Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағын, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын, осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 2) тармақшасын, 2-бөлімінің 7-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 1) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 988 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілерге арналған тиісті санаттардағы лауазымдарға тағайындалады.";

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторийлік-курорттық қызмет көрсетілуіне;";

      8-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:";

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін:

      әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақты, сыныптық шенді алу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнайы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа жеткен;

      әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркіне не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты қызметтен босатылған;

      жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен босатылған не арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа жеткен адамдардың алуға құқығы бар;";

      4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен біржолғы жәрдемақы тағайындау үшін есепке алынатын ақшалай қаражатты айқындау кезінде:";

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есепке алынатын ақшалай қаражат мемлекеттік әкімшілік не азаматтық қызметтен босатылған күнгі соңғы қызмет атқарған орны бойынша тіркелген ақшалай қаражатты не лауазымдық жалақыны көрсете отырып, соңғы қызмет орны бойынша тиісті қаржы органының белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.

      10. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

      11. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға құқық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және санаторийлік-курорттық емделу құқығы сақталады.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар қатарынан қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) асыраушысының еңбек сіңірген жылдары үшін үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне – оның қайтыс болған күніне қарай төленген асыраушысының еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемінің мөлшерінде біржолғы жәрдемақылар төленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";

      3-тармақта:

      бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде оларды кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақша салу жолымен төлеуге жатады.";

      5-тармақтың екінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғалар үшін – зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады;

      Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызы мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (табысынан) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі.".

      6-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 2) және 13) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда (жоғалған жалақы (табыс) бөлігінде), Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды агенттер меншікті қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады, ол Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.";

      9-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5), тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;";

      6) тармақшадағы "кешіктірмей аударады." деген сөздер "кешіктірмей;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      7) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (табысынан) айрылған жағдаймен байланысты залалды өтеу ретінде болған сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнетақы жасына жеткен адам алдында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда, аталған берешек оның банктік шотына ақша аудару арқылы төленуге жатады.";

      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде Орталық көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған электронды түрдегі өтінімді қалыптастырады.";

      47-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналары есепке алынған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1-1-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 1-1-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 1-1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 4-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 4-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК бас директорына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК бас директорына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 5-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 5-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 6-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 6-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 7-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 8-қосымша" деген сөздер "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 8-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 28-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 83, 1071-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған өндірістердің, жұмыстардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі".

      6. "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:

      2-тармақтың екінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы есептейтін қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметінің өтілі;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін қызметтен негізсіз шығарылған, ал кейіннен денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеулер болмағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы (милициясы) комитеті) төрағасының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, Әділет министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды адамдарының, Бас прокурордың, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет бастығының, сондай-ақ Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының шешімі бойынша заңсыз шығарылған деп танылуына байланысты қызметіне қайта тағайындалған Қарулы Күштер прапорщиктерінің, мичмандарының және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамы адамдарының еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептеледі.";

      4-тармақтың 4) тармақшасының отыз үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы;".

      7. "Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – төлеу жөніндегі агент (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;";

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;

      9) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасы үшін өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс беруші.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Агенттер меншікті қаражаты есебінен қызметкерлердің пайдасы үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шарт Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, агент және қызметкер арасында жасалады.

      7. Агенттер қызметкердің бір айда есептелген табыс сомасын негізге ала отырып, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табыстардан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ай сайын жүзеге асырады.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар агенттің еңбекақы төлеу қорына жатады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Агент міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырған кезде үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ұсынады.";

      14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Агенттер төлейтін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шегеруге жатады.

      15. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда, агенттердің (алушылардың) іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Агенттер кәсіптері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.".

      8. "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидалары осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      9. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 988 қаулысына
1-қосымша
  Арнаулы атақтарды және
сыныптық шендерді иелену,
сондай-ақ нысанды
киім киіп жүру құқықтары
жойылған адамдарға
зейнеткерлікке шыққан кезде
әлеуметтік қамсыздандыруды,
барлық жеңілдіктер мен
артықшылықтарды сақтау
қағидаларына қосымша

Құқық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет желісі бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған, әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақтаған адамдарды тіркеу туралы
АНЫҚТАМА

      ____________________________________________________________ берді

      (мемлекеттік органның, бөлімшенің атауы)

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________

      2. Жойылған кездегі арнаулы атағы (сыныптық шені) ___________

      3. Жойылған кездегі құқық қорғау органы, мемлекеттік

      фельдъегерлік қызмет қызметкерінің атқарған лауазымы ______________

      4. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ

      нысанды киім киіп жүру құқығының жойылуына байланысты мемлекеттік

      немесе азаматтық лауазымға ауыстыру туралы 2012 жылғы "___" _______ №

      ______ бұйрық.

      Мөр орны Органның кадр қызметінің басшысы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 988 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысымен
бекітілген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) зейнетақы жинақтары – шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;

      4) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға;

      5) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын.

      3. Зейнетақы төлемдері:

      1) зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын жүзеге асырылады.

      Бұл ретте белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:

      республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен;

      зейнетақы жинақтары сомаларының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды.

      Егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса, алушы зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын ала алады.

      Жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы төлемнен кейін ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраған жағдайда, аталған қалдық төлем сомасымен бірге төленеді;

      2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

      Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

      Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес мөлшерде жүзеге асырылады.

      Өтініш берілген күнге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді.

      Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.

      3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 2-тармағында, 32-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында, 2-тармағында көзделген жағдайларда бір рет;

      4) зейнетақы жинақтарын Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, зейнетақы аннуитеті шартының негізінде сақтандыру ұйымына аудару арқылы төленеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Зейнеткерлік жасқа толғанда, мерзімсіз бірінші және екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда

      4. Алушы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде:

      1) БЖЗҚ-ға өзі жүгінген кезде:

      БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      алушының банк шоты туралы мәліметтерді;

      2) БЖЗҚ веб-порталы арқылы жүгінген кезде:

      алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді.

      Бұл ретте, БЖЗҚ веб-порталы арқылы өтініш беру тәртібі БЖЗҚ ішкі құжаттарымен бекітіледі.

      5. Алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ Орталық пен БЖЗҚ арасында жасалған шарт (бұдан әрі – Шарт) шеңберінде немесе веб-сервис арқылы Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан (бұдан әрі – МОДҚ) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленгені туралы мәліметтерді сұратады.

      Алушыда МОДҚ-да мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы белгіленген мүгедектіктің болуы туралы мәліметтерді растау болмаған жағдайда БЖЗҚ алушы өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады, онда бас тарту себебі көрсетіледі.

      6. Зейнетақы төлемдері өтініш берген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше не қайтыс болған айын қоса алғанда төленеді.

      Белгіленген кесте бойынша төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өтініш қабылданған күнгі зейнетақы жинақтары сомасының Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес алушының тиісті жастағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген соманы он екіге бөлу жолымен айқындалады.

      7. БЖЗҚ жыл сайын осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ережелерді ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда

      8. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздері өтініш жасаған кезде БЖЗҚ-ға:

      1) өтініш;

      2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы төлемдері бір рет жүзеге асырылады.

Алушы не зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда

      10. Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлейді.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына қосылады.

      11. Жерлеуге арналған біржолғы төлем алу үшін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды:

      1) өтініш;

      2) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      4) зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      12. Жерлеуге арналған біржолғы төлем осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      13. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу үшін алушылар (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға мынадай құжаттарды:

      1) өтініш;

      2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) нотариат куәландырған зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесін;

      4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесі және заңды күшіне енген сот шешімін;

      5) алушының банк шоты туралы мәліметтерін ұсынады.

      14. Үшінші тұлға арқылы өтініш берілген жағдайда, үшінші тұлға осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында 8, 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қоса:

      1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын береді.

      Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

      15. Пошта байланысының құралдары арқылы өтініш берілген кезде осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында 8, 13-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ өтініштегі алушының қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

      16. Қабылданған құжаттар негізінде БЖЗҚ істің электрондық макетін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтайды.

      17. Құжаттар топтамасын пошта байланысының құралдары арқылы БЖЗҚ-ға берген адамды қоспағанда, алушыға, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесіне, не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат тапсырылады.

      18. Алушы не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі не жерлеуді жүзеге асырған адам осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына, 8, 11 және 13-тармақтарына сәйкес белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні БЖЗҚ ішкі құжаттарында айқындалған нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.

      19. Зейнетақы төлемдері алушыларға белгіленген кесте бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, мұрагерлерге осы Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      20. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның деректемелері өтініште көрсетілетін банк шотына аударады.

      21. Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      22. Құжаттың көшірмесін түпнұсқасымен дұрыстығын куәландыру, өтініште алушының қолтаңбасының түпнұсқалығын, сенiмхатты растау бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жүргізілген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды заңдастыру қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 988 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы
№ 1042 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі

      Зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесі кестеге сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі:

Жасы

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері

1

2

18

0,07917

19

0,07922

20

0,07926

21

0,07931

22

0,07937

23

0,07942

24

0,07949

25

0,07956

26

0,07963

27

0,07972

28

0,07981

29

0,07990

30

0,08001

31

0,08013

32

0,08025

33

0,08039

34

0,08054

35

0,08070

36

0,08088

37

0,08107

38

0,08128

39

0,08151

40

0,08176

41

0,08204

42

0,08234

43

0,08267

44

0,08303

45

0,08342

46

0,08385

47

0,08432

48

0,08484

49

0,08541

50

0,08604

51

0,08674

52

0,08750

53

0,08835

54

0,08928

55

0,09032

56

0,09148

57

0,09277

58

0,09421

59

0,09582

60

0,09764

61

0,09969

62

0,10202

63

0,10467

64

0,10771

65

0,11121

66

0,11528

67

0,12005

68

0,12570

69

0,13246

70

0,14067

71

0,15081

72

0,16362

73

0,18024

74

0,20257

75

0,23404

76

0,28152

77

0,36099

78

0,52048

79

1,00000

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 988 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1500 қаулысымен
бекітілген

Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары

      Осы Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 70-бабына сәйкес әзiрлендi және әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарың, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1) Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) зейнетақы төлемдері – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты зейнетақылар, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

      2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы Заңға сәйкес берілетін ақшалай төлем;

      3) зейнетақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;

      4) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      5) Орталықтың филиалдары – Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдары;

      6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері.

2. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібi

      2. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерін тағайындауды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi – Қарулы Күштерде, әскери прокуратура органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлерге;

      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi – iшкi iстер органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi – ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

      5) Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметi – "Сырбар" сыртқы барлау қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге;

      7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті – экономикалық тергеу қызметінде қызмет өткерген қызметкерлерге.

      3. Арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

      4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғаш рет қызметке орналасқан және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыстан босатылған, қызметтен босатылған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау шарттары бар адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (бұдан әрі – уәкiлеттi мемлекеттiк органдар) осы Қағидаларды нақтылау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әскери қызметшiнің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың қызмет өткергенiн және шығарылған күнi ақшалай қаражатының мөлшерiн растайтын құжаттардың тiзбесiн айқындайды. Құжаттар қабылдауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде ведомстволар немесе аумақтық органдар (бұдан әрi – бөлiмшелер) жүзеге асырады.

      6. Уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларды нақтылау жөніндегі нұсқаулықты өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып қабылдайды.

      7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған адам мынадай құжаттар мен олардың көшірмелерін қоса бере отырып, тұрғылықты жеріндегі бөлімшеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      2) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);

      3) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының не қылмыстық-атқару мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      4) 3 х 4 см мөлшеріндегі фотосуреттер (2 дана);

      5) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары үшін жеке зейнетақы шотынан әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызының есептен шығарылғаны туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша растау-анықтама.

      Құжаттардың көшірмелері "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландыруға тиіс.

      8. Бөлімше осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдай отырып және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес айқындалатын тізбеге сәйкес құжаттарды талап ете отырып, оларды келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

      9. Уәкілетті мемлекеттік органдар барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Заңға сәйкес зейнетақы ісін құрайды, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды жүргізеді, тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын куәлік береді.

      10. Өтініш иесіне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар он жұмыс күні ішінде бас тарту себептері туралы хатпен құжаттарды бөлімшеге қайтарады, ол үш жұмыс күн ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.

3. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібi

      11. Уәкілетті мемлекеттік органдар Орталықтың филиалдарына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 1-BC, 1-ИУ нысандары бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған үзінді көшірмелерді бір данада береді.

      12. Заңда көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері өзгерген жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4 және 5 қосымшаларға сәйкес 1-BC-арттыру, 1-BC/1-арттыру нысандары бойынша зейнетақы төлемдерінің жаңа мөлшері туралы үзінді көшірмелерді дайындайды және Орталықтың филиалдарына бір данада жібереді.

      Қызмет өтілінің, ақшалай қамтылым мөлшерінің өзгеруіне байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері өзгерген жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 және 3 қосымшаларға сәйкес 1-BC-арттыру, 1-BC/1-арттыру нысандары бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің жаңа мөлшері жөнінде үзінді көшірмелерді дайындайды.

      Алушының тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болса), банк шотының нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушы бөлімшеге тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге осы өзгерістер туралы өтініш береді.

      Жаңа деректемелері бар үзінді көшірмені уәкілетті мемлекеттік орган Орталықтың филиалдарына жібереді.

      13. Келіп түскен үзінді көшірмелер Орталықтың филиалдарында осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінді көшірмелерді тіркеу журналында тіркеледі және Орталықтың бөлімшесіне жіберіледі.

      14. Орталықтың бөлімшелері үзінді көшірмелер келіп түскен кезде оларды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үзінді көшірмелерді тіркеу журналында тіркейді және орталық дерекқорда (бұдан әрі – ОДҚ) алушылардың карточкаларын қалыптастырады және карточкаға тиісті деректерді не олар бойынша өзгерістерді енгізеді.

      15. Алушылар бойынша енгізілген және қолда бар деректер негізінде Орталық зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырып, оны төлем айы алдындағы айдың 25 күніне қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрi – Министрлік) береді.

      16. Министрлік тиісті кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспары шегінде зейнетақы төлемдеріне арналған төлемдер бойынша қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жібереді.

      17. Орталық бюджет қаражатын алысымен, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға арналған төлем тапсырмаларын, сондай-ақ олардан ұстап қалуларды қалыптастырады.

      18. Орталық төлемдерді:

      1) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына есептеу;

      2) "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізеді.

      19. Төлемдерді үйге жеткізіп беру алушылардың мынадай санаттарына:

      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына;

      2) сексен жасқа толған адамдарға;

      3) бiрiншi топтағы мүгедектерге;

      4) бөгде адамның күтiмiне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға;

      5) пошта байланысының бөлімшелері (пункттері) болмаған жағдайда ауылдық жерде тұратын адамдарға жүргізіледі.

      20. Зейнетақы төлемдерін беру зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына есептелген сомалар шегінде, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 7Д нысанының тізім-ведомосы бойынша жүргізіледі.

      21. 7Д нысанының тізім-ведомосы екі данада басып шығарылады зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның және Орталық бөлімшесінің қолтаңбасымен және мөрімен расталады және олардың әрқайсысында бір данада сақталады.

4. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

      22. Зейнетақы төлемдерін алушылардың интернаттық немесе мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге қабылданғаны туралы уәкілетті мемлекеттік органның хабарламасы негізінде (осы ақпаратты көрсетілген мекемелер міндетті түрде уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынады) Орталықтың бөлімшелері тұрғылықты мекенжайын өзгерте отырып, ОДҚ-да белгі жасайды.

      23. Интернаттық немесе мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын алушыларға зейнетақы төлемдері интернаттық немесе мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) мұқтаж деп танылған, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға зейнетақы төлемдерінің сомалары қорғаншылар (қамқоршылар) уәкілетті ұйымда ашатын банк шоттарына аударылады.

5. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

      24. Зейнетақы төлемдерін алушылар бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда аталған төлемдердің сомаларын Орталық сотталғандар жазасын өтеп жүрген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің арнайы шотына аударады.

      25. Сотталған адам зейнетақы төлемдері оған қай уақыт аралығында жүргізілгенін көрсете отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігіне жазбаша өтініш жасайды.

      Қылмыстық-атқару мекемесі өзі орналасқан жердегі тиісті бөлімшеге хатпен өтініш жасайды, онда сотталғанның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), оның бұрынғы тұрғылықты мекенжайын, оған зейнетақы төлемдері қай кезеңге төленгенін, сондай-ақ жазасын өтеу мерзімдері мен қылмыстық-атқару мекемесінің деректемелерін көрсетеді.

      26. Қылмыстық-атқару мекемесі орналасқан жердегі бөлімшелер қылмыстық-атқару мекемесінен хабарлама алысымен бұрынғы тұрғылықты жері бойынша (ол сотталғанға дейінгі) бөлімшеден сотталғанның зейнетақы ісін cұратады.

      Уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы төлемдерін алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшелеріне осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 1-Б/BC нысаны бойынша оларды төлеуді тоқтатуға хабарлама береді.

      Қылмыстық-атқару мекемесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы ісін алысымен оны есепке қояды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-ИУ нысаны бойынша зейнетақы ісінен үзінді көшірмені Орталықтың бөлімшесіне жібереді.

      27. Орталықтың бөлімшесі 1-ИУ нысаны бойынша үзінді көшірменің негізінде тағайындалған зейнетақы төлемдерін қылмыстық-атқару мекемесінің арнайы шотына аудару үшін ОДҚ-да өзгерістер жүргізеді.

6. Тұрғылықты жері өзгерген кезде азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

      28. Қазақстанның басқа өңіріне не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде зейнетақы төлемдері алушының тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған айы бойынша жүзеге асырылады.

      Уәкілетті мемлекеттік орган не оның бөлімшесі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетушінің зейнетақы ісін басқа елдердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша жолдайды.

      29. Алушыны төлемнен алуды уәкілетті мемлекеттік орган не оның бөлімшесі ұсынатын осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес 1-Б/ВС, 1-Б/ВС/2 нысандары бойынша хабарламалар негізінде Орталықтың бөлімшесі жүргізеді, бұл туралы ОДҚ-да тиісті белгі жасалады.

      30. Қазақстанның басқа өңірінен көшіп келуіне байланысты алушы жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Орталықтың бөлімшесі алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша төлем жүргізілген айдан кейінгі айдан бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

      31. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының аумағында оның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі.

      Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрады, ал құжаттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде тоқтатылған зейнетақы төлемдері тоқтатылған күннен бастап қайта төленеді.

7. Орталықтан қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібi

      32. Жерлеуге арналған біржолғы төлем (өтемақы) мен отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша бөлімшеге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және көшірмелерімен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәлік) немесе жерлеуді жүзеге асырған дара кәсіпкердің патенті (жеке тұлғалар үшін);

      2) қайтыс болғаны туралы куәлік;

      3) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Бұдан басқа, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін:

      біржолғы жәрдемақы алуға құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжат;

      осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 18-ден 23 жасқа дейінгі балалары күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылатыны туралы оқу орнының анықтамасы;

      қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын куәландыратын құжаттар (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке болуды (ана болуды анықтау туралы куәліктер);

      зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландыруға тиіс.

      33. Қайтыс болған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыны жерлеуге арналған біржолғы төлемнің (өтемақының) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

      Уәкілетті мемлекеттік орган Орталықтың филиалы арқылы осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес 1-Б/ВС, 1-Б/ВС/2 нысандары бойынша хабарлама негізінде қайтыс болған адамдарды жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді (өтемақыны) және олардың отбасыларына берілетін біржолғы жәрдемақылар төлеуге арналған өтінімдерді жібереді.

      34. Орталықтың бөлімшесі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны алушылардың тізім-ведомосын қалыптастырады.

      35. Өтінімдер негізінде Орталық қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемнің (өтемақының) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін алушылардың көрсетілген шоттарына қаржыландыруды жүзеге асырады.

      Орталық зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған шоттарға қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны жеке тұлғаларға аударуды жүргізеді.

      Орталық заңды тұлғаларға жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) олардың ағымдағы шоттарына аударуды жүргізеді.

      36. Орталықтың бөлімшелері зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған, Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен жағдайда (немесе уәкілетті органның сұратуы бойынша, басқа себептер бойынша) тоқтатылған төлемдер бойынша өткен жыл үшін айлар бойынша жүргізілген зейнетақы төлемдері туралы ОДҚ-дан берілген анықтамаларды уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынады.

      37. Орталықтың бөлімшесі жылына бір рет үзінді көшірмелерді түгендеуді жүргізеді, түгендеу жүргізген кезде ОДҚ-да есепте тұрған (қолданыстағы) зейнетақы төлемдерін алушылардың тізімін басып шығарады және бөлімшеге алушылардың сауалнама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, зейнетақы төлемдерінің ай сайынғы мөлшері, ұстап қалудың мөлшері) дұрыс толтырылуын тексеруге береді, түгендеу аяқталғаннан кейін акт жасалады.

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

      ______________________________________

      (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы

      төлемдерін тағайындайтын мемлекеттік

      органның атауы)

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау (қайта бастау) туралы өтініш

      индексі ____________ _________________________________ облысы/қаласы

      _______________ қаласы (ауданы) ______________________________ ауылы

      ___________ көшесі (шағын ауданы) ______ үй ____ пәтер тел.

      ____________ мекенжайы бойынша тұратын _____________________________

      (өтініш берушінің әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, біліктілік

      сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Банктің атауы ________________ Банктегі (карт) шоты ________________

      Байланыс бөлімшесi _________________________________________________

      Менің жеке сәйкестендіру нөмірім (ЖСН) _____________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: № __________________________________

      Қашан және кім бердi ______ жылғы "____" _________ _________________

      Маған еңбек сіңірген жылдарым үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауды

      (қайта бастауды) сұраймын.

      Бұдан бұрын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алдым

      _______________ (қазіргі уақытта аламын немесе енді тағайындалды)

      (иә, жоқ)

      ____________________________________________________________________

      (қай мемлекеттік органнан және еңбек сіңірген жылдары үшін қандай

      зейнетақы мөлшері, ал егер төлеу тоқтатылған болса, онда қай уақыттан)

      Өтінішке қоса беремін: _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы ______________ 20___ жылғы "_____" ___________

      Өтініш 20___ жылғы "____" ______________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы және қолы: ___________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметке әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен, біліктілік

      сынып бере отырып қабылданған кезде, сондай-ақ тіркелген мекенжайым

      өзгерген кезде ол туралы зейнетақы төлемдерін тағайындаған

      мемлекеттік органға бес күн мерзімде, ал Қазақстан Республикасының

      басқа өңірлеріне және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты

      тұруға кеткен кезде дереу хабарлауға міндетті екендігім туралы

      хабардармын.

      Төлем тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және

      өңдеуге келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы __________ 20__ жылғы "____" _________________

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

      1-ИУ нысаны

Бас бостандығынан айыруға сотталған және қылмыстық-атқару мекемесінде жазасын өтеп жүрген тұлғаның зейнетақы ісінен үзінді көшірме

      № _________ зейнетақы ісi

      Тегі _______________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)____________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы _______________________________________________

      (сотталғанға дейін)

      Зейнетақы төлемдерінің түрi

      ____________________________________________________________________

      Сот шешімi _________________________________________________________

      (соттың атауы, шешімнің күні, өтеу мерзімі)

      Қылмыстық-атқару мекемесінің мекенжайы

      _________________________________________________________ (пошталық)

      Қылмыстық-атқару мекемесінің ЖСН

      ____________________________________________________________________

      Қылмыстық-атқару мекемесіне қызмет көрсететін банктің деректемелері:

      ХҚЕ ________________________________________________________________

      Кор. шот ___________________________________________________________

      Банк ЖСН____________________________________________________________

      ______________________________________ қолма-қол ақшаны бақылау шоты

      (қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің)

      ____________________________________________________________________

      (банктің атауы, орналасқан жері)

M.O.

Басшы

__________________
(қолы)

___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Маман

___________________
(қолы)

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

      1-BС нысаны

Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердiң зейнетақы iсiнен үзiндi көшірме

      № _______________ зейнетақы ісi

      Тегi _______________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________

      Туған күні ______ жылғы "___" ______________________________________

      ____________________ Қазақстан Республикасы Заңының ___-бабы

      ____-тармағы _____тармақшасына сәйкес (негіздемені көрсету) еңбек

      сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған күн _____

      жылғы "___" ______________

      Тұрғылықты (нақты) мекенжайы _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: № __________________________________

      Кім және қашан бердi __________________ _____ жылғы "___" __________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ______ жылғы "___"

      _____________________________________________ бастап жүргізілсін.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің

      мөлшерi _____________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша түрде)

      Қосымша ақы (артық төлем) сомасы _____________________________ теңге

      ___ жылғы "___" _____ – ___ жылғы "__" _____ аралығындағы кезең үшін

      Негіздеме (әскери қызмет өтілінің, ақшалай қамтылымның өзгеруі)

      ____________________________________________________________________

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық

      зейнетақы төлемінің мөлшері:_________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша түрде)

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық

      зейнетақы төлемдерi ______ жылғы "___" __________ бастап жүргізілсін.

      ___ жылғы "__" ____ – ____ жылғы "___" ____ аралығындағы кезең үшін

      2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық

      зейнетақының қосымша ақы (артық төлем) сомасы ______________ теңге.

      1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша және

      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақы мөлшері

      __________________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша түрде)

      Банк деректемелері мен банк шотының нөмірі:

      ХҚЕ ________________________________________________________________

      Банк БСН ___________________________________________________________

      Шот (карт-шот) _____________________________________________________

      (банктің атауы, орналасқан жері)

M.O.

Басшы

________________
(қолы)

________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Маман

__________________
(қолы)

__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

      1-BС-арттыру нысаны

Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы iсiнен үзiндi көшірме

      № _________ зейнетақы ісi

      Тегi _______________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________

      Туған күні _________ жылғы "___" ___________________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған күн

      ______ жылғы ___________ __________

      (қажеттісінің астын сызу керек)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері

      _____ жылғы "___" _______ дейін ______________________________ теңге

      __________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      ___ жылғы "__" ____ – ___ жылғы "__" ______ аралығындағы кезең үшін

      Қосымша ақы (артық төлем) сомасы ____________________________ теңге

      ____ жылғы "___" ________ дейін мемлекеттік базалық зейнетақы

      төлемінің мөлшері: __________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      ___ жылғы "__" ____ – ____ жылғы "___" _____ аралығындағы кезең үшін

      Қосымша ақы (артық төлем) сомасы ____________________________ теңге

      _____ жылғы "___" _______ бастап еңбек сіңірген жылдары үшін

      зейнетақы төлемдерінің мөлшері: _____________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      ___ жылғы "___" _____ бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің

      мөлшері: ____________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

M.O.

Басшы

________________
(қолы)

__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Маман

__________________
(қолы)

________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

      1-BС/1-арттыру нысаны

Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы iсiнен үзiндi көшірме

      № _______________ іс

      Тегі _______________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________

      Туған күнi _________________________________________________________

      Жәрдемақы тағайындалған күн ________________________________________

      (жылы, айы, күні)

      Тұрғылықты мекенжайы (нақты) _______________________________________

      Жеке куәлігі ________ _____ жылғы "___" ____________№_______________

      Кім бердi __________________________________________________________

      ЖСН ________________________________________________________________

      Жәрдемақы түрі: ____________________________________________________

      Мүгедектігі бойынша 20__жылғы "___" _______МӘСК-тің № ___ анықтамасы

      Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша (асыраушының қайтыс болғаны

      туралы анықтама) _____________ ____ жылғы "___" __________№

      20__ жылғы "___" __________ дейін жәрдемақы мөлшері

      _____________________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      Жәрдемақы мөлшері 20__ жылы "___" _________ бастап: _________ теңге

      __________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      Жәрдемақы мөлшерінің мынадай себептер бойынша өзгеруі:______ теңге

      __________________________________________________________________

      (мүгедектік тобының, отбасының еңбекке жарамсыз мүшелері санының

      өзгеруі) ____ жылғы "___" ______ – ____ жылғы "___" ____ аралығында

      кезең үшін

      ___________________________________________________________________

      (сомасы жазбаша)

      Жәрдемақы алу үшін банктің деректемелері және банк шотының нөмірі:

      ХҚЕ _______________________________________________________________

      Банк БСН __________________________________________________________

      Шот _______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (банктің атауы, орналасқан жері)

M.O.

Басшы

_________________
(қолы)

______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Маман

_________________
(қолы)

______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша
  1-В/Л нысаны

      ____________________________________________________________________

      (зейнетақы төлемдерін тағайындаған мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (орталық филиалының атауы)

      Зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттар туралы

      20__ жылғы "___"__________ №_______________ хабарлама

P/c

Зейнетақы ісінің нөмірi

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Құжат түрi

1

2

3

4






      Барлығы _______________________________________ құжат қоса берілді.

      Бөлімше басшысы _________________________________________________

      Бөлімше маманы ___________________________________________________

      Қабылдады: _______________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

      ________________________________ орталығы

      (облыс, қала, аудан)

________________________ үзінді көшірмелерін тіркеу (зейнетақы төлемдерінің түрі) журналы

P/c

Iс №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Үзінді көшірме №

Тіркелген күнi






















      Мөрмен бекемделген: журналдағы парақтар саны ____________________

      (жазбаша)

      М.О.

      Орталық филиалының директоры (Орталық бөлімшесінің бастығы)

      ___________________________________________________________________

      Маман _____________________________________________________________

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша

      7Д нысаны

____________________________ (төлем түрі) бойынша _________
(айы) үшін қолма-қол ақшамен төлеуге ______________ облысы
_____________ ауданы _______________ (ауылы) алушыларының №
_______ тізім-ведомосы
№ ________ банк филиалы

P/c

Алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Алушының мекенжайы

Төленуге жататын сома

Алушының қолы

ағымдағы уақыт үшін

өткен уақыт үшін

төлеуге жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8


















Орталық бөлімшесінің бастығы ___

Банк филиалы басқарушы ____

Жауапты орындаушы ___________

Қаржылық бақылаушы ______________

М.О.

M.O.

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
9-қосымша

      1-Б/ВС нысаны

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

Қазақстанның басқа өңірлеріңе және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне немесе алушының қайтыс болуына байланысты төлемдерді тоқтатуға және жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді (өтемақы) және қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды жүзеге асыруға арналған хабарлама

      № ______ іс

      Тегi _______________________________________________________________

      Аты ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)____________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы (нақты): ______________________________________

      Еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған

      мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, 2016

      жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы

      төлемін, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу

      _______________________________________________ бастап тоқтатылсын.

      (қажеттісінің астын сызу керек)

      Төлемді тоқтату себебi _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстанның басқа өңірлеріне, Қазақстан Республикасынан тыс

      жерлерге, қайтыс болуына)

      Негіздеме:

      қайтыс болғаны туралы 20__ жылғы "___" _______ анықтама ______ берілді.

      тұрғылықты жерінен есептен шыққаны туралы белгісі бар 20__ жылғы

      "___" _________ № ____________________________ кету парағы.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлемінің (өтемақының) мөлшері

      20__ жылғы "___" _________________________________________ теңге

      Отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды жүзеге асыруға арналған

      төлемінің (өтемақының) мөлшері 20__ жылғы "___"

      ______________________________ теңге

      біржолғы төлемдер (өтемақы) алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болса), отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы:

      __________________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат № _______ ____ жылғы "___" _______

      __________________________________________________________ берілдi.

      Алушының ЖСН_______________________________________________________

      Мекенжайы: ________________________________________________________

      Банк деректемелері және алушының банк шотының нөмірi

      ХҚЕ _______________________________________________________________

      Кор. шот __________________________________________________________

      Банк БСН __________________________________________________________

      Шот _______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (банктің атауы, орналасқан жері)

M.O.

Басшы

__________________
(қолы)

__________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Маман

__________________
(қолы)

__________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
10-қосымша

      1-Б/ВС/2 нысаны

      ______________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы, жәрдемақы)

Жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне немесе қайтыс болуына байланысты жәрдемақы төлеуді тоқтатуға және жерлеуге арналған біржолғы төлемдер (өтемақы) төлеуге хабарлама

      № __________іс

      Тегi_______________________________________________________________

      Аты________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы (нақты): _____________________________________

      Жәрдемақы (түрін көрсету керек) төлеу__ жылғы ______ бастап тоқтатылсын

      Жәрдемақы төлеуді тоқтатудың себебi (Қазақстан Республикасының

      шегінен тыс жерлерге кетуіне, қайтыс болуына байланысты)

      Негіздеме: ________________________________________________________

      20__ жылғы "___" _____ қайтыс болғаны туралы № _____анықтама берілді

      20__ жылғы "___" _______ № _________________________________

      тұрғылықты жерінен есептен шыққаны туралы белгісі бар кету парағы

      20__ жылғы "___" ____________ жерлеуге арналған біржолғы төлем

      (өтемақы) мөлшері ____________________________________________ теңге

      Жерлеуге арналған төлемді (өтемақыны), отбасы мүшелеріне берілетін

      біржолғы жәрдемақыны алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат № _____

      Қашан және кім берген _______ жылғы "___" _______ _________________.

      Алушының ЖСН _______________________________________________________

      Мекенжайы: _________________________________________________________

      Банк деректемелері және алушының банк шотының нөмірi

      ХҚЕ ________________________________________________________________

      Кор. шот ___________________________________________________________

      Банк БСН ___________________________________________________________

      Шот ________________________________________________________________

      (банктің атауы, орналасқан жері)

M.O.

Басшы

____________________ (қолы)

______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Маман

____________________ (қолы)

______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
11-қосымша

      _______________________________________________________________

      (зейнетақыны тағайындаған мемлекеттік органның атауы)

      __________________________________________________________________

      (мекенжайы бойынша тұратын)

      __________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жеке басты куәландыратын құжат № __________

      Қашан және кім берген___ жылғы "___" ________ _________

      ЖСН _____________________________________________________________

Өтініш

      _________________________________________________________________

      (мекенжайы бойынша тұрған)

      _________________________________________________________________

      (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қайтыс болуына байланысты жерлеуге арналған біржолғы төлем (өтемақы),

      отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақы төлеуді сұраймын.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) банк филиалының №

      _________, "Қазпошта" акционерлік қоғамының байланыс бөлімшесінің №

      ___________ банк шотына аударуды сұраймын

  Қосымша

      1. Қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесi.

      2. ________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________

      Төлем тағайындау үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "___"______________ Қолы __________________

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
12-қосымша

      Оқу орнының бұрыштама мөртаңбасы

      берілген күні, шығыс №__________

АНЫҚТАМА

      Азамат _____________________________________________________________

      (білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күнін

      көрсете отырып)

      ____________________________________________________________________

      (оқу орнының толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның №, күні

      және қолданылу мерзімін көрсету керек)

      _________________ сыныптың/курстың, оқу нысаны _____________________

      _____________ білім алушысы болып табылатынын растау үшін берілді.

      Анықтама _____________________________________ оқу жылына жарамды

      Анықтама ______________________________________ көрсету үшін берілді

      уәкілетті мемлекеттік орган

      Оқу орнындағы оқу мерзімі _____________________________________ жыл,

      оқу кезеңі _________________ жылдан бастап ___________________ жылға

      дейінгі аралық.

      Ескертпе: білім алушы оқу орнынан шығарылған немесе сырттай оқу

      нысанына ауыстырылған жағдайда оқу орнының басшысы жәрдемақы алушының

      тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшесін хабардар етеді.

      М.О.

      Оқу орнының басшысы __________ __________________________________

      Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік
фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,
сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер
алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған
адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау
және оларды жүзеге асыру қағидаларына
13-қосымша

_________________ облысы ____________________ ауданының жерлеуге арналған біржолғы төлем (өтемақы) алушыларының 20__ жылғы "___" _____ үшін жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) төлеуге арналған № _______________ тізім-ведомосы

Р/с

Зейнетақы ісінің №

Қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жерлеуді жүзеге асырған жерлеу бюросының атауы

Жерлеуге арналған біржолғы төлем (өтемақы) сомасы

Отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақы сомасы

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

1









2









3










      Орталықтың аудандық (қалалық) бөлімшесінің бастығы _______________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 988 қаулысына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 10 сәуірдегі
№ 341 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу арқылы зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;

      2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) жеке зейнетақы шоты – міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) дербес атаулы шоты;

      5) Орталықтың бөлімшесі – Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;

      6) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және ведомстволары;

      10) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      3. Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік:

      1) Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға зейнеткерлік жасқа келген күніне;

      2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күніне;

      3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толған күніне сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа келгенге дейінгі кезеңге таралады.

      Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа келгенге дейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, айырма төлемі инфляцияның деңгейін және сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.

      Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Орталыққа ұсынады;

      4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, Заңның 32-бабының 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алып қою күніне;

      5) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқандарға айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару күніне сақтандыру ұйымына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.

      Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы адам мемлекет кепілдіктеріне жүгінген жағдайда, айырма төлемі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарған кезден бастап құқық туындаған күнге дейін инфляция деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын қайтарғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген кездерден бұрын зейнетақы жинақтарын алып қойған, мемлекет кепілдігі төлеміне құқығы бар адамдар жүгінген жағдайда, мемлекеттік кепілдік бойынша айырманың есебі зейнетақы жинақтары алғаш алынған күнге жүргізіледі.

2. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі

      5. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтініш береді.

      Өтінішті қабылдаған кезде жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).

      Бұдан басқа, өтінішке мыналар қоса беріледі:

      1) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі.

      Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы және өзге де төлемдерді алушы жүгінген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші Орталықтан төленетін зейнетақы және өзге де төлемдер бойынша істер макетіне қосылады.

      6. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) алушы өзі жүгінген кезде:

      шетелдік паспорттың көшірмесі және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқасы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өтінішті пошта байланысының құралдары арқылы берген кезде алушының банк шоты туралы мәліметтен басқа, нотариат куәландырған шетелдік паспорттың көшірмесі, сондай-ақ өтініштегі алушының қолы (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).

      Айырма төлемі туралы өтінішті пошта байланысының құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығын нотариат куәландырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған жағдайда, құжаттардың көшірмелерін нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі.

      7. Алушының атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа:

      1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруына ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады.

      Сенім білдірілген өкілдің алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі оның өзі келген кезде жүзеге асырылады.

      8. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мұрагерге жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, мұрагер мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) әлеуметтік қамсыздандыру бойынша уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;

      2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұру ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

      3) айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;

      4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі;

      5) алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      9. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:

      1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;

      2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұру ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      4) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі

      10. Орталық айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жібереді.

      11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде алушының жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді Орталық пен БЖЗҚ арасында ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес ЭЦҚ қоя отырып, Орталыққа электрондық форматта ұсынады.

      12. Орталық БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерін тиісті кезеңге инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жүргізеді.

      13. Егер осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптар туындаған жағдайда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:

      инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;

      инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін мына формулаларға сәйкес жүргізеді:

      Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:

      Sr = Sn-Sf

      Sn= Sn-1 *In +Pn,

      S1 = P1, мұнда

      n – есепті ай;

      Sr – айырма төлемі сомасы;

      Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;

      Sf = БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы, теңгемен;

      In – өткен айға қатысты n айындағы инфляция көрсеткіші, пайызбен;

      Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      P1 – n айындағы алғашқы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар және әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі келесі формулаға сәйкес жүргізіледі:

      Sr = Sn-Sf

      Sn = Sn-1 *In +Pn,

      S1 = Sv-Sp, мұнда:

      n – есепті ай;

      S1 – сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының нақты қалдық немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызы қайтарылғаннан кейінгі қалдық сомасы, теңгемен;

      Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;

      Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;

      Sf – БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы;

      Sv – сақтандыру ұйымына аударған кездегі немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызы қайтарылған кездегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты жинақтарының сомасы, теңгемен;

      Sp – сақтандыру ұйымына аударылған сома немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызы қайтарылған сома, теңгемен;

      In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен.

      Бұл ретте, тұтас алғанда, ел бойынша тиісті кезең үшін инфляцияның деңгейі статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректеріне сәйкес алынады.

      14. Орталықтың бөлімшесі айырма төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:

      1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасынан;

      2) инфляцияның деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпараттан;

      3) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерден тұратын алушының электрондық (қағаз) іс макетін қалыптастырады (бұдан әрі – ЭІМ) және оларды уәкілетті органға жібереді.

      15. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айырма төлемін тағайындаудан бас тарту себебін көрсете отырып тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және оларды Орталықтың бөлімшесіне жібереді.

      16. Орталық екі жұмыс күні ішінде өтініште көрсетілген алушының (өтініш берушінің) ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Орталық әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша sms-хабарламаларды өтініш берушінің деректерінен (тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, күні, sms-хабарлама берілген телефон нөмірі, істің нөмірі және маманның деректері) тұратын sms-хабарламалар журналында тіркейді.

      17. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ төлем кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігін қалыптастырады және төлем айының алдындағы айдың 25-күніне қарай әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      18. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде айырманы төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айырманы төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сома шегінде Орталыққа бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      20. Орталық бюджет қаражатын алып, төлем кестесіне сәйкес 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының жерінде ашылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотына аударады (бұдан әрі – банктік шоттар).

      Бұл ретте, айырма төлемі банктік шоттарға аудару арқылы немесе алушыларға "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүзеге асырылады.