Тауар берушіні айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 997 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 65) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 4175 тапсырмасына сәйкес және жануарлардың аусылына қарсы профилактикалық іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жануарлардың саулығын қорғаудың федералдық орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Ресей Федерациясы, Владимир қаласы) аусылға қарсы тазартылған вакциналарды беруші ретінде айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов