесе қағаз хат-хабар бірінші басшының ЭЦҚ-мен куәландырылғаннан кейін және/немесе қолтаңбасымен ғана жіберіледі.

      Іссапарға кетуіне, еңбекке жарамсыздығына, демалыста болуына байланысты бірінші басшы болмаған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған және/немесе ол қол қойған, Премьер-Министрге жолданған электрондық және/немесе қағаз хат-хабарды енгізуге жол беріледі.

      Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылып және/немесе қолтаңбасымен енгізілген электрондық және/немесе қағаз хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта куәландырылып және/немесе қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге тиіс.

      Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде ЭЦҚ-ны тексерудің оң нәтижесінің болу шартымен бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары қоса беріледі. Құжатта күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, сұрау салуға жауап беру немесе тапсырмалардың орындалуы туралы есепте (ақпаратта) Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге жіберу немесе өткізу күнімен сәйкес келетін электрондық және қағаз хат-хабарды (электрондық құжат айналымы жүйесіне қосылмаған адресаттардан пошта арқылы түскен қағаз хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды.

      Шығыс құжатты дайындаған орындаушының тегі, аты-жөні, телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы, Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі бір парақтан аспайтын электрондық құжаттың бірінші парағының немесе бір парақтан асатынның соңғы парағының төменгі сол жақ бұрышына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469, Asanov.S@ukimet.kz (Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі), қағаз құжатта жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа даналар саны құжаттың бірінші парағының сырт жағына қойылады.

      Қағаз хат-хабарға қосымшаларды құжатқа қол қойған немесе оны дайындаған адам (құжатты орындаушы) дәйектеуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жіберілетін жауап жобаларын аталған жауап жобасын әзірлеген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам дәйектейді.

      Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Үкімет пен Кеңсе Басшылығына жіберілетін жауап жобаларын дайындау мемлекеттік органның бірінші басшысымен – Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысына жолданған мемлекеттік органдардың хат-хабары белгіленген үлгідегі бланкіге сәйкес келетін және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың шаблонын пайдалана отырып, мемлекеттік тілде ресімделуге тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).

      Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарынан, жауапты хатшысынан немесе өзінің құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органның аппарат басшысынан төмен емес деңгейдегі адамның немесе оның міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылуға тиіс.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде дана саны ескерілмейді.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды Кеңсе сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды, бұл ретте сағат 17.00-ден кейін жіберілген хат-хабар тіркелуге жатпайды.

      Кеңсеге түсетін қағаз хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін қабылданады.

      13. Мыналар:

      1) осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген құжаттар мен оларға қосымшалар;

      2) факсимилені, түзетулерді және қандай да бір бүлініп ластанған жерлерді қамтитын, оның ішінде тескішпен тігілген, шимай қағаздарда және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелерінде орындалған қағаз хат-хабар;

      3) дұрыс жолданбаған (Кеңсе атауының, Үкімет пен Кеңсе басшылығы лауазымдарының, тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) дұрыс жазылмауы) хаттар;

      4) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың электрондық түрдегі хаттарын немесе бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың қағаз түріндегі хаттарының көшірмелерін қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары;

      5) электрондық құжаттар (ЭЦҚ тексерудің нәтижесі теріс, мазмұны, парақ саны, бланк нысанында көзделген міндетті деректемелердің болмауы және/немесе деректемелердің, сондай-ақ мәтіннің дұрыс орналаспауы);

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін электрондық құжаттар;

      7) мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымының болмауы мәселесі бойынша бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамаларын, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылған келiспеушiлiктерді жою хаттамаларын, дәлелді негіздемелер мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымын қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары Кеңседе қабылдауға жатпайды.

3-тарау. Қызметтік хат-хабарды тіркеу тәртібі

      14. Кеңсеге түсетін барлық хат-хабарды (құжаттарды) электрондық құжат айналымы жүйесінде іс жүргізу және архив секторы тіркейді, олар әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған электрондық тіркеу-бақылау карточкасын (бұдан әрі – ЭТБК) (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтырады.

      15. Түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды (электрондық және қағаз) іс жүргізу және архив секторының меңгерушісі алдын ала белгілеп, құзырет бойынша бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды (электрондық және қағаз) бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады.

      Алдын ала қаралғаннан кейін түскен құжаттар және басқа да қызметтік хат-хабар (электрондық және қағаз) белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.

      16. Электрондық хат-хабарды тіркеуді БҚҚБ ЭТБК-де тіркеу нөмірін қою арқылы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына түскен құжаттарға "б" деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.

      17. Қағаз хат-хабарды тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайда сол жақ жоғары бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою арқылы БҚҚБ жүзеге асырады.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес беріледі.

      БҚҚБ меңгерушісі алдын ала қарағаннан және тіркелгеннен кейін қағаз хат-хабар осы Нұсқаулықтың 25 және 26-тармақтарының талаптары орындала отырып Үкімет, Кеңсе басшылығының және құзыреті бойынша құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелеріне қол қойғызып беріледі.

      18. Құжат (қағаз жеткізгіште) туралы мәліметтер карточкаға енгізіледі және іс жүргізу және архив секторында қолтаңбамен, құжатты алу күнімен және уақытымен қалады және ағымдағы карточкада сақталады. Бұдан кейін бұл карточкада осы құжатты қарау барысы да белгіленеді.

      Бөлімнің жауапты орындаушысы ЭҚАБЖ жүйесінде осы құжаттың қозғалысы туралы мәліметтерді толтырады.

4-тарау. Қызметтік хат-хабарды қарау және оның өтуі

      19. Құжаттардың өтуіне және тиісінше сақталуына жауапкершілік қабылдау бөлмелері мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жүктеледі.

      БҚҚБ меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды:

      1) көтеріліп отырған мәселелер жекелеген мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жататын және тиісінше олардың өздері шеше алатын жағдайда, мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет басшылығында кеңестер өткізу жөніндегі өтініштерін;

      2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беруді сұрайтын әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін;

      3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;

      4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты;

      5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Кеңсені хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты;

      6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша төлеу мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтінішті;

      7) Кеңсе Басшысының атына жолданған Үкімет басшылығының тапсырмаларына қатысты хаттарды;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын электрондық немесе қағаз құжаттарды қарамай қайтарады.

      20. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік туындаған жағдайда, ол БҚҚБ меңгерушісіне, қажет болған жағдайда – Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына баяндалады.

      21. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын Үкімет Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес БҚҚБ меңгерушісі (ол болмаған кезде – меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.

      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру не жеке салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер беру жөніндегі өтініштері, егер ол Үкімет Регламентінде белгіленген тәртіппен келісілмеген болса, тіркеусіз қайтарылады.

      Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.

      22. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен түсетін кіріс хат-хабарын өңдеу және тіркеу кезінде құжатқа танысу парағын (4-қосымша) қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аппараттарында, ұйымдарында және мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу ережесін қосымша басшылыққа алу қажет.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен түскен құжаттар тіркеледі, сканерленеді және бірлесіп орындаушы бөлімдерге электрондық құжаттар нысанында беріледі.

      23. Үкіметке түсетін құжаттар, әдетте, төмендегідей бөлінеді:

      Премьер-Министрдің қарауына:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары;

      2) Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Жоғарғы Сот Төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттары;

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаттары мен прокурорлық қадағалау актілері;

      4) мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының хаттары;

      5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері, қаулылары мен жолдаулары;

      6) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің хаттары мен қаулылары;

      7) Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар;

      8) жол жүргенге дейін 3 (үш) күн бұрын министрліктер басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"), "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" (бұдан әрі – "ҚазАгро" ҰБХ"), "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ") акционерлік қоғамдары басқарма төрағаларының іссапарға шығуына рұқсат алуға байланысты өтініштер;

      Премьер-Министр орынбасарларының қарауына тікелей өздеріне жолданған, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар (құжаттар) беріледі;

      Кеңсе Басшысына:

      1) Үкімет Регламентіне, Кеңсе туралы ережеге және Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар;

      2) Үкіметке және Премьер-Министрге депутаттық сауалдар:

      3) Үкімет отырыстарын, кеңестер, республикалық деңгейде басқа да іс-шаралар өткізуге байланысты құжаттар;

      4) Үкімет Регламентіне, Кеңсе туралы ережеге және Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес құжаттар жіберіледі.

      24. Іс жүргізу және архив секторының қызметкері электрондық хат-хабарды (құжаттарды) ЭҚАБЖ арқылы Премьер-Министр Хатшылығына жібереді, бұл ретте қағаз хат-хабарды іс жүргізу және архив секторына қайтарылатын тіркеу карточкасында алған күні мен уақытын көрсетумен қол қойдыртып, қабылдау бөлмесінің қызметкеріне тікелей тапсырады.

      Хатшылық құжаттарды қарағаннан кейін қабылдау бөлмесінің қызметкері тапсырма бланкілеріндегі қарарларды және басып шығарылған тапсырмаларды (фишкаларды) қамтитын және оларды электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы одан әрі адресаттарға беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және архив секторының қызметкеріне береді.

      Іс жүргізу және архив секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының арнайы стеллажынан Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері белгіленген кесте бойынша іс жүргізу және архив секторында, үкіметтік шешімдерді шығару секторында құжаттарға жауапты адамда қалатын карточканың екінші данасына қолын қойып, түскен қағаз хат-хабарды алады. Бұл ретте іс жүргізу және архив секторының, үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері телефон арқылы шұғыл қағаз хат-хабардың (құжаттардың) түскені туралы тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлерін дереу хабардар етеді, олар шұғыл қағаз хат-хабарды (құжаттарды) кестеден тыс дереу алуды жүзеге асыруға тиіс.

      Хат-хабар (құжаттар) бір мезгілде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, белгілеуге (жіберу есебіне) сәйкес бірлесіп орындаушы басқа құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      Кеңсе басшылығы қарағаннан кейін Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және Кеңсе Басшысы орынбасарларының қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері тапсырма бланкілеріндегі қарарлармен, басып шығарылған тапсырмалармен (фишкалармен) бірге және оларды электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы одан әрі адресаттарға беру (жіберу) үшін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған құжаттарды іс жүргізу және архив секторына жеткізеді (береді).

      25. Хатшылық Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Кеңсе Басшысы тікелей бергендерді қоспағанда, тіркеуден өтпеген қағаз хат-хабарды (құжаттарды) қабылдамайды. Бұл ретте Премьер-Министр, оның орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы тікелей қабылдаған хат-хабар дереу іс жүргізу және архив секторына тіркеуге беріледі.

      26. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінен түсетін Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (арнайы қаптамаларда) Хатшылықтың қызметкері қабылдап алады және қажетті келісулер мен құжаттардың болуын тексереді, одан кейін Премьер-Министрге баяндау үшін және кейіннен қол қою үшін береді.

      27. Қалған хат-хабарды Хатшылықтың қабылдау бөлмесінің қызметкері алдын ала зерделеу, қарарлар жобаларын дайындау және оларды Премьер-Министрге баяндау және кейіннен қол қоюға беру үшін ЭҚАБЖ арқылы қабылдап алады.

      28. Хатшылыққа мазмұны бойынша Премьер-Министрдің шешім қабылдауын талап етпейтін құжаттар түскен жағдайда, олар Кеңсе Басшысымен не оның міндетін атқаратын адаммен келісу бойынша ЭТБК-ны толтыра отырып, ЭҚАБЖ арқылы Премьер-Министр орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне немесе Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

      Кеңсе Басшысының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар ЭҚАБЖ арқылы тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге оның қабылдау бөлмесіне беріледі.

      Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының таяу және алыс шетелге сапарларына байланысты құжаттар (материалдар) ЭҚАБЖ арқылы Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне жіберіледі.

      29. Кіріс құжаттар мен олар бойынша қабылданған Премьер-Министр қарарларының қысқаша мазмұны ЭТБК-ға енгізіледі.

      30. Премьер-Министр орынбасарларына, Кеңсе Басшысына жолданған құжаттар Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының көмекшілеріне (кеңесшілеріне) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне ЭҚАБЖ арқылы беріледі.

      Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелерінде іс жүргізуді қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері жүргізеді, олар құжаттардың өтуі үшін дербес жауапты болады.

      31. Көмекшілер (кеңесшілер) түскен құжаттар бойынша дереу баяндайды, олар Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын дербес немесе Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша дайындауды жүзеге асырады. Құжатты қабылдау бөлмелерінде алдын ала зерделеу және баяндау мерзімі 2 сағаттан аспайды.

      32. Парламент депутаттарының сауалдары бойынша Кеңсе Басшысының қарар жобаларын бөлімдердің қызметкерлері Кеңсенің басқа тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша дайындайды.

      Прокурорлық қадағалау актілері, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері мен қаулылары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, сондай-ақ Заң бөлімімен келісіледі.

      Прокурорлық қадағалау актілері бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарларының жобалары мен Үкіметтің жауаптары Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімімен қосымша келісіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өтініштері мен қаулылары бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарларының жобалары мен Үкіметтің жауаптары Әлеуметтік-экономикалық бөліммен қосымша келісіледі.

      Парламент депутаттарының сауалдары бойынша Премьер-Министр қарарларының жобалары мен олар бойынша жауаптар Премьер-Министрдің мәселеге жетекшілік ететін орынбасарымен, Кеңсе басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігінің басшысымен, сондай-ақ құқықтық мәселелер болса, Заң бөлімімен келісіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырмалары мен ұсынымдарының орындалуын тұрақты мониторингілеуді Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.

      Үкімет атына жіберілген заңдылықтың тиісті бұзушылықтарына жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту бөлігіндегі прокурорлық қадағалау актілерінің орындалуын тұрақты мониторингілеуді Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі жүзеге асырады.

      33. Премьер-Министрдің орынбасарларына берілген құжаттар қараусыз қайтарылған жағдайда, Премьер-Министр орынбасарларының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері құжатты қайтару себебін негіздей отырып, ЭТБК толтырады.

      34. Үкімет пен Кеңсе Басшылығының кіріс құжаттары (тапсырмалар, нұсқаулар) бойынша қарарлары оларға сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып жасалады және қажет болған жағдайда олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі.

      35. Қарарда:

      1) орындаушылар (ұйымдардың атауы атау септігінде, лауазымды адамдардың тегі мен аты-жөні барыс септігінде);

      2) әрекеттің анық және толық мазмұны немесе құжатты орындау тәртібі мен сипаты (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша тапсырмада өтініш берушіге заңнамада белгіленген мерзімде жауап беру қажеттілігі туралы тапсырма көрсетіледі);

      3) орындау мерзімі (қажет болса);

      4) қол қоятын лауазымды адамның тегі мен аты-жөні;

      5) күні (күні, айы, жылы);

      6) құжаттың нөмірі;

      7) төменгі жақта, сызықтың астында қарар қандай құжатқа қатысты екендігі, сондай-ақ бұл құжаттың күні мен нөмірі көрсетілуге тиіс.

      Қарарды ресімдеудің үлгісі – 5-қосымша.

      36. Қаралған бастапқы құжаттарды Үкімет пен Кеңсе басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері құжаттарды қарарларға сәйкес қайта белгілеу және жөнелту үшін ЭҚАБЖ арқылы БҚҚБ-ға береді.

      Шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзімі үш жұмыс күніне дейін) адресаттарға жедел жөнелтуді қамтамасыз ету үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, Үкімет, Кеңсе басшылығының көмекшілері (кеңесшілері) мен қабылдау бөлмелерінің және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды ЭҚАБЖ арқылы жөнелтуге тиіс.

      37. Үкімет пен Кеңсе басшылығының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қабылдау бөлмелерінде іс қағаздарын Үкімет пен Кеңсе басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері немесе арнайы бөлінген қызметкерлер (бұдан әрі – қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері) жүргізеді, олар құжаттардың уақтылы қабылданып, өз бөлімшелерінің басшылары мен орындаушыларына уақтылы жеткізілуіне, ЭҚАБЖ-да құжаттарға жазбалар енгізудің толықтығы мен дұрыстығына, орындаушылардың тегі мен құжаттарға қарарлардың (тапсырмалардың, нұсқаулардың) ЭТБК-да енгізілуіне, құжаттар мен оларға қарарлардың уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне), құжаттардың тиісінше жедел сақталуына дербес жауапты болады.

      38. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжатты қарағаннан кейін тікелей орындаушыға оны орындау жөнінде тапсырма береді.

      БҚҚБ-дан құжатты алған кезден бастап оны тікелей орындаушыға беруге дейінгі мерзім 4 (төрт) сағаттан аспауға тиіс.

      Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарының жобасын (қызметтік жазбахаттың немесе жауап жобасын) жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің орындаушысы қаралатын мәселенің нақты ашылуын ескере отырып әзірлейді, оны құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі ЭҚАБЖ арқылы келіседі.

      Қарар (қызметтік жазбахат, жауап немесе әзірленген құжат) жобасының сапасыз дайындалғаны үшін жауапкершілік Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.

      Премьер-Министр қарарларының жобаларын қол қоюға баяндар алдында Кеңсе Басшысы ЭҚАБЖ арқылы келіседі.

      39. Құжат бойынша бірлесіп орындаушылар болған кезде қарардың (қызметтік жазбахаттың, әзірленген құжаттың) жобасы ЭҚАБЖ арқылы бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберіледі. Бірлесіп орындаушыда келісу мерзімі құжатты алған кезден бастап 3-4 сағаттан аспайды.

      Бұл ретте орындаушы қарар жобасына мәселенің хронологиясы мен мемлекеттік органдардың ұстанымдарын қамтитын анықтаманы, қабылданатын шешімнің тиісті негіздемесі бар тапсырма жобасын қоса береді. Көрсетілген анықтаманың жасалуы және оның мазмұны үшін жауапкершілік орындаушыға жүктеледі.

      Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігінің Парламент қарайтын және Үкіметтің қызметіне қатысы бар заң жобаларының өтуі және басқа мәселелер туралы ақпараттық жазбалары Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісілмей ұсынылады және мемлекеттік органдарға жіберіледі.

      40. Бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта өзге де дайындау мерзімдері болуы мүмкін құжаттарды қоспағанда, Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесінде қарардың (қызметтік жазбахаттың, әзірленген құжаттың) жобасын дайындау және келісу мерзімі тікелей орындаушы құжатты алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Мемлекеттік органдардың тұрақты негізде берілетін есептік ақпаратына қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасын дайындау және Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесінде келісу мерзімі тікелей орындаушы құжатты алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта өзге де дайындау мерзімдері болуы мүмкін құжаттарды қоспағанда, қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасын құрылымдық бөлімшеде келісу мерзімі құжат бөлімге түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасы бойынша бірлесіп орындаушыда ескертулер болған жағдайда, бірлесіп орындаушылар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған дәлелді ұсыныстар мен қарсылықтарды ұсынады және құжат бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орындаушыға жібереді.

      41. Мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңсеге түскен бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсенің қаралатын бақылаудағы құжаттар құзыретіне жататын және/немесе олардың орындалуын бақылау бекітіп берілген құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

      42. Қабылдау бөлмесінің қызметкері немесе арнайы бөлінген қызметкер ЭТБК-да есепке алу жазбаларының енгізілу толықтығы мен дұрыстығына, құжаттардың және басшылық қарарларының уақтылы жөнелтілуіне (берілуіне) жауапты болады.

      ЭТБК-да құжаттың орындалу барысы (еске салу, сұрау салу, жауаптар, анықтамалар және т.с.с.) белгіленеді.

      43. Орындалған және бақылаудан алынған құжаттарды құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары іске жібереді. Бұл ретте қажет болса, құжат авторы қарау нәтижелері туралы хабардар етілуге тиіс. Орындаушы ЭТБК-ға: мәселе қалай, қандай құжатпен және қашан шешілгені, құжатқа кімнің қол қойғаны жөнінде жазба жүргізеді.

      Егер құжат мәлімет үшін жіберілсе не онда басшылықтың осындай мазмұндағы қарары болса, онда ЭТБК-да "Мәселе шешілді" деген бағанда "Назарға алынды" деген жазба жасалады.

      Нақты мәселе бойынша Үкіметтің тиісті шешімі немесе Премьер-Министрдің өкімі қабылданған және қажетті құжаттар үкіметтік шешімдерді шығару секторына берілген жағдайда, ЭТБК-да "үкіметтік шешімдерді шығару секторында", "20____ ж. "___"________ №____ қаулымен (өкіммен)" деп көрсетіледі.

      Егер мәселе ауызша шешілсе, онда орындаушы ЭТБК-да әңгімелесу болған адамның лауазымы мен тегі, оның қысқаша мазмұны мен күні туралы мәліметтерді енгізіп, құрылымдық бөлімшенің басшысына баяндалғаны туралы белгілейді.

      44. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі өз құзыреті шеңберінде түсетін хат-хабардың сипаты мен сапасын жүйелі түрде талдайды, қойылған мәселелерді шешу, сондай-ақ құжат айналымын қысқарту жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.

5-тарау. Қызметтік хат-хабарды ресімдеу және жөнелту

      45. Құжаттарды дайындаған кезде осы Нұсқаулықты және өзге де қолданыстағы қағидаларды, анықтамалықтарды, сөздіктерді* басшылыққа ала отырып, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің атауларын жазудың бірізділігін сақтаған жөн.

      Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хаттар қысқа әрі анық болуға тиіс. Әрбір құжат, әдетте, бір мәселе бойынша жасалып, осы Нұсқаулыққа 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік тілде ресімделуге (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), күні мен нөмірі, адресаты, тақырыбы мен мәтіні, ЭЦҚ, аты-жөні мен тегі, орындаушы туралы белгі болуға тиіс.

      МО БКО-ға қосылған электрондық құжат айналымы жүйесі жоқ адамдар мен ұйымдарға жіберілетін шығыс хаттар осы Нұсқаулыққа 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) басып шығарылуға, күні мен нөмірі, адресаты, тақырыбы мен мәтіні, қолы, аты-жөні мен тегі, орындаушы туралы белгі болуға тиіс және әдетте, бір данада дайындалып қол қойылады, кейін адресатқа жолданады.

      Қағаз құжатқа күн сәулесіне төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға жол берілмейді.

      46. Қызметтік құжаттар (хаттар, баяндамалар, есептер және т.с.с.) қысқа, түсінікті болуға және белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып ресімделуге тиіс (Кеңседен сыртқа жөнелтілген жағдайда).

      Кеңсе ішінде хат жазысу кезінде белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалану талап етілмейді.

      Электрондық құжаттар адресатқа қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен, қағаз құжаттар екі жұмыс күнінен кешіктірмей, шұғыл – дереу жолданады.

      47. Құжатты лауазымды адамға жіберу кезінде мекеменің атауы мен адресаттың лауазымы атау септігінде, ал адресаттың тегі барыс септігінде көрсетіледі.

      МО БКО-қа қосылған электрондық құжат айналымының жүйесі жоқ басқа қаладағы адресатқа жолданатын құжатта оның атауынан кейін пошта индексі, облыс, қала (ауыл), көше, үйдің нөмірі көрсетіледі.

      Құжатта төрттен артық адресат болмауға тиіс. Құжатты төрттен артық мекенжайға жіберу кезінде тарату көрсеткіші жасалады.

      Құжат жолданған адресат жалпылама көрсетілуі мүмкін (мысалы, "барлық облыстардың әкімдеріне, мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)") (электрондық түрдегі тізімді қоса бере отырып).

      48. Шығыс құжаттар (хат-хабар) ЭТБК-да (1-қосымша) есепке алынады.

      Шығыс құжаттарды жасау (әзірлеу) кезінде осы Нұсқаулыққа 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондары да пайдаланылады.

      Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып ресімделген және/немесе міндетті деректемелері жоқ құжаттар адресаттарға жіберілмеуге тиіс.

      49. Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, басқа мемлекеттердің басшыларына жолданған құжаттар осы Нұсқаулыққа 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің елтаңбалық бланкілерінде дайындалып жіберіледі және оларға Премьер-Министр немесе Премьер-Министрдің орынбасары екі данада қол қояды. Елтаңбалық бланкілер А4 бланк форматындағы (210х297мм) ақ қағазға басып шығарылады.

      Екінші данасында орындаушының, тиісті құрылымдық бөлімше басшысының және қажет болған жағдайда, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының, Кеңсе Басшысының және құқықтық сипаттағы мәселелер болса, Заң бөлімі меңгерушісінің визалары болуға тиіс.

      Көрсетілген шығыс құжаттар белгіленген тәртіппен ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында жөнелтіледі (беріледі).

      Жекелеген ағымдағы мәселелер бойынша хаттар Премьер-Министрдің орынбасарларының, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарларының ЭЦҚ-мен куәландырылады. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге сәйкес хаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілетін құжаттар, әдетте, А4 (201х297мм) форматындағы ақ қағаз парағының бір жағына немесе ашық түсті қағазда, мөлшері 14-қаріппен (ТNR) 1 жоларалық интервалмен, Мемлекет басшысына баяндауға жататындар – мөлшері 16-қаріппен (Агіаl) 1,5 интервал арқылы тиісті ресми бланкілерге басып шығарылады. Соңғы парағында төменгі сол жағында немесе парақтың сырт жағында орындаушының тегі, қызметтік телефонының нөмірі, сондай-ақ орындаушының электрондық мекенжайы көрсетіледі. Әдетте, барлық деректемелер басылуға тиіс. Түзетулер мен өшіруге жол берілмейді. Электрондық құжаттың мазмұны мен деректемелері қағаз құжатпен дәлме-дәл болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілетін ақпарат пен басқа құжаттардың көлемі – 3 (үш), ал ауқымды мәселелер бойынша 5 (бес) парақтан аспауға тиіс. Құжаттардың мәтіндері анық, дәйекті, қысқа баяндалуға тиіс.

      Электрондық құжаттың ЭТБК ЭҚАБЖ талаптарына сәйкес толтырылады. Қысқаша мазмұны құжат жіберілетін тілде беріледі.

      50. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратына Премьер-Министр (оның мiндетін атқаратын адам) немесе Премьер-Министрдің аталған тапсырмаларды орындау жөнінде тапсырма берілген орынбасары қол қояды.

      51. Үкімет немесе Кеңсе Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберетін есептік ақпаратына Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) не жетекшілік ететін бағыты (мәселесі) бойынша Премьер-Министрдің орынбасары не Кеңсе Басшысы қол қояды.

      52. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тапсырмалар, нұсқаулар Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқаратын адамның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      53. Кеңсе Басшысы болмаған кезеңде оның міндетін атқару өзге адамға жүктелген жағдайларды қоспағанда, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы қысқа уақыт (1-2 күн) болмаған жағдайда, олардың кеңесшілері (қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері) кіріс хат-хабарды қабылдау жөніндегі жұмысты Кеңседегі ішкі тәртіпке сәйкес үзіліссіз қамтамасыз етеді.

      54. Дайындалатын хатқа, әдетте, қысқа тақырып беріледі. Хат өтінішхатқа немесе сұрау салуға жауап ретінде жіберілетін барлық жағдайда мекенжайдан кейін (сол жағында) осы өтінішхаттың немесе сұрау салудың нөмірі мен күні көрсетіледі (мысалы: "04.06.2008 № 101").

      Құжатқа (хатқа, анықтамаға, есепке, баяндамаға) қосымшалар, әдетте, оның мәтінінен кейін парақтар саны көрсетіле отырып санамалануға тиіс.

      55. Шығыс құжаттың күні араб цифрларымен: айдың күні, айы, жылы кезектілігімен ресімделеді. Айдың күні және ай нүктемен бөлінген екі жұп араб цифрымен, жыл төрт араб цифрымен ресімделеді. Күнді сөздік-цифрлық тәсілмен жазу нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін айқындайтын қаржылық сипаттағы мәліметтерді қамтитын құжаттарда пайдаланылады және былайша ресімделеді: мысалы, 2009 жылғы 4 маусым және тіркеу нөмірі. Күннің 04.06.2009 деп қысқартылған жазылуы, әдетте, анықтамаларға, баяндамалық жазбаларға және т.с.с. қол қойылғаннан кейін жасалады.

      Құжаттың шығыс нөмірі мынадай тәртіппен қойылады: алдымен Кеңсенің оны дайындаған құрылымдық бөлімшесінің индексі көрсетіледі; одан кейін құжат орындалған соң енгізілуге тиіс істің номенклатура бойынша нөмірі дефис арқылы көрсетіледі; одан кейін бөлшек арқылы шығыс құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі (мысалы: 17-16/180). Құрылымдық бөлімшелердің индекстерін БҚҚБ әзірлейді және оны Кеңсе Басшысы бекітеді.

      56. Қайтару талап етілетін электрондық құжатты жіберу кезінде электрондық құжаттың бірінші парағында жоғарғы жолдың оң жақ бөлігінде "Қайтарылуға тиіс" деген белгі қойылады.

      57. Барлық шығыс құжаттар (хат-хабар), оның ішінде шұғыл хат-хабар іс жүргізу және архив секторына жұмыс күндері сағат 12.30-ға дейін жөнелту үшін тапсырылады.

      Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқаратын адамның) нұсқауы бойынша шұғыл хат-хабар басқа уақытта да жөнелтуге тапсырылуы мүмкін.

      58. Шығыс жеделхаттарды тіркеу ағымдағы хат-хабарға ұқсас жүргізіледі.

      59. Үкіметтік жеделхаттарға Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы ЭЦҚ арқылы қол қояды. Жеделхаттардың мәтіні қысқаша, түзетусіз жазылады және бір парақтан аспауға тиіс. Жеделхатта жеделхатқа қол қойған адамның лауазымы мен тегі көрсетіледі. Жеделхатты ресімдеудің үлгісі – 6-қосымша.

      60. Жеделхатқа Кеңсенің жеделхатты дайындаған құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ арқылы келісілген тарату көрсеткіші қоса беріле отырып, адресаттарды жинақтап көрсетуге (мысалы: "министрлерге") жол беріледі.

      61. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұза отырып ресімделген жеделхаттарды БҚҚБ жөнелтуге қабылдамайды.

      Арнайы байланыс органдары арқылы жөнелтілетін жеделхаттарды ресімдеу тәртібі арнайы нұсқаулықта белгіленеді.

      Одан әрі адресатқа жөнелту үшін БҚҚБ қызметкері "Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – "ӘҒД" РМК) Байланыс және коммуникация бөлімінің операторына ЭҚАБЖ арқылы береді.

      62. Шығыс электрондық құжаттарды құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері 3 (үш) сағаттан аспайтын мерзімде жөнелтуге дайындайды. Жобаны тіркеу алдында оны жөнелтуге жауапты құрылымдық бөлімшенің (немесе қабылдау бөлмесінің) қызметкері деректемелер мен салынымдардың дұрыс көрсетілгенін тексереді.

      Шығыс құжаттарды жөнелту ЭҚАБЖ арқылы жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына жіберілетін шығыс қағаз құжаттардың қажетті саны көшіріп шығарылады және БҚҚБ-ға жөнелтуге беріледі.

      Белгіленген мерзімдерді бұза отырып жіберілетін шығыс құжаттарды іс жүргізу және архив секторы ол туралы БҚҚБ меңгерушісіне баяндағаннан кейін қабылдайды және жөнелтеді. Қажет болған жағдайда, БҚҚБ меңгерушісі Кеңсе Басшысына жауапты құрылымдық бөлімшенің шығыс құжатты жөнелтуге уақтылы дайындамағаны жөнінде баяндайды.

      Бұдан кейін шығыс құжаттар мен оларға орындау мерзімдері көрсетілген, оның ішінде "өте шұғыл", "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері, сондай-ақ құжаттың бақылауға алынғаны туралы тапсырма не "баяндалсын", "ұсыныс енгізілсін" деген және тағы сол сияқты белгілері бар қарарлар міндетті түрде БҚҚБ-ға ұсынылады, ол "Бақылауға" немесе "Бақылауға алынды" деген белгілері бар құжаттың орындалу мерзімі көрсетілген электрондық құжатты қоса береді.

      Қызметкерлер жөнелтуге дайындаған құжаттар мен оларға қарарларды және құрылымдық бөлімшенің басшылығы бекіткен тарату көрсеткішін (төрттен артық мекенжайға жіберу кезінде) қызметкерлер адресаттарға жөнелту үшін БҚҚБ-ға жібереді.

      63. БҚҚБ-да жөнелту алдында шығыс құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы, ұйымдардың түпкілікті мекенжайларының бар-жоғы тексеріледі. Ұйымдардың түпкілікті мекенжайы болмаған жағдайда, жөнелту жүргізілмейді.

      Үкімет Регламентінде және осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген құжаттар түзету үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қайтарылады.

      Жөнелтуге жауапты қызметкер жіберілетін құжаттардың адресаттарын, нөмірлерін көрсете отырып, жөнелтілетін құжаттардың электрондық тізілімін (тарату есебін) жасайды, осы деректерді құжаттың ЭТБК-на енгізеді.

      Жөнелтуге жауапты қызметкер қағаз құжаттар мен қарарлардың көшірмелерін олардың түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, одан кейін оларды БҚҚБ дөңгелек нөмірлік мөрмен куәландырады, одан кейін онда жіберілетін құжаттардың адресаттарын, нөмірлерін көрсете отырып, жөнелтілетін құжаттардың тізілімін (тарату есебін, біржолғы қолхат) жасайды, осы деректерді құжаттың ЭТБК-на енгізеді, жөнелтілетін құжаттарды нақты адресаттарға жөнелтуге арналған конверттерге салады және конверттерді адресаттарға жеткізу үшін тізілімдермен (бағыт парақтарымен, біржолғы қолхаттармен) бірге фельдъегерлік немесе пошта қызметінің қызметкеріне береді.

      64. Қағаз құжаттарды адресаттарға мемлекеттік фельдъегерлік немесе почта қызметі оларды жеткізудің шұғылдығына қарай жөнелтеді. Құжатты жеткізу шұғылдығының дәрежесін жөнелтуші айқындайды. "Шұғыл" деген белгісі бар хат-хабар таяу арадағы авиарейспен, автомобиль немесе теміржол фелдъегерлік бағытымен бірінші кезекте жеткізіледі. Мемлекеттік фелдъегерлік қызметке жедел басшылық етуді БҚҚБ жүзеге асырады.

      65. Хат-хабарды (қағаз және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды) жөнелту (беру) БҚҚБ меңгерушісі белгілеген кесте бойынша жүргізіледі. Құжаттарды БҚҚБ-дан өтпей жөнелтуге тыйым салынады.

      66. Іс жүргізу және архив секторы құжаттарды жөнелткеннен кейін ЭТБК-да жөнелтілгені туралы белгі жасайды. Жөнелтуге тапсырылған құжатта көрсетілген қате мекенжай бойынша құжатты таратқаны (бергені) үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің құжатты дайындаған орындаушысы жауапты болады.

      67. Адресаттардың тиісті бөлімшелері қызметкерлерінің құжаттардың тапсырылғанын растайтын қолдары бар жөнелтілген қағаз құжаттарға арналған тізілімдерді, сондай-ақ қандай да бір себептермен адресаттарға тапсырылмаған, тиісті белгісі бар құжаттар салынған конверттерді фелдъегерлер фелдъегерлік қызмет экспедициясының (кезекшісінің) белгісімен бірге іс жүргізу және архив секторына қайтарады. Құжаттарды жөнелтуге (тапсыруға) арналған тізілімдер, бағыт парақтары және біржолғы қолхаттар іс жүргізу және архив секторында бір жыл бойы сақталады.

      68. Іс жүргізу және архив секторының жөнелтуге жауапты қызметкері фельдъегерлік қызметтің немесе пошта бөлімшесінің тізілімдер бойынша жөнелтуге арналған пакеттерді қабылдауды ресімдеудің, сондай-ақ тізілімдер немесе бағыт парақтары бойынша хат-хабарды адресаттарға тапсырудың (қолхатпен) дұрыстығын тексереді және құжаттарда көрсетілген мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарды уақтылы жөнелтуге жауапты болады.

      69. Электрондық құжат айналымы жүйесін және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген тиісті Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы ережесінде айқындалады.

      70. Қағаз құжатты жөнелту туралы белгі жөнелту күні мен іс жүргізу және архив секторының жөнелтуді жүзеге асыратын қызметкерінің қолын көрсете отырып, ЭТБК-да "Жөнелтілді" деген сөз жазылып жүргізіледі.

      71. Адресаттарда МО БКО-ға қосылған электрондық құжат айналымы жүйесі болмаған жағдайда, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқаратын адамның), сондай-ақ Кеңсе Басшысы белгілеген өздерінің құзыреті мен өкілеттіктеріне сәйкес Кеңсе Басшысы орынбасарларының қарарлары БҚҚБ нөмірлік дөңгелек мөрімен куәландырылған қағаз көшірмелер түрінде ғана таратылады.

      72. Телефонограммаларды жауапты құрылымдық бөлімшелер адресаттарға электрондық құжаттар нысанында ғана және "Үкіметтің мобильді кеңсесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Мобильді кеңсе" АЖ) арқылы жібереді.

      73. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі тіркеусіз қайтаратын заң жобаларын фельдъегерлік қызмет Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне жеткізеді және Үкімет Регламентіне сәйкес шешім қабылдау үшін кеңесші (қабылдау бөлмесінің қызметкері) арқылы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бұл ретте көрсетілген заң жобаларына ілеспе хаттардың көшірмелерін Кеңсе Басшысының кеңесшісі (қабылдау бөлмесінің қызметкері) Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Өкілдігіне белгіленген тәртіппен береді.

      74. Премьер-Министр қол қойған Үкіметтің заң жобалары бойынша қорытындыларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының Парламентке жіберілетін хаттарын аталған құжаттарды дайындаған тиісті құрылымдық бөлімшенің (жөнелтуге жауапты) қызметкері Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігіне міндетті түрде электрондық құжаттар нысанында жібереді.

6-тарау. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу

      75. "Қызмет бабында пайдалану үшін" (бұдан әрі – "ҚБП") деген белгісі бар құжаттардағы, істер мен басылымдардағы таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа тартылуына шектеулер қызметтік қажеттіліктен туындаған, Кеңсенің немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәліметтер жатады. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеген кезде Кеңседе пайдаланылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптар орындалуға тиіс.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты ашық баспасөзде жариялауға, радио мен телевизия арқылы, ашық электрлік (электрондық) байланыс және интернет желілерінде беруге тыйым салынады.

      76. Кеңсеге түскен "ҚБП" деген белгісі бар құжаттар іс жүргізу және архив секторында қабылданады, тіркеледі және есепке алынады. Бұл ретте карточкалардағы тіркеу нөмірлеріне "ҚБП" деген белгі енгізіледі және дананың нөмірі қойылады.

      77. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметті қамтитын құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға "ҚБП" деген белгі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың мекенжайы, дана саны және оның жіберілгені, құжатты орындаушының тегі және файлдың жойылғаны жөнінде белгі көрсетіледі.

      "ҚБП" деген белгіні қоюдың қажеттілігін орындаушы және/немесе құжатқа қол қойған басшы айқындайды.

      78. Егер құрамындағы мәліметтер таратылуы шектелген мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының түскен құжаттан "ҚБП" деген белгіні алып тастауға құқығы бар, сондай-ақ құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісу бойынша осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен осы құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады.

      "ҚБП" деген белгісі бар ксерокөшірме жасалған құжаттарды есеп алу әр данасы бойынша ЭТБК-да "ҚБП" деген белгі қойылып немесе "ҚБП" деген белгісі бар құжаттарды тіркеу журналдарының бөлек бөлімдерінде жүзеге асырылады.

      "ҚБП" деген белгісі бар құжаттарды металл сейфтер мен шкафтарда басқа құпия емес құжаттардан бөлек сақтау қажет.

      79. "ҚБП" деген белгісі бар құжаттарды іс жүргізу және архив секторына жөнелтуге тапсырар алдында оларға даналарының нөмірі қойылады. Мұндай құжаттарды бірнеше мекенжайға жөнелту кезінде құжаттармен бірге жөнелтілетін даналардың нөмірлері көрсетіле отырып, Кеңсенің құжатты дайындаған құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі немесе оның орынбасары қол қойған тарату көрсеткіші қоса беріледі. "ҚБП" деген белгісі бар құжаттар пакеттеріне де "ҚБП" деген белгі қойылады.

      80. Кеңсе қызметкерлері "ҚБП" деген белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таратылуы шектелген ақпаратты жариялағаны немесе таратылуы шектелген мәліметтерді қамтитын ақпараты бар құжаттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      81. Үкімет отырыстарында қаралуға тиіс мәселелердің тізбесі мемлекеттік органдар ұсыныстарының негізінде тоқсан сайын жасалады және оны Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы тоқсан алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей бекітеді.

      82. БҚҚБ отырысқа дейін 5 (бес) күн бұрын белгіленген нысан бойынша Үкімет отырысы күн тәртібінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобасын, шақырылғандардың алдын ала тізімін жасайды және оларды Кеңсе Басшысына қол қоюға береді.

      83. Кеңсе Басшысы қол қойған Үкімет отырысының күн тәртібін БҚҚБ 1 (бір) сағат ішінде дереу "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшыларына, оның ішінде онда баяндамашылар ретінде көрсетілген лауазымды адамдардың атына, сондай-ақ Кеңсенің күн тәртібіне енгізілген мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жібереді. Телефонограмма Үкімет отырысына қатысушылардың көмекшілеріне немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы беріледі, олар мемлекеттік органның басшылығын уақтылы хабардар етуге дербес жауапты болады. Көмекшілер немесе қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері мемлекеттік орган басшылығының Үкімет отырыстарына және Премьер-Министрде өтетін кеңестерге қатысуын "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы растауды қамтамасыз етеді.

      БҚҚБ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "ҚБП" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін және қорғалмаған байланыс арналары арқылы беруге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Кеңсе Басшысының және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Кеңсе Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы мобильді құрылғыларға жібереді.

7-тарау. Үкімет отырыстарын және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және оның орынбасарлары өткізетін кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі

      84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі – жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, "Үкімет үйі" мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық, сол сияқты оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарын және жұмыс кеңестерін селекторлық режимде өткізу кезінде:

      1) БҚКБ (Үкімет отырыстарын өткізу кезінде) не Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі (жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты):

      Үкімет мүшелері мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын растай отырып, қатысушылардың тізімін жасауды;

      режимдік шаралардың, рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің қамтамасыз етілуін, кезекші полиция бөлімі мен техникалық қызметтердің ақпаратты қорғауын бақылауды қамтамасыз етеді;

      2) Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:

      жүйелердің істен шығуының алдын алу мақсатында ауыспалы жеткізгіштердегі (орындаушы бөліммен келісуден өтпеген флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер және т.б.) электрондық түрдегі материалдардың пайдаланылуын шектеуді;

      өңірлердің бейнеконференцбайланысқа күні бұрын тестілік қосылуын (техникалық регламентке сәйкес кеңес/отырыс басталғанға дейін бір тәулік және 2 сағат бұрын), оның әзірлігін және Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестерін жүргізудің ұсынылған тәртібін (кеңес сценарийін) ескере отырып, байланыс сапасының тексерілуін, қолданыстағы техникалық талаптарға, оның ішінде форматы және ресімделуі бойынша сәйкестігі тұрғысынан алдын ала регламенттік тестілік жұмыстардың жүргізілуін бақылауды;

      мерзімді жоспарлы регламенттік жұмыстардың жүргізілуін (апта сайын дүйсенбі, бейсенбі сағат 14.00-ден бастап 16.00-ге дейін), сондай-ақ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (бұдан әрі – "ҰАТ" АҚ), "Қазақтелеком" АҚ орындайтын (жоспарлы және алдын ала тестілік қосылулар сәйкес келген жағдайда, регламенттік жұмыстар бір мәрте жүргізіледі) жарықтандырудың және бейнеконференцбайланыс (бұдан әрі – БКБ) жабдығы мен негізгі жұмыс орындарындағы және "Үкімет үйі" ғимаратында орналасқан цифрлық телефон станциясының базасындағы станция мен тікелей байланыс станциясы абоненттеріндегі дыбыс күшейткіштің жұмысқа жарамдылығының сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) Кеңсенің облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Премьер-Министр Кеңсесімен және оның құрылымдық бөлімшелерімен өңірлік даму мәселелері бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:

      облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын бақылауды;

      қажет болған кезде Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Үкімет отырыстарының материалдарын жіберуді;

      өңірлер өкілдерінің БКБ-де Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестерін өткізу сценарийлерін сақтауы, сөз сөйлеушілердің даярлығы (Т.А.Ә., сөйлеу кезегі және сөйлейтін орны) бөлігінде алдын ала дайындығын бақылауды;

      селекторлық режимде өткізілетін кез келген кеңеске облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері өкілдерінің қатысуы мәселелері бойынша Кеңсенің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;

      4) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары:

      облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің және шақырылған өзге де адамдардың қатысуын;

      Үкімет отырыстары және Премьер-Министрдегі, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын;

      "Үкімет үйі" залдарынан тестілік қосылуды жүргізу және дайындау кезеңінде өңірлердегі отырыс залдарында регламенттік және дайындық жұмыстарының (техникалық сынап-байқау және Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестеріне даярлық, қатысушылардың сөйлейтін жерін айқындау және т.б.) өткізілуін;

      соңғы тестілік қосылуды өткізгеннен кейін (іс-шара басталғанға дейін 2 сағат бұрын) өңірлерде отырыс залын өзгертуге, жабдықтардың (жарықтандыру, БКБ-ны, байланысты, дыбыс күшейткішті күйге келтіру) күйге келтірілуін өзгертуге жол берілмеуін;

      іс-шараны өткізу кезінде сценарий (сөз сөйлейтін қатысушылардың болуы, кезектілік және даярлық тәртібі) мен тәртіптің сақталуын, сондай-ақ жергілікті жерлерде шақырылғандардың БКБ мен дыбыс күшейткіш жүйесін пайдалануы бойынша нұсқау өткізуді;

      бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) және басқа да бөгде адамдардың зал жабдықтарына (микрофондар, бейнекамералар, сымдар және т.б.) қолжетімділігін шектеуді;

      іс-шараны өткізу кезеңінде мобильді байланысты пайдалануға салынған тыйымның сақталуын;

      жабық немесе оқшаулы жұмыс режиміне ауысқан жағдайда, шақырылған адамдар мен баспасөз өкілдерінің уақтылы шығарылуын;

      зал жабдықтарының электрмен үздіксіз жабдықталуын, сондай-ақ залды жарықтандырудың біркелкілігін (сөз сөйлеушілерге жарық беру көздерінің болуы, перделердің және басқа да күңгірттеу элементтерінің болуы);

      Премьер-Министрдің баспасөз қызметімен келісу бойынша өңірлерде БАҚ өкілдерінің қатысуын;

      тәртіп бұзушылардың залдан дер кезінде шығарылуын қамтамасыз етеді;

      5) Кеңсенің Премьер-Министрдің республикалық және шетелдік БАҚ-пен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды, БАҚ-та Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін жария етуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі:

      қажет болған кезде БАҚ өкілдерінің қатысуын және олардың залдан шығарылуын;

      кезекші редактордың "ҰАТ" АҚ-ның шығарушы редакторымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Үкімет отырысы мен жұмыс кеңестерін баспасөз үшін интернет желісі арқылы on-line трансляциялауға санкцияланған шешім қабылдауын қамтамасыз етеді;

      6) Кеңсенің Премьер-Министр қатысатын халықаралық сипаттағы іс-шараларды протоколдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі:

      Үкімет отырыстары және Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшылығының кеңестері залдарында мемлекеттік рәміздерді орналастыру жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды;

      Үкімет мүшелерінің және шақырылған өзге де адамдардың "протоколдық үлкендік ретіне" сәйкес отыруын;

      Үкімет отырысын, жұмыс кеңестерін өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, шақырылған адамдардың залға уақтылы келуі және одан шығарылуы бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізуді;

      қажет болған кезде – Қазақстан Республикасы Сырты істер министрлігінен бекітілген кезекші ілеспе аудармашының болуын қамтамасыз етеді;

      7) Кеңсенің Үкімет отырысына немесе жұмыс кеңесіне шығарылатын мәселелерге жауапты құрылымдық бөлімшесі:

      ЭҚАБЖ жүйесі арқылы слайдтар мен басқа да ақпараттық материалдардың (А216 залында көрсетілетін слайдтарда jpeg, tiff форматтарындағы файлдар және солар тәріздес фотосурет сапасындағы графикалық форматтар болмауға тиіс) берілуін;

      белгіленген тәртіппен Үкімет отырысына тікелей "Үкімет үйі" ғимаратына шақырылған өзге адамдардың қатысуын;

      Үкімет отырысы, жұмыс кеңестері шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жоспарланып отырған сөз сөйлеуі туралы Өңірлік даму бөлімін хабардар етуді;

      материалдардың (анықтамалар, слайдтар, баяндамалар және т.б.) ЭҚАБЖ жүйесі арқылы электрондық түрде жоғарыда көрсетілген форматтарда ғана ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      8) "ҰАТ" АҚ бейнеконференцбайланыстың регламенттік іс-шараларының уақтылы және толық өткізілуін, сондай-ақ оның әзірлігін және байланыс сапасын тексеруді, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ және "ҰАТ" АҚ резервтік байланыс арналарына ауысқан кезде де тексеруді қамтамасыз етеді.

      85. Үкімет отырыстарының залын техникалық дайындауды (бейнеконференцбайланыс пен селекторлық байланысты, дыбыс күшейткішті, дыбысжазбаны және микрофондарды, қосу желілерін, электрондық дауыс беру жүйесі мен пульттерін, дауыс берудің аппараттық-бағдарламалық кешендерімен интеграцияланған конференц-жүйені, дыбыс күшейту және отырыстар залын дыбыстандыру, ілеспе аударма және стенография жүйесін, сондай-ақ бейнепроекторды, ұжымдық пайдаланылатын ақпаратты көрсету құралын (экранды), ақпараттық жүйелер мен жұмыс орындарын (Үкімет мүшелерінің компьютерлерін, ақпараттық материалдардың (слайдтардың) берілген форматта таныстыруға және көрсетуге әзір болуын, залды тиісінше жарықтандыруды және кондиционерлеуді, жазу керек-жарақтарын) БҚҚБ бақылауымен "ӘҒД" РМК мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы "Инженерлік-техникалық орталық" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ИТО" АҚ) мамандары жүзеге асырады.

      Отырыстар залын техникалық дайындау нәтижелері бойынша "ӘҒД" РМК жауапты маманы "ИТО" АҚ маманының, сондай-ақ техникалық дайындауды жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың қатысуымен отырыс басталғанға дейін 30 минут қалғанда Үкімет отырыстарын, Премьер-Министр мен оның орынбасарларында өтетін кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі техникалық регламентте көзделген тиісті техникалық актіні ресімдеп, қол қояды.

      Отырыстар залындағы барлық жүйелер мен жабдықтардың техникалық даярлығы, әзірлігі, сапасы мен үзіліссіз жұмыс істеуі үшін жауапкершілік "ӘҒД" РМК мен "ИТО" АҚ басшылығына жүктеледі.

      86. Үкімет отырысында қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет отырысына шақырылғандардың тізімін айқындау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган электрондық құжаттар нысанында отырысқа дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей, ал таныстырылымдардың электрондық нұсқаларын отырыс болатын күннің алдындағы 2 (екі) күннен кешіктірмей енгізеді.

      87. Үкімет отырыстары Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқаратын адамның тапсырмасы бойынша жедел тәртіппен өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі және Үкімет отырысына қатысушыларға "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы тікелей отырыс үстінде жеткізілуі мүмкін, бұл ретте материалдардың мазмұны мен дайындалу сапасына қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болады.

      88. Кеңседе материалдардың уақтылы енгізілуін бақылау үшін Үкімет отырысында қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше жауапты болып табылады.

      89. Үкімет отырысына материалдар уақтылы ұсынылмаған, сондай-ақ олар толық емес көлемде және сапасыз пысықталған түрде ұсынылған жағдайда, Премьер-Министр не онымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

      90. Үкімет отырысында қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілетін хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, Microsoft Power Point форматындағы таныстырылымдарды (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп мөлшері 20-дан кем емес, визуалды ақпаратты көрсетудің 16:9 форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар), ақпараттық (талдамалық) баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын), қатысушылардың тізімін және Үкімет отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуға тиіс.

      Қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары болған жағдайда, олардың іске асырылу барысы туралы тиісті ақпарат слайдтарда, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларында көрініс табады.

      Әкімдердің және өңірлердің басқа да өкілдерінің баяндамаларын Өңірлік даму бөлімі Үкімет отырысының алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

      Үкімет отырысын және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында не Кеңсе Басшысында өтетін кеңестерді, оның ішінде консультативтік-кеңесші органдардың кеңестерін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі өткізілетін күні міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) материалдар, қатысушылардың тізімі және басқа да материалдар), хаттамалық шешімді (қол қойылған күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде) ЭҚАБЖ әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) "Инфопанель" қосымша парағында (жабық режимде өткізілетін отырыстар мен кеңестерге дайындалатын материалдарды қоспағанда) орналастырады.

      91. Қаралатын мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер материалдарды талдауды жүргізеді, сондай-ақ аталған құжаттарды ескере отырып, шақырылатын адамдардың тізімін дайындайды, жүргізу тәртібінің жобасы бойынша ұсыныстар және қажет болған кезде материалдар бойынша анықтама жасайды және егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Үкімет отырысының алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей Кеңсе Басшысының қарауына енгізеді.

      БҚҚБ-ға "Мобильді кеңсе" АЖ-ға жіберу үшін материалдар Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін ғана тапсырылады.

      БҚҚБ Үкімет отырысына тиісті материалдарды, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзімді белгілемеген болса, Кеңсе Басшысымен келісілгеннен кейін Үкімет отырысының алдындағы күні сағат 15.00-ден кешіктірмей "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы жібереді.

      92. Жүргізу тәртібінің жобасы, материалдар бойынша анықтама, егер Кеңсе Басшысы өзге мерзім белгілемеген болса, отырысқа дейін кемінде күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей, қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшемен, Кеңсе Басшысымен келісіледі.

      93. Кеңсе Басшысымен келісілген және тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы виза қойған электрондық ақпарат жеткізгіштердегі Үкімет отырысына материалдарды БҚҚБ отырыс алдындағы күні сағат 16.00-ге дейін Хатшылыққа ұсынады.

      94. Үкімет отырысына шақырылғандар тізімінің түпкілікті нұсқасын жасау үшін БҚҚБ отырыс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін шақырылғандардың тізімін нақтылайды.

      Үкімет отырыстарына қатысатын мемлекеттік органдар отырыс алдындағы күні сағат 12.00-ге дейін өздерінің қатысатынын "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы растайды не БҚҚБ-ға өзгерістер туралы хабарлайды.

      95. Отырысқа қатысушылардың құрамындағы барлық өзгерістер туралы Кеңсе Басшысына баяндалады. БҚҚБ анықтама жасайды, онда Үкімет отырысының кворумы және болмау себептерін көрсете отырып, қатыспайтын Үкімет мүшелерінің тізімі айқындалады. Өңірлік даму бөлімі жергілікті атқарушы органдар басшыларының болмау себептері туралы ақпараты бар ұқсас ақпаратты БҚҚБ-ға ұсынады.

      96. Үкімет отырысына шақырылғандардың түпкілікті тізіміне Кеңсе Басшысы қол қояды.

      97. БҚҚБ шақырылғандар тізімінің Кеңес Басшысы қол қойған түпкілікті нұсқасын отырыстың алдындағы күні көбейтіп таратады:

      1) отырғызуды жүзеге асыру үшін бір данасын Сыртқы байланыстар және протокол бөліміне береді;

      2) нөмірлік мөртаңба қойылғаннан кейін бір данасын Премьер-Министрдің күзет қызметіне және үш данасын әкімшілік ғимараттың күзетіне береді;

      3) басқа даналарын Премьер-Министрдің (түпнұсқа) және Кеңсе Басшысының атаулы папкаларына салады және көрсетілген папкаларға салу үшін тиісінше Хатшылыққа және Кеңсе Басшысының көмекшісіне береді, тікелей Үкімет отырысының алдында БҚҚБ Кеңсе Басшысына кворум туралы баяндайды.

      98. Әдетте, Үкімет отырыстарының дыбысжазбасы жүргізіледі. Қажет болған кезде, жабық мәселелерді қоспағанда, Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша отырыстың бейнежазбасы жүргізілуі мүмкін.

      Хаттаманың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында отырыс барысында БҚҚБ қызметкері баяндамашылар мен сөз сөйлеушілердің тегін, Үкімет мүшелері және қатысушылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды жұмыс бабында жазуды, сондай-ақ отырыс фонограммасының (стенограммасының) толық жазылуымен (егер мұндай жүргізілсе) салыстырып тексерілетін талқыланатын мәселелер бойынша төрағалық етуші берген тапсырмаларды есепке алуды жүргізеді.

      99. БҚҚБ ілеспе аударма (мемлекеттік және орыс тілдері) үшін жауапты болып табылады. Шетелдік азаматтардың баяндамаларын тыңдау не олар қатысқан кезде Сыртқы байланыстар бөлімі ілеспе аудармашымен қамтамасыз етеді, Өңірлік даму бөлімі жергілікті жерде аудармашымен қамтамасыз ету үшін бұл туралы әкімдер мен өңірлердің басқа өкілдеріне хабарлайды.

      100. Баяндамашылар таныстырылымдарының (слайдтарының) көрсетілуін тексеруді құзыретіне таныстырылатын мәселелер кіретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет отырысы өткізілер алдындағы күні Кеңсенің қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен, баяндамашы мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.

      101. Үкімет отырысына қатысушыларды тіркеуді БҚҚБ жүзеге асырады.

      102. Үкімет отырысына қатысушыларды тіркеу отырыс басталғанға дейін кемінде 30 минут бұрын, ал кеңейтілген отырыстарда – отырыс басталғанға дейін 1 сағат бұрын басталады.

      103. Үкімет отырысына қатысушыларды тіркеу, әдетте, отырыс басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Үкімет отырысына қатысып отырғандардың, сондай-ақ кешігіп келгендердің тізімін БҚҚБ Кеңсе Басшысына баяндап, Үкімет отырысына іс жүзінде келген уақытын көрсетеді.

      104. Үкімет мүшелері, ұлттық басқарушы холдингтердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, баяндамашылар келмеген жағдайда, БҚҚБ-ның тіркеуді жүзеге асыратын қызметкері келмеген қатысушының көмекшісімен немесе қабылдау бөлмесінің қызметкерімен дереу хабарласады, келмей қалу себебін нақтылайды.

      105. Тіркеу аяқталғаннан кейін Үкімет отырысына іс жүзінде қатысатындардың тізімі және Үкімет отырысының кворумы айқындалған түпкілікті анықтама мен болмаған Үкімет мүшелерінің тізімі Кеңсе Басшысына себептерін көрсете отырып беріледі.

      106. БҚҚБ тиісті материалдармен бірге күн тәртібін Кеңсе Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын сақтай отырып, Үкімет мүшелерінің және басқа да лауазымды адамдардың мобильді құрылғыларына "Мобильді кеңсе" АЖ арқылы жібереді.

      107. Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы мұқабаларда реттік нөмірлері көрсетіліп, атаулы папкаларға жинақталады және отырысқа дейін 1 (бір) күн қалғанда тиісінше Хатшылыққа және Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне беріледі.

      Материалдарға қосымша Премьер-Министрдің және Кеңсе Басшысының папкаларына қаралатын мәселелер (бар болса) құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелердің анықтамалары, сондай-ақ жүргізу тәртібі қоса салынады.

      БҚҚБ Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысы үшін Үкімет отырысының материалдарын жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет отырысында қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше Кеңсе Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Кеңсе Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет отырысын жүргізу тәртібінің жобасын, сондай-ақ Үкімет отырысының қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және отырысқа дейін күнтізбелік 3 (үш) күн қалғанда Хатшылыққа береді.

      БҚҚБ Үкімет отырысына шақырылғандардың жалпы тізімдерін жасайды, оларға Кеңсе Басшысы қол қояды.

      108. Куверттік карточкаларды қоюды және отырысқа қатысушыларды отырғызуды Кеңсенің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі жүзеге асырады.

      109. Үкімет отырыстарында Премьер-Министр, ол болмағанда – Премьер-Министр белгілеген тәртіппен Премьер-Министрдің орынбасары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы төрағалық етеді.

      110. Отырыстарға Қазақстан Республикасының Президенті қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.

      111. Үкімет отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.

      112. Егер Үкімет отырысына Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды болып есептеледі. Үкімет мүшелері Үкімет отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      113. Қаулы жобаларын қарау отырыстың күн тәртібіне енгізіледі және осы Нұсқаулықта көрсетілген тәртіпке сәйкес Үкімет мүшелерінің назарына жеткізіледі.

      114. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.

      115. Үкімет қаулыларының жобалары бойынша, әдетте, электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, электрондық дауыс беру жүргізіледі және Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін көрсете отырып, хаттамалық шешім қабылданады.

      116. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      117. Үкімет отырысының барысында Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесінің қатысып отырған қызметкері не осы құрылымдық бөлімшенің басшысы хаттамалық жазбалар жүргізеді.

      118. Үкімет отырысында қабылданған шешімдер белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып хаттамамен ресімделеді, ол талқыланған мәселелердің атауы, баяндамашылардың тегі және қабылданған шешімдер көрсетіле отырып, қысқаша жасалады.

      119. Үкімет отырысының фонограммасын толық жазуды және оларды басып шығаруды "ӘҒД" РМК отырыстан кейінгі күні сағат 12.00-ден кешіктірмей жүзеге асырады.

      Басып шығарылған фонограмма (стенограмма) қажет болса көбейтіп таратылады және БҚҚБ мәселелері Үкімет отырысында қаралған құрылымдық бөлімшелерге береді.

      120. Хаттамалар Үкімет отырысының стенограммасы мен жауапты құрылымдық бөлімшенің қысқаша жазбасы негізінде және соған сәйкес дайындалады.

      121. Үкімет отырысында қаралған мәселелер құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелер құрылымдық бөлімшелер басшыларының ЭЦҚ арқылы келісілген хаттамалық шешімнің жобасын дайындайды және Үкімет отырысынан кейінгі күні сағат 18.00-ден кешіктірмей БҚҚБ-ға береді.

      122. БҚҚБ Үкімет отырысының хаттамасын белгіленген үлгідегі бланкіге сәйкес келетін электрондық құжаттың шаблонын пайдалана отырып жасайды, оны орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Пемьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы ЭҚАБЖ арқылы келіседі және отырыстан кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

      Заң бөлімі хаттамалық шешімнің жобасын түскенінен кейін бір күн мерзімде ЭЦҚ арқылы келіседі.

      123. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін БҚҚБ бір күн мерзімде Үкімет мүшелеріне және хаттамада тапсырмалар берілген адресаттарға өздеріне қатысты бөлікте хаттамадан электрондық түрдегі үзінді дайындайды, тиісті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары бойынша хаттамалық тапсырмаларды бақылауға қоюды және оларды таратуды жүзеге асырады.

      МО БКО-ға қосылған электрондық құжат айналымы жүйесі жоқ адресаттарға хаттамадан қағаз түрдегі үзінді дайындалып, жіберіледі.

      124. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өтетін кеңеске материалдарды, оның ішінде шақырылғандардың тізімін, кеңесті жүргізу тәртібін, хаттама жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.

      Кеңесті ұйымдастыруға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында кеңестің өткізілетіні туралы телефонограммаларды жіберуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымы болған жағдайда, кеңес өткізуге бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізудің қажеттілігі туралы негіздемемен бірге бірыңғай ұстанымның болуын растайтын мемлекеттік органдардың хаттары қоса берілген электрондық түрдегі хат енгізеді.

      Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған мәселе бойынша мемлекеттік органдарда бірыңғай ұстаным болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасы, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасы және мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары қоса берілген, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізудің қажеттілігі туралы дәлелді негіздемелері бар электрондық түрдегі тиісті хат енгізіледі.

      Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.

      125. Мемлекеттік органдар кеңестерге материалдарды 3 (үш) жұмыс күні бұрын, Премьер-Министр не оның орынбасарлары басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына – 7 (жеті) жұмыс күні бұрын және мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын енгізеді.

      Материалдары осы тармақта белгіленген мерзімді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін отырыстың күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.

      Ұсынылатын кандидатуралар мен кеңестерге материалдардың сапасы үшін жауапкершілік мемлекеттік органның бірінші басшыларының жетекшілік ететін бағыттар бойынша орынбасарларына жүктеледі.

      Айрықша жағдайларда жоспарланып отырған кеңеске не консультативтік-кеңесші органдардың отырысына кандидатураны ауыстыру Үкімет пен Кеңсе басшылығымен келісу бойынша кеңес басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түріндегі хатты Кеңсеге жіберу арқылы жүргізіледі.

      126. Премьер-Министрдегі кеңеске шақырылғандардың тізімін Кеңсе Басшысы бекітеді.

      127. Премьер-Министрдің кеңестері мен кездесулеріне материалдар Хатшылыққа кеңес пен кездесу күнінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей жіберіледі. Шұғыл кеңес оны өткізу күні дайындалатын жағдайда, аталған мерзім қолданылмайды.

      128. Премьер-Министрдің орынбасарларында, Кеңсе басшылығында өтетін кеңеске материалдар тиісті қабылдау бөлмелеріне кеңестің алдындағы күні жіберіледі.

      129. Қатысушылардың кеңеске келуін, оларды тіркеуді Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді.

      130. Үкімет (Кеңсе) басшылығында өтетін кеңестер міндетті түрде хаттамаланады. Хаттамаларға хронологиялық тәртіппен (жыл басынан бері) іс номенклатурасына сәйкес есепке алу нөмірлері беріледі.

      131. Кеңесте жұмыс жазбаларын жүргізуді Кеңсенің мәселені дайындауға жауапты болып табылатын құрылымдық бөлімшесінің оған қатысып отырған қызметкері не төрағалық етуші айқындаған адам жүзеге асырады.

      132. Хаттаманы ресімдеуді, құқықтық сипаттағы мәселелер болса, Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзім көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей – Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі, консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ", "Бәйтерек" ҰБХ", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі (сырттай шешімдер), "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстарының хаттамалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей консультативтік-кеңесші органның хатшысы жүргізеді.

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ", "Бәйтерек" ҰБХ", "Kazakh Invest" ҰК" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесінің, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитетінің отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрге қол қоюға енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.

      Құрылымдық бөлімше Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде ресімдейді.

      Хаттама жобасын ресімдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электрондық құжат нысанында әзірленген жобада құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған бақылаудағы пункттердің нөмірлерін және оларды орындау мерзімдерін көрсетеді.

      БҚҚБ Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы Кеңсе Басшысын тоқсан сайын хабардар етеді.

      133. Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары міндетті түрде Кеңсе Басшысымен келісіледі.

      Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары құқықтық сипаттағы мәселелер болса, сондай-ақ Премьер-Министрдің, Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмалары бойынша Заң бөлімімен келісіледі.

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" және "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары да (сырттай шешімдері) міндетті түрде Заң бөлімімен келісілуге тиіс.

8-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрінің өкімдері жобаларының Премьер-Министр Кеңсесінде ресімделу және өту тәртібі

      134. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін қағаз және ЭҚАБЖ бойынша электрондық форматтарда (нысанда) қабылдайды және Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге береді.

      Мыналарға:

      1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;

      2) гуманитарлық көмек көрсетуге;

      3) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;

      4) Үкімет резервінен қаражат бөлуге бағытталған не республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімін өткізбей қабылданады және тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      Заң жобалары, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары, Премьер-Министрдің өкімдері, сондай-ақ пысықталғаннан кейін мемлекеттік органдар қайтадан енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, тікелей құрылымдық бөлімшелерге беріледі.

      135. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын мемлекеттік органдар Кеңсеге ағымдағы жылғы 20 (жиырмасыншы) желтоқсанға дейін енгізеді.

      Бұл ретте Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері көрсетілген мерзімге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын енгізілген Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 18 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.

      136. Жобаны енгізетін мемлекеттік органның өкілі жобаның түпнұсқасын БҚҚБ жауапты қызметкеріне ұсынады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      137. Үкімет қаулыларының жобалары түскен кезде тіркеу мөртабаны ілеспе хатқа қойылады.

      Кеңсеге енгізілетін қаулы жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын, заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Үкімет Регламентіне сәйкес әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми жүктелген адам не бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына жолданатын құжаттарға қол қоюға ресми уәкілеттік берген адам) әр парағын дәйектеуге тиіс.

      Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Үкімет қаулыларының жобалары тиісті жобалар мемлекеттік органның бірінші басшысы – Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келісілгеннен кейін ғана Кеңсеге енгізіледі.

      138. Кеңседе Заң бөлімі жобаны заң техникасы қағидаларының сақталуы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, БҚҚБ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы және Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала тексеруді ұйымдастырады.

      Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауапты болады.

      Алдын ала тексеру жүргізу мерзімі тиісті жобалар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      139. Үкімет қаулыларының жобаларын алдын ала тексеру нәтижелері туралы Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілері Кеңсе Басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды хабардар етеді.

      140. Тіркелген қаулылар жобаларының түпнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.

      Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.

      Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулы жобалары туралы баяндауының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) Үкімет отырысына шығарылсын;

      2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталып, Үкімет отырысына шығарылсын;

      3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.

      141. Жоба:

      1) жоба дауыс беруге шығарылғанға дейін кез келген негіздер бойынша Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің тапсырмалары мен хаттамасы негізінде;

      3) Кеңсе Басшысының шешімі бойынша пысықтауға қайтарылуы мүмкін.

      142. Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге келіп түскен күннен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін – 20 (жиырма) жұмыс күнінен (басым заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауға тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін –5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басым заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқаратын адам ұзартуы мүмкін.

      143. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда, олар Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 27 сәуiрдегi № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес енгізіледі.

      144. Кеңсе Басшысы түскен жобалар, жобаны Үкімет отырысына немесе Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығару туралы ұсыныстар, сондай-ақ алдын ала тексеру барысында анықталған жобаға ескертулер жөнінде Премьер-Министрді хабардар етеді.

      145. Үкімет отырысына шығару туралы шешім қабылданған жобалар Үкімет отырысына тиісті анықтама дайындау үшін Кеңсенің қаралатын жобалардың мәселелері құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

      146. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет отырысына шығарылатын жобалар бойынша:

      1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде бар болмашы, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заң техникасы бойынша ескертулерді ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қайта виза қояды, ал қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісіледі;

      Бұл ретте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы тұрғысынан қарау үшін БҚҚБ заң жобаларын Кеңсенің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы болған кезде қабылдайды;

      2) жобаларды тиісті елтаңбалық бланкіде, сондай-ақ жобаның ЭҚАБЖ-дағы жүйелік нөмірін жоба атауының жанындағы папканың арнайы басқы жолында көрсете отырып, электрондық құжат нысанында ресімдейді;

      3) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы дәйектегеннен кейін жобаларға (қағаз жеткізгіштерде және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), сондай-ақ Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) ЭЦҚ арқылы виза қояды.

      Заң жобаларын Парламентке жіберуді не оларды Парламенттен кері қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларын, сондай-ақ Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындыларын Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қосымша келіседі;

      4) жобаның пысықталған ережелерінің көлемі мен сипатын баяндай отырып, жоба бойынша анықтаманы Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады.

      Үкімет отырысы өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, толық дайындалған құжаттардың топтамасын БҚҚБ-ға ұсынады.

      Бұл ретте, құжаттар:

      1) Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының;

      2) Заң бөлімі мен БҚҚБ меңгерушілерінің;

      3) Премьер-Министр орынбасарының (міндеттерді бөлуге сәйкес) визаларын қамтуға тиіс.

      Егер жоба бойынша Кеңсе Басшысының тікелей тапсырмасы болмаса, БҚҚБ қаулы жобаларын Үкімет отырысының қарсаңында, яғни 1 (бір) жұмыс күні бұрын қабылдамайды.

      Үкімет отырысында Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен (және сырттай дауыс берумен) қабылданған қаулылардың жобалары бойынша кейіннен қаулы жобасын, оның ішінде электрондық құжат форматында Премьер-Министрге қол қоюға беру үшін дауыс беру қорытындылары туралы анықтамаға Кеңсе Басшысы бір күн мерзімде қол қояды.

      Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылуға тиіс.

      147. Үкімет қаулыларының жобалары электрондық және қағаз құжаттар топтамасын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы үшін жауапты БҚҚБ қызметкерлерімен, Кеңсенің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, Заң бөлімімен, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларымен (Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес), Кеңсе Басшысымен келісіледі және электрондық құжаттар нысанында қалыптастырылған Үкімет қаулыларының жобалары болған кезде ғана Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылады.

      148. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің Үкімет отырысына енгізілген жобалар бойынша ескертулері Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.

      149. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Жобаны сырттай дауыс беруге жіберу туралы Премьер-Министр немесе Кеңсе Басшысы қарарының тиісті жобасы Заң бөлімімен, сондай-ақ БҚҚБ-мен келісілуге тиіс.

      Кадрлық мәселелер, сондай-ақ ойық атыс және суық қарумен (қызметтік, жауынгерлік және азаматтық) наградтау мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қарар жобасын келісу талап етілмейді.

      150. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба (жоба бойынша материалдар) дауыс беруге таратылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімдерін қысқартуы мүмкін.

      151. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде дауыс беру болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады.

      152. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелері жалпы санының көпшілігі жобаның қабылдануына дауыс берсе, сырттай дауыс беру өтті деп саналады.

      153. Сырттай дауыс беру нәтижелері бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің орындаушылары бір жұмыс күні ішінде Үкімет қаулысының жобасы бойынша электрондық және қағаз құжат нысанында Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын және дауыс беру қорытындылары туралы анықтама жасайды.

      154. Жоба бойынша сырттай дауыс беруді ұйымдастыруды және өткізуді БҚҚБ жүзеге асырады.

      Кеңсе Басшысы қағаз жеткізгіштегі және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар форматындағы жобаларға тиісті тапсырмаға қол қояды, одан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері тиісті тапсырма жөнінде Үкімет мүшелеріне ЭҚАБЖ арқылы хабарлайды. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар фельдъегерлік немесе арнайы байланыс арқылы қағаз жеткізгіште жіберіледі.

      155. Үкімет қабылдаған жобаны БҚҚБ виза қоюды (келісуді) және қол қоюға ұсынуды қамтамасыз ету үшін құзыретіне қаралып отырған жобаның мәселелер жататын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте жобаға қаулы жобаларының Кеңседе келісу парағы (7-қосымша) қоса беріледі. Қаулылардың өтуінің әрбір кезеңінде келісу парағын толтыру Кеңсенің барлық құрылымдық бөлімшелерінде міндетті. Қаулылар жобаларын келісу парағы қаулы жобасына басқа материалдармен бірге істе болуға тиіс және алып тасталуға жатпайды.

      156. Қаулы мәтінінде оны жариялау қажеттілігіне нұсқау не қаулы бойынша Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының (олар болмаған кезде – тиісінше Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының міндетін атқаратын адамдардың) осы қаулыны жариялау туралы тапсырмасы болған жағдайда, орындаушы тарату көрсеткішіне Премьер-Министрдің Баспасөз қызметін қосуға міндетті, ол Үкімет Регламентіне сәйкес қаулылардың БАҚ-та уақтылы жариялануын және Үкіметтің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Баспасөз қызметі ай сайын Кеңсе Басшысын Үкімет қаулыларын жариялаудың жай-күйі туралы хабардар етеді.

      Тарату көрсеткішінің дұрыс ресімделуі, сондай-ақ оған қажетті лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың енгізілгені немесе енгізілмегені үшін жобаның Кеңседе өтуіне жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауапты болады.

      Орындаушы шығаруға толық дайын қаулының (өкімнің) түпнұсқасын жинақтап, сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін тапсырады, сондай-ақ Премьер-Министрдің ЭЦҚ қойылған қаулыны (өкімді) БҚҚБ-ның шығаруға жауапты қызметкеріне келісу парағында қол қойғызып ЭҚАБЖ арқылы береді.

      157. Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан немесе сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық құжат нысанында қол қоюға ұсынылуға тиіс.

      158. Кеңседе қаулылар мен өкімдердің барлық өту сатыларында олардың сапалы және уақтылы ресімделуіне қаралып отырған мәселе құзыретіне кіретін тиісті бөлімшенің басшысы жауапты болады.

      159. Премьер-Министр қол қойған барлық қосымшалары мен материалдары бар қаулының (өкімнің) түпнұсқасын орындаушы БҚҚБ-ға жобаның жүйелік нөмірін, түпнұсқа файлдарының атауын (ақпараттың байттағы көлемі туралы деректермен) көрсете отырып, арнайы мұқабада мынадай тәртіппен береді:

      1) барлық қажетті визалары мен қосымшалары бар қаулының (өкімнің) түпнұсқасы;

      2) құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткіші;

      3) Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері бойынша анықтама;

      4) жоба бойынша бөлімнің анықтамасы;

      5) мемлекеттік орган ұсынған барлық қосымшалары (қорытындылар, анықтама-негіздемелер, шешімдер және т.б.) бар қаулы (өкім) жобасы;

      6) қажет болған кезде мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін жүктеу туралы мөрмен расталған бұйрық көшірмесінің болуы.

      160. БҚҚБ орындаушыдан жобаны келісу анықтамасының тізбесінде көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдайды және олардың дұрыс ресімделуі мен болуын тексереді, істі түпкілікті жинақтайды.

      161. Істе барлық қажетті құжаттар болған және олар тиісінше орындалған кезде үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері бұл туралы БҚҚБ меңгерушісіне баяндайды, одан кейін Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) қол қойған жобаны тіркейді және оны көбейтіп таратуды, Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландыруды және Кеңсенің осы жобаны дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға жөнелту (беру) үшін іс жүргізу және архив секторына беруді қамтамасыз етеді. Жекелеген жағдайларда тарату көрсеткішіне сәйкес адресаттарға қаулылардан өздеріне қатысты бөлігіндегі үзінділер ғана жіберілуі мүмкін.

      162. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары адресаттарға көрсеткіш (тарату есебі) бойынша:

      1) Үкіметтің елтаңбалық мөрімен куәландырылған қағаз жеткізгіштердегі даналар түрінде Әділет министрлігіне және әзірлеуші мемлекеттік органға ғана жолданады;

      2) басқа мемлекеттік органдарға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана беріледі;

      3) БҚҚБ бақылау секторына "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері қағаз жеткізгіштерде беріледі, қалған Үкімет қаулылары ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында беріледі.

      Үкімет қаулыларының түпнұсқалары БҚҚБ-да қалады. Үкімет қаулысының түпнұсқасындағы Премьер-Министрдің қолтаңбасы елтаңбалық мөрмен расталады, бұл ретте елтаңбалық мөрдің бедері Премьер-Министрдің лауазымы атауының деректемелері мен жеке қолтаңбасын ішінара жабатындай қойылады.

      Үкімет қаулысын ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында қабылдаған мемлекеттік орган оны А4 форматындағы қағаз жеткізгіште басып шығарады, Үкіметтің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналым ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесін айқындау туралы мөртаңбамен растайды және белгіленген тәртіппен тіркейді.

      Кеңсе Әділет министрлігіне жолданған, ЭЦҚ-мен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін тарату кезінде аталған мәліметтерді автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.

      163. Үкімет қаулыларын таратқаннан кейін үкіметтік шешімдерді шығару секторының шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде даналар (тиражы) саны, жөнелту күні туралы белгілердің бар-жоғын тексереді, одан кейін істі ведомстволық архивке сақтауға орналастырады және ЭТБК дерекқорына есепке алу деректерін енгізеді.

      164. Үкімет актілерінің, Премьер-Министр өкімдерінің және Кеңсенің басқа да құжаттарының ресімделуін бақылауды БҚҚБ жүзеге асырады.

      165. Кеңсенің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қаулылар мен өкімдердің көшірмелерін өз бетінше түсіруге тыйым салынады.

      Қаулылар мен өкімдердің Үкіметтің елтаңбалық мөрінің ксерокөшірмесі бар көшірмелері жарамсыз.

      166. Қаулылардың (өкімдердің) түпнұсқалары танысу үшін Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқаратын адамның нұсқауы бойынша ғана БҚҚБ меңгерушісі арқылы ұсынылуы мүмкін.

      Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына сұрау салу және кері қайтару туралы мәліметтерді үкіметтік шешімдерді шығару секторының тиісті қызметкері есепке алу журналында тіркейді. Журнал нөмірленген, тігілген және парақтар саны көрсетіле отырып мөр қойылған, БҚҚБ қызметкерінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген болуға тиіс. Журналдың дұрыс толтырылуы және оның сақталуы үшін БҚҚБ меңгерушісі бекіткен міндеттерді бөлуге сәйкес үкіметтік шешімдерді шығару секторының қызметкері жауапты болады.

9-тарау. Қызметтік құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді және есепке алу нысандарын сақтау мен пайдалану қағидаларының орындалуы

      167. Кеңсе қызметкерлері құжаттармен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларымен жұмыс істеу жөнінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға, мемлекеттік және қызметтік құпияны, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жария етпеуге, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, жұмыс орнында қызметтік кабинеттерге бөгде адамдардың рұқсатсыз кіруі және олардың қызметтік құжаттармен танысуы, компьютерлерді, жазу машинкаларын, жазатын және көшіргіш қағазды, телефондарды және басқа да ұйымдастыру техникасы құралдарын пайдалану мүмкіндігін болдырмайтындай тәртіп сақтауға міндетті. Қызметтік кабинеттердің кілтін есіктің сыртқы құлпында қалдыруға тыйым салынады.

      Кеңсе құжаттарының көшірмелерін БҚҚБ меңгерушісінің рұқсатынсыз кімге болса да беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.

      Кеңсенің құжаттарын кімге болса да беруге және рұқсатсыз олардың көшірмелерін жасауға тыйым салынады.

      Құжаттардың, олардағы қызметтік ақпараттың сақталуы үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен іс жүргізушілері жауапты болады.

      Құжаттарды жоғалтқаны, олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны, қызметтік ақпаратты жария еткені үшін кінәлі адамдар тиісті жауапкершілікке тартылады.

      168. БҚҚБ Премьер-Министр берген өкілеттіктер сертификаттары көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Сертификаттардың көшірмелері оларға қол қойылған күні бойынша жеке топтастырылады және құпия іс жүргізу секторында сақталады.

      169. Елтаңбалық мөрлерді сақтау және қолдану тәртібі Үкіметтің жеке қаулысында белгіленеді.

      170. Кеңсе бланкілері құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының өтінімдері бойынша, ал Кеңсе Басшысының бұйрықтары мен іссапар куәліктерінің бланкілері – Кеңсе Басшылығы Хатшылығының тапсырысы бойынша типографиялық тәсілмен дайындалады.

      Қаулылардың, өкімдердің және хаттардың бланкілері типографиялық тәсілмен нөмірленеді.

      Бланкілерді есепке алу және Кеңсе бөлімшелеріне беру құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторына жүктеледі.

      171. Құжаттарды жоғалтқаны, қызметтік ақпаратты жария еткені, құжаттармен жұмыс істеу қағидаларын және осы Нұсқаулықтың басқа да ережелерін бұзғаны үшін Кеңсе қызметкерлері қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады.

10-тарау. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасау

      172. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары бар құжаттардың көшірмелерін және "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жататын мәліметтерді қамтитын басқа құжаттарды, басқа да қатаң есептілік бланкілерін, кеңестерге материалдарды (көшірмелерді), қолжазба материалдарды және жедел сақтау мерзімі, бірақ кемінде 1 (жыл) өткеннен кейін іріктелген өзге де құжаттарды (оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мәлімет үшін түскен және тіркеусіз қабылданған хаттарының түпнұсқаларын) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді (осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) жасай отырып, жоюға жинақтайды. Актілер жасалғаннан кейін БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісіледі.

      Елтаңбалық бланкілердің бүлінген және/немесе ескірген тізбелерін қамтитын актілер БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілуге жатады.

      173. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті (осы Нұсқаулыққа 11-қосымша) екі данада жасалады. Актілер бекітілгеннен кейін БҚҚБ-ға есепке алу үшін беріледі.

      174. Осы Нұсқаулықтың 166-тармағында көрсетілген құжаттар БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілген құжаттарды жоюға бөлу туралы акті бекітілгеннен кейін ғана жойылуға жатады. Қарап тексеруден кейін іріктелген құжаттар шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда ұсақтау немесе жағу арқылы жойылуы мүмкін.

      175. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне осы Нұсқаулықтың 166-тармағында көрсетілген құжаттар мен басқа материалдарды осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен актіні ресімдемей, тұтас түрде жоюға тапсыруға тыйым салынады.

      176. Осы Нұсқаулықтың 166-тармағында көрсетілген құжаттар және басқа, оның ішінде анықтамалық және қолжазба құжаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде тіркеуге және сақтауға жауапты адамның қатысуымен шредерлік (қағаз кесетін) машиналарды пайдалана отырып ұсақтау немесе қажет болған жағдайда оларды жағу арқылы жойылады.

      Шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда әрбір фрагменті 2,5 ш. мм-ден аспайтын фрагменттерге кесілген (ұсақталған) немесе жағылған құжаттар кепілді түрде жойылған болып саналады.

      Бұл ретте жоюға іріктелген "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттар немесе істер міндетті түрде мәтінді оқу мүмкіндігін болдырмайтындай дәрежеде ұсақталуға тиіс.

      177. Жоюға іріктелген "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттар, істер және басылымдар жеке актімен ресімделуі немесе жоюға іріктелген құпия емес құжаттармен бірге жалпы актіге (осы Нұсқаулыққа 11-қосымша) енгізілуі мүмкін. Бұл ретте актінің 2-бағанында істің (құжаттың) тақырыбынан кейін "ҚБП" деген белгі қойылады.

      178. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар істер жойылғаннан кейін тіркеу есепке алу нысандарында "Жойылды. № акті (күні)" деген белгі қойылады.

11-тарау. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде істер мен құжаттарды қабылдап алу, беру, құжаттарды бір бөлімшеден екіншісіне беру

      179. Кеңсе қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының нұсқауы бойынша өзінің орындауындағы барлық істер мен құжаттарды, жинақталған анықтамалық материалдарды осы бөлімшенің басқа қызметкеріне береді.

      Бұл жағдайда құжаттарды беретін қызметкер екі данада қызметтік істерді қабылдап алу-беру туралы акті жасайды, онда берілетін құжаттар көрсетіледі және беру күні шешілмеген мәселелердің орындалу жай-күйі сипатталады. Актінің екі данасына да құжаттарды беретін және қабылдап алатын қызметкерлер қол қояды және құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді. Бір данасы БҚҚБ архивіне (бұдан әрі – архив) сақтауға беріледі, ал екінші данасы Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің құжаттарын есепке алуға және сақтауға жауапты адамда қалады.

      Актінің негізінде осы құрылымдық бөлімшенің қызметкері ЭТБК-да құжаттарды басқа қызметкерге беру туралы белгі қояды.

      180. Құрылымдық бөлімшенің қабылдау бөлмесінің қызметкері жұмысынан босаған немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде өзіндегі барлық құжаттарды, оның ішінде істерді, картотеканы, өзге де қызметтік құжаттарды екі данада жасалған акті бойынша жаңадан тағайындалған қызметкерге (немесе бөлім меңгерушісінің нұсқауы бойынша басқа адамға) береді. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен актінің бір данасы архивте сақтау үшін БҚҚБ-ға беріледі.

      181. Қызметкер демалысқа шыққан, сырқаттануы бойынша немесе ұзақ іссапарға шыққан кезде өзінің орындауындағы қызметтік құжаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі басшысының не оның орынбасарының нұсқауы бойынша басқа қызметкерге дереу беріледі. Осы бөлімшенің қызметкері ЭТБК-да құжаттардың берілгені туралы белгі қояды. Егер қызметкер оралғаннан кейін құжаттар орындалмай қалса, олар карточкаларға тиісті белгі қойыла отырып, өзіне қайтадан беріледі.

      182. Құжаттарды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру былайша жүзеге асырылуға тиіс:

      Үкімет немесе Кеңсе басшылығының қарары болмаған жағдайда – құрылымдық бөлімшелер басшыларының (олардың орынбасарларының) уағдаласуы бойынша;

      құжатқа Үкімет немесе Кеңсе басшылығының Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінің атына тапсырмасы бар қарары болған жағдайда, мұндай құжаттарды Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауы негізінде ғана іс жүргізу және архив секторы арқылы басқа бөлімшеге орындауға беру мүмкін болады.

12-тарау. Істер номенклатурасын жасау және құжаттарды істерге жинақтау

      183. Істер номенклатурасы орындалған құжаттарды жинақтау және жүйелеу, істерді Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері мен архивте сақтау, есепке алу мерзімдерін айқындау үшін қызмет етеді.

      Істер номенклатурасына енгізілген істердің тақырыптары жұмыстың мазмұнын көрсетуге тиіс, ол бойынша құжаттар олардың түрлері (қаулылар, өкімдер, хаттамалар, жоспарлар, есептер, хат алмасулар және басқалары) көрсетіле отырып, істерге топтастырылады.

      Жыл сайын (желтоқсанда) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі істер номенклатурасы нақтыланады және архивпен келісіледі. Осы номенклатураның негізінде Кеңсе істерінің жиынтық номенклатурасы жасалып, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивімен, егер функциялар мен құрылымда тұжырымдамалық өзгерістер болмаса, кемінде 5 жылда бір рет келісіледі. Істер номенклатурасын Кеңсе Басшысы бекітеді және ол келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қажетті өзгерістер "ЭҚАБЖ істерінің номенклатурасы" анықтамалығына да енгізіледі.

13-тарау. Ағымдағы іс жүргізуде құжаттарды істерге жинақтау

      184. Істің нөмірі Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің индексі мен істің номенклатура бойынша нөмірінен тұрады (мысалы, № 5-8, мұндағы 5 – құрылымдық бөлімшенің индексі, 8 – номенклатура бойынша істің нөмірі).

      185. Істерді жинақтауда Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы архивтерін жүргізуге жауапты қызметкерлері істер номенклатурасына сәйкес жүзеге асырады. Құжаттардың мазмұны істер номенклатурасы бойынша істің тақырыбына сәйкес келуге тиіс. Іске қажетсіз қолжазбаларды, көбейтілген көшірмелерді және т.с.с. қосуға жол берілмейді.

      Іске шешілген мәселелер бойынша құжаттар тігіледі, бұл ретте құжаттардың болуы, сондай-ақ олардың ресімделуінің дұрыстығы (қолтаңбалар, күні, тіркеу нөмірлері, визалар, қосымшалар, қарарлар, орындалғаны және "Іске" жіберілгені туралы белгілер) карточкамен салыстырып тексеріледі. Орындалмаған және дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыға қайтарылады.

      Іске, әдетте, бір күнтізбелік жылдың құжаттары енгізіледі.

      Ағымдағы жылы қойылған мәселелерді шешу келесі жылғы іс жүргізумен аяқталған жағдайда, құжаттар индексі сақтала отырып, олар шешілген жылдың істеріне тігіледі.

      Тұрақты және уақытша сақталатын құжаттар жеке істерге топтастырылады.

      Әр іс көп дегенде 180 парақты қамтуға тиіс. Егер істе құжаттар көп болса, онда олар томдарға (бөліктерге) бөлінеді.

      Әрбір том парақтары дербес нөмірленген жеке істі білдіреді. Барлық томдағы тақырып бірыңғай болуға тиіс, осы томның ерекшеліктері ғана қосымша көрсетіледі.

      Істің тақырыбы қысқа, жалпыланған нысанда іс құжаттарының негізгі мазмұны мен құрамын көрсетуге тиіс.

      186. Бір мәселе бойынша құжаттар істерге мынадай тәртіппен жинақталады:

      мәселенің туындауына негіз болған құжат;

      мәселе шешілген құжат;

      аталған мәселені шешуді негіздейтін қорытындылар, анықтамалар және басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен немесе қисынды реттілікпен).

      Сақтау мерзімдері тұрақты және уақытша құжаттары бар істі архивке тапсыруға дайындау кезінде ол мынадай тәртіппен қайта жинақталады: күнтізбелік жылы соңғы болып түскен құжат істің соңында, ал күнтізбелік жылдың бірінші құжаты – бірінші болуға тиіс.

      Кеңес хаттамаларына құжаттар мен материалдар әрбір хаттамаға жинақталады. Кеңестерге тиісті құжаттар мен материалдар болмаған кезде хаттамаға қабылданған (түскен) ақпарат қоса беріледі.

      Үкімет отырыстарына хаттамаларға құжаттарды жинақтау

      187. Үкімет отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары істерге жеке жинақталады және хронологиялық тәртіппен нөмірлері бойынша орналастырылады.

14-тарау. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне құжаттарды жинақтау

      188. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары істерге бөлек жинақталады. Әр томға мазмұны жасалады.

      189. Орындаушы үкіметтік шешімдерді шығару секторына аталған қаулыны немесе өкімді шығаруға негіз болған барлық құжатты: шешім жобасын, келіспеушіліктер хаттамасын, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамаларын және басқа да қажетті құжаттарды (қорытындыларды, ұсыныстарды, хаттамалық шешімдерді, басшылық қарарларын, министрліктердің қорытындыларын, мәліметтерді және т.с.с.) беруге міндетті.

      190. Қаулылар мен өкімдерге құжаттар істерге айлар бойынша жинақталады.

      Істің ішінде құжаттар қаулылар мен өкімдердің нөмірлері ретімен орналастырылады.

      Әрбір қаулыға (өкімге) құжаттар арнайы мұқабаға мынадай тәртіппен салынады: қаулының (өкімнің) бақылау данасы, оларға қосымшалар, әзірлеушінің түсіндірме жазбасы, тарату көрсеткіші, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің анықтамалары, барлық қосымшасымен және визалармен қоса жоба мен оның нұсқалары, қорытындылар және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің өзге де анықтамалары (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).

      Әр іске мазмұны жасалады.

15-тарау. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі құжаттарды жинақтау

      191. Бақылау жасалатын актілерге, қаулыларға, өкімдерге істер номенклатурасына сәйкес бақылаудағы жинақтаушы папкалар (істер) жүргізіледі.

      Ондағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:

      бақылаудағы актінің, қаулының, өкімнің көшірмесі;

      бақылаудан алу туралы анықтама (бақыланатын құжаттан кейін тігіледі);

      жекелеген тармақтардың орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).

      192. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Үкімет қаулыларын, Премьер-Министр өкімдерін орындау жөніндегі құжаттарды қамтитын істер ауыспалы болуы мүмкін және олар толық шешілгенге және бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуға тиіс, одан кейін архивке беріледі.

16-тарау. Құжаттарды дайындау және бөлімдерден архивке беру

      193. Архив Кеңсе қызметінде пайда болатын іс жүргізілуі аяқталған барлық құжаттарды және тұрақты, сол сияқты уақытша сақталатын істерді қабылдайды, есепке алады және сақтайды.

      194. Өткен жыл ішінде іс жүргізілуі аяқталған істер Кеңсе Басшысы бекіткен кесте бойынша келесі жылдың сәуірінен бастап қарашасына дейін архивке қабылданады. Істерді тапсыруды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердегі ағымдағы архивтерді жүргізуге жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

      Құжаттардың түпнұсқалары табылмаған жағдайда, орындаушы Кеңсе Басшысына баяндау үшін құрылымдық бөлімшенің басшысы және орындаушы қол қойған анықтама жасайды.

      195. Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, осы бөлімшенің қызметкері ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезден бастап екі айдың ішінде барлық қолда бар құжатты істерге жинақтайды, істерді ресімдейді және сақтау мерзімдеріне қарамастан архивке береді.

      196. Құжаттарға тіркеу-бақылау карточкаларының даналары БҚҚБ-ның және тиісті орындаушы (бірлесіп орындаушы) құрылымдық бөлімшелердің жедел сақтауында болады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады.

      197. Архивтік сақтаудағы құжаттар қажет болған кезде БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның міндетін атқаратын адамның рұқсатымен архивтeн құрылымдық бөлімшелерге уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.

      198. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері істерді архивке тапсырар алдында мынадай дайындық жұмысын орындайды:

      карточкаларды, электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкалары дерекқорының есепке алу деректерін әрбір іс бойынша құжаттардың (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың (сақтау бірлігі – электрондық құжат) іс жүзінде болуымен салыстырып тексеру;

      басқа ұйымдарға түпнұсқада жіберілген, келесі жылы орындауға өтетін, бөлімшеде басшылыққа алу үшін қалған және т.с.с. құжаттарды карточкалар бойынша салыстырып тексеру;

      құжаттардың осы іске дұрыс тігілуін (құжаттар мазмұнының іс номенклатурасы бойынша тақырыпқа сәйкес келуін) тексеру;

      артық даналарды, керексіз қолжазбаларды алып тастау (құжаттар тігілгенге дейін қыстырғыштар алынбайды).

      199. Тұрақты сақталатын істер және жеке құрам жөніндегі құжаттар қатты мұқабаға (8-қосымша) тігіліп, металл қыстырғыштар алып тасталады, парақтар оң жоғарғы жағында қара графит қаламмен мәтінге тигізілмей нөмірленеді, ішкі тізімдеме (9-қосымша) жасалады. Ішкі тізімдеме оларды сақтау мерзіміне қарамастан, "Ескертпе" деген бағанда тиісті негіздемелерге (актілерге, қызметтік жазбаларға) сілтемемен жоқ құжаттар көрсетіле отырып, барлық істе жасалады.

      Істің соңында қызметкер санмен және жазбаша істегі парақтардың саны көрсетілетін куәландыру жазбасын (10-қосымша) ресімдейді.

      200. Тұрақты сақталатын істердің мұқабаларындағы барлық жазба қара сиямен немесе қара тушьпен анық жазылады.

      201. Уақытша сақталатын құжаттары бар істер тігілмейді, тігінділерде қалдырылады, олардағы парақтар нөмірленбейді.

      202. Архив қызметкерлері құжаттардың істерге жинақталуын тақырыпшасы мен сақталу мерзімдері бойынша тексереді.

      Архив істерді Кеңсенің осы құрылымдық бөлімшесінің істері номенклатурасының жылдық бөлімдері бойынша қабылдайды, онда тұрақты және уақытша сақтауға қабылданған істер саны туралы белгі қойылады.

      Осы Нұсқаулықты бұза отырып ресімделген істер қайта ресімдеу үшін Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесіне қайтарылады.

      203. Құжаттарды Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінен архивке қабылдап алу және тапсыру осы бөлімшенің басшысы мен қызметкері және архивтің меңгерушісі қол қойған актімен (12-қосымша) ресімделеді. Істердің бекітілген номенклатурасына архив осы бөлімше бойынша қабылданған істер саны туралы белгі қояды.

      Архив қызметкерлері құжаттарды өңдеуді жүргізеді, сақталатын істердің құрамы мен мазмұнын ашатын тізімдеме жасайды.

      204. Архивтік құжаттардың архивте сақталуына жауапкершілік архив меңгерушісіне жүктеледі.

      Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды архивтік істерден алып қоюға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы архивтегі құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік архивте және 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Орталық мемлекеттік архив, Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві басшылығының жазбаша өтінішхатының негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде Кеңсенің ағымдағы архивінен құжаттар өтінім негізінде (14-қосымша) тиісті журналға белгі қойыла отырып, БҚҚБ меңгерушісінің рұқсатымен ғана 10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.

      205. Архив қызметкеріне архивтік құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне белгіленген мерзімде мемлекеттік сақтауға дайындау және тапсыру жүктеледі.

      206. Архив мекемелерге, сол сияқты жекелеген азаматтарға Үкіметтің архивтік құжаттары бойынша анықтамаларды олардың жазбаша өтініші негізінде ғана Кеңсе Басшысының рұқсатымен береді.

      207. БҚҚБ тұрақты жұмыс істейтін, архивтік құжаттық материалдарды тұрақты, уақытша сақтауға немесе жоюға түпкілікті іріктеу жүргізетін Сараптама комиссиясын құрады.

17-тарау. Машинамен жазу, көшіру-көбейту жұмыстары және диктофон жазбасы

      208. Кеңсе Басшылығының құжаттарын басуды, Үкімет отырыстарының фонограммаларын толық жазуды және оларды басып шығаруды жедел басқарылуын БҚҚБ жүзеге асыратын "ӘҒД" РМК-ның компьютерлік-диктофондық бюросы (бұдан әрі – компьютерлік-диктофондық бюро) қамтамасыз етеді. Қалған барлық машинамен жазу жұмыстарын Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өз бетінше орындайды.

      Компьютерлік-диктофондық бюрода қызметтік қажеттілікке байланысты өзге де құжаттарды басуға жол беріледі, ол БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Құпия құжаттар компьютерлік-диктофондық бюроға құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы арқылы беріледі.

      209. Компьютерлік-диктофондық бюроға басу үшін берілетін қолжазбалар орфографиялық ережелер сақтала отырып, анық жазылған болуға тиіс. Ұқыпсыз және түсініксіз жазылған қолжазба немесе қарындашпен түзетілген құжаттар басуға қабылданбайды.

      210. Құжаттарды басу кезінде пайдаланылған нөмірлері бар бланкілер арнайы журналда есепке алынады, онда бланкінің нөмірі, орындаушының тегі, басылған күні көрсетіледі.

      211. Құжаттардың ксерокөшірмесін жасау "ӘҒД" РМК-ның көшіру-көбейту бюросында (бұдан әрі – көшіру-көбейту бюросы) Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттардың ксерокөшірмесін жасау тәртібіне (13-қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.

      Құпия құжаттарды БҚҚБ меңгерушісінің немесе оның орынбасарларының рұқсатымен құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының қызметкерлері ғана ксерокөшірме жасауға береді.

      212. Үкімет отырыстарының, Үкімет пен Кеңсенің Басшылығында өткен кеңестердің фонограммаларын жазу және оларды толық жазу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

      213. Премьер-Министрдің орынбасарларында өткен кеңестердің фонограммалары олардың нұсқауы бойынша ғана жазылады және әдетте, толық жазылмайды, оларды кеңестердің хаттамаларын дайындау үшін жауапты Кеңсе қызметкерлері хаттамаларды жасау кезінде тұжырымдарды нақтылау мақсатында дербес тыңдау үшін пайдаланады.

18-тарау. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылау

      214. Осы Нұсқаулықтың орындалуын бақылауды БҚҚБ жүзеге асырады, оның Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде осы Нұсқаулықтың бұзылу фактілерін анықтау мақсатында тексерулер жүргізуге және олардың нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысына осы Нұсқаулықтың бұзылуына кінәлі қызметкерлерді жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Құжаттарды тіркеуге арналған
ТІРКЕУ-БАҚЫЛАУ КАРТОЧКАСЫ
(карточканың бет жағы)

Құжат түрі

Парақтар

Қосымшалар

Бақылау

Кіріс №

Кіріс күні

Корреспондент

Тел.

Шығыс №

Шығыс күні

Адресат

Жөнелтуші

Сипаты

Жеткізу түрі

Тілі

Қысқаша мазмұны

Қарарлар

Бөлім

Орындаушы

Еске салу

Орындау мерзімі

Ұзартылды

дейін

Іс жүзінде орындалған
мерзімі

Мәселе шешілді


№ іс

№ том

Парақтар

№ акт





Индексі, қолы,
алған уақыты

Индексі, қолы,
алған уақыты

Индексі, қолы,
алған уақыты

Индексі, қолы,
алған уақыты





(карточканың сырт жағы)

Орындалу барысы

Күні, №, сауал
қайда жіберілді

Күні, шығыс №,
кім қол қойды

Алған күні

Индексі, қолы,
алған уақыты

Индексі, қолы,
алған уақыты

Индексі,
қолы, алған уақыты

Индексі,
қолы, алған уақыты

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

№ ____ АКТ

      Біз, төменде қол қоюшы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және архив секторының қызметкерлері________________________________________________________________________________________________________________ 20__жылғы "___" ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________
түскен № ___ пакетті ашу кезінде __________________________________________ ____________________________________________________________________ онда _______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _________________________________________________осы актіні жасадық.
      Осы акт үш данада жасалды. Актінің бірінші данасы іс жүргізу және архив секторында қалды, екіншісі – құжаттармен бірге тиесілілігі бойынша берілді, ал үшіншісі – авторға жіберілді. ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қолдары _________________ _________________ _________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Премьер-Министр Кеңсесінде тіркеуге жатпайтын құжаттардың

ТІЗБЕСІ

      Кеңсеге түсетін, олар бойынша шешімдер қабылдау талап етілмейтін (ешқандай мәселе қойылмаған) мынадай құжаттар тіркелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы;

      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы;

      3) облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы алқа отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ олардың жекелеген шешімдері;

      4) Кеңсеге мәлімет үшін түсетін хаттардың көшірмелері;

      5) тағайындалатын қызметкерлер жөніндегі есепке алу деректері;

      6) мемлекеттік органдардың жұмысы, экономика мен әлеуметтік-мәдени салалар туралы статистикалық есептер, мәліметтер, анықтамалар және мәлімет үшін жіберілген басқа да ақпарат;

      7) ІІМ және басқа да жедел қызметтердің шұғыл ақпарлары;

      8) метеоақпарлар;

      9) Кеңсе сұрау салатын алқа қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары және нұсқаулықтары;

      10) әлеуметтанушылық зерттеулер материалдары;

      11) баспа басылымдары (кітаптар, брошюралар, газеттер, журналдар және т.б.);

      12) құттықтау жеделхаттары мен ашықхаттары (мемлекет пен үкімет басшыларының жолдауларынан басқа);

      13) шақырулар;

      14) жарнамалық ақпарат;

      15) телефон орнатуға өтінімдер;

      16) рұқсаттамалар беруге өтінімдер;

      17) бухгалтерлік құжаттар;

      18) кездесуді ұйымдастыру туралы өтініштері бар хаттар.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

(бет жағы)

____________________
(құпиялылық белгісі)
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің
құжаттарымен танысу
ПАРАҒЫ
__________________________________ _____________________
(кіріс № және тіркелген күні) (құжаттың № мен күні)
Құжаттың атауы мен тақырыбы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қарар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

(сырт жағы)

Танысу туралы белгілер

Күні

Тегі, аты-жөні

Танысқаны туралы қолхат

Ескертпе





Басқа белгілер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

Қарарды ресімдеу
ҮЛГІСІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ
____________ . ___________
РУКОВОДИТЕЛЬ КАНЦЕЛЯРИИ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
____________________________________________________________________
Ұйым (қарар жолданған, атауы атау септігінде)
Лауазымды адамның аты-жөні мен тегі (қарар жолданған адам, барыс септігінде)
Қарардың мәтіні (іс-қимылдың анық та түбегейлі мазмұны немесе қаралатын құжатты орындау тәртібі мен сипаты)
Орындау мерзімі (қажет болса)
____________________Басшының аты-жөні мен тегі
(қолы)
Қарардың күні (күні, айы, жылы)
Нөмірі (кіріс немесе шығыс)
________________________________________________________
Құжаттың атауы, күні және нөмірі (қарарға қатысты)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша

Шығыс жеделхатты ресімдеу

ҮЛГІСІ

Үкіметтік
ЖЕДЕЛХАТ № ___________________
(телеграфтық №, күні)
Межелі пункт
(пошталық мекенжайы)
Ұйымның атауы
(жеделхат жіберілетін ұйым)
Алушының тегі
(жеделхат жіберілетін адам)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(жеделхат мәтіні)
HP (шығыс нөмірі, жазылым) _______________________________________________
Лауазымы, тегі ___________________________________________________________
(жеделхатқа қол қойған адам)
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Жіберілген күні (күні, айы, жылы)
Жеделхатқа қол қойған
адамның қызметі ________________________ Қолының толық жазылуы
(қолы)

      Ескертпе. Құттықтау немесе көңіл айту жеделхаттарына шығыс нөмірі сызықтың астына қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
(Премьер-Министр өкімі) жобасының Премьер-Министр
Кеңсесінде келісу парағы

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (Премьер-Министр өкімі) жобасының атауы
      "___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________"
      2. Жобаның Премьер-Министр Кеңсесінде өтуіне жауап беретін құрылымдық бөлімше
      ____________________________________________________________________
      _______________________________________________________________бөлімі
      3. Орындаушы (жобаның өтуіне жауапты адамның тегі)
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      жобаны қабылдады
      4. Орындаушының жобаға анықтаманы берген күні
      5. Жобаның Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде өтуі және келісілуі

Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атауы

Келісуге (виза қоюға) түскен күні және қабылдаушының қолы

Қайтарылған күні және орындаушының қолы

1. Заң бөлімі



2. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі:
1) үкіметтік шешімдерді шығару секторы



2) мемлекеттік тілдегі мәтінді тексеру



3) мәтіндердің теңтүпнұсқалығын алдын ала тексеру



      6. Жобаны басшылықта келісу

Басшылықтың қабылдау
бөлмелері

Келісуге (виза қоюға) түскен күні және қабылдаушының қолы

Қайтарылған күні және орындаушының қолы

Премьер-Министрдің орынбасары



Премьер-Министрдің орынбасары



ПМК Басшысы



ПМК Басшысының орынбасарлары (міндеттерді бөлуге сәйкес):






      7. Жобаны пысықтауға қайтару (оның ішінде жұмыс тәртібімен) себебі, негіздемесі (басшылықтың қарары) және күні
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      8. Пысықталған жобаның орындаушыға түскен күні 20___ жылғы "___" ______
      9. Жобаның Хатшылыққа Премьер-Министрдің қол қоюына түскен күні 20___ жылғы "___" ___________
      10. Қол қойылған қаулының (өкімнің) орындаушыға қайтарылған күні 20___ жылғы "___" ___________
      11. Жобаның өтуі туралы ерекше белгілер________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      12. Электрондық жеткізгіштегі (№ __ дискет) қабылданған шешімнің (заң жобасының) мемлекеттік және орыс тілдерінде қоса беріліп отырған нұсқасы қағаз жеткізгіштегі түпкілікті нұсқасына сәйкес келеді – тексерген орындаушы
      ____________________________________________________________________
      13. Электрондық жеткізгіште салыстырып тексерілген шығаруға дайын қаулының (өкімнің) үкіметтік шешімдерді шығару секторына түскен күні
      20___ жылғы "___" ___________
      Қабылдады _____________/_____________________________/ (қолы) (аты-жөні, тегі) Тапсырды ______________/____________________________/ (қолы) (аты-жөні, тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Мемлекеттік архивтің коды____________________
Мекеменің коды
____________________________

      ___________________________________________________________
      (қор құрушының атауы)
      Қ. № ______________________________________________ Тіз. № ______________________________________________ І. № ______________________________________________
      _______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (бөлімнің, құрылымдық бөлімшенің атауы) Істің № Томның №
      ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (істің тақырыбы) 20___ жылғы "___" ___________

Қ. № _______________________________

___________ парақта
___________ сақталсын

Тіз. № ______________________________

І. № ________________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша

№ ______ іс құжаттарының
ІШКІ ТІЗІМДЕМЕСІ

Р/с№

Құжаттың
индексі

Құжаттың
күні

Құжаттың
тақырыбы

Парақтар нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

      Барлығы _______________________________________________________ құжат (цифрлармен және жазбаша) Ішкі тізімдеме парақтарының саны______________________________________ (цифрлармен және жазбаша)
      Құжаттардың ішкі тізімдемесін жасаған адамның лауазымы _____________________
      Қолының толық жазылуы (қолы) Күні 20___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша

КУӘЛАНДЫРУ ЖАЗБАСЫ

      Істе_____________________________________________________________________
      (цифрлармен және жазбаша)
      ____________________________________________________________________парақ
      нөмірленді. Құрылымдық бөлімшенің
      маманы_____________________________________________
      _________________________________________________________________________
      (құрылымдық бөлімшенің атауы)
      ______________________/____________________________/ (қолы) (аты-жөні, тегі) 20___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі

Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі
құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі
_________________ (Т.А.Ә.)
20___ жылғы "___" ___________ 

Сақтауға жатпайтын құжаттарды
жоюға бөлу туралы
№ ___ АКТ

Астана қ.

20___ жылғы "___" ___________ 

        20__ жылғы "________________________ құжаттар тізбесінің" негізінде мынадай құжаттар практикалық мәнін жоғалтқандар ретінде жоюға іріктеп алынды:

Р/с

Істің немесе құжаттың тақырыбы, жылдар

Істердің саны

Тізбелер бойынша баптардың №

Ескертпе

1

2

3

4

5







Жиыны:




      Құжаттар саны _______________________________________________________ (актіні ресімдеген адамның лауазымы, Т.А.Ә.) ________________________ БҚҚБ келісті ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" РМК жөндеу-ресімдеу қызметіне тапсырылды (лауазымы, Т.А.Ә. ______________ _____________________)
      Күні 20___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
12-қосымша

20___жылғы құжаттарды архивке қабылдау туралы

АКТ

      ____________________________________________________________________________ (құрылымдық бөлімшенің атауы)

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      Номенклатура бойынша барлығы_________________іс бар,
      Іс жүзінде барлығы____________________іс қабылданды,
      оның ішінде:
      тұрақты сақталатыны______________іс,
      уақытша сақталатыны______________іс.
      Құжаттарды ресімдеу мен жинақтау жөніндегі ескертулер:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Құжаттарға сәйкес келетін есепке алу-тіркеу картотекасы бір мезгілде қабылданды.
      Карточкаларды толтыру жөніндегі ескертулер:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________

ЖЕТІСПЕЙТІН ҚҰЖАТТАР

Карточка

Жылы

Құжат
қайдан
түскен

Құжаттың
күні мен

Мазмұны

Орындаушы

Ескертпе

ЖЕТІСПЕЙТІН КАРТОЧКАЛАР 

Карточка

Жылы

Орындаушы

Құжаттың тігілген жері

Ескертпе

жылы

істің №

парағы








2ӨТКЕН ЖЫЛДАР ҮШІН ТАПСЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР 

Орындаушы

Жылы

Құжаттар
саны

Карточкалар
саны

Ескертпе

      Архив меңгерушісі ______________________________________________
      Құрылымдық бөлімшенің басшысы_________________________________
      Құжаттарды архивке тапсырған құрылымдық бөлімшенің маманы
      ________________________________________________________________
      20___ жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша

Премьер-Министр Кеңсесінде құжаттардың ксерокөшірмесін жасау

ТӘРТІБІ

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМҚК көшіру-көбейту бюросында ксерокөшірме жасауға арналған құжаттар белгіленген үлгіде толтырылған және қол қойылған өтінімдер болған кезде Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлерінен ғана қабылданады.

      2. Құжаттардың ксерокөшірмесін жасауға арналған өтінімдерге (№ 1 нысан) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, оның орынбасарларының, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының қол қоюға құқығы бар.

      3. Кіріс хат-хабардың, хаттамалардың, шығыс құжаттардың, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының, оның ішінде "ҚБП" деген белгісі бар жобалардың ксерокөшірмесін жасауға арналған өтінімдерге (№ 1 нысан) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің, оның орынбасарларының, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторы бас инспекторының, бақылау секторы меңгерушісінің, іс жүргізу және архив секторы меңгерушісінің, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы меңгерушісінің қол қоюға құқығы бар.

      4. Үкімет қаулылары, Премьер-Министр өкімдері, Үкімет отырыстарының хаттамалары, оларға қосымшалар, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Кеңсенің архивтік құжаттары түпнұсқаларының ксерокөшірмесін жасау Кеңсе Басшысы немесе оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі немесе оның орынбасарлары қол қойған өтінімдер (№ 1 нысан) бойынша жүзеге асырылады.

      5. Құпия құжаттардың ксерокөшірмесін жасау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес: Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі және оның орынбасарлары, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі қол қойған өтінімдер бойынша ғана қатаң айқындалған мөлшерде жүзеге асырылады және бөлек есепке алынады (№ 2 нысан).

      6. Көбейту-көшіру бюросында көбейтілген құжаттарды сақтау осы құжаттарға қатысы жоқ адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтындай жүзеге асырылуға тиіс.

      Көшіру-көбейту бюросы өтінімдердің негізінде көбейтілген құжаттардың саны мен таралымын, қағаз бен басқа да материалдардың шығынын есепке алуды жүргізеді. Көшіру-көбейту жұмыстары орындалғаннан кейін қалған нобайлық материал белгіленген тәртіппен жойылады.

      Осы Тәртіптің орындалуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

  1-нысан

Құжаттың ксерокөшірмесін жасауға арналған

ӨТІНІМ 

      Бөлім _____________________________________________

      Орындаушының аты-жөні, тегі

      ___________________________________________________

      телефоны ________________________

Р/с

Құжаттың күні, атауы

Түпнұсқадағы парақ саны

Таралымы

Барлығы
парақ
















      Күні_________
      Жалпы парақ шығысы___________
      Рұқсат етемін: Кеңсенің
      құрылымдық бөлімшесінің
      басшысы немесе оның орынбасары
      (кеңесші, бас инспектор)__________________
      Ксерокөшірмелерді алғаны жөнінде қолтаңба

  2-нысан

Құпия құжаттардың ксерокөшірмесін жасауға арналған

ӨТІНІМ* 

      _____________________________________________

      Орындаушының аты-жөні, тегі

      _____________________________________________

      телефоны ________________________

Құжаттың атауы

Құжаттың күні және

Түпнұсқадағы парақ саны

Таралымы

Барлығы парақ
















      Күні_________

      Жалпы парақ шығысы___________

      Рұқсат етемін:

      Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету

      бөлімінің меңгерушісі (орынбасары) немесе

      құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау

      секторының меңгерушісі

      ________________________________________

      Ксерокөшірмелерді алғаны жөнінде қолтаңба

      ________________________________________

      *) нарядтарды есепке алу журналы бойынша МҚҚБ-де есепке алынуға тиіс (31-ИРС нысаны)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
14-қосымша

Премьер-Министр Кеңсесінің ведомстволық архивінен құжаттарды беруге арналған

ӨТІНІМ

      Бөлім __________________________________________________________

      Кімге (Т.А.Ә.) __________________________________________________

      Телефоны_______________________________________________________

Құжаттың атауы

Құжатты тіркеу-есепке алу деректері

Түпнұсқа (құжат парақтарының саны)

Көшірме (құжат парақтарының саны)

Алушының қолы

1

2

3

4

5









































      Рұқсат етемін ______________________ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

      Күні _____________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
15-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм. *

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
16-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
17-қосымша




      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
18-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
19-қосымша




      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
20-қосымша




      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
21-қосымша




      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
22-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
23-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
24-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
25-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
26-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
27-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
28-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
29-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
30-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А4, көлемі 210x297 мм;
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 20 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
31-қосымша




      Ескертпе:

      1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x210 мм(105x148);

      2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
32-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
33-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
34-қосымша




      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
35-қосымша



      Ескертпе:
      1. Қағаз форматы А5 (А6) көлемі 148 x 210 мм(105x148);
      2. Жиектері кемінде: сол жағы 10 мм, оң жағы 10 мм; асты 10 мм.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
36-қосымша




      Қызмет бабында пайдалану үшiн