Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысы

Жаңартылған

      Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
      2) Қазақ Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыны іске асыруға бағытталған өнімді бөлу туралы келісімдерге және оларға ілеспе өзге де құжаттарға тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармақтың 27) тармақшасын, 17-тармақтың 7)8)16) және 17) тармақшаларын, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармақтың 130)131) тармақшаларын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Ереженің  16-тармағының 19)20)21)22)66)67)78)79)80)81)82)83)84)85)122)140)150)152)157)158)163)200)201)241) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бұл ретте, осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағының 125)126)127)128) тармақшалары және 17-тармағының 26) тармақшасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Сонымен бірге, осы қаулымен бекітілген Ереженің 16-тармағының  175) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіру, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын, бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтары кәдеге жарату, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, «жасыл экономиканы» дамыту мемлекеттік саясатын бақылау салаларында (бұдан әрі - реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.
      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      5. Министрлік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      6. Министрлік, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
      7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Министрліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19.
      10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      13. Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлік заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Министрліктің миссиясы:
      бәсекеге қабілеттіліктің, ұлттық және энергетикалық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың энергия көздеріне өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау.
      15. Міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, атом энергиясын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын, ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтары кәдеге жарату, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
      4) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салаларда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
      5) көмірсутек, көмір және уран ресурстарын молайтуды қамтамасыз ету және ілеспе газды қоса алғанда, оларды ұтымды пайдалану;
      6) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғат ресурстарын сақтау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
      7) қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат тарату мен ағарту жүйесін дамыту;
      8) өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын өкілетті органның құзыреттерін іске асыруды қамтамасыз ету;
      9) реттелетін салалардағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      10) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Орталық аппараттың функциялары:
      1) реттелетін салалардағы стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
      2) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
      3) реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
      4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың реттелетін салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      5) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      6) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
      7) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін салалардағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;
      8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілейді және бекітеді;
      9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
      10) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      11) реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастық мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
      12) климаттың өзгеруі саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруды жүзеге асырады;
      13) Министрліктің құзыреті шеңберінде бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
      14) реттелетін салалардағы техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және өз құзыреті шегінде бекітеді;
      15) кен орнын игеру жобасына сәйкес мұнай өндіруді, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      16) елді мекендердің шекаралары (сызықтары) шегінен тыс газ және газбен жабдықтау саласындағы, мұнай операцияларын жүргізу, жер қойнауын пайдалану және мұнай тасымалдау, магистральдық құбыр салаларында, елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, оларды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      17) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді;
      17-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларда тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлейді, бекітеді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
      18) оны бекітуге арналған мәліметтерді қамтитын мұнай өнімдерін өндіру паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;
      19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін бекітеді;
      20) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      21) келісімшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      22) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін келіседі;
      23) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекітеді, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша газды кәдеге жарату бағдарламаларына және ілеспе газды өңдеуді дамытудың бекітілген бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      24) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
      25) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясы туралы ережені бекітеді;
      26) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтеді;
      26-1) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
      26-2) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
      26-3) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерін ұсыну тәртібін бекітеді;
      26-4) келісімшарт талаптары бойынша келіссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
      26-5) барлауға арналған үлгілік келісімшарттың нысандарын бекітеді;
      26-6) келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын әзірлеуге қатысады;
      27) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін әзірлейді;
      28) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;
      29) Кеден одағының аумағынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін шикі мұнайды беруді не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің кедендік рәсімі шеңберінде Кеден одағының аумағынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағының аумағынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесін және олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын бекітеді;
      30) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептейді әдістемесін келіседі;
      31) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін келіседі;
      32) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына енгізу үшін оқытылуға тиіс персоналдың жалпы санының пайызымен қазақстандық кадрлардың ең аз санын ұсынудың тәртібін келіседі;
      33) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына енгізу үшін кадрлардағы ең аз жергілікті қамтуды беру тәртібін келіседі;
      34) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің тапсырмасы бойынша келісімшарттың орындалу мүмкіндігін, мұнай экспорты үшін олардың аумақтарында құбырлар мен басқа да тасымалдау құралдарын салуды және пайдалануды қамтамасыз ететін басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады;
      35) қажет болған жағдайда, ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін жабуға қажетті көлемде Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде өңдеуге арналған мұнай мөлшерінің (жылдық және ай сайынғы) кестелерін айқындайды;
      36) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне, көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша келісімшарттық талаптардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
      37) белгіленген тәртіппен өнімді бөлу туралы келісімдерде уәкілетті органның мүддесін іске асырады, оның ішінде ұлттық компанияның еншілес ұйымының қатысу үлестеріне сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
      38) халықаралық төрелік және шетелдік соттарда, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімдерден туындайтын дауларды сараптамалық реттеу кезінде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауды және білдіруді қамтамасыз етеді;
      39) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындайды және ұйымдастырады;
      40) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін келіседі;
      41) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар өкілеттік берген тұлғалар беретін жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге жинақтайды және талдайды;
      42) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар өкілеттік берген тұлғалар беретін, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге жинақтайды және талдайды;
      43) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
      44) тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлғамен немесе конкурс жеңімпазымен көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзеді;
      45) көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт құжаттарының жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      46) көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде келісімшарттар жасасады, оларды мемлекеттік тіркеу мен сақтауды жүзеге асырады;
      47) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      48) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді;
      49) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешімдер қабылдайды;
      50) көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
      51) тендер мен сауда-саттыққа шығарылуға тиіс, құрамында көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін әзірлейді және бекітеді;
      51-1) жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін кен орны бойынша материалдарды (нүктелердің географиялық координаттарын) қоса бере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру қажеттігі туралы хабарлама жібереді;
      52) көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын жаңғырту туралы шешім қабылдайды;
      53) көмірсутек шикізатын, көмір мен уранды бойынша келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлікпен басқаруға шарт жасайды;
      54) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыру мен олардың Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылуын есепке алуды қамтамасыз етеді;
      55) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сервитуттарды тіркеуді жүзеге асырады;
      56) ұлттық компания мен құзыретті орган арасында тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттар бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесін келіседі;
      57) конкурстың жеңімпазы не келісімшартты тікелей келіссөздер негізінде жасайтын тұлға әзірлеген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын келіседі;
      58) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, көмірсутек шикізатына, көмір мен уранға арналған келісімшарттар және өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша шарттарды жер қойнауын пайдаланушылардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
      59) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жинақтау және талдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты береді;
      60) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген көмірсутек шикізаты, көмір мен уран бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға тарату қорын пайдалануға рұқсат береді;
      61) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауыстырылуына рұқсат береді;
      62) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;
      63) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының ұсыныстары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді иеліктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) кепілге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тартады), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілені тіркейді;
      64) бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат береді;
      65) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді немесе қайта бекітеді;
      66) теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      67) мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      68) көктемгі егіс пен жиын-терін жұмыстарын және жылу беру кезеңін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестелерін жыл сайын бекітеді;
      69) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын бекітеді;
      70) мұнай өңдеу жоспарларын жыл сайын бекітеді;
      71) мұнай өнімдерін жеткізу жоспарларын жыл сайын бекітеді;
      72) Қазақстан Республикасының ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізу кестелерін жер қойнауын пайдаланушылар үшін бекітеді;
      73) мұнай өнімдерінің экспортына және (немесе) импортына қатысты кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныстар әзірлейді және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
      74) бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізудің шекті бағаларын белгілейді;
      75) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді;
      76) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген нысандар бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу саласында әкімшілік есепке алуды жүзеге асырады;
      77) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемін белгілейді;
      78) ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
      79) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      80) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      80-1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      81) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      81-1) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;
      81-2) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      81-3) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      82) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      83) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      84) мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      85) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;
      86) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
      87) ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейін айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      88) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвесторларға ілеспе газды беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      89) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласында әріптестік туралы шарттарды жасайды;
      90) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;
      90-1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      90-2) ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламаларын жасау нысанын әзірлейді және бекітеді;
      91) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін жүргізуді ұйымдастырады;
      92) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің жоспарын ай сайын бекітеді;
      93) магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) қайта құру жобаларын келіседі;
      94) құжаттармен расталған мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың бағасын сараптауды және бекітуді жүзеге асырады;
      95) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi;
      96) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді;
      97) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингін жүзеге асырады;
      98) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды теңгерімін жасайды;
      99) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемін айқындайды;
      100) магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдау кестесін қалыптастыру тәртібіне сәйкес магистральдық мұнай құбырлары бойынша мұнай тасымалдау кестесін бекітеді;
      101) тауарлық газды өндірушілерді, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерін, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарын есепке алуды жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды;
      102) сұйытылған мұнай газын өндірушілерді, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерін, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелерін, газ желісі ұйымдарының және сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларды есепке алуды жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды;
      103) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
      104) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп көмірсутек шикізатын өндіру, өткізу және тұтыну теңгерімін, оның ішінде ұлттық жылу-энергетикалық теңгерімін әзірлейді;
      104-1) Қазақстан Республикасы газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін әзірлейді;
      104-2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің газының, мұнайының және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) теңгерімін келіседі;
      104-3) есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
      104-4) өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      104-5) мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      104-6) мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындайды;
      104-7) теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды белгілейді;
      104-8) Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді;
      105) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттелетін салаларда техникалық регламенттерді әзірлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындайды және енгізеді;
      106) реттелетін салаларда техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырады;
      107) техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейіне және олармен өзара байланысты стандарттарға талдау жүргізеді;
      108) реттелетін салаларда үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысады және үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастамашылық етеді;
      109) реттелетін салаларда стандарттау бойынша техникалық комитеттерді, сәйкестілігін міндетті растауға жататын өнім бойынша зертханалар мен сәйкестігін растау жөніндегі органдар жөнінде ұсыныстар дайындайды;
      110) стандарттау бойынша техникалық комитеттердің жұмысына қатысады;
      111) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сарапшылық кеңестер құруды жүзеге асырады;
      112) Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде және оны орындау үшін атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен қағидаларды әзірлейді, белгілейді және қабылдайды;
      113) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады, радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді;
      114) атом энергиясын пайдалану саласында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі және бекітеді;
      115) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгі мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;
      116) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға, келісімдер мен уағдаластықтарға сәйкес экспорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органының сұратуы болған жағдайда ядролық импорт өнімдерін бейбіт мақсатта пайдалану туралы растау береді;
      117) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға, келісімдер мен уағдаластықтарға сәйкес ядролық қаруы жоқ елдердің құзыретті мемлекеттік органдарынан ядролық экспорт өнімдерін бейбіт мақсатта пайдалану туралы растауды сұратады;
      118) өз құзыреті шегінде өңделген отын немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуді мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      119) иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерін айқындайды;
      120) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде халықтың сәулелену дозасын бақылау мен есепке алу саласында мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      121) радиациялық қауіпсіздікке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендіру көздерін физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзірлейді және келіседі;
      122) иондаушы сәулелену әсеріне байланысты аурулардың тізбесін және себептік байланысын анықтау тәртібін айқындайды;
      123) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;
      124) инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;
      125) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер мен инвестициялық шарттар жасасады;
      126) келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелер мен инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндіруші ұйымдардың орындауына мониторинг жүргізеді;
      127) энергия өндіруші ұйымдар тобын қалыптастырады;
      128) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілген жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
      129) табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп:
      тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларын бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды);
      электр және жылу энергетикасы саласындағы реттелетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;
      130) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;
      131) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифтерді бекітеді;
      131-1) электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
      131-2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      131-3) тармақшаны жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      131-3) электр энергиясына арналған шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды;
      131-4) энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді бұзғаны және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
      132) салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, тарифті есептеу әдістемесін келіседі;
      133) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      134) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирдің үлгісін белгілейді;
      135) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      136) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс істеуінің және оны ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындайды;
      137) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      138) қосарлас (шунттаушы) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
      139) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алу-сатуды, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;
      140) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      141) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      142) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      143) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      144) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      145) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      146) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болдырмау және оларды жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      147) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      148) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;
      149) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      150) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      151) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      152) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      153) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      154) энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      155) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      156) энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броні актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
      157) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      158) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;
      159) жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
      160) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      161) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      162) электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
      163) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      164) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      165) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      166) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      167) техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      168) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
      169) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      170) жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      171) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      172) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      173) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      174) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      175) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;
      176) электр қуатын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
      177) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
      178) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;
      179) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады;
      180) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;
      181) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
      182) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
      183) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
      184) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      185) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186) жүйелік операторды айқындайды;
      186-1) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
      186-2) электр және жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және оларды күзету қағидаларын, сондай-ақ осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын әзірлейді және бекітеді;
      186-3) электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-4) ұлттық операторды айқындайды, сондай-ақ ұлттық оператордың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-5) электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      186-6) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      186-7) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
      186-8) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      186-9) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      186-10) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      186-11) бірыңғай сатып алушыны айқындайды;
      186-12) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      186-13) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      186-14) бірыңғай сатып алушы уәкілетті органмен жаңғыртуға,-кеңейтуге, реконструкциялауға және жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісім жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін және оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
      186-15) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      186-16) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-17) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      186-18) 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1040 қаулысымен.
      186-19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін сатып алынатын мүлік (активтер) тізбесіне электр энергиясын қосу туралы шешім қабылдайды;
      187) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі;
      188) климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
      189) климатты және Жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады;
      190) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      191) табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады;
      192) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады және жыл сайын ақпараттық шолу жасайды;
      193) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
      194) стационарлық және жылжымалы бақылау пункттерінің қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін (орналасуын) анықтау және олардың қызметін тоқтату жөнінде шешімдер қабылдайды;
      195) экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады;
      196) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғат ресурстарына мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады;
      197) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      198) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      199) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      200) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін айқындайды;
      201) парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібін белгілейді;
      202) қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді;
      203) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді;
      204) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін айқындайды;
      204-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумагына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды қолдануды айқындайды;
      204-2) қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша міндеттемелерді орындағанын растау ретінде ендірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды;
      205) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды береді;
      206) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді;
      207) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      208) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
      209) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
      210) аумақтардың экологиялық ахуалын бағалау критерийлерін белгілейді;
      211) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
      212) озық қолжетімді технологиялардың тізбелерін әзірлейді және оның тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      213) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      214) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
      215) қалдықтарды кәдеге жаратуды ынталандыру және олардың түзілу көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар тізбесін айқындайды;
      216) парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оған бақылау жасау тәртібін әзірлейді;
      217) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асырудың тәртібін әзірлейді;
      218) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің Ұлттық жоспарын әзірлейді;
      219) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу тәртібін әзірлейді;
      220) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді;
      220-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
      220-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын әзірлейді;
      221) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      222) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
      222-1) қалдықтардың қауіптілік деңгейін айқындау және оларға код белгілеу әдістемесін бекітеді;
      223) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігінің субъектілері үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды белгілейді;
      224) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      225) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
      226) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      227) міндетті экологиялық аудитті өткізу туралы шешім қабылдайды және міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді;
      228) қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер мен меморандумдар жасасады;
      229) қоршаған ортаның авариялық ластануына әкеп соқтырған
келтірілген зиянның және сақтандыру жағдайының залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылатын құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді;
      230) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына сарқынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
      231) табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілейді;
      232) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді;
      233) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді;
      233-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестерді құрады;
      234) әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін айқындайды;
      235) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      236) өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке қойылатын талаптарды белгілейді;
      237) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерін бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
      238) мыналарды:
      қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;
      қалдықтар сыныптамасын;
      қауiптi қалдықтар бойынша есеп беру нысанын;
      табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгiзу тәртiбiн, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретін құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;
      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;
      қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;
      мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;
      техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесiн;
      Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу жөнiнде ақпарат алмасу тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмдерiн;
      парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;
      сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторингті, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;
      қондырғы паспортының нысанын;
      парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;
      парниктік газдар шығарындыларын өлшеу мен есепке алуды стандарттау тәртібін;
      парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерін;
      жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;
      көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
      ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерін;
      эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;
      қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталармен және мiндеттемелермен сауда жасау тәртiбiн;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттердi;
      ластану учаскелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн;
      парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау тәртібін;
      парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру тәртібін;
      қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын;
      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;
      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
      238-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді;
      238-2) топырақта химиялық заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясын бекітеді;
      238-3) қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді;
      238-4) тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу әдістемесін бекітеді;
      238-5) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекітеді;
      238-6) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекітеді;»;
      238-7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;
      239) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін есептеу жөніндегі бағдарламалық кешендерді қолдануды келіседі;
      240) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      241) өз құзыреті шегінде табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк кадастрлары мен мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      242) Қоршаған орта мен табиғат ресурстары мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде бақылау желілерін құруды келіседі;
      243) мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын келіседі;
      243-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      243-2) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;
      243-3) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      243-4) жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
      244) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі;
      244-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қызметін даму стратегиясын және инвестициялық саясатын келіседі;
      245) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін бекітеді;
      246) жер қойнауын пайдаланушының қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау түрлерін және әдістерін айқындау тәртібін белгілейді;
      247) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және Жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін айқындайды;
      248) эмиссияны және парниктік газдардың жұтылуына жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады;
      249) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді;
      250) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі жұмыс органын айқындайды;
      251) Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды мақұлдайды;
      252) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру саласында кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттейді;
      253) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы халықаралық шарттарды іске асыру жөніндегі бөлінген орталық функциясын жүзеге асырады;
      254) Қазақстан Республикасының халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарын іске асыру жөніндегі ұлттық органның функцияларын жүзеге асырады;
      255) метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
      256) қоршаған ортаға эмиссияларды есептеу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;
      257) Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы, қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және олардың жойылуын бақылау туралы және халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты негізделген алдын ала келісім рәсімі туралы халықаралық шарттарының міндеттемелерін орындау шеңберінде, жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
      258) нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін айқындайды;
      259) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторын айқындайды;
      260) озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгілейді;
      261) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;
      262) тұрмыстық қатты қалдықтар саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      263) электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      264) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;
      265) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;
      266) электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосатын ең жақын нүктені айқындау тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
      267) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен және шартты тұтынушылармен жасасатын шарттардың тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      268) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      268-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
      268-2) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;
      268-3) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      269) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      270) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын үйлестіреді;
      271) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      272) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімділікті сақтауды қамтамасыз етеді;
      273) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті анықтайды;
      274) Министрліктің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      275) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
      276) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
      277) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      278) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      279) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залалдар мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шараларын қабылдайды;
      280) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      281) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.06.2015 № 425; 15.10.2015 № 830 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 23.12.2015 № 1040 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
      17. Ведомстволардың функциялары:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
      2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
      3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
      4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      5) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      7) өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерді жүзеге асырады;
      8) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
      9) газ желілері ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      10) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат береді;
      11) теңіз құрылысын салуға немесе орналастыруға рұқсат береді;
      12) іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе теңіздегі өзге де бұрғылауға рұқсат береді;
      13) қойнауқатішілік қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсат береді;
      14) теңізде мұнай-газ құбырларын салуға, монтаждауға немесе тартуға рұқсат береді;
      15) мұнай өнімдерін көтерме саудада берушілердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      16) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдайды;
      17) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен мұнай өнімдерін көтерме саудада беруге қатысты қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдайды;
      18) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
      19) мұнай операцияларын жүргізу және мұнайды тасымалдау саласындағы адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелдерін талдау және бағалау жүргізеді;
      20) мұнай операцияларын жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      21) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      22) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      24) көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      25) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, көмірсутек шикізаты бойынша келісімшарттардың және өнімді бөлу туралы келісімдердің талаптарын жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      26) энергия өндіруші ұйымдардың заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға ұсыну бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      27) энергия өндіруші ұйымдардың өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын уәкілетті органға беру бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      28) энергия өндіруші ұйымдардың келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      29) энергия өндіруші ұйымдардың келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      30) энергия өндіруші ұйымдардың жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын өткізу бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      31) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      31-1) жүйелік оператордың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      32) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
      33) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай- күйін зерттеп-қарауды жүзеге асырады;
      34) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      35) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
      36) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      36-1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын береді;
      37) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      38) электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      39) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      40) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
      40-1) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады;
      40-2) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады;
      41) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне, ірі энергетикалық жабдықтың бүлінуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізеді;
      42) электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою үшін электр энергетикасы объектілерінің басшыларына белгіленген үлгідегі ұйғарымдар береді немесе акті жасайды;
      43) мыналарға:
      электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық шарттар талаптарының сақталуына;
      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына;
      электр және жылу энергиясын тұтыну, тарату өндіру тәртібін оңтайландыруға, ұтымды және үнемді пайдалануға;
      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігіне мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
      44) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
      45) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексерулер және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде сарапшыларды тартады;
      46) тиісті мемлекеттік органдарға авариялардың, жазатайым оқиғаның болуына себепші және өзге де электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын өрескел бұзған жауапты адамдарды тәртіптік жазаға тарту туралы ұйымдардың иелеріне ұсыныстар енгізеді немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар жібереді;
      46-1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;
      46-2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
      47) атом энергиясы саласындағы өз өкілеттіктерін орындауға байланысты инспекциялар өткізеді;
      48) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      49) ядролық қондырғылар, ядролық материалдар және иондаушы сәулелену көздерінің физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;
      50) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      51) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      52) ядролық материалдардың және иондаушы сәулеленудің басқа да көздерінің экспортын, импортын, орнын ауыстыруды, транзитін және орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
      53) коммерциялық мақсатта беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипатта беруді қамтитын, атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;
      54) ядролық материалдар және иондаушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады;
      55) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
      56) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      57) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      58) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
      59) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;
      60) парниктік газдар шығарындыларына сертификат береді және қайта ресімдейді;
      61) өз құзыретінің шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
      62) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: табиғатты пайдалануды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің I санаты үшін нормалау; шаруашылық және өзге де қызметтердің I санаты үшін экологиялық аудит);
      63) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;
      64) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдайды;
      65) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
      66) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
      67) озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      68) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
      69) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізеді;
      70) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
      71) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының, қоршаған орта сапасы нормативтерінің және экологиялық талаптардың сақталуын, оның ішінде:
      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын;
      қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін;
      жерді жақсарту, жердің тозуын туғызатын процестер салдарының алдын алу және жою, топырақтың құнарлылығын қайта жаңғырту және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенінің өткізілуін;
      жерді қайта құнарландыру жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді салу және реконструкциялау кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;
      жерді қайта құнарландыру жөніндегі жобаланған жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорындар, құрылыстар және өзге объектілерді іске қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;
      жердің бұзылуына байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатының алынуын, сақталуын және пайдаланылуын;
      пайдалы қазбалардың қорын өнеркәсіптік өндіруден немесе өзге де бұзушы процестер мен жұмыстардан босаған жерлердің нысаналы мақсатына сәйкес бұдан әрі пайдалануға жарамды жағдайға келтірілуін;
      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық-келісімшарттық шарттардың сақталуын;
      кен орындарының және өзге қоршаған орта объектілерінің бүлінуіне әкеліп соғатын ластанудан, су басудан және техногендік процестерден жер қойнауының сақталуын;
      жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануын және жойылуын;
      жер қойнауын және минералды шикізатты қайта өңдеу кезінде экологиялық нормалардың және қағидалардың сақталуын;
      минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдердің сақталуын;
      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде авариялық немесе өзге де қауіпті жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;
      зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуге және сарқынды сулардың жер қойнауына төгілуін;
      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында қалдықтарды және басқа материалдарды көму, ұңғымалар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау қағидаларының сақталуын;
      су сапасы нормативтерінің сақталуын;
      атмосфералық ауаны қорғау, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабатын қорғау мәселелері жөніндегі, оның ішінде көлік және өзге қозғалмалы құралдарды пайдалануға шығарған және пайдаланған кезде техникалық регламенттердің, нормативтердің, қағидалардың және өзге талаптардың сақталуын;
      кәсіпорындарды пайдалануға қосу, қалдықтарды қоймалау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын;
      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуын;
      кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге объектілерді салу, реконструкциялау, пайдалануға қосу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын;
      радиоактивті және өзге экологиялық қауіпті заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе өзге жұмыс істеу ережелерін қоршаған орта ластануының алдын алу жөніндегі экологиялық талаптар бөлігінде сақталуын;
      химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгіленген нормалар мен ережелердің сақталуын;
      экологиялық рұқсаттарда белгіленген табиғатты пайдалану шарттарының орындалуын;
      өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандырудың белгіленген нормалары мен қағидаларының сақталуын;
      ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің стационарлық көздері бар және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектілердің санитарлық қорғау аймақтарына экологиялық талаптардың сақталуын;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерінің радиоактивті заттармен ластануының алдын алу жөніндегі жобалық шешімдердің орындалуын;
      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерінің сақталуын;
      өндірістік экологиялық бақылаудың нормалары мен қағидаларының сақталуын;
      Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуын;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен қағидаларының сақталуын;
      мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізудің міндеттілігі туралы және оның шарттарын орындау туралы талаптардың сақталуын;
      міндетті экологиялық аудитті өткізу және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі шынайы ақпаратты ұсыну туралы талаптардың сақталуын;
      Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында теңіздік ғылыми зерттеулерді өткізген кезде экологиялық талаптардың сақталуын;
      қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуын;
      технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуын;
      Ресей Федерациясының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартында көрсетілген талаптардың сақталуын;
      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуын;
      өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауын;
      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады;
      71-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндіттемелерінің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      72) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      73) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      74) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      75) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады;
      76) жер қойнауын сақтау саласының жер қойнауын ластау бөлігінде талаптарды сақтамаудың салдарынан келтірілген залалды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды;
      77) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
      78) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      79) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      80) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      81) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      82) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
      83) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
      84) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 15.10.2015 № 830 қаулысымен;
      85) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын келіседі;
      86) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер бағдарламаларын келіседі;
      87) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
      88) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
      89) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      90) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
      91) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 830; 23.12.2015 № 1040 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұратады;
      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша шешімдерді өз бетінше қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;
      4) өз құзыреті шегінде орындау үшін нормативтік құқықтық актілерді және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды қабылдайды;
      5) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе уәкілетті органдардың қарауына осындай актілердің бастамашылық жобаларын беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      6) орталық және жергілікті атқарушы органдарға олар қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
      7) Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартады;
      8) халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгізу, шетелдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;
      9) тексерілетін субъектілерді тексеру санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүргізеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      19. Министрлікті басқаруға дербес жауапты болатын бірінші басшы Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларын жүзеге асыруын жүзеге асырады.
      Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып табылады.
      20. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Министрлік реттейтін саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
      2) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өкілдік етеді;
      4) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
      6) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      7) ведомстволар актілерінің қолданысын жояды, толық немесе ішінара бөлігінде тоқтата тұрады;
      8) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      9) тиісті Үкімет шешімі қабылданған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет тікелей және жанама қатысатын коммерциялық ұйымдарда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіреді;
      10) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
      23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
      24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Министрліктің мүлкі

      25. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
      26. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      27. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Министрлігінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      1. «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
      2. «ДостықЭнерго» акционерлік қоғамы.
      3. «Жасыл даму» акционерлік қоғамы.
      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 537 қаулысымен.
      5. «Еуразия су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы.
      6. «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы.
      7. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
      8. «Өндірістік-пайдалану кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      5. «Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны.
      6. «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Мемлекеттік мекемелер

      «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ
кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік
инспекция комитетінің қармағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      5. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      6. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      7. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      8. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      9. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      10. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      11. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      12. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      14. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      15. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      16. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент.
      14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 20-7, 20-8, 20-9, 20-10, 20-11-жолдармен толықтырылсын:
      «20-7. «Достық Энерго» акционерлік қоғамы».
      20-8. «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы.
      20-9. «Еуразия су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі» акцинерлік қоғамы.
      20-10. «Жасыл даму» акционерлік қоғамы.
      20-11. «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы»;
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлім және реттік нөмірі 237-45-жол алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне» деген бөлім және реттік нөмірлері 300, 300-1, 300-2-жолдар алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетіне» деген бөлім және реттік нөмірі 310-жол алып тасталсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      3. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
      102. «Жасыл даму» акционерлік қоғамы.
      102-1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      102-2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      102-3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің «Геофизикалық зерттеулер институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірлері 118-1, 118-2, 118-3-жолдар алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау
комитетінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департамент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментов.
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментов.
      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамента Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне.
      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментіне.
      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысына     
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қайта
аталатын мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының
тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      8. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      9. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      10. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      11. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      12. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      13. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      14. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      15. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.
      16. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысына    
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және
су ресурстары министрлігінің қайта аталатын республикалық
мемлекеттік кәсіпорындарынын тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      4. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі «Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қарағандышахтатарату» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысына    
4-қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 1-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 445-құжат).
      3. «Мемлекет қатысатын мұнай және газ саласындағы ұйымдардың қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 46-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 192-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 502 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 456-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1390 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1134-құжат).
      6. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1174 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 162-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1816 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 10, 196-құжат).
      8. «Қазмұнайұңғымажою» акционерлік қоғамын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 43, 634-құжат).
      9. 1-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 302-құжат).
      10. 1-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 74, 980-құжат).
      11. 1-тармағын қоспағанда, «Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Ақмола су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 222-құжат).