"Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 1231 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 153-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесінде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Телекоммуникацияның көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері, көлемі және сапасы туралы деректер осы Ережеге 1-қосымша түрінде ресімделеді және оны Оператор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 15-күніне дейін ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін беріледі.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 22-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына Операторға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеу үшін субсидиялар мөлшері туралы ведомость пен төлем шотын ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 20 желтоқсанына дейін беріледі.»;
      көрсетілген ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес кестемен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 1231 қаулысына  
қосымша        

20__ жылғы ____ тоқсандағы телекоммуникацияның көрсетілген
әмбебап қызметтерінің сапасы туралы деректер

Р/с

Көрсеткіштің атауы / норматив

Өлшем бірлігі

Нақты мәні

1

2

3

4

1

Нормативтік мерзімдері бұзылып қаралған өтініштер саны – 15 күн

бірлік


2

Нормативті асатын мерзімдере жүргізілген қосылыстардың саны (дауысты телефония) – 30 күннен асырмай

бірлік


3

Есепті кезеңде жойылған зақымданулардың саны (дауысты телефония), оның ішінде:

бірлік


1

кәбілдік – 120 сағат

бірлік


2)

желілік-абоненттік – 24 сағат

бірлік


3)

станциялық – 60 минут

бірлік


4

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жойылған зақымданулардың саны (дауысты телефония), оның ішінде:

бірлік


1)

кәбілдік – 120 сағат

бірлік


2)

желілік-абоненттік – 24 сағат

бірлік


3)

станциялық – 60 минут

бірлік


5

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жойылған зақымданулардың пайызы (дауысты телефония) – есепті кезеңдегі барлық зақымданулардың 2 %-ынан көп емес

%


6

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жүргізілген қосылыстардың саны (Интернет) – 30 күннен көп емес

бірлік


7

Есепті кезеңде жойылған зақымданулардың саны (Интернет), оның ішінде:

бірлік


1)

станциялық – 24 сағат

бірлік


2)

терминалдық – 24 сағат

бірлік


8

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жойылған зақымданулардың саны (Интернет), оның ішінде:

бірлік


1)

станциялық – 24 сағат

бірлік


2)

терминалдық – 24 сағат

бірлік


9

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімде жойылған зақымданулардың пайызы (Интернет) – есепті кезеңдегі барлық зақымданулардың 2 %-ынан көп емес

%