Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 603 қаулысы.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Баспасөз релизі!


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының оныншы және он бірінші абзацы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 603 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.

      Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

      Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.

      Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдар төленетiн ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді.

      8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (ай, жыл) қамтуы тиiс.

      Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді "Төлемнің мақсаты" деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында – форматта көзделген жеке "ААЖЖЖЖ" деген жолда көрсетіледі.".

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ алушыға мүгедектік белгілеу туралы мәліметтерді мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан сұратады.";

      8-тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күші жойылуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің не Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімдерде зейнетақы төлемін жүзеге асырады.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалған тәртіппен төленеді.".

      3. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және БЖЗҚ-ға аударады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды агенттер меншікті қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің пайдасына жүзеге асырады, ол Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.".

      4. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақта;

      5) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін – әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызының жеке зейнетақы шотынан есептен шығарылғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша растау-анықтама.";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) мүгедектер болып табылатын адамдар үшін – мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі және бар болса жасына байланысты зейнетақы төлемдерін/жәрдемақы алушының куәлігі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті мемлекеттік органдар барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде зейнетақы ісін қалыптастырады, Заңға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды жүргізеді, тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын куәлікті береді.

      Мүгедек болып табылатын алушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, уәкілетті мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қосымша ақыларды белгілейді.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүгедектік белгіленген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынған кезде мүгедектік белгіленген күннен бастап осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-BC нысан бойынша үзінділерді дайындайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысан бойынша хабарламаны қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына бір данада жолдайды.";

      көрсетілген қаулыға 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 83, 1071-құжат;):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі";

      6. "Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 168-құжат;):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      3), 5), 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкер (бұдан әрі – қызметкер) – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жеке тұлға;";

      "5) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

      6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;";

      "8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс беруші;";

      16, 17, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Агенттер кәсіптері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген тізбеде (бұдан әрі – тізбе) көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

      17. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары тізбеде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда уақытша жұмыс істейтін ұйымдардың өндірістік, көмекші және қосалқы цехтарының қызметкерлеріне де төленеді.";

      "19. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша айына жұмыс уақытының кемінде 80 % зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптері анықталған жағдайда, жұмыс берушілер, қызметкерлердің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті органға оларды тізбеге енгізу бойынша негізделген ұсыныстар енгізеді.

      20. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.".

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 63-64, 496-құжат;):

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      1-бөлімнің 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

      Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес мөлшерде жүзеге асырылады.

      Өтініш берілген күнге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.

      Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.".

      8. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы қаулы:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 125) тармақшасын;

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-1), 86-1), 93-1), 95-1) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ереженің 16-тармағының 83) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      82) тармақша алып тасталсын;

      83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "83) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттарының қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 83-1), 86-1), 93-1) және 95-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "83-1) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттарының, шартты зейнетақы шоттарының қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "86-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "93-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;";

      "95-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
1-қосымша
  Әскери қызметшiлерге, арнаулы
мемлекеттік және құқық қорғау
органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет
қызметкерлеріне, сондай-ақ
арнаулы атақтар, сыныптық
шендер алу және нысанды киiм
киiп жүру құқықтары 2012 жылғы
1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн
тағайындау және оларды жүзеге
асыру қағидаларына
3-қосымша

      1-BС нысаны

Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы зейнеткердiң зейнетақы iсiнен үзiндi

      № _______________ зейнетақы ісi

      Тегi _________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________

      Туған күні ______ жылғы "___" _________________________________

      ___________________________ Қазақстан Республикасы Заңының ____-бабы ____-тармағының _____тармақшасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған күн ____ жылғы "___" __________(негіздемені көрсету)

      Тұрғылықты жерінің (нақты) мекенжайы __________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: № ____________________________

      Кім және қашан бердi _______________ _____ жылғы "___" _________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі______________________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ______ жылғы "___"_____________ бастап жүргізілсін.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерi _________________________________________________ теңге.

      (сомасы жазбаша)

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейінгі қосымша ақы_____________________________________________ теңге.

      (сомасы жазбаша)

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшері мен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны мөлшеріне дейінгі еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қосымша ақының жиынтық мөлшері_______________________теңге.

      (сомасы жазбаша )

      Қосымша ақы (артық төлем) сомасы _________________________ теңге

      _____ жылғы "____" ________ – ______ жылғы "____" _______ аралығындағы кезең үшін

      Негіздеме (әскери қызмет өтілінің, ақшалай қамтылымның өзгеруі)

      ____________________________________________________________

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері:____________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемi ______ жылғы "___" __________ бастап жүргізілсін.

      _____ жылғы "_____" _________ – ______ жылғы "______" __________ аралығындағы кезең үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақыға қосымша ақы (артық төлем) сомасы _____________________________________________________________ теңге.

      1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша зейнетақы мөлшері

      _____________________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      Банк деректемелері мен банк шотының нөмірі:

      _________________________________________________________________

            (банктің атауы, орналасқан жері)

      БСК_______________________________________________________

      Банк БСН ___________________________________________________

      Банк шотының нөмірі _________________________________________

      М.О.

Басшы

________________

(қолы)

________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Маман

__________________

(қолы)

__________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен
толықтыруларға
2-қосымша
  Әскери қызметшiлерге, арнаулы
мемлекеттік және құқық қорғау
органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет
қызметкерлеріне, сондай-ақ
арнаулы атақтар, сыныптық
шендер алу және нысанды киiм
киiп жүру құқықтары 2012 жылғы
1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн
тағайындау және оларды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша

      1-BС-арттыру нысаны

Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы зейнеткердің зейнетақы iсiнен үзiндi

      № _________ зейнетақы ісi

      Тегi _________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________

      Туған күні _________ жылғы "___" _____________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған күн ______ жылғы "____"_______________.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі______________________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері _____ жылғы "___" _______ дейін _______________________________ теңге.

      __________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейінгі қосымша ақы _______________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің мөлшері мен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны мөлшеріне дейінгі еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қосымша ақының жиынтық мөлшері______________________________________________ теңге.

      (сомасы жазбаша )

      ______ жылғы "____" _________ – ______ жылғы "_____" __________ аралығындағы кезең үшін қосымша ақы (артық төлем) сомасы ______________________________ теңге

      ____ жылғы "___" ________ дейін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері: __________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      ______ жылғы "____" _________ – ______ жылғы "_____" __________ аралығындағы кезең үшін қосымша ақы (артық төлем) сомасы _______________________________ теңге

      _____ жылғы "___" _______ бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері: _________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      _____ жылғы "____" _____ бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері: _______________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      М.О.

Басшы

________________

(қолы)


________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Маман

________________

(қолы)


__________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)