Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 726 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіптік бағдарлауды халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.»;
      44-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында Бағдарлама операторы бекіткен нысандар бойынша жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетусіз жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы әлеуметтік келісімшарттар жасалады.»;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «48. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысының мөлшері экологиялық үстемеақылар төлемдерін есепке алмағанда, айына 18 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.».
      2. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) пилотты режимде әзірленген тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспарларын қаржыландыруға арналған қаражат жеткізілген лимиттердің жалпы сомасының 10 пайызынан аспайтын мөлшерде қосымша жоспарланады.
      Тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бөлінген қаражатты өңірлер арасында бөлу бекітілген тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспарларының негізінде тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімі бойынша ВАК шешімінің негізінде жүзеге асырылады.».
      3. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныстар енгізеді.
      Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында мынадай тәртіппен бөлінетін болады:
      80 % – халықтың санына барабар, бұл ретте Астана және Алматы қалалары халқының саны статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы халқының жалпы санында елдің қала халқының үлесі ретінде есептелетін түзету коэффициентіне түзеледі.
      20 % – өткен жылғы жұмыстың нәтижелеріне байланысты бөлу алдындағы тоқсандағы жағдай бойынша. Жұмыс нәтижелері ретінде Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру және жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, табысы аз халықтың санын қысқарту бойынша көрсеткіштер ескеріледі.
      Бұл ретте, алдағы үш жылға жоспарланған қаражаттың 20 %-ы шартты есептеу сомасы болып саналады, ол өткен жылғы жұмыстың іс жүзіндегі нәтижелері бойынша басталған қаржы жылында қайта қаралуға жатады.
      Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жеткізілген лимиттің жалпы сомасының:
      кемінде 10 %-ын Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беруге;
      50 %-ынан асырмай, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың кемінде 70 %-ын ауылдық жерге жібереді.
      Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) пилотты режимде әзірленген тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспарлары шеңберінде тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражат жеткізілген қаржыландыру лимиттерінің сомасына кірмейтін болады және аталған қаражаттың (жеткізілген лимиттердің) 10 %-ынан аспайтын мөлшерде қосымша жоспарланатын болады.
      Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
      Көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу және сатып алу кезінде жұмыс беруші тұрғын үйдің жалпы сметалық құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.
      Қызметтік тұрғын үйлер мен жатақханалар салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына сәйкес айқындалған жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құнының мөлшерін негізге ала отырып, республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында айқындалған құннан асатын шығыстар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      Жергілікті атқарушы органдар белгіленген лимиттерді негізге ала отырып, Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, Бағдарламаның бағыттары, бюджеттік заңнамада белгіленген нысандар бойынша алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және тиісті орталық мемлекеттік органдарға жыл сайын 15 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
      Тиісті орталық мемлекеттік органдар Бағдарламаның негізгі параметрлері бойынша күтілетін нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) көрсете отырып, Бағдарлама операторына бюджет заңнамасында белгіленген нысандар бойынша бюджеттік өтінімдерді жыл сайын 1 мамырға дейінгі мерзімге ұсынады.
      Бағдарлама операторы жыл сайын 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органға ұсынады.
      Облыстық бюджеттерге, төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлуді қоса алғанда, Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджетте тиісті кезеңге көзделген қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Өңірлер бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартқан, сондай-ақ инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға тиісті құжаттаманы ұсынбаған жағдайда, Бағдарлама Операторы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті құжаттама қоса берілген қосымша өтінімдерінің негізінде халықтың саны бойынша критерийлерді және жұмыс нәтижелерін есепке алмай, ВАК-тың қарауына қаражатты қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      Республикалық бюджетті нақтылаған кезде жоғарыда көрсетілген рәсімдер сақталады, бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді.
      Лимит бойынша ұсынылған қаражатты нысаналы пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар арасында мынадай негізгі параметрлер бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер (бұдан әрі – Келісім) жасалады:
      1) жұмыссыздық деңгейі;
      2) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандардың қатысушылардың жалпы санындағы үлес салмағы;
      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесін ұлғайту;
      4) еңбекке қабілетті азаматтардың халықтың аз қамтылған құрамындағы үлесін қысқарту;
      5) Бағдарлама бағыттарының әрқайсысында мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;
      6) әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқудан өткен адамдар қатарынан Бағдарламаға қатысушылардың үлесі;
      7) инфрақұрылымдық жобалар бойынша құрылатын жұмыс орындарының (тұрақты және уақытша) саны және орташа айлық жалақының мөлшері.
      Республикалық меншіктегі объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 2013 жылы басталған жобалар жұмыстар толық аяқталғанға дейін қаржыландырылады.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 11-сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;»;
      48-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) пилоттық режимде әзірленген тірек ауылдарды дамытудың мастер-жоспарларын қаржыландыруға арналған қаражат жеткізілген лимиттердің жалпы сомасының 10 пайызынан аспайтын мөлшерде қосымша жоспарланады.
      Тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бөлінген қаражатты өңірлер арасында бөлу тірек ауылдарды дамытудың бекітілген мастер-жоспарларының негізінде тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімі бойынша ВАК шешімінің негізінде жүзеге асырылады.»;
      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. Тірек ауылды дамыту жөніндегі ұсынылатын шаралар Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында (әр өңірде бір тірек ауылдан) пилоттық режимде сынақтан өткізіледі.»;
      59-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган кәсіптік бағдарлауды халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз топтары, орта білім беру ұйымдарының 9, 11-сыныптарының оқушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.»;
      6270-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «62. Кәсіптік бағдарлау 2014 жылы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сынақтан өткізіледі.»;
      «70. Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады. Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидия мөлшері айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.»;
      84-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражатты өңірлер арасында бөлуді қарайды және келіседі.»;
      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 15-бөлімде:
      реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын.
      4. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1136 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      5-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесі және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражатты өңірлер арасында бөлу бойынша ұсыныстарды қарау;
      4) қаржыландыру лимиттерін келісу және Бағдарлама бағыттары және өңірлер бойынша қаражат бөлу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) республика бойынша және өңірлер бөлінісінде жұмыс орындарын құру жоспарларын қарау;»;
      «6) басқа өңірлердің бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартуы, сондай-ақ тиісті құжаттаманы ұсынбауы нәтижесінде қалыптасқан сомаларды өңірлер арасында қайта бөлу бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.».