Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 шілдедегі № 790 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      алтыншы бөлік алып тасталсын;
      тоғызыншы бөліктің 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
      «Міндеттер» деген 4.3-бөлімде:
      «Бірінші бағытта: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау»:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге арналған кредиттер бойынша кепілдік беру құралдарын қоспағанда, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес жобаларды экономиканың шикізат емес секторларында іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге арналған кредиттер бойынша кепілдік беру құралдарын қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес) экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар бола алады.»;
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      «Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігінде»:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. ӨҮК мәжілісі жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына кемінде 2 рет өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауы тиіс. Шешім қатысушылардың жалпы санының кемінде 2/3 қабылданады. Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3 құрауы тиіс.»;
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беруде»:
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттарында»:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері кредит сомасының 70 %-ынан жоғары болмауы тиіс, бұл ретте кредиттің ең жоғары сомасы 20 млн. теңгеден аспауы тиіс. Бұл ретте ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге кепілдік салалық шектеусіз беріледі.»;
      «Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігінде»:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. ӨҮК мәжілісі жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына кемінде 2 рет өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауы тиіс. Шешім қатысушылардың жалпы санының кемінде 2/3 қабылданады. Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3 құрауы тиіс.»;
      «Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендетуде»:
      төртінші бөлік алып тасталсын;
      «Төртінші бағыт: Кәсіпкердің әлеуетін күшейтуде»:
      «Бизнес-Насихатта»:
      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ақпараттық-талдамалық материалдар кешенін (баспасөз-кит), бейне материалдар дайындау»;
      көрсетілген Бағдарламаға 2-қосымшада:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) кәсіпорын кредитінің нысаналы тағайындалуы ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге арналған кредиттер бойынша кепілдік беру құралдарды қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес) экономиканың басым секторларына сәйкес келуі тиіс;»;
      3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылмайды;»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімді шығаруды жүзеге асыратын;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      «Субсидияларды беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мыналар:
      1) Даму Банкін қоспағанда, олардағы кредит беруші мемлекеттік даму институттары болып табылатын;
      2) тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қоспағанда, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде субсидиялау және кредиттеу түріндегі мемлекеттік қолдау алушы (алған) кәсіпкерлердің;
      3) овердрафт түріндегі кредиттер субсидиялауға жатпайды;»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру ережесінде:
      «Терминдер мен анықтамалар» деген 2-бөлімде:
      мына:
      «

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер

дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі Банкке кредит үшін өтініш білдірген сәтте күнтізбелік бір жылдан аз, кәсіпкерлік қызметке байланысты кредиттік тарихы жоқ жеке кәсіпкерлік субъектісі. Жұмыс істеп жатқан үлестес жеке кәсіпкерлік субъектісінің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартында ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлік субъектілерімен үлестес болуына жол беріледі;

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер

дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі Банкке кредит үшін өтініш білдірген сәтте күнтізбелік бір жылдан аз, кәсіпкерлік қызметке байланысты кредиттік тарихы жоқ жеке кәсіпкерлік субъектісі. Жұмыс істеп жатқан үлестес жеке кәсіпкерлік субъектісінің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартында ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлік субъектілерімен үлестес болуына жол беріледі.
Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастағы дара кәсіпкерлер жатады. Ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы банкке өтініш жасаған күні айқындалады.

                                                                   »;

      «3. Кепілдіктер беру шарттары» деген бөлімде»:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды шығару көзделетін жобаларға берілген;»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін. Осы талап ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге қолданылмайды;»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      «Субсидияларды беру шарттары» деген 3-бөлімде:
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды көздейтін жобаларға берілген кредиттер;»;
      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
      «Субсидиялау шарттары:» деген 3-бөлімде:
      мына:
      «

ЖКС/Экспорттаушының субсидиялауға жатпайтын кредиттері:

акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобаларға берілген кредиттер;
тікелей кредиторы Мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер;
минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына жататын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген ЖКС/Экспорттаушылардың кредиттері;
Субсидиялау жүзеге асырылып жатқан қаржы  ұйымдары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге берген кредиттер;
тау-кен өнеркәсібі кәсіп орындарына жататын Экспорттаушылардың кредиттері;

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

ЖКС/Экспорттаушының субсидиялауға жатпайтын кредиттері:

моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобаларға берілген кредиттер;

тікелей кредиторы Мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер;

минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына жататын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген ЖКС/Экспорттаушылардың кредиттері;

субсидиялау жүзеге асырылып жатқан қаржы ұйымдары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге берген кредиттер;

кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарына жататын экспорттаушылардың кредиттері;

                                                                  ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов