"Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 979 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 349-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 93-жолмен толықтырылсын:
      "

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына арналған ерекше үй-жайлар

93

Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу)

ш.м.

300

Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіруді есепке алу)

100

Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу)

400

Арнайы қорлар бөліміндегі мұрағаттық ақпаратты сақтауға және беруге арналған үй-жай

500

Аумақтық, Астана және Алматы қалаларындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары оның ішінде:

300


Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу)


60

Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіруді есепке алу)

20

Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу)

70

Арнайы қорлар бөлімінде мұрағаттық ақпаратты сақтауға және беруге, қысқартылған қылмыстық істерді сақтауға арналған үй-жай

150

                                                              ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов