Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 703-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 7 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 5 қарашадағы
№ 665 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері
Р/с |
Халықаралық спорттық жарыстардың атауы |
Иеленген орын |
Спортшыны теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері |
Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада ойындары |
1-орын |
250000 |
250000 |
2-орын |
150000 |
150000 |
||
3-орын |
75000 |
75000 |
||
4-орын |
30000 |
30000 |
||
5-орын |
10000 |
10000 |
||
6-орын |
5000 |
5000 |
||
2. |
Жазғы, қысқы Сурдлимпиада ойындары |
1-орын |
50000 |
50000 |
2-орын |
35000 |
35000 |
||
3-орын |
25000 |
25000 |
||
4-орын |
14000 |
14000 |
||
5-орын |
6000 |
6000 |
||
6-орын |
4000 |
4000 |
||
3. |
Әлем чемпионаты (ересектер арасында): |
1-орын |
15000 |
10000 |
2-орын |
7000 |
5000 |
||
олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша |
3-орын |
5000 |
3000 |
|
олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша |
1-орын |
2300 |
2300 |
|
2-орын |
1800 |
1800 |
||
3-орын |
1100 |
1100 |
||
4. |
Жазғы, қысқы |
1-орын |
10000 |
5000 |
2-орын |
5000 |
3000 |
||
3-орын |
3000 |
2000 |
||
5. |
Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада |
1-орын |
15000 |
15000 |
2-орын |
10000 |
10000 |
||
3-орын |
5000 |
5000 |
||
6. |
Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары |
1-орын |
10000 |
5000 |
2-орын |
5000 |
3000 |
||
3-орын |
3000 |
2000 |
||
7. |
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты |
1-орын |
2300 |
2300 |
2-орын |
1400 |
1400 |
||
3-орын |
900 |
900 |
||
8. |
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты |
1-орын |
3500 |
3500 |
2-орын |
2300 |
2300 |
||
3-орын |
1100 |
1100 |
||
9. |
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату |
5000 |
3000 |