"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" жобасын іске асыруға "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамына республикалық бюджеттен 2005 жылы берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1031 қаулысы

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және 2015 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңымен ратификацияланған 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамына 041 «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредит Тараптар келіскен эскизді жоба сараптамасының нәтижелері бойынша бюджеттік кредиттің сомасын нақтылай отырып, негізгі борышты өтеу және 2019 жылға дейін жылдық 0,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы төлеу жөніндегі жеңілдікті кезеңнің мерзімдерін өзгерту бөлігінде қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов