Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1440 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволары осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1440 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 224-33-5, 224-33-6, 224-33-7, 224-33-8-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 224-34, 224-35, 224-36, 224-37-жолдармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне
      224-34. «Қазспортинвест» АҚ
      224-35. «Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ
      224-36. «Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» ЖШС
      224-37. «Су спорты түрлерінің республикалық орталығы» АҚ».
      2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 333435 және 36-жолдар алып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 1238 және 13-жолдар алып тасталсын.
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 13-6, 13-7-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 13-8, 13-9-жолдармен толықтырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
      13-8. «Су спорты түрлерінің республикалық орталығы» акционерлік қоғамы 100 %
      13-9. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы 100 %»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 25-3, 25-4, 25-5, 25-6, 25-7, 25-8, 25-9, 25-10, 25-11, 25-12, 25-13, 25-14, 25-15, 25-16, 25-17, 25-18-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25-19, 25-20, 25-21 және 25-22-жолдармен толықтырылсын:
      «25-19. «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      25-20. «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      25-21. «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      25-22. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 25-23, 25-24, 25-25, 25-26, 25-27, 25-28, 25-29, 25-30, 25-31, 25-32, 25-33, 25-34, 25-35, 25-36, 25-37, 25-38, 25-39, 25-40, 25-41 және 25-42-жолдармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
      25-23. «Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-24. «Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-25. «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-26. «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-27. «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-28. Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-29. «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-30. Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-31. «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      25-32. «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-33. «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-34. «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-35. «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-36. «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-37. «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-38. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны
      25-39. «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-40. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-41. «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      25-42. «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірлері 132, 133, 134, және 136-жолдар алып тасталсын.
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті».
      4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «2937» деген сандар «3932» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:»: деген жолдағы «2651» деген сандар «3646» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28), 29), 30), 31) және 32) жолдармен толықтырылсын:
      «

28)

Қазақ ұлттық өнер университеті

274*

29)

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты

103

30)

Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

256*

31)

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

217*

32)

А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты

145

                                                            »;
      6-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «2371,5» деген сандар «1376,5» деген сандармен ауыстырылсын.
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы: «1848,5» деген сандар «853,5» деген сандармен ауыстырылсын.
      реттік нөмірлері 3), 9), 12), 13) және 15) жолдар алып тасталсын.
      5. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 53-1), 53-2), 53-3), 53-4) және 53-5) жолдармен толықтырылсын:
      «53-1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту;
      53-2) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту;
      53-3) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту;
      53-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту;
      53-5) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қатысу;»;
      54), 55), 56), 57) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «54) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және мемлекеттік емес және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту;
      55) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту;
      56) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгі қағидаларын бекіту;
      57) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгі құжаттар тізбесін бекіту;»;
      65) тармақша алып тасталсын;
      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «88) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртiбiн және пайдалану режимiн бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 89-1), 89-2), 89-3) 89-4), 89-5), 89-6), 89-7), 89-8), 89-9), 89-10), 89-11), 89-11), 89-12), 89-13), 89-14), 89-15) жолдармен толықтырылсын:
      «89-1) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту;
      89-2) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту;
      89-3) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      89-4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекіту;
      89-5) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту;
      89-6) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесiнен айыру және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының бесінші бөлігінің талаптары негiзiнде уәкiлеттi органның арнайы комиссиясымен келiсу бойынша республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару;
      89-7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
      89-8) Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі мен шарттарын бекіту;
      89-9) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлеу және бекiту;
      89-10) мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту;
      89-11) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      89-12) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      89-13) білім беру саласындағы уәкілетті органмен мәдениет және өнер саласындағы білімнің барлық деңгейіндегі оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын келісу;
      89-14) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қатысу;
      89-15) Министрлік құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдау жұмыстарын жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 94-1) және 94-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «94-1) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
      94-2) Министрліктің стратегиялық жоспарын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 119-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «119-1) дiнтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту;»;
      130) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «130) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту;»;
      17-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-1) республикадағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізу;»;
      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «42) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлеу;»;
      61), 62) және 66) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «73-1) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;»;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірлері 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46 және 47-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 56, 57, 58 және 59-жолдармен толықтырылсын:
      «56. «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      57. «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      58. «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      59. «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
      реттік нөмірі 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-жолдар алып тасталсын.
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31 және 32-жолдармен толықтырылсын:
      «28. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      29. «Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      30. «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      31. «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      32. «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі».

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1440 қаулысына   
1-қосымша       

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1440 қаулысына   
2-қосымша       

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      12. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      13. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      15. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      16. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      17. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      18. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      19. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      20. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      21. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      22. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      23. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      24. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      25. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Допингке қарсы ұлттық орталық» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      26. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      27. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      28. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне.