Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 76-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ":
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қоса беріліп отырған:
1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.09.2018 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысымен бекітілген |
Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге
жатқызу критерийлерін айқындау және қауіпті өндірістік
объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларацияларын әзірлеу
қағидалары
Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 627 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысымен бекітілген |
Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге
жатқызу критерийлері
Р/с | Қауіпті заттың атауы | Критерийлер (қауіпті заттың шекті мөлшері), тонна |
1 | 2 | 3 |
1. | Аммиак | 5 |
2. | Аммоний нитраты (аммоний нитраты және аммоний нитратынан алынған азоттың құрамы салмақтың 28 %-ынан асатын аммоний қоспалары, сондай-ақ аммоний нитратының концентрациясы салмақтың 90 %-ынан жоғары болатын аммоний нитратының су ерітінділері) | 1250 |
3. | Тыңайтқыш түріндегі аммоний нитраты (аммоний нитраты негізіндегі қарапайым тыңайтқыштар, сондай-ақ аммоний нитратынан алынған азоттың құрамы салмақтың 28 %-ынан асатын күрделі тыңайтқыштар) | 5000 |
4. | Акрилонитрил | 200 |
5. | Хлор | 5 |
6. | Этилен оксиді | 50 |
7. | Цианит сутегі | 20 |
8. | Фторлы сутегі | 50 |
9. | Күкіртті сутегі | 1 |
10. | Күкірт диоксиді | 200 |
11. | Күкірт триоксиді | 75 |
12. | Қорғасын алкилдері | 50 |
13. | Фосген | 0,75 |
14. | Метилизоцианат | 0,15 |
15. | Хлорпикрин | 0,55 |
16. | Бромметил | 15 |
17. | Металлил хлорид | 20 |
18. | Тұз қышқылы | 40 |
19. | Азот қышқылы | 25 |
20. | Фторлы-сутекті (плавик) қышқылы | 10 |
21. | Ортофосфор қышқылы | 25 |
22. | Күкірт қышқылы | 20 |
23. | Тұтанатын заттар | 200 |
24. | Жанатын заттар | 200 |
25. | Тауар-шикізат қоймаларында және базаларында болатын жанатын сұйықтықтар | 2500 |
26. | Технологиялық процесте қолданылатын немесе магистральды құбыр бойынша тасымалданатын жанатын сұйықтықтар | 200 |
27. | Қышқылданатын заттар | 200 |
28. | Жарылғыш заттар | 25 |
29. | Уытты заттар | 200 |
30. | Уыттылығы жоғары заттар | 20 |
31. | Қоршаған табиғи орта үшін қауіп тудыратын заттар | 200 |
Р/с № | Қызмет түрінің атауы |
1 | 2 |
1. | Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдар негізіндегі қорытпаларды өндіру |
2. | Иондаушы сәулелену көздерін, сақтау көлемі 20000 тоннадан астам элеваторларды пайдалану |
3. | Тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жару жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруден басқа) |