Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 491 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

      15-тармақта:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар хаттама жобасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын немесе хаттама жобасын қоса бере отырып, мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс;";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Материалдары осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін отырыстың күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:     

      "18. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және хаттама жобасын қоса бере отырып, оларды жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын жұмыс тобының мүшелеріне жібереді.

      19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссияның/жұмыс тобының отырысында осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға/жетекшi дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуға және осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса берілуге тиіс.

      Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға және хатшы қол қоятын хаттама жасалады.

      Қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру парағында көзделмеген шешімдер болған жағдайда, комиссия хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдеп, комиссияның/жұмыс тобының мүшелеріне дауыс беру үшін жібереді.

      Хаттама жобасын алғаннан кейін Комиссияның/жұмыс тобының мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды жіберу арқылы дауыс беруі қажет. Комиссияның/жұмыс тобының мүшесі белгіленген мерзімде дауыс бермеген жағдайда, хаттама жобасына ескертулерсіз дауыс берілді деп саналады.

      Комиссияның/жұмыс тобының құрамында ЭЦҚ-сы жоқ жекелеген мүшелер болған жағдайда, дауыс беру дауыс беру парағын толтыру не хаттама жобасына бұрыштама қою арқылы жүргізіледі.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік ақпаратты және/немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмаған кезде – бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қойған, толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады.

      Премьер-Министрдің атына жіберілетін, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша хат-хабар бірінші басшының қолтаңбасымен ғана жіберіледі.

      Бірінші басшының іссапарға кетуіне, науқастануына, демалыста болуына байланысты мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған, Премьер-Министрдің атына жіберілетін хат-хабарды енгізуге жол беріледі.

      Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолтаңбасымен енгізілген хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге жатады.

      Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының мөртаңбамен расталған көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, сауалға жауап қайтару немесе тапсырмалардың орындалуы туралы есепте (ақпаратта) Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуға тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды.

      Орындаушының тегі, аты-жөні, телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы, Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ құжат даналарының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышта немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469, Asanov.S@ukimet.kz (Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі). Құжатқа қосымшаларды құжатқа қол қойған немесе оны дайындаған адам (құжатты орындаушы) дәйектеуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жіберілетін жауап жобаларын аталған жауап жобасын әзірлеген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам дәйектейді.

      Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда жауап жобаларын бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына жіберілетін құжаттарға қол қоюға ресми түрде уәкілеттік берген адам не оның міндетін атқарушы адам жауап жобасын мемлекеттік органның бірінші басшысымен – Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келіскеннен кейін ғана дәйектейді.

      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуге тиіс (қажет болған жағдайда орыс тілінде қол қойылған бланкісіз нұсқасы қоса беріледі).

      Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарынан, өзінің құзыреті шегінде жауапты хатшысынан төмен емес деңгейдегі адамның немесе оның міндеттерін атқаратын адамның қолтаңбасымен ұсынылуға тиіс.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде дана саны ескерілмейді.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) Кеңсе сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен құжаттар Кеңсе Басшысының немесе оның орынбасарларының нұсқауымен ғана қабылданады.";

      13-тармақтың 6) тармақшасындағы "құжаттар Кеңседе қабылдауға жатпайды." деген сөздер "құжаттар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымының болмауы мәселесі бойынша бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамаларын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктерді жою хаттамаларын, дәлелденген негіздемелер мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымын қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары Кеңседе қабылдауға жатпайды.";

      29-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокурорлық қадағалау актілері бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарларының жобалары мен Үкіметтің жауаптары Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімімен қосымша келісіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өтініштері мен қаулылары бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарларының жобалары мен Үкіметтің жауаптары Әлеуметтік-экономикалық бөліммен қосымша келісіледі.";

      35-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет пен Кеңсе басшылығы қарарының (қызметтік жазбахаттың немесе жауап жобасын) жобасын жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің орындаушысы қаралатын мәселенің нақты ашылуын ескере отырып әзірлейді, оған орындаушы, құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі бұрыштама қояды.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарар (қызметтік жазбахат, жауап немесе әзірленген құжат) жобасының сапасыз дайындалғаны үшін жауапкершілік Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.";

      36-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігінің Парламент қарайтын және Үкіметтің қызметіне қатысы бар заң жобаларының өтуі және басқа мәселелер туралы ақпараттық жазбалары Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің келісуінсіз ұсынылады және мемлекеттік органдарға жіберіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесінде қарардың (қызметтік жазбахаттың, әзірленген құжаттың) жобасын дайындау және келісу мерзімі тікелей орындаушы құжатты алған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Мемлекеттік органдардың тұрақты негізде берілетін есептік ақпаратына қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасын дайындау және Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесінде келісу мерзімі тікелей орындаушы құжатты алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасын бірлесіп орындаушы бөлімде келісу мерзімі құжат бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Қарар (қызметтік жазбахат, әзірленген құжат) жобасы бойынша бірлесіп орындаушыда ескертулер болған жағдайда, бірлесіп орындаушылар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған жазбаша дәлелді ұсыныстар мен қарсылықтарды ұсынады және құжат бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде орындаушыға жібереді.";

      84-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістері, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы кеңестер (бұдан әрі – жұмыс кеңестері), әдетте, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, "Үкімет үйі" мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта селекторлық, сол сияқты оқшауландырылған режимде де өткізілуі мүмкін.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін айқындау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей, ал таныстырылымдардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы 2 (екі) күннен кешіктірмей енгізеді.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде енгізілетін хаттамалық шешімнің жобасын, көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамаларды, салыстырма кестелерді, Microsoft Power Point форматындағы таныстырылымдардың кемінде 6 (алты) данасын (көлемі 2 (екі) мегабайттан аспайтын және қаріп мөлшері 20-дан кем емес түрлі-түсті слайдтар), түрлі-түсті принтерде басып шығарылған ақпараттық (талдамалық) материалдарды, баяндамаларды (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын), қатысушылардың тізімін және Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдарды қамтуға тиіс.

      Қаралатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары болған жағдайда, олардың іске асырылу барысы туралы тиісті ақпарат слайдтарда, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларында көрініс табады.

      Әкімдердің және өңірлердің басқа да өкілдерінің баяндамаларын Өңірлік даму бөлімі Үкімет мәжілісінің алдындағы күні сағат 12.00-ден кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

      Үкімет отырысын және Премьер-Министрде, оның орынбасарларында не Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өтетін кеңестерді, оның ішінде консультативтік-кеңесші органдардың кеңестерін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі өткізілетін күні міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) және отырыста қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар, қатысушылардың тізімі), хаттамалық шешімді (қол қойылған күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде) ЭҚАБЖ дерекқоры әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) "Инфопанель" қосымша парағында орналастырады (жабық режимде өткізілетін мәжілістер мен кеңестерге дайындалатын материалдарды қоспағанда).";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Кеңсенің қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшесі Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында өтетін кеңеске материалдарды, оның ішінде шақырылғандардың тізімін, кеңесті жүргізу тәртібін, хаттаманың жобасын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады.

      Кеңесті ұйымдастыруға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Премьер-Министрде, оның орынбасарларында және Кеңсе Басшысында кеңестің өткізілетіні туралы телефонограммаларды жіберуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымы болған жағдайда, кеңес өткізуге бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттігі туралы негіздемемен бірге бірыңғай ұстанымның болуын растайтын мемлекеттік органдардың хаттары қоса берілген хат енгізеді.

      Мемлекеттік орган бастамашылық жасаған мәселе бойынша мемлекеттік органдарда бірыңғай ұстаным болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасы, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасы және мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдары қоса берілген, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттігі туралы дәлелді негіздемелері бар тиісті хат енгізіледі.

      Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.";

      мынадай мазмұндағы 125-1-тармақпен толықтырылсын:

      "125-1. Мемлекеттік органдар кеңестерге материалдарды – 3 (үш) жұмыс күні бұрын, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына – 7 (жеті) жұмыс күні бұрын және мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын енгізеді.

      Материалдары осы тармақта белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін мәжілістің күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.

      Ұсынылатын кандидатуралар мен кеңестерге материалдардың сапасы үшін жауапкершілік жетекшілік ететін бағыттар бойынша мемлекеттік органның бірінші басшыларының орынбасарларына жүктеледі.

      Ерекше жағдайларда жоспарланып отырған кеңеске не консультативтік-кеңесші органдардың отырысына кандидатураны ауыстыру Үкімет пен Кеңсе басшылығымен келісу бойынша кеңес басталғанға дейін кемінде 2 (екі) сағат бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түріндегі хатты Кеңсеге жіберу арқылы жүргізіледі.";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Хаттаманы ресімдеуді, құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде Заң бөлімімен келісуді және кеңесте төрағалық етушіге қол қоюға ұсынуды, егер Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың ережелерінде өзге мерзімдер көзделмеген болса, кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей – Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі, консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі (сырттай шешімдер), "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстарының хаттамалары бойынша 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей консультативтік-кеңесші органның хатшысы жүргізеді.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесі, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.

      Құрылымдық бөлімше Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдейді.

      Хаттама жобасын ресімдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электрондық құжат нысанында әзірленген жобада құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған бақылаудағы пункттердің нөмірлерін және оларды орындау мерзімдерін көрсетеді.

      БҚҚБ Премьер-Министрде өткен кеңестер хаттамаларының уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асырады, бұл туралы Кеңсе Басшысын тоқсан сайын хабардар етеді.";

      135-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын бірінші басшы Үкімет пен Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға ресми түрде уәкілеттік берген адам не оның міндеттерін атқарушы адам тиісті жобаларды бірінші басшымен – Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келіскеннен кейін ғана дәйектейді.";

      157-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) БҚҚБ-ның бақылау секторына "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері қағаз жеткізгіштерде беріледі, қалған Үкімет қаулылары ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-бөліммен толықтырылсын:

      "8-1. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасау

      166-1. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары бар құжаттардың көшірмелерін және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратқа жататын мәліметтерді қамтитын басқа құжаттарды, бүлінген және ескірген елтаңбалы бланкілерді, басқа қатаң есептегі бланкілерін, жедел сақтау мерзімі, бірақ кемінде 1 (жыл) өткеннен кейін іріктелген өзге де құжаттарды (оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мәлімет үшін келіп түскен және тіркеусіз қабылданған хаттарының түпнұсқаларын) Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасай отырып, жою үшін қалыптастырады (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Актілер жасалғаннан кейін БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісіледі.

      Елтаңбалы бланкілердің бүлінген және/немесе ескірген тізбелерін қамтитын актілер БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілуге жатады.

      166-2. Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) екі данада жасалады. Актілер бекітілгеннен кейін БҚҚБ іс жүргізу және архив секторына есепке алу үшін беріледі.

      166-3. Осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар БҚҚБ іс жүргізу және архив секторымен келісілген құжаттарды жоюға бөлу туралы акті қабылданғаннан кейін ғана жойылуға жатады. Қарап тексеруден кейін іріктелген құжаттар шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда ұсақтау немесе жағу арқылы жойылуы мүмкін.

      166-4. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар мен басқа материалдарды осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен актіні (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) ресімдемей, тұтас түрде жоюға тапсыруға тыйым салынады.

      166-5. Осы Нұсқаулықтың 166-1-тармағында көрсетілген құжаттар және басқа, оның ішінде анықтамалық және қолжазба құжаттар Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінде тіркеуге және сақтауға жауапты адамның қатысуымен шредерлік (қағаз кесетін) машиналарды пайдалана отырып ұсақтау немесе қажет болған жағдайда оларды жағу арқылы жойылады.

      Шредерлік (қағаз кесетін) машиналарда әрбір фрагменті 2,5 ш. мм-ден аспайтын фрагменттерге кесілген (ұсақталған) немесе жағылған құжаттар кепілді түрде жойылған болып саналады.

      Бұл ретте жоюға іріктелген "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттар немесе істер мәтінді оқу мүмкіндігін болдырмайтындай дәрежеде міндетті түрде ұсақталады.

      166-6. Жоюға іріктелген "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттар, істер және басылымдар жеке актімен ресімделуі немесе жоюға іріктелген құпия емес құжаттармен бірге жалпы актіге (осы Нұсқаулыққа 10-1-қосымша) енгізілуі мүмкін. Бұл ретте актінің 2-бағанында істің (құжаттың) тақырыбынан кейін "ҚБП" белгісі қойылады.

      166-7. "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар істер жойылғаннан кейін тіркеу есепке алу нысандарында "Жойылған. № акті (күні)" белгісі қойылады.";

      174-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеңестер хаттамаларына құжаттар мен материалдар әрбір хаттамаға қалыптастырылады. Кеңестерге тиісті құжаттар мен материалдар болмаған кезде хаттамаға қабылданған (келіп түскен) ақпарат қоса беріледі.";

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 10-1-қосымшамен толықтырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша кеңестерді;";

      4-тармақта:

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісу бойынша құжаттар бөлімге түскен кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Құрылымдық бөлімшелер арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру бөлімге түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Кеңсе Басшысының қарары негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте ЭҚАБЖ дерекқоры бойынша жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберілген бақылаудағы құжат ("ҚБП" белгісі бар құжаттарды қоспағанда) 1 (бір) жұмыс күні ішінде аталған құжатты тікелей орындауды жүзеге асыратын жауапты орындаушыға (орындаушыларға) берілуге жатады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты Кеңседегі орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардан хаттар және/немесе жауаптар алғаннан кейін есепке олардың уақтылығы, орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді.

      Қараудың нәтижелері бойынша жауапты орындаушы нақты тұжырымдары мен ұсыныстары бар қызметтік жазбахат (құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың бақылаудағы әрбір тармағы бойынша) және/немесе тиісті қарар жобасын дайындап, Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді. Бақылаудағы және бақылауға алынбаған құжаттар бойынша қарардың және/немесе қызметтік жазбахаттың жобасын дайындау және Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына енгізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелгенінен кейін 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау қорытындыларының нәтижесіне байланысты жауапты орындаушы орындау мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Үкімет және Кеңсе басшылығына:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министрдің не оның орынбасарларының атынан Мемлекет басшысының атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің не Президент Әкімшілігінің актілері мен тапсырмалары бойынша – оларды бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы не нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру не Үкіметтің бақылауына ауыстыру туралы Премьер-Министр орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адамның) атынан Президент Әкімшілігінің атына белгіленген тәртіппен дайындалған негізделген хаттың жобасын;

      3) үкіметтік шешімдер, хаттамалар және басшылықтың тапсырмалары бойынша – хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының атына қызметтік жазбахатты, ал хаттамалық тапсырмаларды (хаттамаларды) орындау аяқталғаннан кейін орындау тәртібімен түскен мемлекеттік органдардың ақпараты (деректері) негізінде бақылаудан алу, мерзімін ұзарту немесе үкіметтік шешімді, хаттаманы немесе басшылықтың тапсырмасын нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстары бар талдау нәтижелерін ескере отырып, орындалуы туралы қорытынды ақпаратты дайындайды не бақылаудан алу туралы қарар жобасын ресімдейді (Заңға қол қойылған, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің актісі, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бұйрықтары қабылданған жағдайда).

      Бақылаудан алу, нақты орындау мерзімін көрсете отырып мерзімін ұзарту бұдан бұрын тиісті тапсырма берген лауазымды адамның не тапсырмалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру тапсырылған адамның қарарымен жүзеге асырылады.

      Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын бақылаудан алуды, мерзімін ұзартуды Премьер-Министр ғана жүзеге асырады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдар тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылғаны немесе үкіметтік шешімдерді және басшылықтың тапсырмаларын нақты орындау мерзімі көрсетіле отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылғаны туралы дереу хабардар етіледі;

      4) мемлекеттік органның Үкімет басшылығының тапсырмасын сапасыз орындағаны немесе орындамағаны белгіленген кезде Кеңсенің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет басшылығының атына тиісті қарар не жазбахат дайындайды.

      Жазбахатта:

      1) тапсырманы қамтитын құжаттың атауы (хаттама, қаулы, Премьер-Министрдің өкімі және т.б.), құжаттың нөміріне, күніне және тапсырманың тармағына сілтеме;

      2) жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;

      3) бастапқы орындау мерзімі;

      4) орындаудың ұзартылған мерзімдерінің күндері (егер болса);

      5) "орындалды", "ішінара орындалды", "орындалған жоқ" деген нақты тұжырымдармен тапсырманы орындау нәтижелері бойынша бағалау;

      6) орындау мерзімін ұзарту немесе орындаудың жаңа мерзімін белгілеу туралы ұсыныс;

      7) Үкімет басшылығының тапсырмасын орындау мерзімін қайта ұзартқан жағдайда, жауапты мемлекеттік саяси қызметші – мемлекеттік органдардың бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолдану туралы ұсыныс көрсетіледі.

      БҚҚБ Үкімет басшылығы немесе Кеңсе Басшысы қарарының негізінде ЭҚАБЖ деректер базасында орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты белгілейді (орындаудың жаңа мерзімі белгіленген кезде мемлекеттік органға ұзарту көрсетілмейді);

      5) депутаттық сауалдар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша – Парламент депутаттарына жауап жобасын немесе белгіленген тәртіппен дайындалған Үкіметтің тиісті қорытындысының жобасын ұсынады.

      Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты жіберу қажет болған жағдайда, Кеңсе Басшысына құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған, аралық ақпаратты жіберу қажеттілігінің себептері мен негіздері, сондай-ақ жүргізілген жұмыс, талап етілетін шаралар және орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген қызметтік жазбахат енгізіледі.

      Премьер-Министр және оның аталған мәселеге жетекшілік ететін орынбасары болмаған жағдайда, жауапты орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты Кеңсе Басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның қол қоюына енгізеді.

      Хат-хабардың Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына қол (бұрыштама) қоюға уақтылы ұсынылуы, сондай-ақ хат-хабарға қол қойылғаны туралы орындаушыларды уақтылы хабардар ету үшін жауапкершілік жоғарыда тізбеленген лауазымды адамдардың кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне жүктеледі.

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тапсырмаларын бақылаудан алу туралы Үкімет басшылығының шешімі шығарылғанға дейін құжаттарға БҚҚБ меңгерушісі міндетті түрде бұрыштама қояды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Осы Нұсқаулықтың 12-тармағында белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті тапсырманы орындауға және оны Кеңседе алып жүруге тікелей жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. БҚҚБ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша Үкімет пен Кеңсе басшылығы тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына бақылау жүргізуге құқығы бар.

      Тиісті қорытындылар, кінәлі лауазымды адамдарға, оның ішінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар бақылаудың нәтижесі болып табылады.

      БҚҚБ Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келісу бойынша 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде бақылау жүргізудің жоспар-кестесін ресімдеп, Кеңсе Басшысына бекітуге енгізеді.

      Келесі есепті жылға арналған жоспар-кесте орталық және жергілікті атқарушы органдарда алдыңғы жылдағы орындаушылық тәртіп көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша бекітіледі.

      Бұл ретте жоспар-кесте қажеттілігіне қарай түзетілуі мүмкін.";

      18-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамалары) бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері апта сайын әр жұмада сағат 16.00-ден кешіктірмей бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адам қол қойған бақылаудағы әрбір тармақ бойынша ақпаратты БҚҚБ-ге береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына БҚҚБ апта сайын әр бейсенбіде сағат 12.00-ге дейін жібереді.";

      19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тапсырмада "келісілген", "бірыңғай" деген анықтауыштар болған жағдайда, жауапты мемлекеттік орган қажет болған жағдайда аталған мәселе бойынша тапсырмада тізбеленген бірлесіп орындаушы барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өткізуді қамтамасыз етеді.

      Тапсырмада тізбеленген мемлекеттік органдар аталған мәселе бойынша тиісті ұстанымның әзірленуін және кеңеске шешімдер қабылдауға уәкілетті адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын, депутаттық сауалдарды, Парламенттің хаттары мен Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындыларды, прокурорлық қадағалау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін алған кезде Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі Кеңседе тіркелген күнінен бастап мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырманы үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал "өте шұғыл" деген белгісі бар тапсырманы – дереу, "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгісі бар тапсырмаларды бір жұмыс күні ішінде Үкімет пен Кеңсе басшылығының қол қоюына береді.

      Мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған өзге де хаттар бойынша мемлекеттік органдардың атына тиісті тапсырмаларды құрылымдық бөлімшелер 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға береді.";

      28-тармақ алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кеңсенің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, "Үкімет үйі".";

      12-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;

      "12) орталық және жергілікті атқарушы органдарға бара отырып, Президенттің, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына бақылау жүргізуге;";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қол қойған қызметтік куәліктер олардың иелеріне Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдар мен мекемелерді, режимдік объектілерді, сондай-ақ күзетілуін Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелері немесе арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда, "Үкімет үйі", "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараттарына, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттарына кіру құқығын береді.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 19 тамыздағы
  № 491 қаулысына
  1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
10-1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі

Бекітемін

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі

Құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі

_________________ (Т.А.Ә.)

201_ жылғы "___" _____________

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы

№ ___ АКТІ

      Астана қ. 201_ жылғы "___" _____________

      20__ жылғы "_________ құжаттар тізбесінің" негізінде мынадай құжаттар практикалық мәнін жоғалтқандар ретінде жоюға іріктеп алынды:

Р/с №

Істің немесе құжаттың тақырыбы, жылдар

Істердің саны

Тізбелер бойынша баптардың №

Ескертпе

1

2

3

4

5







Жиыны:









      Құжаттар саны ____________________________________________________________

      (актіні ресімдеген адамның лауазымы, Т.А.Ә.) __________________________________

      БҚҚБ келісті ___________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" РМК Жөндеу-ресімдеу қызметіне тапсырылды (лауазымы, Т.А.Ә. ______________ _____________)

      Күні 201_ жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.