2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысымен бекітілген |
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерді орындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері;
2) тізбе – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) тізбесі;
3) өнім (тауарлар) – тізбеге қосылған өнім (тауарлар);
4) өнім (тауарлар) орамасы – өнімді (туарларды) зақымдалудан, бұзылудан және жоғалтудан қорғауды қамтамасыз ететін құрал немесе құралдар кешені;
5) шикізат пен материалдар – технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын кез келген пайдалы қазба, құрауыш, бөлшек немесе өзге де тауар;
6) өндірушілер – өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
7) импорттаушылар – өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
8) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы – (бұдан әрі – оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
9) қалдықтар жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы;
10) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде оператор мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;
11) мамандандырылған ұйымдар – өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметтердің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
12) төлемақының толықтығы туралы құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау мақсатында төлемақының толық көлемде төленуін растайтын құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі талаптар Кодекстің 285-1-бабының 2-тармағында көрсетілген өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды.
4. Өндірушілер (импорттаушылар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз етеді:
1) қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін (бұдан әрі – меншікті жинау жүйесі) қолдану.
Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану жөніндегі талаптар автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды;
2) оператормен шарт жасасу және оператордың банк шотына төлемақы түрінде ақша енгізу.
5. Төлемақыны оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) жүргізеді.
6. Төлемақы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін төлемақыны есептеу әдістемесінің негізінде есептеледі. Төлемақыны өндірушілер мен импорттаушылар оператордың есеп шотына Қазақстан Республикасының валютасында төлейді. Есеп шот туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
7. Төлемақы осы Қағидалар күшіне енген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, соның ішінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне қойылған өнімге (тауарларға) қатысты төленбейді.
8. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:
1) Оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) үшін – төлемақы енгізген сәттен бастап;
2) меншікті жинау жүйесін қолданатын өндірушілер (импорттаушылар) үшін – өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды кәдеге жаратуды орындау туралы есептілік ұсынған және деректерді оператор растаған күннен бастап орындалды деп есептеледі.
2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді орындау тәртібі
1. Қалдықтарды тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу тәртібі
9. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру мақсатында оператор мен өндірушілер (импорттаушылар) арасында шарт жасалады.
10. Өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарттың үлгілік нысанын оператор бекітеді.
11. Шарт ұзарту мүмкіндігімен жасалады. Шартта өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату бойынша іс-шаралар көрсетіледі.
2. Оператордың банк шотына төлемақы ретінде ақша салу тәртібі
1 2. Автокөлік құралдарын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды импорттаушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына тізбеге сәйкес өнім (тауарлар) әкелуді жүзеге асыратын импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін іске асыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) төлемақының төлеуге жататын сомасы жөнінде ақпарат алу үшін интернет-ресурс арқылы немесе қағаз тасығышта өтінім беріледі.
Төлемақы төлеу қажет болмаған жағдайда оператор бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді;
2) оператор төлемақыны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен төлемақыны есептеу әдістемесінің негізінде есептейді;
3) импорттаушының төлемақыны төлеуді жүргізуі;
4) төлемақы есептік шотына келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор төлемақының толықтығы туралы құжатты ұсынады.
13. Автокөлік құралдарын импорттаушыларды және автокөлік құралдарын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды импорттаушыларды қоспағанда, төлемақының төлеуге жататын сомасы жөніндегі ақпаратты алуға арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) шот-фактура (инвойс);
2) орама парағы;
3) көлік жүкқұжаттары;
4) өнімнің паспорттары (жасаушы зауыт берген, бар болса).
14. Автокөлік құралдарын және автокөлік құралдарын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнім (тауарлар) үшін төлемақыны есептеу және әкелуді растау үшін қажетті қосымша құжаттар мыналар болып табылады:
1) тауарларды әкелу және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін Мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон;
3) халықаралық тасымалдауды растайтын "CMR" (халықаралық тауар-көлік жүкқұжаты) (бұдан әрі – "CMR") және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың орнын ауыстырғанын растайтын өзге де құжаттар.
15. Автокөлік құралдарын және автокөлік құралдарын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім (тауарлар) үшін төлемақыны есептеу және әкелуді растау үшін қажетті қосымша құжаттар мыналар болып табылады:
1) тауар жүкқұжаты;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден заңнамасына және кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаға сәйкес ресімделген кедендік декларация.
16. Төлемақыны импорттаушылар, өндірушілер жасалған шарт негізінде жүргізеді.
17. Өндірушілердің, импорттаушылардың қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны дұрыс есептеуін, толық және уақтылы аударуын бақылауды оператор жүзеге асырады.
18. Автокөлік құралдарын өндірушілерді (импорттаушыларды) қоспағанда, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) төлемақыны мынадай мерзімдерде жүзеге асырады:
1) өндірушілер төлемақыны көрсетілген кезеңде өндіріс болған кезде тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады;
2) импорттаушылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелінген өнім (тауарлар) үшін төлемақыны "ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсіміне қойғанға дейін жүзеге асырады;
3) импорттаушылар Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім (тауарлар) үшін төлемақыны осындай өнім (тауар) өткізілген кезге дейін жүзеге асырады.
19. Төлемақы сомасын есептеудің дұрыстығын тексеруді оператор ақпаратты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
3. Автокөлік құралдарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындау ерекшеліктері
20. Өндірушілер (импорттаушылар) автокөлік құралдарына қатысты төлемақыны автокөлік құралы Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес бастапқы тіркелгенге дейін енгізеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!20-тармақтың екінші абзацы 01.03.2021 дейін қолданыста болады – ҚР Үкіметінің 31.01.2020 № 25 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарына қатысты төлем 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізіледі.
Өндірушілер (импорттаушылар) автокөлік құралдарын бастапқы тіркелгенге дейін өткізген жағдайда, төлемақы осындай автокөлік құралдары өткізілгенге дейін жүргізіледі.
21. Оператор төлемақыны есептік шотқа енгізгеннен кейін автокөлік құралдарының өндірушілеріне (импорттаушыларына) беретін, сәйкестендіру нөмірі (Vehicle Identification Number) (бұдан әрі - VIN код) көрсетілген төлемақының толықтығы туралы құжат өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат болып табылады.
22. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат болған кезде, автокөлік құралын бастапқы тіркеуді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!22-тармақтың екінші абзацы 01.03.2021 дейін қолданыста болады – ҚР Үкіметінің 31.01.2020 № 25 қаулысымен.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады.
23. Төлемақы енгізілген кезден бастап автокөлік құралдарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері орындалды деп есептеледі, ал осындай көлік құралдарын тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер операторға ауысады.
24. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарын төлемақыны жүзеге асырмай мемлекеттік тіркеу есебіне алу үшін олардың шығарылған немесе әкелінген күнін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында шығарылғандар үшін – төменде санамаланған құжаттардың кез келгені:
еркін қоймадан шығару кезіндегі кедендік декларация;
өнімнің шығарылғанын растайтын көлік құралының паспорты;
2) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелінгендер үшін – тауарларға кеден декларациясы;
3) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгендер үшін – салық заңнамасына сәйкес мынадай құжаттардың бірі қоса берілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон" (көрсетілген талонның расталмаған көшірмесіне жол беріледі):
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдің экспорттаушысынан Қазақстан Республикасындағы импорттаушыға беруді растайтын, берілетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлері (VIN кодтары) көрсетілген қабылдау-тапсыру актісі;
әкелінетін автомобильдердің сәйкестендіру нөмірлері (VIN кодтары) көрсетілген "көлік жүкқұжаты";
халықаралық тасымалдауды растайтын, әкелінетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлері (VIN кодтары) көрсетілген "CMR" халықаралық тауар-көлік жүкқұжаты.
25. Автокөлік құралдарын өндіру үшін шикізат пен материалдар ретінде пайдаланылатын өнім (тауар) үшін төлемақыны көлік құралдарын өндіруші түпкілікті тауар үшін төлемақы түрінде төлейді.
3. Оператордың мамандандырылған ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
26. Оператор өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру мақсатында мамандандырылған ұйымдармен шарт жасасады.
27. Мамандандырылған ұйымдар бөлек жинау және қайта өңдеу шығындарының өтемақысын алу үшін операторға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтемақы алуға арналған еркін нысандағы өтініш;
2) тауар-көлік жүкқұжаттарының күндері мен нөмірлерін, жүк алушыларды және олар бойынша берілген қалдықтардың мөлшерін (тонна, бірлік) көрсете отырып, өнім (тауарлар) қалдықтарын және олардың орамасын Қазақстан Республикасының аумағына әрбір қалдық түрі бойынша жеке одан әрі залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін беруге арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының тізімдемесі;
3) өнім (тауарлар) қалдықтарын және олардың орамасын Қазақстан Республикасының аумағына одан әрі залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін беруге арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының көшірмелері;
4) заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) өнім (тауарлар) қалдықтарын және тұтыну қалдықтарынан олардың орамасын жинауды (қайта өңдеуді) есепке алу деректері;
5) оператор белгілеген нысан бойынша қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеуге бөлінетін қаражат сомасының есептемесі;
6) қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеу көрсетілген қалдықтар Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша меншікті өндірістік қуаттарда залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берілген жағдайда жүргізіледі;
7) өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын бөлек жинауға және қайта өңдеуге байланысты шығындарды растайтын құжаттар.
28. Осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын оператор осы құжаттар ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тексереді. Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған жағдайда оператор өтемақыдан бас тартады.
29. Мамандандырылған ұйымдардың оператордан өтемақы алу мақсатында есепті кезең бір тоқсан болып табылады.
30. Қалдықтарды бөлек жинауға және қайта өңдеуге байланысты тікелей шығындар ғана өтеуге жатады, олар мыналарға:
1) "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарына;
2) көрсетілген қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берген жағдайда өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтар және олардың орамасы түрлерінің бөлінісіндегі шығындар жөніндегі деректерге, осындай тікелей шығындардың қайта өңделген, пайдаланылған және кәдеге жаратылған қалдықтарды өткізуден алынған тиісті кірістерден артық болу сомасына негізделеді.
31. Тікелей шығындар мен тиісті табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікте ұсынылады.
32. Мамандандырылған ұйымдардың қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарын (амортизация бойынша шығындарды қоспағанда) өтеу:
1) мамандандырылған ұйымдар төлейтін қаражат есебінен, елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету бойынша тарифтер есебінен ақталатын;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтарды кәдеге жарату бойынша меншікті өндірістік қуаттарда одан әрі залалсыздандырылмаған және кәдеге жаратылмаған қалдықтарға қатысты жүргізілмейді.
33. Оператор өзінің банктік шотына келіп түскен ақшаны Кодекстің 285-2-бабында көзделген мақсаттарға бағыттайды.
4. Оператордың уәкілетті органдармен, аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
34. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары тоқсан сайынғы негізде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) және оның (олардың) орамасы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолдайды.
35. Мемлекеттік кіріс органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жолдайтын мәліметтер мынадай ақпаратты қамтиды:
1) өндірушінің немесе импорттаушының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) іс жүзіндегі және заңды мекенжайы, байланыс деректері (телефоны, электрондық поштасының мекенжайы);
3) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) атауы және коды;
4) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасына әкелу күні;
5) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) орамасының атауы және коды;
6) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнімнің (тауарлардың) нетто және брутто салмағы;
7) жүргізілген төлемақы сомасы және күні.
36. Өндірушінің, импорттаушының кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру мақсатында оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарынан ақпарат алған кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде алады.
37. Олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер анықталған кезде оператор осындай құқық бұзушылық бойынша бар материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.
38. Оператор жыл сайын есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 мамырына дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің іске асырылу барысы туралы есеп ұсынады.
39. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға оператор ұсынатын есеп мыналарды қамтиды:
1) өндіруші, импорттаушы туралы жалпы мәліметтер (заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы/дара кәсіпкердің тегі, аты және әкесінің аты, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі, іс жүзіндегі және заңды мекенжайы, телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы (бар болса);
2) Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған (әкелінген), өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) және оның (олардың) орамасы туралы деректер;
3) кәдеге жаратуға жататын қалдықтардың көлемі туралы мәліметтер (қалдықтар құрамындағы әрбір құрауыш бөлігінде) және іс жүзінде орындалған көлем көрсеткіші;
4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәліметтер;
5) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) пайдаланудан қалған қалдықтар және оның (олардың) орамасы есепті кезеңде берілген заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер туралы мәліметтер.
40. Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдары оператормен бірлесіп, қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері және оларды бөлу тәртібін айқындайды.
41. Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдары қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында тарифтердің мөлшері және оларды бөлу тәртібін өзгерту қажет болған жағдайда туындаған жағдайда құрамына оператор кіретін жұмыс тобын құрады.
42. Жұмыс тобы бір ай мерзімде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілетті органдарына қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату тарифінің өзгертілген мөлшерін бекітуге ұсынады.
43. Автокөлік құралдарын өндірушілерді қоспағанда, өндірушілер есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 наурызынан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өткен күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылған өнімнің (тауарлардың), оның ішінде осындай өнім (тауарлар) орамасының саны туралы ақпаратты ұсынады.
44. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген ақпаратты операторға есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей береді.