"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 978 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету
туралы келісімді ратификациялау туралы

      2015 жылғы 24 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы
өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
      өзара достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және әскери саладағы ынтымақтастыққа ұмтыла отырып,
      1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
      Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту қажеттілігіне сүйене отырып,
      Қырғыз Республикасының Қарулы Күштерін дамытуда жәрдем көрсету мақсатында,
      өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету үшін құқықтық база құруға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

2-бап

      Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
      Қырғыз тарапынан - Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.
      Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3-бап

      Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.
      Қазақстан Республикасында берілетін мүлікті кедендік тазарту және декларациялау Кеден одағының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қырғыз тарапы өз мемлекетінің аумағында кедендік рәсімдерді ресімдеу шығыстарын өзі көтереді және оған жауапты болады.

4-бап

      Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өткенге дейін 30 тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан тарапының уәкілетті органы Қырғыз тарапының уәкілетті органына әскери мүлікті жеткізуді жүзеге асыратын жеке құрамның атаулы тізімін береді.
      Атаулы тізім мынадай мәліметтерден тұрады: тегі мен аты-жөні, туған күні, әскери атағы, лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, сериясы мен нөмірі. Атаулы тізімді Қазақстан тарапының уәкілетті органы бекітеді.
      Қазақстан тарапының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери киімінде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсете отырып, атаулы тізімге сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын кесіп өтеді.

5-бап

      Қырғыз тарапы осы Келісім шеңберінде Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермейді.

6-бап

      Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделеді.
      Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар келіссөздер және консультациялар арқылы шешетін болады.

7-бап

      Осы Келісім Қырғыз тарапының дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан тарапының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім Қырғыз тарапына осы Келісімге сәйкес берілетін әскери мүлік толық берілген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады, бұны Тараптар дипломатиялық арналар арқылы растайды.
      Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қырғыз тарапының осы Келісімнің 5-бабында көзделген міндеттемелері күшінде қалады.

      2015 жылғы 24 маусымда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының        Қырғыз Республикасының
           Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қырғыз Республикасының Үкіметі   
арасындағы өтеусіз әскери-техникалық
көмек көрсету туралы келісімге   
қосымша              

Берілетін әскери мүліктің тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

Зымыран-артиллериялық қару-жарақ қызметі бойынша

1.

5,45 мм ПС патроны

дана

3 000 000

2.

7,62 мм ЛПС винтовка патроны

дана

2 000 000

РХБ қорғау қызметі бойынша

3.

РДГ-2 Б түтіндеткіш қол гранатасы

дана

1 000

4.

РДГ-2 Ч түтіндеткіш қол гранатасы

дана

1 000

5.

ДМ-11 түтіндеткіш құты

дана

2 000

6.

СХТ-40 химиялық дабыл сигналы

дана

80

С-75МЗ ЗЗК-ге қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдар

7.

Тар аялы сәуле сканері (бұрыш және азимут бойынша)

жиынтық

1

8.

ЖДА тетігі

жиынтық

1

9.

П-327 бақылау осциллографы

жиынтық

1

10.

Электрлі магнитті күшейткіш

жиынтық

1

11.

МИ-42 электр қозғалтқышы

жиынтық

6

12.

ИМБ-4 борт имитаторы

жиынтық

6

13.

Жебе сынасы тетігі

жиынтық

6

14.

АТП-2М түрлендіргіші

жиынтық

6

15.

А-2Т түрлендіргіші

жиынтық

6

16.

Автоматика блогы

жиынтық

4

17.

К-370АВ блогы

жиынтық

1

18.

К-370БВ блогы

жиынтық

1

19.

К-71 блогы

жиынтық

1

20.

К-72 блогы

жиынтық

1

21.

К-73 блогы

жиынтық

1

22.

К-74 блогы

жиынтық

1

23.

К-75 блогы

жиынтық

1

24.

К-76 блогы

жиынтық

1

25.

К-81 блогы

жиынтық

1

26.

К-82 блогы

жиынтық

1

27.

К-83 блогы

жиынтық

1

28.

К-84 блогы

жиынтық

1

29.

К-85 блогы

жиынтық

1

30.

К-56 блогы

жиынтық

1

31.

И-66В блогы

жиынтық

1

32.

И-64 блогы

жиынтық

1

33.

И-32 блогы

жиынтық

1

34.

И-91 блогы

жиынтық

1

35.

И-130 блогы

жиынтық

1

36.

И-55 блогы

жиынтық

1

37.

И-31 блогы

жиынтық

1

38.

И-61 блогы

жиынтық

1

39.

И-355 блогы

жиынтық

1

40.

И-65 блогы

жиынтық

1

41.

И-63 блогы

жиынтық

1