"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

      «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы
30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына, 7-бабының 6-тармағына және 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары;
      2) Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже;
      3) Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары;
      4) Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары;
      5) жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен   
бекітілген      

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары

      1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидалары «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың жанынан Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру тәртібін айқындайды.
      2. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
      3. Тиісті аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
      4. Комиссия мүшелерінің лауазымдық деңгейін жергілікті атқарушы органның басшысы айқындайды.
      5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ережемен айқындалады.
      6. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
      1) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      2) жария ету объектісі (ақшадан басқа) туралы мәліметтерді белгілеу;
      3) құжаттардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерге сәйкестігін айқындау;
      4) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      5) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізу;
      6) жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен   
бекітілген      

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды белгілейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Комиссияның функциялары

      2. Комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
      1) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін өтініш берген Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың (бұдан әрі – жария ету субъектілері) өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      2) жария ету объектісі (ақшадан басқа) туралы мәліметтерді белгілеу;
      3) мүлікті (ақшадан басқа) жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      4) жария ету объектісі туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізу;
      5) жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу.

3. Комиссия құру және оның қызмет ету тәртібі

      3. Комиссия аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылады, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің орынбасары оның төрағасы болып тағайындалады.
      4. Комиссияның құрамына:
      1) төраға;
      2) төрағаның орынбасары;
      3) мүшелері;
      4) хатшы кіреді.
      5. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, комиссия жүзеге асыратын қызметті жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
      6. Комиссияның хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және оның дауыс беру құқығы жоқ.
      7. Комиссияның хатшысы аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы түсетін комиссияның отырыстарына арналған материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
      8. Өз функцияларын жүзеге асыру үшін комиссияның хатшысы жария етуді өткізу мерзіміне штаттық кестеге сәйкес жалақысы сақтала отырып, негізгі қызметтен босатылады.
      9. Комиссия қажеттілікке қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жиналады.
      10. Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Шешім қабылдау кезінде комиссия мүшелері тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Шешім қабылдаған кезде комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 мөлшерінде кворум сақталуға тиіс.
      11. Комиссия қабылдаған шешімге комиссияның төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары және комиссияның мүшелері қол қояды.
      12. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты комиссияның жұмыс органы болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

      13. Комиссия өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетін мүлік (ақшадан басқа) туралы қажетті ақпаратты сұрауға;
      2) комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың өкілдерін тартуға;
      3) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген адамдардан түсінік алуға;
      4) мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге жүгінген жария ету субъектісіне мүліктің тиесілігін белгілеуге құқылы.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      14. Комиссия өз қызметін Заңда белгіленген мүлікті жария ету мерзімі аяқталған соң тоқтатады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен   
бекітілген       

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын
мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
      2) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
      3) аттестатталған сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиiстi аттестаты бар жеке тұлға.

2. Жария етуді өткізу тәртібі

      3. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу үшін жария ету субъектілері комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
      2) өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;
      4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.
      Құжаттарды қабылдау аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      4. Жария ету субъектілері осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға ұсынады.
      5. Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш берген жария ету субъектісінің өтінішін тіркейді.
      6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай:
      1) Заңда белгiленген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған;
      2) ұсынылған құжаттарда өшiрулер мен түзетулер болған;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, себептері көрсетіле отырып қайтарылуға жатады.
      Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негiз болған себептердi жойған кезде жария етуші субъект Заңда белгiленген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
      7. Жария ету мерзімі ішінде берілген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш комиссияға берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.
      8. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды алған кезде хатшы/орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті жария ету бойынша өтініштерді есепке алу журналын (бұдан әрі – журнал) толтырады. Журнал нөмірленуі (беттері), тігілуі және тиісті жергілікті атқарушы органның, салық органының мөрімен бекітілуі тиіс.
      Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімдемеде (бұдан әрі – тізімдеме) тіркеледі.
      Тізімдеме 2 данада ресімделеді, бірінші дана өтініш берушіге беріледі, екінші дана өтініш беруші ұсынған құжаттарға қоса тігіледі. Бұл ретте, өтініш пен тізімдеменің реттік нөмірі сәйкес келуі тиіс.
      9. Құжаттарды қарау нәтижесі бойынша комиссия мүлікті жария ету туралы:
      1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы;
      2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тарту туралы (бас тартудың себептері көрсетіле отырып) екі шешімнің бірін (бұдан әрі – шешім) қабылдайды.
      10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету туралы не мүлікті жария етуден бас тарту туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы объектіні – жеке тұрғын үй құрылысын (шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды қоса алғанда) жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдайы бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.
      Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасы аумағындағы объектіні – өндірістік немесе басқа мақсаттағы объектіні жария ету туралы комиссияның шешімі нақты жағдай бойынша құрылыс салу жүйесінде жария етілетін объектіні орналастыру (орналасу) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, радиациялық және басқа нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеу арқылы қабылданады.
      11. Комиссия құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тартуды Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.
      Жария етуден бас тартқан немесе құжаттар топтамасын қайтарған кезде хатшы комиссияның төрағасы қол қоятын ілеспе хат дайындайды және журналға тиісті мәліметтерді енгізеді.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда, комиссия хатшысы түпнұсқаларды қайтаруы қажет, бұл ретте көрсетілген түпнұсқалардың көшірмелері өтініш берушінің ісінде тігілуі тиіс.
      12. Шешім әрбір жария ету объектісі бойынша жеке қабылданады.
      13. Комиссияның шешімі туралы тиісті мәліметтер журналға/жария етілген мүліктің тізіліміне белгіленген нысан бойынша енгізіледі.
      14. Мүлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшыны (сарапшыларды) тартуды ұйымдастырады.
      Өзге құрылыстың жария етілетін объектілерін техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшыны тартуды өтініш беруші дербес жүзеге асырады.
      Жария ету субъектісі жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін, саяжай және өзге құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшының қорытындысын алу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен әкімнің аппаратына жүгінеді.

Құқықтары Қазақстан Республикасының  
заңнамасына сәйкес ресімделмеген    
Қазақстан Республикасының аумағындағы  
жылжымайтын мүлікті жария        
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша                 

Мүлікті жария ету жөніндегі өтініштерді есепке алу журналы

мың теңге

Р/с №

Мүлікті жария ету үшін құжаттар ұсынылған күні

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

ЖСН (жеке тұлға үшін)

Өтініш берушінің тұрғылықты жері немесе заңды мекенжайы

Жария етілетін мүліктің тізбесі

Жария етілетін мүліктің құны



оның ішінде

Барлығы

ҚР аумағындағы мүлік

Шетелдегі жылжымайтын мүлік

Шетелдегі бағалы қағаздар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

Жария етілетін мүліктің құны

Комиссияның шешімі

Жауапты адамның Т.А.Ә.

оның ішінде

оның ішінде

Тиісті емес адамға ресімделген бағалы қағаздар

Тиісті емес адамға төленген мүлік

шешім қабылдау туралы хаттаманың нөмірі мен күні

құжаттарды қайтару туралы хаттың нөмірі мен күні

құжаттарды қайтару себебі

11

12

13

14

15

16

Құқықтары Қазақстан Республикасының  
заңнамасына сәйкес ресімделмеген    
Қазақстан Республикасының аумағындағы  
жылжымайтын мүлікті жария        
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша               

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың № ____ тізімдемесі

Ұсынылған құжаттардың тізбесі
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
Құжаттардың саны ___________________(________________________)
                            (жазбаша)
Құжаттардағы парақтар саны ______________(_____________________)
                                              (жазбаша)

Комиссия хатшысы/жауапты орындаушы:
_______________________               ____________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) қолы
       201___жылғы «___»______
Мөртабан орны
_ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                           -  қию сызығы
Мен,________________________________________________________________
                      (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
201 __ жылғы _______________ № ____ мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттардың тізімдемесін шын мәнінде алдым, сондай-ақ жария ету үшін ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анықтағы мен толықтығы үшін жауаптымын және:
      мен жария ету үшін құжаттарды ұсынған мүлік «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңның 3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес алынған мүлікке жатпайтынын растаймын.

Өтініш беруші _______________ _____________ 201 жылғы «__» ______.
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) қолы

Құқықтары Қазақстан Республикасының  
заңнамасына сәйкес ресімделмеген    
Қазақстан Республикасының аумағындағы  
жылжымайтын мүлікті жария        
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша               

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия отырысының
№_____ ХАТТАМАСЫ

Төрағалық етуші: ___________________________________________________
                        (тегі, аты және әкесінің аты)
Комиссияның                          мына                   мүшелері
қатысты:____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Отырыстың күн тәртібі:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                                 Шешім:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия хатшысы/жауапты орындаушы:_________________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
      Комиссия төрағасының, төраға орынбасарының және комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. және қолдары:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________________
7.__________________________________________________________________

Құқықтары Қазақстан Республикасының  
заңнамасына сәйкес ресімделмеген    
Қазақстан Республикасының аумағындағы  
жылжымайтын мүлікті жария        
етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша                

________________________
(өтініш берілетін орган)
________________________
________________(кімнен)

Жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеруді жүргізу үшін
ӨТІНІШ

Т.А.Ә.______________________________________________________________
ЖСН ________________________________________________________________
Тұратын жері________________________________________________________
Жеке тұлғаны куәландыратын құжат: түрі, ___________________________,
сериясы _____________________ № ___________ __________________
берілген күні _____________________
Мен, (Т.А.Ә.)_(т.к.а.ж.)____________________________________________
__________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

      Сізден мынадай мүлікке техникалық тексеру жүргізу тұрғысынан шарт жасасу үшін сарапшы ұсынуды сұраймын: 

Р/с

Объектінің атауы

Объектінің орналасқан жері




Қолы:                           Күні:

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен  
бекітілген     

Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1179 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және тұруға ықтияры бар адамдардың мүлкін (ақшадан басқа) жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
      2) тiзiлiм – мүлiкті жария ету барысында жиналған қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды қамтитын ақпараттық ресурс;
      3) өтініш беруші – мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.

2. Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Комиссияның хатшысы мүлікті жария ету туралы шешім шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде, бірақ өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тізілімге мәліметтерді енгізеді.
      4. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның хатшысы тізілімді мемлекеттік және орыс тілдерінде, электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
      5. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) мүліктің атауы;
      2) мүліктің тұрған жері;
      3) мүліктің бағалау құны;
      4) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия шешімінің нөмірі;
      5) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның шешім қабылдаған күні;
      6) өтініш берушінің тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты;
      7) өтініш берушінің қолы;
      8) хатшының/жауапты орындаушының қолы.
      6. Тізілімде қамтылған мәліметтер құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялануға жатпайды.
      7. Жергілікті атқарушы органдарда жария етілген мүліктің тізілімін сақтау мерзімі – кемінде бес жыл.

Жария етілетін мүліктің тізілімін
жүргізу қағидаларына      
қосымша            

«Бекітемін»
Комиссияның төрағасы
______________________________
______________________________
(Т.А.Ә., қолы)       
______________________________
(күні)          

Жария етілген мүліктің
№ _____ ТІЗІЛІМІ

Р/с №

Мүліктің атауы

Мүліктің тұрған жері

Жария етілген мүліктің бағалау құны

Шешімнің № (болған жағдайда)

Шешім қабылданған күн

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш берушінің қолы

Хатшының қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Комиссия хатшысы/жауапты орындаушы:_______________________________
(тегі, аты мен бар болған жағдайда әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 959 қаулысымен  
бекітілді      

Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға
қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбi

      1. Осы жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше тәртібі «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және құрылысы бұрын аяқталған, бірақ белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы жылжымайтын мүлікке (бұдан әрі – жария етілген объект) құқықтарды ресімдей отырып, мемлекеттік тіркеуден өтпеген ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртібін белгілейді.
      2. Мыналар:
      1) мүлікті жария етуді өткізу жөнiндегi комиссияның шешімі;
      2) ғимараттар мен құрылыстарға объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының оң қорытындысы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдау үшін негіздеме болып табылады.