Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.04.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 476-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 тамыздағы
№ 459 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлемдері

Р/с

Экономикалық қызмет түрінің атауы

Айлық есептік көрсеткішпен мөлшерлемелер

шетелдік жұмыскерлердің бірінші санаты

шетелдік жұмыскерлердің екінші санаты

шетелдік жұмыскерлердің үшінші санаты

шетелдік жұмыскерлердің төртінші санаты

1

2

3

4

5

6

1

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

137

158

179

200

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

154

178

202

225

3

Өңдеуші өнеркәсіп

154

178

202

225

4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

137

158

179

200

5

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

137

158

179

200

6

Құрылыс

171

198

224

250

7

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу

154

178

202

225

8

Көлік және қоймаға жинау

137

158

179

200

9

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

137

158

179

200

10

Ақпарат және байланыс

137

158

179

200

11

Қаржы және сақтандыру қызметі

137

158

179

200

12

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар

137

158

179

200

13

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

137

158

179

200

14

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

137

158

179

200

15

Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

137

158

179

200

16

Білім беру

137

158

179

200

17

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

137

158

179

200

18

Өнер, ойын-сауық және демалыс

137

158

179

200

19

Өзге де қызмет түрлерін ұсыну

154

178

202

225

20

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін үй шаруашылықтарының қызметі

137

158

179

200

21

Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі

137

158

179

200