Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 223 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      11-бөлімде:

      мына:

      "

11

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2968

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2918
 

      ";

      13-бөлімде:

      мына:

      "

13

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

424


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

203


Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13-1.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

474


Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

203

1)

Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)

203

      ";

      2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берсін;";

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8, "Министрліктер үйі" ғимараты, 2-кіреберіс.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев