Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 986 қаулысы

Қолданыстағы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі!

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен жеті пайызға арттыру жүргізілсін.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов