"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 816 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1002 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 816 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямакайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Куба Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов