"Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 998 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

      Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) жыл сайын, жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2015 жылғы желтоқсандағы
№ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН     

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОСПАРЫ

Р/с № Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі
1 2 3 4 5

1.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілісінің хаттамасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк

2015 жылғы желтоқсан

2.

2016 – 2025 жылдар ішінде:
- экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 5 % деңгейінде қамтамасыз ету;
- 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе – 30 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту;
- 10 жыл ішінде экономикаға инвестициялар көлемін 100 миллиард АҚШ долларына ұлғайту;
- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру;
- еңбек өнімділігін 2 есе ұлғайту;
- 2020 жылға қарай инфляцияны 4 %-ға дейін төмендету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк

2017 – 2026 жылдары жыл сайын, ақпан

1. Қаржы секторын тұрақтандыру

3.

Банк секторының барлық субъектілеріне жұмыс істемейтін кредиттер тұрғысынан стресс-тестілеу жүргізу және оның нәтижелері бойынша оларды тану мен есептен шығару жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Ұлттық Банк

2016 жылғы қыркүйек

4.

Қазақстандық банктердің халықаралық стандарттарға, оның ішінде Базель комитеті мен Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Ұлттық Банк

2016 – 2018 жылдары жыл сайын, желтоқсан

5.

Ұлттық валютаға сенімді нығайту мақсатында «долларсыздандыру» құралдарын кеңейту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Ұлттық Банк, ҰЭМ, Қаржымині

2016 жылғы желтоқсан

6.

Инфляциялық таргеттеу шеңберінде орта мерзімді перспективада инфляция деңгейін 4 %-ға дейін төмендету үшін базалық пайыздық мөлшерлемені икемді өзгерту тетіктерін енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Ұлттық Банк, ҰЭМ, ИДМ, АШМ, Қаржымині, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы сәуір

7.

БЖЗҚ, ПНҚ және басқа да қаржы институттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бақылауынан шығару

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

Ұлттық Банк, Қаржымині, ҰЭМ

2016 жылғы наурыз

8.

Инвестициялық саясатты қайта қарау және зейнетақы активтерін қазақстандық және (немесе) шетелдік басқарушы жеке компаниялардың басқаруына беру арқылы зейнетақы жинақтарының кірістілігін арттыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

Ұлттық Банк, Қаржымині, ҰЭМ, ДСӘДМ

2016 жылғы маусым

9.

Қоғамды және қаржы мекемелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша тұрақты түрде хабардар ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Ұлттық Банк

2016-2018 жылдары тоқсан сайын

2. Бюджет саясатын оңтайландыру

10.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, Ұлттық Банк

2016 жылғы сәуір

11.

Салық жүйесін 2017 жылдан бастап түбегейлі реформалау, оның ішінде:
- ҚҚС-тың орнына сатудан түсетін салықты енгізу;
- салық режимдерін үш деңгейге дейін оңтайландыру (жалпы, дара кәсіпкерлерге арналған патент пен шағын және орта бизнеске, сондай-ақ аграрлық секторға арналған арнайы салық режимі);
- тиімсіз салықтық жеңілдіктерді алып тастау;
- салық саласының ашықтығын және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы тамыз

12.

Заңдастыру шарттары мен оған қатысушыларға кепілдіктерді күшейту бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

Қаржымині, Ұлттық Банк, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы мамыр

13.

Бюджет шығыстарын оңтайландыру, тиімсіз әрі өңірлік және индустриялық даму бағдарламаларына арналған шығыстарды және мемлекеттік субсидиялар жүйесін қайта қарай отырып, бюджеттік бағдарламаларға толық тексеру жүргізу арқылы жеке сектор есебінен жабылуы мүмкін шығыстарды алып тастау бойынша шаралар қабылдау

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қаржымині, ҰЭМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы тамыз

14.

МЖӘ-ні және жеке инвестицияларды жаңа объектілерді салу кезінде ғана емес, сондай-ақ реконструкциялау және техникалық қызмет көрсету кезінде де пайдалану тетіктерін кеңейту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері,
«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 – 2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

15.

МЖӘ тетіктерін енгізу және қолдану мәселелері бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері,
«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы ақпан

3. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

16.

Кейбiр заңнамалық актiлерге:
- мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар объектілерін жекешелендіруге шектеулерді алып тастау;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың активтерін әділ нарықтық құны бойынша ашық түрде және бәсекеде сату;
- жекешелендіруге қазақстандық және шетелдік инвесторлардың барынша көп қатысуы үшін жағдайлар жасау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Қазақстан Республикасының Заңы

ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы желтоқсан

17.

Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекет меншігіндегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін бекіту (иеліктен шығаруға жатпайтын объектілердің тізбесін қысқарту бөлігінде)

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ

2016 жылғы қаңтар

18.

Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰБХ (келісім бойынша), ҰХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша)

2016 жылғы қаңтар

19.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ны трансформациялау бағдарламасын іске асыру

Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, желтоқсан 2016 – 2018 жылдары

20.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ активтері бәсекелес ортаға өткеннен кейін оларды ықшам холдингтерге қайта құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2017 жылғы шілде

21.

Кейбiр заңнамалық актiлерге барлық акционерлердің квазимемлекеттік сектордың иеліктен шығарылатын активтерін сатып алуға басым құқықтарын алып тастау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, Ұлттық Банк

2016 жылғы қаңтар

22.

Монополияға қарсы ведомствоның мәртебесін және оның жұмыс тәртібін нақты регламенттей отырып, монополияға қарсы заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы сауір

23.

Экономиканың барлық секторларында нарықтық баға белгілеуге одан әрі көшу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, ИДМ, АШМ, ЭМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы мамыр

24.

Жеке және заңды тұлғалар үшін айқын, түсінікті және барынша жеңілдетілген банкроттық рәсімдерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

Қаржымині

2016 жылғы мамыр

25.

Жеке тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу

заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа шығару және онда қарау

Қаржымині

2016 жылғы наурыз

4. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

26.

ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі жоспарды бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «KAZNEXINVEST» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы ақпан

27.

Инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде үкіметтік және өңірлік кеңестер құру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі
 
 
 
облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің өкімдері

ИДМ, ҰЭМ, «KAZNEXINVEST» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы қаңтар
 
 
 

 
 
 
 
2016 жылғы қаңтар

28.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде экономикалық өсудің өңірлік драйверлерін қалыптастыру және инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру мақсатында 6 макроөңір үшін (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы және Астана) инвестициялық даму бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, ЭМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы шілде

29.

Жеке инвестициялар тартуды қоса алғанда,  Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру көздерін әртараптандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, ЭМ, БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы маусым

30.

Өнімділікті және тиімділікті арттыру, өнімділігі төмен салалар мен жобаларды қолдауды алып тастау, экспортқа бағдарланған перспективалы жобаларды іріктеу өлшемшарттарын күшейту жөніндегі шараларды ескере отырып, Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын өзектілендіру

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭМ, БҒМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы сәуір

31.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қытай Халық Республикасымен, Иран Ислам Республикасымен, Моңғолиямен, Үндістан Республикасымен, Пәкістан Ислам Республикасымен, Орталық Азия және Кавказ елдерімен еркін сауда туралы келісімдер жасасу жөніндегі мәселелерді пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, СІМ, Әділетмині, Қаржымині, ИДМ, АШМ, ЭМ, ДСӘДМ

2016 – 2018 жылдары жыл сайын, желтоқсан

32.

Германия, Канада, Аустралия және Сингапур тәжірибелері бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау бойынша бірлескен орталықтар құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы мамыр

33.

Зерттеу университеттері базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені, Назарбаев Университетінің «Астана бизнес кампус» хайтек-паркін және Алматыда «Алатау» технопаркін құру арқылы смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақ энергетикасы, жобалау және инжиниринг саласында құзыретті дамытуға бағытталған Жол картасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ (келісім бойынша), «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы мамыр

5. Жаңа әлеуметтік саясат

34.

Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту бөлігінде өзектілендіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині

2016 жылғы мамыр

35.

Мыналарды:
- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып,   негізгі бағыттарды;
- 2009 – 2010 жылдардағы Жол картасына ұқсас әлеуметтік, инженерлік-көліктік объектілерді және ТКШ объектілерін жөндеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған қосымша шығыстарды нақтылау бөлігінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасын өзектілендіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ, Қаржымині, АШМ, ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы наурыз

36.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині, БҒМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы наурыз

37.

Отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар үшін өзара міндеттемелер қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмекті енгізу тәжірибесін кеңейту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 – 2017 жылдары жыл сайын, желтоқсан

38.

Мыналар:
- азық-түлік себетінің құрамын және әртүрлі жыныс-жас топтары үшін тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын қайта қарау;
- ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдістемесін өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2016 жылғы желтоқсан

39.

2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жаңа жобасын енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы сәуір

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

«Атамекен» ҰКП

– «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

АШМ

– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Әділетмині

– Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

– «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

БҒМ

– Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгi

БЖЗҚ

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

ВАК

– Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

ДСӘДМ

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

ИДМ

– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

«ИТП» ДКҚ

– «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

– «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Қаржымині

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚҚС

– қосылған құн салығы

МЖӘ

– мемлекеттік-жекешелік әріптестік

«Назарбаев Университеті» ДБҰ

– «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы

ПКҚ

- «Проблемалы кредиттер қоры» акционерлік қоғамы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

СІМ

– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi

Ұлттық Банк

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ТКШ

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

ҰБХ

– ұлттық басқарушы холдингтер

ҰК

– ұлттық компаниялар

ҰХ

– ұлттық холдингтер

ЭМ

– Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

ЭЫДҰ

– Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

«KAZNEXINVEST» АҚ

– «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы