"Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының, Қазақ КСР және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумдары қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 9 Нормативтік қаулысы.

Қолданыстағы

      1. "Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 және 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы";

      2) кіріспедегі "қажеттілігіне байланысты" деген сөздер "мақсатында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөздер "АПК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша АІЖК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "166-бабының 2-бөлігіне" деген сөздер "163-бабының екінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "150", "151" деген сандар тиісінше "148", "149" деген сандармен ауыстырылсын;

      4) 2-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "168-бабына" деген сөздер "163-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бойынша да" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарауға көшу немесе АПК-нің 147-бабының екінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімінің күшін жою кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      "нақты" деген сөзден кейін "мерзімдер және" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      "кассациялық немесе қадағалау" деген сөздер "апелляциялық немесе кассациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "344" деген сандар "429" деген сандармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      "жауапкерге талап арыздың және оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерін жібереді не тапсырады және" деген сөздер "жауапкерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "талап арызға пікір (қарсылық)" деген сөздер "талапкердің мәлімдеген талаптарына жазбаша пікірді дәлелдерін негіздейтін дәлелдемелермен бірге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "169-1" деген сандар "166" деген сандармен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      "345", "348", "170" деген сандар тиісінше "413", "414", "165" деген сандармен ауыстырылсын;

      "немесе қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 3-тармақта:

      "талапкерден" деген сөзден кейін "не екі тараптан" деген сөздермен толықтырылсын;

      "өтініш" деген сөз "жазбаша өтінішхат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "14-бабының 2-бөлігіне" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 4-тармақта бірінші абзацтағы "47" деген сандар "46" деген сандармен ауыстырылсын;

      7) 5-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "аралық сотқа" деген сөздер "төрелікке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттың тараптарға татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді жасасу құқығын регламенттейтін АПК-нің 48-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптардың осындай келісімдерді жасасу құқығын түсіндіргені жөн.";

      8) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тараптар жазбаша түрде жасалған және олардың қолы қойылған татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді ұсынған кезде, судья АПК-нің 172-бабының талаптарына сәйкес АПК-нің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша алдын ала сот отырысын өткізеді және 48-бабына, 168-бабының бірінші бөлігіне, 277-бабының 5), 6) тармақшаларына сәйкес оларды бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығаруға құқылы. АПК-нің 109 және 115-баптарының негізінде судья сот шығыстарын АПК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің сот шығыстарын өзара өтелгенін тану негіздері туралы ережелерін ескере отырып, келісімдердің шарттарын негізге алып тараптардың арасында бөлуге міндетті. Сот татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді бекіткен кезде төленген мемлекеттік баж "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.";

      9) 7-тармақта "61" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;

      10) 8-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "судья" деген сөзден кейін "АПК-нің 15-бабының төртінші бөлігіне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      "(АІЖК-нің 15-бабының үшінші бөлігі)" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "АПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінде және 153-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, талапкер қосымша талаптар қою, ал жауапкер қарсы талап қою құқығын АПК-нің 164-бабында көрсетілген істі сот талқылауына дайындау мерзімдерінің шектерінде жүзеге асыра алады.";

      "167" деген сандар "164" деген сандармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "157", "154" деген сандар тиісінше "154", "152" деген сандармен ауыстырылсын;

      үшінші сөйлем алып тасталсын;

      11) 9-тармақта үшінші абзацтағы "344" деген сандар "429" деген сандармен ауыстырылсын;

      12) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. АПК-нің 163-бабында белгіленген сот талқылауына істерді дайындау міндетін орындай отырып, судья АПК-нің 165-бабында көзделген әрекеттерді жасайды. Егер талап қою арызына пікірде қарсы талаптың болуы көрсетілсе, онда судья жауапкерге оны ұсыну тәртібін түсіндіреді. Талап қою арызына пікірді ұсынбау істі қарау және шешу үшін кедергі болып табылмайды.

      Тараптар ұсынған жазбаша құжаттардың негізінде судья іс бойынша нақты мән-жайларды анықтайды. АПК-нің 165-бабында көрсетілген әрекеттердің тізбесі түпкілікті болып табылмайды, олардың көлемі мен мазмұны істердің нақты санатын қарау ерекшеліктеріне байланысты болады.";

      13) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Істерді сот талқылауына дайындау нәтижелері бойынша АПК-нің 172-бабының талаптарына сәйкес алдын ала сот отырысы өткізіледі. Іс сот талқылауына жеткілікті дәрежеде дайындалмаған деп танылған жағдайда, судья тараптардан мәлімделген талаптарды негіздейтін немесе теріске шығаратын қосымша дәлелдемелердің болуын анықтайды, дәлелдемелерді талап етіп алдыруға көмектесу туралы өтінішхатты беру құқығын түсіндіреді, осындай әрекеттерді жүзеге асыру үшін мерзімдерді белгілейді, АПК-нің 164-бабының бірінші бөлігінде белгіленген негіздер болған кезде істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзартады. Алдын ала отырысты тағайындау туралы ұйғарым шығарылмайды. Істің күрделілігіне байланысты ерекше жағдайларда, судья істі дайындау мерзімін ұзарта алады және қажет болған жағдайда алдын ала сот отырысын қайта өткізуге құқылы.";

      14) 12-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "52" деген сандар "51" деген сандармен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "53" деген сандар "52" деген сандармен ауыстырылсын;

      "дауды" деген сөзден кейін "(жанжалды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      "бекіту," деген сөз "немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "шағымның, наразылықтың дәлелдеріне қарамастан бірінші сатыдағы сот шешімінің күші" деген сөздер "бірінші сатыдағы сот шешімінің күші кез келген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "366-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасында" деген сөздер "427-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "53", "345" деген сандар тиісінше "52", "413" деген сандармен ауыстырылсын;

      15) 14-тармақта:

      абзацтардың "а), б), в), г)" деген әріптермен белгіленуі алып тасталсын;

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. АПК-нің 54-бабына сәйкес мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот немесе прокурор танығанда, прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті болып табылады.";

      үшінші абзацта:

      "299" деген сандар "320" деген сандармен ауыстырылсын;

      төртінші абзацта:

      "317-4" деген сандар "314" деген сандармен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      "287" деген сандар "300" деген сандармен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацта:

      "55" деген сандар "54" деген сандармен ауыстырылсын;

      жетінші абзацта:

      ", сондай-ақ АІЖК-нің АПК-нің 55-54-бабының екінші бөлігімен көзделген жағдайларда" деген сөздер алып тасталсын;

      он бірінші абзацта:

      "25-28" деген сандар "27, 28, 29, 30" деген сандармен ауыстырылсын;

      16) 15-тармақта "57" деген сандар "56" деген сандармен ауыстырылсын;

      17) 16-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "91" деген сандар "82" деген сандармен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптама істі сот талқылауына дайындау кезінде және шешім шығарылғанға дейін істі қарау барысында дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен тағайындалуы және жүргізілуі мүмкін. Іске қатысатын тұлғалар іс сот талқылауына тағайындалғанға дейін сараптаманың қорытындысымен танысуға тиіс.";

      18) 17-тармақта:

      "74-76", "344", "73" деген сандар тиісінше "69, 70, 71", "429", "75" деген сандармен ауыстырылсын;

      "75-бабының 2-бөлігінде" деген сөздер "70-бабының екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 18-тармақта:

      "255" деген сандар "281" деген сандармен ауыстырылсын;

      "дауды" деген сөзден кейін "(жанжалды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      "келісімді" деген сөзден кейін "дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді," деген сөздермен толықтырылсын;

      "хаттамасы" деген сөзден кейін "не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 19-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "Азаматтық іс жүргізу кодексінде" деген сөздер "Азаматтық процестік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "арыз" деген сөз "талап қою арызы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жеті" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот АПК-нің 287-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464, "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарыңда өзгеше көзделмесе, азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, сайлау комиссиясы мүшелерінің дауыс беру күніне дейін бес күннен аз уақытта, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін сайлау құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен арыздары бойынша істі дайындап қана қоймай, сонымен бірге мәнісі бойынша дереу қарауға тиіс. Осы санаттағы даулар бойынша істі сот талқылауына әзірлеу мерзімі ұзартылуға жатпайды.";

      төртінші абзацта:

      "167" деген сандар "164" деген сандармен ауыстырылсын;

      "әзірлеу мерзімдері" деген сөздер "әзірлеудің он бес жұмыс күні мерзімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "судья ерекше жағдайларда күрделі істер бойынша ғана мерзімді бір айға дейін ұзарта алады." деген сөздер "ерекше жағдайларда судьяның ұйғарымымен бұл мерзім күрделі істер бойынша ғана қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін." деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      "жеті күн мерзім" деген сөздер "он бес жұмыс күні мерзімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 20-тармақта:

      "172-бабының 1-бөлігіне" деген сандар "168-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "242-244", "254", "344" деген сандар тиісінше "272, 273, 274", "271", "429" деген сандармен ауыстырылсын;

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мүлікті тиым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1975 жылғы 24 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысы;

      2) Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1978 жылғы 21 қыркүйектегі № 18 қаулысы;

      3) "Азаматтық iстер бойынша экспертиза туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы № 14 нормативтік қаулысы;

      4) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарды қолдану мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 15 мамырдағы № 5 қаулысының 1) тармағы;

      5) "Мүлікті тиым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 24 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 13 нормативтік қаулысы;

      6) "Азаматтық iстер бойынша экспертиза туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы № 14 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 15 нормативтік қаулысы;

      7) "Сотта азаматтық iстердi қарау кезiнде жариялылық принципін сақтау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы № 5 нормативтік қаулысы;

      8) "Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулысы;

      9) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулысының 1-тармағы;

      10) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысының 2, 3, 8, 9-тармақтары.

      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.МӘМИ

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ.ШАУХАРОВ