Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысы

Жаңартылған

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
      экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты бойынша лицензиар;
      экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат, өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде қайта өңдеуге рұқсат, өнімнің транзитіне рұқсат, тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды, кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беруге уәкілетті орган;
      2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар, экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар;
      3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өнімнің транзитіне рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.
      2. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
      «Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық міндеттемелер түсініктері бойынша бақыланатын тауарлар» деген бөлімнің кестесіндегі 5-баған алып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1083 қаулысына     
1-қосымша         

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар, экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

Р/с

Экспорттық бақылауға жататын өнім түрлері

Экспорт (кері экспорт) кезiнде лицензиялануға жататын тауардың
КО СЭҚ ТН
бойынша коды

Импорт кезiнде лицензиялануға жататын тауардың
КО СЭҚ ТН
бойынша коды

Өнімнің импортына (экспортына) лицензиялар және кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары

1

2

3

4

5

1

Қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар, әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

8525* (тек әскери мақсаттағы), 8526* (тек әскери мақсаттағы),
8710 00 000 0,
8802* (тек әскери мақсаттағы), 8803* (тек әскери мақсаттағы),
8804 00 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
8805* (тек әскери мақсаттағы),
8906 10 000 0,
9013 10 000 0*
(тек әскери мақсаттағы),
9013 20 000 0*
(тек әскери мақсаттағы),
9013 80* (тек әскери мақсаттағы),
9014* (тек әскери мақсаттағы), 9301,
9302 00 000 0, 9305* (тек жауынгерлiк қаруға),
9306 (9306 29 400 0, 9306 30 910 0, 9306 30 970 0-ден басқа)

8525* (тек әскери мақсаттағы),
8526* (тек әскери мақсаттағы),
8710 00 000 0,
8802* (тек әскери мақсаттағы),
8803* (тек әскери мақсаттағы),
8804 00 000 0* (тек әскери мақсаттағы), 8805* (тек әскери мақсаттағы), 8906 10 000 0, 9013 10 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
9013 20 000 0* (тек әскери мақсаттағы),
9013 80* (тек әскери мақсаттағы),
9014* (тек әскери мақсаттағы), 9301,
9302 00 000 0,
9305* (тек жауынгерлiк қаруға),
9306 (9306 29 400 0,
9306 30 910 0, 9306 30 970 0-ден басқа)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

2

«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы
№ 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: 200-299 сілтемесі бар 0-санат бойынша өнім, 1-9-санаттар бойынша өнім, («ядролық жеткізушілер тобы»)



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

3

Кен және уран немесе торий концентраттары

2612*

2612*

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

4

Иондаушы сәулелену көздерi, радиоактивтi химиялық элементтер және радиоактивтi изотоптар (бөлiнетiн немесе шығарылатын химиялық элементтерді, табиғи және жасанды изотоптарды қоса алғанда) және олардың қосылыстары; құрамында осы өнiмдер бар ең төмен мәндi белсендiлiктен (ТМБ) артық белсендiлiгi бар қоспалар мен қалдықтар

2844*

2844*

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

5

2844-тауар позициясының изотоптарынан басқа изотоптар; осы изотоптардың органикалық емес немесе органикалық, химиялық құрамы айқындалған немесе айқындалған, ең төмен мәндi белсендiлiктен артық белсендiлiгi бар қосылыстары (ТМБ)

2845*

2845*

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

6

Рентгендiк, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленудi пайдалануға негiзделген, құрамында радиоактивтi көздерi бар, ең төмен мәндi белсендiлiктен артық белсендiлiгi бар аппаратура. Радиоактивтi көздерi жоқ, кемiтiлген уран түрiнде қорғанышы бар аппаратура (ТМБ)

9022*

9022*

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

7

Қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды қоспағанда, рентген жабдығы, рентген түтiкшелерi және өзге де рентгендiк сәулелену генераторлары


8705 90 900 0* (тек рентгендiк қондырғылары бар автомобильдер ғана),
9022*

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

8

Бөлшектердi үдеткіштер


8543 10 000 0* (сәулелену энергиясы 5 КэВ-тан астам үшiн үдеткіштер ғана)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

9

«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы
5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім:
1-санат бойынша өнім – «Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер» мен «уыттар»;
9-санаттағы өнім - қозғалтқыш құрылғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар;
Әскери тізім бойынша өнім



1-санат бойынша:
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
9-санат бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
Әскери тiзiм бойынша:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

10

Оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жару құралдары және пиротехника**

3601 00 000 0* (аңшылық оқ-дәрiсiнен басқа),
3602 00 000 0, 3603 00,
3604 10 000 0

3601 00 000 0* (аңшылық оқ-дәрiсiнен басқа),
3602 00 000 0, 3603 00,
3604 10 000 0

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (кері экспорттан басқа)

      Ескертпе:
      * тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, сол сияқтыатауларымен де айқындалады;
      ** әскери мақсаттағы тауарлардан басқа.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1083 қаулысына     
2-қосымша         

Өнімнің транзитіне рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар  

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

Р/с №

Экспорттық бақылауға жататын өнімінің номенклатурасы

Өнімнің транзитіне рұқсаттар беруді келісуші Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары

1

2

3

1

Жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

2

Ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиiстi тауарлар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

3

Экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн тiзiмдер, тiзбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн химикаттар, екiұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

4

Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттерi

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

5

Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

6

Әскери мақсаттағы өнiмге және екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетiлетiн қызметтер және зияткерлiк қызметтiң нәтижелерi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті

7

Жарылғыш заттар және жару құралдары

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (тек әскери мақсаттағы)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті