"Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1022 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 567 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 46-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

23.

Автомашина, (сыйымдылығы 500-600 литр) дезинфекциялау қондырғысы

бірлік

1

0

                                                              »;

      реттік нөмірі 51-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

51.

Жануарлардың өлексесін және биологиялық материалдарды өртеуге арналған құрылғы (стационарлық және/немесе жылжымалы және/немесе гидравликалық тиегіші бар, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомашинаның шассиіндегі жылжымалы)

бірлік

1

1 (қажеттілігі бойынша)

                                                              »;

      реттік нөмірі 53-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

53.

Мал тасымалдауға арналған техника (мал тасымалдайтын автокөлік, тіркеме)

дана

1

1 (қажеттілігі бойынша)

                                                              »;

      реттік нөмірі 54-жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсімов