Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 491 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

      15-тармақта:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар хаттама жобасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын немесе хаттама жобасын қоса бере отырып, мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс;";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Материалдары осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін отырыстың күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:     

      "18. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және хаттама жобасын қоса бере отырып, оларды жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын жұмыс тобының мүшелеріне жібереді.

      19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссияның/жұмыс тобының отырысында осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға/жетекшi дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуға және осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса берілуге тиіс.

      Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға және хатшы қол қоятын хаттама жасалады.

      Қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру парағында көзделмеген шешімдер болған жағдайда, комиссия хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдеп, комиссияның/жұмыс тобының мүшелеріне дауыс беру үшін жібереді.

      Хаттама жобасын алғаннан кейін Комиссияның/жұмыс тобының мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды жіберу арқылы дауыс беруі қажет. Комиссияның/жұмыс тобының мүшесі белгіленген мерзімде дауыс бермеген жағдайда, хаттама жобасына ескертулерсіз дауыс берілді деп саналады.

      Комиссияның/жұмыс тобының құрамында ЭЦҚ-сы жоқ жекелеген мүшелер болған жағдайда, дауыс беру дауыс беру парағын толтыру не хаттама жобасына бұрыштама қою арқылы жүргізіледі.".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кеңсенің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 6, "Үкімет үйі".";

      12-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;

      "12) орталық және жергілікті атқарушы органдарға бара отырып, Президенттің, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу уақтылығы мен сапасына бақылау жүргізуге;";

      18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қол қойған қызметтік куәліктер олардың иелеріне Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдар мен мекемелерді, режимдік объектілерді, сондай-ақ күзетілуін Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелері немесе арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда, "Үкімет үйі", "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараттарына, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттарына кіру құқығын береді.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 19 тамыздағы
  № 491 қаулысына
  1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
10-1-қосымша

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі

Бекітемін

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі

Құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі

_________________ (Т.А.Ә.)

201_ жылғы "___" _____________

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы

№ ___ АКТІ

      Астана қ. 201_ жылғы "___" _____________

      20__ жылғы "_________ құжаттар тізбесінің" негізінде мынадай құжаттар практикалық мәнін жоғалтқандар ретінде жоюға іріктеп алынды:

Р/с №

Істің немесе құжаттың тақырыбы, жылдар

Істердің саны

Тізбелер бойынша баптардың №

Ескертпе

1

2

3

4

5







Жиыны:









      Құжаттар саны ____________________________________________________________

      (актіні ресімдеген адамның лауазымы, Т.А.Ә.) __________________________________

      БҚҚБ келісті ___________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" РМК Жөндеу-ресімдеу қызметіне тапсырылды (лауазымы, Т.А.Ә. ______________ _____________)

      Күні 201_ жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 19 тамыздағы
№ 491 қаулысына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.