"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2), 4) тармақшалары алып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
      20-бөлім алып тасталсын.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 4 ақпандағы
№ 53 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 38, 327-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 265-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 760 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 322-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдары, оқу орындары, емдеу мекемелері, қызметтік жануарлар азық-түлігінің, жабдықтарының және асханалық-ас үй ыдыс-аяғының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 677 қаулысы.
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 236-құжат).
      8. «Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 18-құжат).
      9. «Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 11-құжат).
      10. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 517-құжат).