Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 223 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      11-бөлімде:

      мына:

      "

11

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2968

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2918
 

      ";

      13-бөлімде:

      мына:

      "

13

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

424


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

203


Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13-1.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

474


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

203

1)

Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203

      ";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.03.2019 № 142 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев