Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторларды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 682 қаулысы.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Үкіметінің 14.10.2019 № 759 (01.01.2020 бастап) қаулысымен.

      "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс орындаушыларын таңдауды жүзеге асыру үшін мыналар:

      1) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты өндіру жəне беру;

      2) "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы –мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс берушілердің жарақтандыруындағы қару-жарақтың, əскери жəне арнайы техниканың, техникалық құралдардың, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықтың тәжірибелік үлгілерін əзірлеу, оларды жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

      3) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – қару-жарақты, əскери жəне арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дəрі мен əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту жəне оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету;

      4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, сондай-ақ оларға жинақтауыштарды кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, өңдеу, өткізу;

      5) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері жəне арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін əскери жəне арнаулы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндіру бойынша операторлар болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев