"Қарағандышахтатарату" pecпубликалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1042 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 313-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Таратылған шахталар қызметкерлеріне "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны төлейтін залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түріне қарамастан Қарағанды облысының аумағында орналасқан, жерасты тәсілімен тас көмірді өндірумен айналысатын ұйымдар бойынша инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны қаржыландыруды жүзеге асырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

      "10. "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны бөлінген қаражат бойынша ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов