Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 70 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып;

      2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне берсін;

      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму және Ұлттық экономика министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 15 ақпандағы
  № 70 қаулысына
  1-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қайта аталған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ("Мемсараптама" РМК) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ("Мемсараптама" РМК).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 15 ақпандағы
  № 70 қаулысына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне акциялардың (қатысу үлестерiнің) мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтары берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      1.       "Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты" акционерлік қоғамы.

      2.      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы.

      3.      "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры" акционерлік қоғамы".


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 15 ақпандағы
  № 70 қаулысына
  3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-122-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне";

      реттік нөмірі 264-3-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі";

      мына:

      "Альянс Банк" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

       "ForteBank" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)".

      4. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 169-1-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

      191-1. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы".

      5. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық ахуалды жасау, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу, экспортты ілгерілету салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Министрліктің миссиясы:

      индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, өнеркәсіптік қауіпсіздік, бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; экономика мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары салаларында елді ғылыми-техникалық дамыту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); экспортты ілгерілету салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, елді ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және тарату; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану; уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары және емдiк балшықтар, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); экспортты ілгерілету салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;";

      16-тармақта:

      200), 201), 202), 203), 204), 205), 205-1), 205-2), 206), 207), 208), 209), 210), 211), 212-1), 213), 214), 214-1), 214-2), 215) және 216) тармақшалар алып тасталсын;

      625) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "625) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 626), 627), 628), 629), 630), 631), 632), 633), 634), 635), 636), 637), 638), 639), 640), 641), 642), 643), 644), 645), 646), 647), 648), 649), 650), 651), 652), 653), 654), 655), 656), 657), 658), 659), 660), 661), 662), 663), 664), 665), 666), 667), 668), 669), 670), 671), 672), 673), 674), 675), 676), 677), 678), 679), 680), 681), 682), 683), 684), 685), 686), 687), 688), 689), 690), 691), 692), 693), 694), 695), 696), 697), 698), 699), 700), 701), 702), 703), 704), 705) 706), 707), 708) және 709) тармақшалармен толықтырылсын:

      "626) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      627) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;

      628) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтарды дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеуге тапсырысты жүзеге асыру;

      629) елді мекендердің шекарасы (шектері) жобаларының құрамын, мазмұнын және оларды әзірлеу тәртібін айқындау;

      630) республикалық маңызы бар қаланың, сондай-ақ халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын өзге де қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келісу;

      631) шағын елді мекендерді дамыту мен құрылыс салудың құрамын, мазмұнын және схемаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындау;

      632) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу мен келісу тәртібін, міндетті құрамы мен мазмұнын белгілеу;

      633) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;

      634) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағын суларды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      635) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      636) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      637) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      638) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      639) қаржыландыру көздеріне қарамастан, үйлер мен ғимараттардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының жаңаларын салуға, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      640) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен құрылыс жүргізуге арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;

      641) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін айқындау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

      642) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларын бекіту;

      643) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту;

      644) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      645) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      646) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну мәселелері бойынша іс-қимылдарын үйлестіру;

      647) жоба алды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      648) елді мекендер шегінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      649) инспекциялау нәтижесі бойынша жұмысы тексерілген техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға, сондай-ақ тапсырыс берушіге (меншік иесіне) берілетін, анықталған ақаулықтар сипатталатын, объектілер анықтамасы мен ведомосының нысанын белгілеу;

      650) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын әзірлеу;

      651) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      652) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді пропорционалды бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      653) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      654) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      655) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту;

      656) кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту;

      657) тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      658) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      659) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      660) тұрғын үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      661) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдарға басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      662) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру және оның нәтижелерін пайдалану;

      663) салынып жатқан (салынуы көзделген) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту;

      664) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;

      665) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту;

      666) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      667) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту;

      668) құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекiту;

      669) жасыл екпелерді ұстау және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;

      670) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау;

      671) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      672) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      673) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      674) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      675) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      676) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      677) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      678) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      679) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялардың Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына, екінші деңгейдегі банкке немесе жергілікті атқарушы органға (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) беретін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      680) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылыс жобасы бойынша құжаттарды тексеру тәртібін бекіту;

      681) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      682) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      683) есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      684) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      685) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      686) қалаларды және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      687) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      688) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      689) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      690) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;

      691) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      692) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстау қағидаларын бекіту;

      693) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      694) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      695) құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      696) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      697) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      698) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      699) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібін айқындау;

      700) объектілер құрылысы жобасын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және жобаларды басқару бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

      701) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      702) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      703) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      704) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      705) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      706) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      707) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      708) жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асыру;

      709) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      17-тармақта:

      435) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "435) тұрғын үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 436), 437), 438), 439), 440), 441), 442), 443), 444), 445), 446), 447), 448), 449), 450), 451), 452), 453), 454), 455), 456), 457), 458), 459), 460), 461), 462), 463), 464), 465) 466), 467), 468), 469), 470), 471), 472), 473), 474) және 475) тармақшалармен толықтырылсын:

      "436) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) жылумен жабдықтау, сондай тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      437) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      438) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асыру;

      439) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру;

      440) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;

      441) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      442) терможаңғыртуды ескере отырып, типтік көп пәтерлі үйлердің жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;

      443) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді және күшін жоюды ұйымдастыру;

      444) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      445) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізу;

      446) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      447) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және тиісті салада олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      448) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөнінде есептерді бекіту;

      449) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      450) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жоспарларды дайындау және іске асыру және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіру;

      451) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;

      452) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      453) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      454) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жинау;

      455) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялар мен аттестаттардың тізілімін жүргізу;

      456) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;

      457) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу;

      458) тұрғын үй көмегін ұсынуды мониторингілеуді жүзеге асыру;

      459) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;

      460) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      461) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      462) құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңартып отыру;

      463) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;

      464) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;

      465) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;

      466) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;

      467) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;

      468) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп тексеру бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      469) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      470) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу;

      471) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және оның жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

      472) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      473) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту;

      474) сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;

      475) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.";

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi мынадай мазмұндағы 11-бөліммен толықтырылсын:

      "11. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ("Мемсараптама" РМК);

      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Акционерлік қоғамдар

      1) "Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты" акционерлік қоғамы;

      2) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы;

      3) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры" акционерлік қоғамы.".

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту;

      2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      15-тармақта:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;";

      21) тармақша алып тасталсын;

      16-тармақта:

      мынадай редакциядағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "67-1) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде немесе Қазақстан Республикасы өзі дербес шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық және еркін сауда туралы келісімдер жасасуға байланысты келіссөздер жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;";

      68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "68) халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;";

      73-1), 152), 153), 154), 156), 157), 158), 159), 160), 161), 164), 165), 167), 169), 169-1), 169-2), 169-3), 169-4), 169-5), 169-6), 169-7), 172), 173), 175), 181), 183), 184), 185), 186), 187), 189), 190), 191), 192), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 203), 204), 206), 208), 224), 225), 267), 295), 296), 298), 301), 303), 304), 305), 315), 327), 327-1), 327-2), 327-3), 327-4), 327-5), 327-6), 327-7), 327-8), 327-9), 328), 329), 330), 331), 332), 339-29), 339-30), 339-31), 339-32), 339-33), 339-34), 339-35), 339-36), 339-37), 339-38), 339-39) және 339-40) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақтың 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 25), 26), 27), 27-1), 28), 29), 30), 30-1), 31), 51), 51-1), 116), 246), 251), 266-1), 266-2), 266-3), 266-4), 266-5), 266-6), 266-7), 266-8), 266-9), 266-10), 266-11), 266-32), 266-33) және 266-38) тармақшалары алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі" деген бөлім алып тасталсын.