"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 198-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын
есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" 2014 жылғы 1 наурыздағы және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
2) бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасау құқығының бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын қағаз түріндегі, сол сияқты электрондық жеткізгіштегі құжаттамалық куәлігі;
3) бухгалтерлік есеп - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және есеп саясатында регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың реттелген жүйесі;
4) қоймалық есеп - сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымның қоймаларында сақтауда тұрған материалдық құндылықтардың сандық-сомалық есебі;
5) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5-1) мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
6) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы (бұдан әрі - ведомстволық бағыныстағы ұйым) - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар (бұдан әрі - сақтау пункттері) - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді шарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
9) сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымда сақтауда тұрған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын түгендеу (бұдан әрі – түгендеу) – материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғының бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкестігін тексеру;
10) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервке салу (бұдан әрі - салу) - материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервте сақтау үшін қабылдап алу;
11) материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару - материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен алып қою;
12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеу мен түсіруді қоса алғанда, материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын бір пункттен екінші пунктке тасымалдау.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704; 19.12.2019 № 938 қаулысымен.2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке қою және есептен шығару тәртібі
3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сан және сапа жағынан сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғын, оларды салуды, шығаруды, есептен шығаруды, орнын ауыстыруды, басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді есепке алуды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары уәкілетті органның бухгалтерлік есебінде салу бағасы бойынша көрсетіледі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік материалдық резервтің бухгалтерлік есебін жүргізу нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, шығару, есептен шығару, орнын ауыстыру, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде бухгалтерлік есепке алу жүзеге асырылады және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржы есептілігі ұсынылады.
6. Уәкілетті орган мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сапа және сан жағынан сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етеді.
Сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты адамдармен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалады.
7. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының қозғалысы мен сақталуы бойынша есепке алу мен есептілік олар жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша есепке алу мен есептіліктен бөлек жүзеге асырылады.
8. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымда қоймада (қоймаларда) қоймалық есеп жүргізіледі және бухгалтерлік қызмет бухгалтерлік есепті жүргізеді. Сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдағы бухгалтерлік қызмет қоймада тұрған материалдық құндылықтардың түсімі мен жұмсалуын бақылауды жүйелі түрде жүзеге асырады, сондай-ақ материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі өз жазбаларын қоймада жүргізілетін жазбалармен салыстырып тексереді.
9. Орны ауыстырылғандарын қоспағанда, сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымға салу кезінде материалдық құндылықтар есепке қойылады. Бұл ретте салу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес салу актісі және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.
Актілер салу күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) қол қояды, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке қою үшін ведомствоға жіберіледі.
Актілерге материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (сертификаттар, өнім паспорттары, сынақ хаттамалары немесе тауардың сапасын растайтын басқа да құжаттар) қоса беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.10. Ведомство осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген актілерді қарайды және оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке есепке қоюды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.
Актілер пысықтауға:
1) актілер осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;
2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;
3) акт жеткізу шартына сәйкес келмеген (жеткізу шарты бар болған жағдайда) жағдайларда қайтарылады.
Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке қою үшін ведомствоға пысықталған актілерді жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.11. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтаудың номенклатурасы мен көлемі бойынша әрбір салуға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес заттаңба толтырылады. Материалдық құндылықтары бар штабельдер, сөрелер, бункерлер, ұяшықтар нөмірленеді. Штабельдік заттаңбаларды қойма қызметкері материалдық құндылықтардың қоймаға келіп түсуіне қарай толтырады және салынатын материалға бекітеді. Жекелеген жағдайларда ірі габаритті заттар мен контейнерлерге заттаңбаның нөмірін бояумен жазуға, ал тиісті заттаңбаны қоймада сақтауға рұқсат етіледі. Заттаңбаларды есепке алу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштерде журналда өсу ретімен жүргізіледі.
12. Сақтау пункті мен ведомстволық бағыныстағы ұйымның қоймасындағы (қоймаларындағы) материалдық құндылықтардың қоймалық есебі атаулары, көлемі, сұрыптары, таңбалары, партиялары бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қоймадағы материалдық құндылықтарды сандық-сомалық есепке алу карточкасы бойынша жүргізіледі. Карточка бойынша кіріске алу және есептен шығару қоймаға берілген бастапқы құжаттар негізінде операция жасалған күні жүргізіледі.
13. Жасалған тауарды жеткізу шартына сәйкес өнім берушілердің салуы кезінде ұсынылатын тауардың сапасын растайтын сертификаттар, өнім паспорты, сынақ хаттамалары, сондай-ақ басқа да тиісті құжаттар жеткізу құжаттарымен бірге ведомстволық бағыныстағы ұйымның технологиялық бөлімінде немесе сақтау пункттерінің бухгалтерлік қызметінде сақталады.
14. Бухгалтерлік қызмет сақтау пункті мен ведомстволық бағыныстағы ұйымда материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес материалдық құндылықтарды сандық-сомалық есепке алу карточкасы бойынша жүргізеді. Бухгалтерлік қызмет материалдық құндылықтарды сандық-сомалық есепке алу карточкасы бойынша материалдық құндылықтарды кіріске алуды немесе есептен шығаруды ол толтырылғаннан кейін бір тәулік мерзімде бастапқы құжаттардың негізінде жүргізеді.
15. Шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шығару актісінің және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылдау-беру актісінің негізінде есептен шығарылады.
Актілер шығару күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) қол қояды, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару үшін ведомствоға жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.15-1. Ведомство осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген актілерді қарайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды есептен алуды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.
Актілер пысықтауға:
1) акт осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;
2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;
3) акт мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару нарядына сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылады.
Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару үшін ведомствоға жібереді.
Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.16. Тасымалдау, қабылдап алу, сақтау, босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кезіндегі мұнай мен мұнай өнімдерінің табиғи кемуі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сақтауда тұрған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының табиғи кемуін есептен шығару актісінің негізінде энергетика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-техникалық құжаттардың нормалары шегінде есептен шығарылады.
16-1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зертханалық зерттеулер, сынақтар, талдаулар жүргізу үшін іріктелген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.17. Есептен шығаруға жататын дебиторлық берешек бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына сәйкес есептен шығарылады.
18. Мемлекеттік резервтің кәдеге жаратуға (жоюға) жататын материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларына сәйкес жасалатын кәдеге жарату (жою) актісінің негізінде есептен шығарылады.
19. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын бір сақтау пунктінен/ведомстволық бағынысты ұйымнан басқа сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға ауыстырған кезде материалдық құндылықтар есептен шығарылмайды. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы есептік деректерге материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы тиісті белгілер бастапқы құжаттардың негізінде енгізіледі.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстырған кезде орны ауыстырылатын материалдық құндылықтардың техникалық реттеу саласындағы талаптарға сәйкестігін қарау жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес орны ауыстырылуға тиіс мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарап-тексеру актісі жасалады.
Қарап-тексеруді ведомство басшысының бұйрығымен құрылған комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына ведомствоның, сақтау пунктінің/ведомстволық бағынысты ұйымның қабылдаушы/беруші тарапының өкілдері кіреді.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жай-күйінің сәйкессіздігі анықталған кезде материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру сәйкессіздік жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.20. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтары нарядты орындау актісіне, қабылдау-беру актісіне және салу, шығару актісіне сәйкес есептен шығарылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.20-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту мақсатында шығару кезінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары шығару актісі негізінде есептен шығарылады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін жаңарту мақсатында шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кейіннен салу қабылдау-тапсыру актісі және салу актісі негізінде жүзеге асырылады.
Салуды ведомство басшысының бұйрығымен құрылған комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына ведомствоның, сақтау пунктінің, жұмылдыру тапсырмасын орындайтын немесе жұмылдыру тапсырмасы алынған мемлекеттік органның (жұмылдыру резервiнің материалдық құндылықтарын салу кезінде) өкілдері кіреді.
Ескерту. Қағида 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.21. Салу кезінде есепке алынған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның балансына алынады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.22. Мынадай:
1) шығару (броньнан шығару, жаңарту, қарызға беру, сараптама жүргізу);
2) мұнай және мұнай өнімдері жетіспеушіліктерін табиғи кему нормалары шегінде есептен шығару;
3) дебиторлық берешекті есептен шығару;
4) кәдеге жарату;
5) басқа мемлекеттік органдардың балансына беру жағдайларында есептен шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның балансынан шығарылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.23. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ағымдағы бақылауға арналған мәліметтерді сақтау пункттері мен ведомстволық бағыныстағы ұйым ұсынады, сондай-ақ мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу, есептен шығару, олардың орнын ауыстыру туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларына сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы жиынтық есептің тиісті бағандарында көрсетіледі.
24. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес түгендеу жүзеге асырылады.
25. Түгендеу ведомстволық бағынысты ұйым мен сақтау пункттерінде материалдық құндылықтардың сан және сапа жағынан сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
26. Түгендеу тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тарта отырып, жылдық түгендеу кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 1-қосымша |
|
___________________________ | |
(құпиялық белгісі) | |
№ __ дана |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.
20__жылғы "__" _______ |
______________________ жөнелтілді |
Тексерілді _____________________________ Қолы ______________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік
материалдық резервтер комитетінің өкілі)
________________________________________________
(салу, шығару) 20___ жылғы "__" ________ № __ АКТ
__________________________________________________________ тәртібімен
(жеткізу, жаңарту, қарызға беру, қайтару, орнын ауыстыру және т.б.)
Негіздеме _____________________________________________________
(құжаттың атауы, күні және №)
Есептік позициялар № (шифрі) | Материалдық құндылықтардың атауы (сұрыпы, өлшемі, маркасы) | Өлшем бірлігі | Салынды | ||||
Саны | Бірлігі үшін бағасы | Сомасы | Мем СТ нөмірі, сериясы, сертификациясы | Мемтіркеудің нөмірі, жылы | |||
теңге | теңге | ||||||
кестенің жалғасы:
Шығарылды | Жүргізілген операциядан кейінгі бар-жоғы | |||||||
Саны | Бірлігі үшін бағасы | Сомасы | Мем СТ нөмірі, сериясы, сертификациясы | Мемтіркеудің нөмірі, жылы | Саны | Бірлігі үшін бағасы | Сомасы | |
теңге | теңге | теңге | теңге | |||||
Мөр орны
Ұйым басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.
Қызмет бабында пайдалану үшін (толтырылған соң) № __ дана |
|
______________________ | |
Жөнелтіледі (алушының атауы мен мекенжайы) |
|
Ұйым_____________________ (атауы мен мекенжайы) |
Материалдық құндылықтарды қабылдау-беру АКТІСІ
20___ жылғы "__" ________
Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия құрамы __________________________,
комиссия мүшелері _________________________________________________
________________________________________________ өнім беруші (алушы)
(өнім берушінің (алушының) атауы)
өкілінің қатысуымен № ____ шартқа сәйкес мемлекеттік резервтің төменде
тізбеленген материалдық құндылықтарын қабылдап алуды (беруді) жүргіздік.
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлігі үшін бағасы | Сомасы | Жасалған күні | Өндіруші | Ескертпе |
ЖИЫНЫ: |
____________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
Қабылдады (тапсырды):
Комиссия төрағасы: _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, басшы)
Мөр орны
Комиссия мүшелері: _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
(бас бухгалтер, материалдық жауапты адам және т.б.) ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Мөр орны
Тапсырды (қабылдады):
Өнім берушінің
(алушының) уәкілетті адамы __________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 3-қосымша |
_________________________________________
_________________________________________
(жауапты сақтаушының атауы мен мекенжайы)
Қойма № _______
№ ..... заттаңба
Материалдың атауы .......................
Сорты ...................................
Таңбасы .................................
Мөлшері .................................
Партия (қорытпа) № ......................
МемСТ (ТШ) ..............................
Тіркелген жылы және нөмірі ..............
Салынған уақыты .........................
Жаңарту уақыты ..........................
Сертификат № ............................
Саны ....................................
..................................
(заттаңбаны жазып берушінің қолы)
20___ж. "___" _____________
Аталған номенклатура бойынша әрбір салуға жеке-жеке бекітіледі.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 4-қосымша |
________________________________________
________________________________________
(жауапты сақтаушының атауы мен мекенжайы)
Материалдың сақталу мерзімі ........ жыл
Қоймадағы материалдық құндылықтардың заттаңбаларын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Р/с № | Заттаңба | Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бірлігі | Кіріс | Шығыс | Қалдық | Ескертпе | |
күні | нөмірі | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 5-қосымша |
________________________________________
________________________________________
(жауапты сақтаушының атауы мен мекенжайы)
Материалдың сақталу мерзімі.......... жыл
Қоймадағы материалдық құндылықтарды сандық-сомалық есепке алудың
№ ........... карточкасы
Атауы ....................
Өлшем бірлігі ............
Таңбасы, сорты ...........
Мөлшері ..................
(диаметрі, қимасы және басқасы)
Салуға немесе шығаруға арналған құжаттар (жүкқұжат немесе талап) | Партияның (қорытпаның), серияның нөмірі | Мемтіркеу нөмірі мен жылы | Кіріс | Шығыс | Қалдық | Сақтау орны | Заттаңба нөмірі | Жаңарту мерзімі | Ескертпе | |||
күні | нөмірі | Сөренің нөмірі | Ұяшықтың нөмірі | айы | жылы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 6-қосымша |
________________________________________
________________________________________
(жауапты сақтаушының атауы мен мекенжайы)
Материалдың сақталу мерзімі.......... жыл
Материалдық құндылықтарды сандық-сомалық есепке алудың
№ ........... карточкасы
Атауы ..................
Өлшем бірлігі ..........
Маркасы, сорты | Мөлшері (диаметрі, қимасы, басқасы) | Салу немесе босату актісі | Операцияның атауы (аудару, қарызға беру, қайтару, жаңарту және басқа) | Штабель заттаңбасының нөмірі | МемСТ немесе техшарттың нөмірі | Салынғаны | Шығарылғаны | Қалдық | Сапалық жай-күйі туралы құжаттың атауы мен нөмірі және қай істе сақталуда | Жаңарту мерзімі (айы, жылы) | Ескертпе | ||||
күні | нөмірі | саны | сомасы | саны | сомасы | саны | сомасы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына 7-қосымша |
Қызмет бабында пайдалану үшін
(толтырылуы бойынша)
№ ___ дана
БЕКІТЕМІН
________________________________
(кәсіпорын басшысының лауазымы)
________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20 __ жылғы "__" _______________
КЕЛІСІЛДІ
________________________________
(мемлекеттік резерв саласындағы
ведомствоның басшысы немесе
ол уәкілеттік берген өзге адам)
________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20 __ жылғы "__" _______________
Сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының табиғи кемуін есептен шығару актісі
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.
____________
күні
Біз төменде қол қоюшылар, комиссия құрамы ____________________
_________________________________________________, комиссия мүшелері
____________________________________________________________________
(нормативтік құқықтық актінің атауы)
20 __ жылғы "__" ________ № ___ сәйкес ұсынылған ______ бастап _____ дейінгі кезеңдегі құжаттарды қарап,_________________________________
(сақтау пунктінің атауы)
материалдық құндылықтар сақталатын жер бойынша климаттық аймақтарды ескере отырып, мынаны белгіледік.
Сақтау орнын сипаттау және есептеулер жүргізу:___________________________________________________________
___________________________________________________________________
Р/с № | Материалдық құндылықтардың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлігі үшін бағасы | Сомасы | Жол берілетін ағаттық (барынан +/- ____) |
ЖИЫНЫ: |
Комиссия қорытындысы мен ұсыныстары: _______________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Негіздеме: _________________________________________________________
Акт ____ данада жасалды.
№ 1 дана _________________
№ 2 дана _________________
№ 3 дана _________________
М.О. Комиссия төрағасы: _______________________
(Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшелері _______________________
(Т.А.Ә., қолы)
_______________________
(Т.А.Ә., қолы)