Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1195 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1195 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Кеңседе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;";

      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дұрыс арналмаған және ресімделмеген немесе "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығында көзделген міндетті деректемелері жоқ, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын Үкімет Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес БҚҚБ меңгерушісі (ол болмаған кезде – меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.";

      32-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әрекеттің анық және толық мазмұны немесе құжатты орындаудың тәртібі мен сипаты (азаматтардың өтініштері және сұрау салулары бойынша тапсырмада өтініш берушіге заңнамада белгіленген мерзімдерде жауап беру қажеттігі туралы тапсырма көрсетіледі);";

      44-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;

      47-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып ресімделген және/немесе міндетті деректемелері жоқ құжаттар адресаттарға, оның ішінде электрондық құжаттар нысанында жіберілмейді.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулық осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентiнде:

      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарларды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.";

      13-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті мемлекеттік органға орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және сұрау салуларын жібереді.".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 108 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1195 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі – Кеңсе) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салуларын қарау тәртібін регламенттейді.

      Өтініш – бұл "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Кеңсеге жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу.

      Сұрау салу – бұл "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен ақпарат иеленушіге айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш.

      2. Осы Нұсқаулықтың сақталуын бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – БҚҚБ) жүзеге асырады.

      3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер және сұрау салулар Кеңсеге келіп түскен күні БҚҚБ-да және ЭҚАБЖ-да тіркеледі.

      Жеке тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі автор тегінің бастапқы әрпінен, тіркеу-бақылау нысанындағы (бұдан әрі – ТБН) реттік нөмірден және "ЖТ" әріптік индексінен тұрады.

      Заңды тұлға өтінішінің және сұрау салуының тіркеу нөмірі өтінішке қол қойған лауазымды адам тегінің бастапқы әрпінен, ТБН-дегі реттік нөмірден және "ЗТ" әріптік индексінен тұрады.

      Анонимдік өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі "АНМ" әріптік индексінен және ТБН-дегі реттік нөмірден тұрады.

      "Ақпаратқа қол жеткізу" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпарат беру туралы өтініш тіркелген жағдайда тіркеу нөміріне "С" әріптік индексі қосылады.

      Бір күнтізбелік жыл ішінде өтініш және сұрау салу қайта түскен кезде "екінші", "үшінші" және одан әрі реті көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірі қойылады, ал ТБН-де бірінші құжаттың нөмірі көрсетіледі. Қайталама өтініштің және сұрау салудың бірінші парағының үстіңгі оң жақ бұрышында және ТБН-де "Қайталама" деген белгі қойылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға алдыңғы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.

      Бір адамнан бір мәселе бойынша кемінде екі рет түскен, онда:

      1) алдыңғы өтініш және сұрау салу бойынша қабылданған шешімге шағымданатын;

      2) түскен уақыттан бері қарау мерзімі өткен, бірақ өтініш және сұрау салу иесі жауап алмаған болса, бұрын жіберілген өтініштің және сұрау салудың уақтылы қаралмағаны туралы хабарланатын;

      3) алдыңғы өтінішті және сұрау салуды қарау және шешу кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілетін өтініш және сұрау салу қайталама болып саналады.

      Бір адамның бір мәселе бойынша әртүрлі адресаттарға жіберілген және қарау үшін бір ұйымға келіп түскен өтініштері және сұрау салулары бірінші өтініштің және сұрау салудың тіркеу нөмірімен, қисық сызық (бөлшек) арқылы қойылатын реттік нөмірді қоса отырып, есепке алынады.

      "Электрондық үкімет" порталы арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары өтініш беруші ЭЦҚ-ның, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің және заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірінің тұтастығы мен дұрыстығы тексерілгеннен кейін тіркеуге жатады.

      Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер және сұрау салулар бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш және сұрау салу сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол қисынды, қысқа, өтініштің және сұрау салудың (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті және сұрау салуды қарауға жіберудің атаулығын негіздеуі қажет (1-қосымша).

      Жеке тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес басқа іс жүргізу түрлерінен бөлек жүргізіледі.

      Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізушінің түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.

      Өтінішті және сұрау салуды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

      4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті және сұрау салуды қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.

      5. Егер бірінші өтінішті және сұрау салуды тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші және сұрау салуы бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары қайталама болып саналады. Сол автордың әртүрлі мәселелер бойынша өтініштері және сұрау салулары бастапқы болып саналады.

      Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш және сұрау салу түскен кезде бірінші өтініш және сұрау салу негізгі өтініш және сұрау салу ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке және сұрау салуға толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш және сұрау салу келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш және сұрау салу ретінде қаралады.

      Сол бір мәселе бойынша авторға толымды жауап берілген көп мәрте келген өтініштер және сұрау салулар қайталама болып саналмайды және қаралмайды.

      Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне және сұрау салуларына "екінші", "үшінші" деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады, ал "қайталама" деген белгісі бар есеп карточкасы бастапқысымен бірге ағымдағы жылдың картотекасына орналастырылады. Қайталама өтініштерге және сұрау салуларға оның алдындағы өтініштерді және сұрау салуларды қарау материалдары қосып қойылады.

      Кеңсенің іс жүргізу және мұрағат секторында немесе құрылымдық бөлімшелерінде толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері және сұрау салулары қосымша қарауға жатпайды, бұл туралы өтініш берушіге үш күн мерзімде хабарланады.

      6. Өтініштер және сұрау салулар мазмұнына қарай Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына (бұдан әрі – Басшылық) баяндалады немесе БҚҚБ алдын ала қарау және Басшылық қарарын дайындау үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне береді не олардың құзыретіне сәйкес орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жолдайды.

      Өтініштерді және сұрау салуларды Кеңсенің бір құрылымдық бөлімшесінен екіншісіне беру тек олардың басшыларының келісімі бойынша есеп карточкасында тиісті белгі жасалып, БҚҚБ-нің іс жүргізу және мұрағат секторы арқылы жүргізіледі.

      7. Жеке тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары орталық және жергілікті атқарушы және өзге де органдардың атына олар құзыретіне сәйкес қарауы үшін БҚҚБ-нің меңгерушісі (ол болмаған кезде – меңгерушінің орынбасары) қол қойған ілеспе хатпен бірге дереу жіберіледі.

      8. БҚҚБ-нің іс жүргізу және мұрағат секторы Басшылықтың жеке тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша Кеңсеге жауап ұсынуды талап ететін "баяндалсын", "хабарласын" деген және басқа да нақты мерзімдері көрсетілген белгісі бар тапсырмаларын бақылауға алады, бұл ретте өтініштер мен сұрау салуларға және карточкаларға "БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ" ("Взято на контроль") және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауаппен бірге қайтарылуға жатады" ("Подлежит возврату в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан вместе с ответом") деген мөртабандар қойылады.

      9. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген Басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары бойынша тапсырмаларының орындалуын бақылау олардың басшыларына жүктеледі.

      Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын қарау Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарда бірінші көрсетілген не атауының тұсында "(жинақтау)" деген белгі тұрған бөлімше орындалуын бақылау үшін жауапты болып табылады.

      10. Басшылықтың нұсқауы бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, ол қосымша бақылауға алынады, хаттың есеп карточкасының сырт жағына БҚҚБ-нің іс жүргізу және мұрағат секторы бұл туралы белгі қояды, тиісті түзету енгізіледі және электрондық құжат айналымы жүйесінің тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына тиісті есепті деректер енгізіледі.

      11. Жеке тұлғалардың өтініштеріне Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, ал қосымша зерделеуді және тексеру жүргізуді талап етпейтіндер күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын болып белгіленеді және олар Кеңседе тіркелген күннен бастап есептеледі.

      Егер жауапта өтініштерде қойылған мәселелерді іс жүзінде шешу бойынша қабылданған шаралар туралы деректер қамтылмаса, өтініштің қаралуы аяқталды деп санауға болмайды.

      Өтініштерді қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда оларды қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспай ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

      Сұрау салуға жауаптар күнтізбелік 15 күн ішінде беріледі және олар Кеңседе тіркелген күннен бастап есептеледі.

      Сұрау салуға жауап беру кезінде қосымша зерделеуді немесе тексеруді жүргізу талап етілген жағдайда, Басшылық қарау мерзімін күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.

      Сұратылатын ақпаратты беру Кеңсенің құзыретіне кірмейтін сұрау салу ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті орталық және/немесе жергілікті атқарушы және/немесе өзге органға жіберіледі, бір мезгілде бұл туралы сұрау салуды жіберген өтініш беруші хабардар етіледі.

      Өтініштердің нәтижелері бойынша мынадай:

      1) өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

      2) мұндай шешім қабылдаудың негізділігімен өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      3) өтініштің мән-жайы бойынша түсініктеме беру туралы;

      4) өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірі қабылданады.

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көзделген тәртіппен сұрау салуды қанағаттандырудан бас тартылады.

      12. Жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін және сұрау салуын бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзі алады, бұл ретте оның тиісті қарары өтінішті және сұрау салуды бақылаудан алу үшін негіздеме болып табылады.

      Бақылаудағы өтініштерге және сұрау салуларға жауаптар түскен кезде Кеңсенің олардың орындалуы үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері өтініштерде және сұрау салуларда қойылған мәселелерді шешудің сапасы мен толықтығын зерделейді және Басшылыққа қарау нәтижелері туралы бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе басқа да іс-әрекеттер туралы ұсыныспен бірге баяндайды. Жеке және заңды тұлғалардың бақылаудан алынған өтініштері және сұрау салулары бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріндегі орындаушылар есеп карточкасындағы тиісті бағанды толтырады, одан кейін өтініштер мен сұрау салулар және оларға материалдар құрылымдық бөлімшенің ағымдағы мұрағатына есеп карточкаларымен бірге тапсырылады.

      13. Өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін болмайтын, қолы, оның ішінде электрондық цифрлық қолы қойылмаған, пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері және сұрау салулары анонимдік өтініштер және сұрау салулар деп саналады және оған мұндай өтініште және сұрау салуда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда іс жүргізу және мұрағат секторы зерделеп, БҚҚБ-нің меңгерушісіне баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайларды қоспағанда, қаралуға жатпайды.

      Сондай-ақ мәселенің мән-жайы баяндалмаған өтініштер және сұрау салулар қаралуға жатпайды.

      14. Күнтізбелік жыл аяқталған соң жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері мен сұрау салулары және оларға барлық материалдар іске түзіледі және мұрағатқа тапсырылады.

      Анонимдік өтініштер және сұрау салулар іс жүргізу және мұрағат секторында зерделенеді және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.

      15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және сұрау салулары мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлеріне БҚҚБ-нің меңгерушісінің немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана беріледі.

      Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын, азаматтардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау туралы статистикалық деректер есепті кезеңдерде белгіленген тәртіппен ұсынылады.

      16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және Кеңсенің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісіндегі ақпараттық тақтаға ілінеді.

      Азаматтарды қабылдаудың есебі өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, өтініш пен сұрау салудың және тапсырманың қысқаша мазмұны және қарау нәтижелері көрсетіле отырып, карточкалар (2-қосымша) бойынша жүргізіледі.

      Егер өтініш немесе шағым қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу азаматтардың хаттарымен жұмыс сияқты жүргізіледі.

      17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің БҚҚБ-і жүзеге асырады.

      18. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тікелей өздері басқаратын мемлекеттік органдарда жүргізеді.

  Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша

      (карточканың бет жағы)

Түскен өтінішті және сұрау салуды
ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

      ТІРКЕУ

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. Тіркеу нөмірі Тіркелген күні

      Өтініш берушінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      Өтініш және сұрау салу сипаттамасының коды

      _____________________________________________________________________

      Әлеуметтік жағдайы Өтініштің және сұрау салудың қысқаша түсініктемесі

      _____________________________________________________________________

      Ұсыныс, өтініш, шағым, үн қосу, сұрау салу

      Өтініш қай тілде жазылған

      Қарарды орындаушының шифрі

      _____________________________________________________________________

      (карточканың сырт жағы)

Күні

Өтінішті және сұрау салуды кім жіберді, кімге

Қолхат


      Істі сақтау/том:

      Орындалуы дейін ұзартылды

      Бақылаудан алынды:

      Тексерудің қорытындысы:

      Құрылымдық бөлімше бақылауға қойды:

  Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1а-қосымша

      (талонның бет жағы)

ТАЛОН*

(түбіртек)

ТАЛОН

(корешок)



(талонның нөмірі/номер талона)

Өтініш және сұрау салу/обращение и запрос

__________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты-жөні

не атауы / фамилия, инициалы либо

наименование заявителя)

__________________________________

"__" _____ 20__ ж./г.

__________________________________

Өтінішті және сұрау салуды

қабылдаған қызметкердің лауазымы,

Т.А.Ә., қолы / должность, Ф.И.О.,

подпись сотрудника, принявшего

обращение и запрос

__________________________________

__________________________________

(қолы / подпись)

Талонды алушының қолы / подпись

получившего талон

____ "__" сағ/час "__" мин.

"__" _____ 20__ ж./г.

ТАЛОН*

(жыртылмалы талон)

ТАЛОН

(отрывной талон)



(талонның нөмірі /номер талона)

Өтініш және сұрау салу/обращение и

запрос

__________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты-жөні

не атауы / фамилия, инициалы либо

наименование заявителя)

__________________________________

қабылданды / принято. Қабылдаған /

принял (лауазымы, тегі және

аты-жөні / должность, фамилия и

инициалы)

__________________________________

__________________________________

(субъектінің атауы, мекенжайы және

қызметік телефоны / наименование

субъекта, адрес и служебный

телефон)

__________________________________

Ескертпе / примечание

Өтініш және сұрау салу бойынша

шешім Қазақстан Республикасының

заңнамалық актілерінде белгіленген

мерзімде қабылданатын болады.

Решение по обращению и запросу

будет принято в сроки,

установленные законодательными

актами Республики Казахстан.

"__" ____ 20__ ж./г.

___________________ (қолы/подпись)


      (талонның сырт жағы)

* Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2012 жылғы 14 маусымдағы

№ 66 бұйрығына қосымша

Жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін есепке алу ережесіне

3-қосымша

Интернет ресурстың мекенжайы:

http:\\service.pravstat.kz

Адрес Интернет ресурса:

http:\\service.pravstat.kz

1012 нөміріне SMS хабарлама

SMS сообщение на номер 1012

Станционарлық телефон арқылы

8 800-080-7777 нөміріне

Со станционарного телефона на номер

8 800-080-7777

Мобильді телефон арқылы 1414

нөміріне

С мобильного телефона на номер 1414

Ескертпе\примечание:

Барлық байланыс операторларына құны

15 теңге болатын SMS-хабарламаны

қоспағанда, аталған көрсетілетін

қызметтер тегін жүзеге асырылады.

Указанные услуги, за исключением

SMS-сообщения

стоимостью 15 тенге на все

операторы связи, осуществляются

бесплатно.


  Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері мен сұрау салуларын қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша

      (карточканың бет жағы)

 КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

20_жылғы "__"____________№________

(қабылданған күн)

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты______________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Жұмыс орны және атқарып отырған лауазымы______________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Тұрғылықты мекенжайы__________________________________________

______________________________________________________________

Өтініштің қысқаша мазмұны_____________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

Қабылдау жүргізген адамның тегі_______________________________

______________________________________________________________


      (карточканың сырт жағы)

Кімге және не тапсырылды, күні________________________________

______________________________________________________________

Өтінішті қарау нәтижелері_____________________________________

______________________________________________________________

Жауапты қашан және кім берді__________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________